Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 16:24, реферат

Описание

ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Работа состоит из  1 файл

Экология құқығы түсінігі.docx

— 40.79 Кб (Скачать документ)

2. Қазақстан Республикасының  жер қойнауын тиімді пайдалану  және қорғау;

3. Жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін қорғау;

4. Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының бірдей дамуына жағдай жасау;

5. Жер қойнауын пайдалану  жөніндегі қатынастар саласында  заңдылықты күшейту мақсатында  жүргізуді реттеу болып табылады.

Экология заңдарын бұзу дегеніміз - белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы  кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік айтамыз.

Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісіне айналадағы табиғи ортаны қорғау және сақтаумен байланысты қоғамдық қатынастар жатады. Бұл қатынастар өзінің мазмұнына қарай табиғи ресурстарға  меншік құқығын,  таб пайдалану құқығы, айналадағы табиғи ортаны зиянды зардаптардан қорғау, экологиялық  құқықты және адамдар мен азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және т.б болып табылады.

Экологиялық құқық бұзушылықтың субъектісіне заңды, жеке тұлғалар, соның  ішінде ҚР-сының аумағындағы  құқық бұзған ел азаматтары және изаңды тұлғалары жатады.

Экологиялық құқық бұзғаны  үшін заңдық жауапкершілік дегеніміз- мемлекет және оның органнаң заңның және заңдық тәртіптің сақталуы үшін, құқық  бұзушыға қолданылатын мәжбүрлеу шараларын  реттейтін құқық нормаларының жиынтығын  айтамыз.

Әкімшілік жауапкершілік  әкімшілік-құқық бұзушылық туралы заңмен қарастырылған, әкімшілік құқық  бұзушылықты жасау болып табылады.

Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері "Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы” ҚР Кодексінің 19 тарауында "қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды  пайдалану саласындағы әкімшілік  құқық бұзушылық” берілген. Мұнда  барлығы 67 құқық бұзушылықтың құрамы берілген.

Тәртіптік жауапкершілік  жұмыскерге өндіріс, мееме және ұйым әкімшіліктердің тәртіпті талап  ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырады.Тәртіпті талап етудің негізгі түрлеріне, ескерту,сөгіс  қатаң сөгіс, жұмыстан шығару жатады.Тәртіптік  жауапкершіліктің ерекше сипаты тәртіптік  жауапкершілік шарасы қолданылатын құқық бұзған адамның ұйымға бағынуы. Азаматтық құқық жауапкершілік  дүние мүлкіне, зиянды өтеуінің және т.б. тиімсіз шараларды көрсететін құқық бұзушыға қолданылатын шаралар.

Азаматтық-құқық жауапкершілік  өтемелі сипатта болады, себебі ол несие берушінің бұзылған мүліктік құқығы мен мүддесін қайтадан жөндеуге бағытталған. Ол құқық бұзушымен  келтірілген зиянды толығымен өтеу принципіне негізделген.

ҚР-ның Азаматтық Кодексі  зиянды өтеудің 2 түрлі тәсілін қарастырған  іс-жүзінде және ақшалай. Зиянды өтеудің  іс-жүзіндегі түрі сирек қолданылады  және оған кейде ұзақ уақыт керек.Мысалы: тал шыбықтарын отырғызы арқылы орманды  қалпына келтіру.

Қылмыстық жауаптылық мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолдану  арқылы сипатталады.Ол қылмыс жасаған  кінәлі тұлғаға қылмыстық заңның негізінде Сот тәртібімен тағайындалады.Қылмыстық  жауаптылықты жүзеге асырудың түрлеріне  бас бостандығынан айыру, айыппұл  салу, түзету жұмыстары және т.б. саналады.

Қоршаған ортаны қорғау мен  пайдалану барысындағы барлық қылмыстардың құрамын объектісіне байланысты мынадай түрлнрге бөлуге болады;

а) Табиғатты  пайдалануға байланысты әрекет ететін ережелерді бұзу;

в) Негізгі табиғат компоненттердің  бұзылуы;

г)Фаунаны қорғау аймағындағы  қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар;

д) Флораны қорғау аймағындағы  қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар;

Сонымен қылмыстық жауапкершілік  қоғамға қауіптілігі жағынан  жоғары дәрежеде болатын әрекеттерге  тағайындалады. Ол сотпен ғана тағайындалады  және жаза тағайындаудың негізі болып  сот үкімі саналады.

1. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ  ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1.Құқық бұзушылық  туралы жалпы түсінік 

 

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар  ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан  да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше  қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар  да аз болмаған. Осыдан келіп құқық  бұзушылық орын ала бастады.

Құқық бұзушылық - қоғам өміріне  тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс.

Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа тұседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жұзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. 

Әрекет — бұл кұқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жұзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.

Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.

Құқық бұзушылық - биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі. 

Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі. Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:

  1. Құқық бұзушылық - қоғамға зиянды әрекеттің объективтік 
    нысандағы бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға 
    зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік занда құқыққа қайшы сипатта 
    ресми тұрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді.
  2. Құқық бұзушылық - объективтік процесс болып табылады. 
    Бұндағы объективті деп отырғанымыз,  кез келген құқық 
    бұзушылық құқықтың қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы 
    мұдде, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада құқық 
    бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады.

Формальді – логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мұмкін: коғамға зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы, қоғамға зиянды әрекет - әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл тұжырымнан екі терістік байқалады:

1. Заңда құқыққа қайшы деп саналғандардың бәрі де, қоғамға 
зиянды немесе қауіпті.

  1. Қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы да, құқықтық нормаларға 
    қайшы деп тыйым салынбаған.

Құқық бұзушылықтың мәні - оны басқа жұріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жұйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір тұрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің кдупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мұмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сұру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен кұресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді.

Құқық бұзушылықгың қоғамға зияндылыгы, оның қашанда адам қоғамының құндылығы, жеке және мұддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның маңызды құндылықтары, оның өмір сұру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі тұрлі дәрежеде болуы мұмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау - өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің ұйіне тұсіп, мұлкін ұрлау оған қарағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, осы екі әрекет те қоғам ұшін өте қауіпті болып табылады.

Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сұру жағдайын бұзып, маңызды қоғамдық қатынастарга әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады. Зиян қандай да болсын заң бұзушылыктың теріс зардабы - ажырамас белгісі. Оның көлемі, мөлшері, сипаты тұрліше болады.

Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігі, зияндылығының занды көрінісі құқыкқа қайшылық деп саналады. Ол іс қимылдың белгілі бір тұрінің нышаны ретінде құқық талаптарының саналы тұрде бұзылуын білдіреді. Әрекет-әрекетсіздік заңды міндетін орындамау немесе құқықты теріс пайдалану, яғни егер оған құқықпен тыйым салынса және оны жұзеге асырған жағдайда, құқықтық нормалардың санкциясы қолданылуға жатса, бұл құқыққа қайшы деген сөз.

Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие. Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады .  
Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналар жатады: 
1.Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның саналы және еркінмен үнемі бақылау астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде көрінетін еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой образы. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет немесе әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады. 
Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе басқа да көзқарасы үшін жазалай алмайды. Карл Маркс осымен байланысты “осы сияқты басты белгілерде әрекет етпейтін заңдар, әрекет етуші ойының образын, - бұл заңсыздықтың позитивті санкциясы сияқты басқа ештеңе емес” деген . Бірақ та сот нақты іс бойынша шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін жазалауы мүмкін және жазалайды. 
2.Құқыққа қарсылық - құқық бұзушылықтың аса басты белгісі. Барлық әрекеттерде немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық болмайды. Ол тек құқық бұйрығына іске асады. Құқыққа қарсы мінез-құлық азаматтық-құқықтық, тәртіптік қылықтарды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды және қылмыстарды жасауда көрінеді.  
Жалпы, құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік. 
Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады.  
Заңды жауаптылық – құқық бұзушылыққа барған жағдайда оны жасаған адамның мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына тартуының қажеттілігі. 
Заңды жауапкершілік, бір жағынан, жалпы әлеуметтік жауапкершіліктің түрі, басқа түрлер басқа әлеуметтік нормалардың негізінде пайда болады – саяси, мораль нормаларының, корпоративті нормалардың т.с.с.


Информация о работе Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері