Еңбек құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 19:12, реферат

Описание

Еңбектік қатынастар – бұл ҚР-ның еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар. Еңбек қатынастары әдетте еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шартының негізінде туындайды. Еңбектік қатынастар – еңбекке деген қатынастарды оның қоғамдық ұйымның орнында, яғни өндіріс кезіндегі еңбекті қорғайды.1

Содержание

Кіріспе
Еңбек құқығының қағидаттары
Еңбек құқығының қайнар көздері
Еңбек құқығының субьектілері
Еңбек құқығының пәні және әдістері
Еңбек шартының ұғымы, түрлері
3.1 Еңбек шартын тоқтату негіздері

Работа состоит из  1 файл

Еңбек құқығының қайнар көздері.docx

— 32.58 Кб (Скачать документ)

     Еңбек кодексінің 29- бабына сәйкес еңбек шарты: белгіленбеген мерзімге; бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге; жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына; маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін. Егер еңбек шартында оның мерзімі айтылмаса, онда шарт белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі.

     Еңбек кодексінде еңбек шартының жарамсыз деп танылуы негіздері белгіленген. Мысалы: алдау, күш көрсету, арқылы ықпал ету, жалған еңбек шартын жасау, әрекетке қыбілетсіз деп танылған адамдар, еңбек заңнамасында қараған шарттарды сақтамаған кезде, 14 жасқа толмаған адамдар мен ата-анасының, қамқоршысының, асырап алушысының келісімінсіз, 16 жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалған кезде сот оны жарамсыз деп таниды. 

    1. Еңбек шартын тоқтату негіздері

     Еңбек шартын тоқтату және бұзу негіздері  Еңбек кодексінің 51- бабында қаралған, ол бойынша:12

    1. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу
    2. Еңбек шарты мерзімінің аяқталуы
    3. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу
    4. Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу
    5. Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар
    6. Қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы
    7. Қ.Р–ның заңдарына сәйкес көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы
    8. Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы
    9. Жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады.

     Бұл көрсетілген негіздердің әрқайсысы  Еңбек кодексінің арнаулы жекелеген  баптарында нақтыланған. Бұлардан басқа  еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуына  байланысты еңбек шартының тоқтатылуына мынадай жағдайлар негіз болады:

    1. Медициналық қорытынды негізінде қызметкердің денсаулық жағдайына қайшы келетін жұмысты атқаруға еңбек шарты жасалған
    2. Адамды белгілі бір лауазымдрды немесе белгілі бір қызметті атқару құқығынан айырған заңды күшіне енген сот сот үкімін немесе шешімін бұза отырып жұмысты атқаруға еңбек шарты жасалған.
    3. Қ.Р заңдарында көзделген басқа да жағдайларда еңбек шарты тоқтатылуға тиіс.
 

 

     

     Қорытынды 

     Адамзат қоғамының өмір сүруінің алғы шарты  еңбек. Еңбек дегеніміз адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар  жасауға бағытталған адам қызметі.

     Еңбектің  барысында адамдар арасында еңбек  қатынастары қалыптасады. Еңбек  қатынастары дегеніміз тараптардың  әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар  негізінде белгілі бір еңбек  қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.

     Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің  әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру  мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын  және онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек  құқығының негізгі мақсаты - жұмыс  беруші мен жалданушы қызметкер  арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу.

     Еңбек қатынастары еңбек құкығының  пәні болып табылады. Еңбек қатынастары  еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдык еңбек саласындағы  материалды және рухани игіліктерді  игеру барысында қалыптасады.

     Құқыктың  басқа салалары сияқты еңбек құқығының  әдістері еңбектік құқықтық қатынастарға және сонымен тығыз байланысты басқа  да қатынастарға ықпал ететін тәсілдерден, амалдардан және құралдарынан тұрады. Еңбек құқығы әдісі - еңбек құқығының  пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарды құкықтық реттеудің  өзіндік ерекшеліктерінің барынша  жалпы-лама көрінісі. Еңбек құқығының  әдісі құқықтық реттеу қандай тәсілмен іске асырылады деген сауалға  жауап береді. Еңбек құқығы әдістері құқықтық нормалардан көрніс табады.  

 

     

     Пайдаланылған әдебиеттер 

    1. «Қ.Р мемлекеті  мен құқығының негіздері» Құраст. Баянов Е. 2-кітап. –Алматы,2009 ж.
    2. «Общая теория права и государства» под.ред. В.В.Лазарева, М:Юрист, 2001
    3. «История государства и права» под ред. К.И.Батыра, стр 25-26, Москва 2003г.
    4. ҚР Конституциясы: 2007 ж.21 мамырдағы №254-ІІІ заңымен толықтырулар мен өзгертулер. –Алматы, Жеті Жарғы , 2007 ж.

      Электронды  сайттар:

    1. http://ru.wikipedia.org/wiki/Трудовой_договор
    2. http://www.kyzmet.kz/?id_1=27&id_2=133&id_3=135&lang=kz&type=
    3. http://www.kar-femida.kz/Keis/050301-2-Ikz/11/klek.htm

Информация о работе Еңбек құқығы