қшаның мәні және қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 19:35, курсовая работа

Описание

“Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.

Содержание

Кіріспе
I. Ақшаның мәні мен қызметтері
1.1. Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі
1.2. Ақша түрлері
1.3. Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы
II. Ақша айналысы
2.1. Ақша айналысы мен заңы
2.2. Ақшаның метеалдық теориясы және металл ақша айналысы
2.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы
2.4. Ақшаның базасы мен ақша массасы
III. Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі
3.1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік
3.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: қызметтері мен операциялары
3.4. Инфляция туралы түсінік
3.5. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта

Работа состоит из  5 файлов

А_ша айналысы.doc

— 260.00 Кб (Скачать документ)

Эмиссия тәртібі – бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.

Ақша түрлері заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1долларлық бнак билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс және мыс-никельдік монеталар жүреді.  

Валюталық бағам дегенміз – бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.

Ақша жүйесінің мынадай типтері болады:  

–  металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауарды тікелей бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

–  несиелік және қағаз ақшалар айналысы, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі. Металл ақша жүйесі екіге бөлінеді:

Биметаллизм – жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын және күміс) негізделген ақша жүйесі.

Биметаллизмнің үш түрі болады:

–  қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;

–  қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;

–  ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталар жасауға ерік берілді.

Биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн төлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп, биметаллизм ақша жүйесінің орнына монометаллизм ақша жүйесі келді.

Монометаллизм – бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.

Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай үш түрге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиз (алтын валюта) стандарты.

Алтын монета стандарты – бұл еркін бәсеке тұсындағы капитализм талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:

– алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды;

–  алтын монеталарды құюға рұқсат етілді;

– толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;

–  алтын және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.

Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайларда ғана айырбасталады. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг сияқты.

Алтын девиз стандарты – банкноталардың алтынға, шетел валютасына айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валютасына тәуелділігін көрсетеді. Германия, Австралия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз стандарты бекітілген.

1929–1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың нәтижесінде алтын монометаллизмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында тоқтатылды.

Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршама асып тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы ”Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы “ ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкеә ұйымдастырылған. Жарға ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша бірліктерінің эмиссиясы, сонымен монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тертіптері қамтылады.

                        

 

3.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қызметтері мен операциялары

 

Еліміздегі барлық несие жүиесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.

Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі бакн жүйесінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Орталық банк тарапынан ақша-несие реттеудің негізі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолиа-қолсыз ақша массасы жатады.

Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік бакнтен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолиа-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.

Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.

Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі мынадай құқылық формалары кездеседі:

мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында (Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);

акцияның бір бөлігі мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Бельгия)

орталық банк фунцияларын біртұтас атқаратын теуелсіз банктер жүйесі (АҚШ).

Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан бір тұтас ұйым болып болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалықтардан, ал айналым қорлары банкке тиесілі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Сол сияқты Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттемелер жүктеледі:

ақша айналысы, несие, банктік есеп айырысулар мен валюталық қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу;

ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

Ұлттық банктің несиелік ресурсы мынадай көздерден құралады:

меншікті қаржат есебінен;

басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орныластырылған ақшалай қаражаттар есебінен;

ҚР төңірегінде мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен;

арнайы мемлекеттік қорлар және бюджеттік уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.

Қазақстан Ұлттық банкінің (ҚҰБ)  жоғары басқару органдары Басқарма болып табылады және басқармаға қысқаша мынадай негізгі қызметтер жүктеледі:

мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;

банк қызметіне қатысы бар ҚҰБ-тің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;

Ұлттық  банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;

алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;

ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту.

Сонымен қатар ҚҰБ құрылымына мынадай дарбес бөлімшелер кіреді:

Мемлекеттік сақтау қоймасы;

Ресей Федерациясындағы Ұлттық бакнтің өкілеттілігі;

Банкноттық фабрика;

Монета сарайы;

Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО);

Қазақстан ипотекалық компаниясы;

Банктік сервистік бюро.

Ақша жүйесіне байланысты Ұлттық банк мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен республикада мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді және монетарлық монополиялық элементі болып табылады, бағалы қағаздарды эмиссиялайды;

банктердің қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және пруденциалдық нормативтер белгілейді;

ҚР-да несиелер бойыеша сыйақы (мүдделендіру)пайыз мөлшерлемесін реттеуді жүзеге асырады;

Ұлттық банк мынадай операцияларды жүргізеді:

мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

чектер жазып, вексельдерді береді;

жарғыға сай келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады.

Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банккінің эмиссиялануында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.

Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою, және қолма-қол ақшаның инкассацмялау тәртібін орнатады.

Ұлттық банк  Қазақстан Республыкасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.

Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.

ҚР-да ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкасскациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді.

Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.

Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.

Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысуларының біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады. Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшалардың эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.

Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалар. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бәлігі.

Артық резервтер дегеніміз юанктердің Ұлттық банкідегі корреспанденттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі корреспанденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.

Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.

Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлессалмағына байланысты болады.

Бұл – айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс орналасқанда мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды.

Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық ьанк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақлылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді.

Ақша айналысының жылдамдығы экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. 

А_ша айналысыны_ __рылымы.doc

— 148.00 Кб (Открыть документ, Скачать документ)

А_ша ж_йес_ ж_не а_ша айналымы 2.doc

— 234.50 Кб (Открыть документ, Скачать документ)

А_ша ж_йес_ ж_не а_ша айналымы 3.doc

— 306.50 Кб (Открыть документ, Скачать документ)

А_ша ж_йес_ ж_не а_ша айналымы 4.doc

— 224.00 Кб (Открыть документ, Скачать документ)

Информация о работе қшаның мәні және қызметтері