Құқыққатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 09:47, реферат

Описание

Адамдардың және олардың ұйымдарының арасындағы өмірлік қарым-қатынастардың әр түрлі жақтары және сыртқы көріністерінің өзіндік нысандары болады. Олар моральдік, саяси, ұлттық, діни, соған қосымша құқықтық болуы мүмкін. Әрбір қоғамдық қатынастар қиын және көпжақты құбылыстар, оларға әр түрлі қоғамдық мүдделердің бөлімдері және қажеттіліктері қосылуы ықтимал. Кейбіреулері құқықтық реттеумен қамтылса, басқалары қамтылмайды. Мысалы, отбасы өмірінде заңды нысандарға көшетін әдеттегідей, материалдық қарым-қатынастар адамдардың дінг

Работа состоит из  1 файл

Құқыққатынастар.docx

— 39.56 Кб (Скачать документ)

    Құқықтық  қатынастың объектісіне мазмұндары әр түрлі адамдардың тәртіптері де жатады. Мүліктік құқық қатынастарындағы белгілі өмір жағдайын қанағаттандыруға бағытталған адамдардың тәртібі  объектіге жатады. Мысалы, сатып  алу-сату құқықтық қатынастарындағы объектіге, сатуға және сатып алуға қатынасушылардың тәртібі болып есептеледі.

    Құқықтық  қатынастың объектілері – бұл  құқықтық қатынастар субъектілерінің  құқықтары мен міндеттері бағытталған  және осыған байланысты олар заңды  байланысқа түсетін категория. Аталған  категорияны түсінуде екі бағытты бөліп қарастырады:

  • олардың біріншісіне сәйкес, құқықтық қатынастың объектісі болып тек субъектілердің әрекеттері табылады;
  • екінші көзқарасты көптеген ғалымдар жақтайды, оған сәйкес, объектілердің түрлері өте көп, олар:
  1. материалдық игіліктер (заттар, құндылықтар, мүлік және т.б.);
  1. материалдық емес игіліктер (өмір, денсаулық, қадір-қасиет, абырой және т.б.);
  2. рухани шығармашылық өнімдері (әдебиет, өнер, музыка, ғылым туындылары және т.б.);
  3. құқықтық қатынастар қатысушыларының әрекеттерінің нәтижелері (тасымалдау шартының, мердігерлік шартының нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастар);
  4. бағалы қағаздар мен құжаттар (ақша, акциялар, диплом және т.б.).9

    Құқықтық  қатынастың объектісі тек қоғамдық және жеке тұлғалар мүдде-мақсатын реттеп-басқарып отыратын қарым-қатынастарды қамтиды. Осы мүдде-мақсаттарды орындаудағы субъектілердің іс-әрекеті, атқаратын жұмыстары құқықтық қатынастың объектісі болады.

    Субъективтік  құқық – құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде-мақсаттарының  орындалуы. Субъективтік құқық пен  заңды міндеттер құқықтық қатынастың ең негізгі мазмұнын құрайды.

    Субъективтік  құқықтың алдындағы негізгі мүдде-мақсаттар: бірінші – қатынастың күрделі мақсатын толық орындау; екінші – көрсетілген іс-әрекетті дұрыс орындау; үшінші – көрсетілген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету; төртінші – егерде дұрыс орындалмаса сот  арқылы орындату. Бұл әрекет екі жақты субъектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды. Субъективтік құқықтың орындалу тәсілдері: 1) құқықтың алдында қойылатын өз мүдде-мақсатын анықтау; 2) құқықтық норманы дұрыс пайдалану; 3) құқықтық тәртіпті қатаң орындау.

    Субъективтік  құқық – мемлекет берген және қорғалатын, өзінің көзқарасына сай қанағаттандырылатын, объективтік құқықпен көрсетілген субъектінің мүмкіндігі. Субъектіге жататын құқықты субъективтік құқық деп атайды, себебі тек субъектінің еркіне байланысты ғана оны басқаруға болады. Бір жақтың субъективтік құқықтарына екінші жақтың құқықтық міндеттері сай келеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндеттейді.10 Сонымен қатар осы Заң кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарын асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндеттейді.11 

    Субъективті құқық үш түрде көрінеді:

    Біріншіден, өзінің мүдделерін қанағаттандыру мақсатындағы субъективтік құқықтың иесінің жөнді тәртібінің мүмкіндігі. Мысалы, меншік иесі өзіне қарайтын заттарды пайдалануға, басқаруға құқығы бар, фермер болса өзінің жерінде кез келген ауылшаруашылық өнімдерін өсіруге және оны пайдалы бағаға сатуға құқығы бар. Дегенмен, құқық берілгендердің тәртібі құқықтағы қалыптан аспауы керек. Меншік иесі, басқа адамның мүддесіне зиян келтіретін затпен пайдаланбауы тиіс. Фермер өз жерінде есірткі заттарды өсіруге құқығы жоқ, себебі ондай қызметке мемлекет тыйым салған. Мемлекет субъектілердің құқықтарын кепілдікке алып және қорғай отырып, олардың өз құқықтарымен теріс пайдалануына жол бермейді және өздерінің құқықтарын теріс пайдаланған адамдарға, заңды жауапкершілік шараларын қолданады.

    Екіншіден, субъективтік құқық, құқығы барлардың, оны орындайтын міндетті адамдардан өзінің заңды мүдделерін қанағаттандыруға, белгілі тәртіптерді талап етуге мүмкіндігі барлығымен көрінеді. Құқықтық талап, құқықтық қатынастың объективтік негізіне сай пайда болады, себебі кейбір жағдайларда құқығы бар адамдардың мүдделерін тікелей, яғни олардың субъективтік қимылымен қамтамасыз етуге болмайды.

    Тапсырма  бергеннің құқығын, мердігердің  міндеттерін, шартта көрсетілген жұмысты  сапалы, өз уақытында орындау арқылы қанағаттандыруға болады. Заттың құнын  төлеген сатып алушы, сатушының  заттың тез берілуін талап етуге  құқығы бар. Талап ету құқығында, шын мәнісіндегі құқығы барлардың  субъективтік құқығының іске асырылуы кірген.

    Үшіншіден, субъективтік құқық, өзіне құқығы бар адамның бұзылған құқығын қорғау үшін, құзыретті мемлекеттік органдарға жүгіну мүмкіндігін қосып алған. Әңгіме, құқықтық қатынастарға қатынасушылардың құқығын мәжбүрлеу арқылы, іске асыру туралы болып отыр. Егер, міндетті адам өз еркімен заңмен жүктелген міндетті орындамаса, құқығы бар адам мемлекеттің көмегіне жүгінеді.

    Құқықтық  мемлекеттің заңдары, құқықтық қатынастардың  субъектілеріне олардың құқықтары  мен еркіндіктері бұзылса, әр уақытта  сотқа жүгінуге мүмкіндік берген.12

    Субъективтік  құқық бар жерде сонымен бірге  заңды міндеттер болады. Қатынастардың  көпшілігінде екі жақты субъектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субъектілердің міндеттері бар. Олардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету субъектілердің өздерінің іс-әрекетіне, жұмысына байланысты. Егерде субъект  өзінің тиісті міндеттерін дұрыс, уақытында  орындаса, онда сөз жоқ құқық та дұрыс уақытында орындалады деуге  болады.

    Құқықтық  қатынастың заңды міндеттерінің  орындалуының екі түрі болады: бірінші  – қатынастағы бір субъект  басқа субъектілердің мүдде-мақсаты  үшін міндетті түрде іс-әрекет немесе бір белгілі жұмыс жасауға  тиіс; екінші – оның іс-әрекетіне  шектеу қою. Сонда ғана қатынас дұрыс орындалып, нәтижелі болады.

    Қоғамдағы толып жатқан неше түрлі, неше салалы құқықтық қатынастар өмірге келіп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның заңды себептері  мен негіздері бар. Бұл объективтік  процесс. Заңды себептер құқықтық қатынастардың  пайда болуы, өзгеруі, ескіруі және жаңаруының негізі болады. Заңды себептердың  екі түрі болады: оқиғалар және іс-әрекеттер.

    Оқиғалы себептер – табиғаттың объективтік  даму процесінен пайда болатын жағдайлар (өрт, жер сілкінуі, су тасқыны т.б.)

    Оқиға құқықта – азаматтық құқықтар мен міндеттің пайда болу негіздерінің бір түрі. Азаматтық құқық пен  міндеттемелерге оқиға заңда  көрсетілген реттерде ғана негіз  бола алады. Мысалы, қауіпсіздендіруші  ұйым қауіпсізденушіге тиісті ақшаны оның мүлкі заңда көрсетілген  оқиғадан апатқа ұшыраса ғана төлеуге  міндетті. Азаматтың немесе заңды  ұйымның кінәсінсіз пайда болатын  кейбір оқиғаларға арнаулы мән беріледі. Мысалы, жұмыс әрекеттері төңірегіндегілерге қатерлі қауіп туғызатын ұйымдар  мен заттар егер зиянның келтірілуі бой бермейтін күштің салдарынан немесе жәбірленушінің қасақана іс-әрекетінен болғаны дәлелденсе, зиянды өтеуге міндетті.Азаматтық құқықта мүліктің кездейсоқ апатқа ұшырауы немесе бүліну тәуекелін тиісті мерзімді өткізген жақ көтереді. Адамдардың және заңды тұлғалардың іс-әрекеттері арқылы қалыптасқан себептер – адамның өзінің жұмыстарының нәтижесінде пайда болатын жағдайлар. Бұл себептер заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді. Заңсыз іс-әрекеттер тоқтатылуға немесе жауапкершілігі анықталуға тиіс.

    Құқықтық  қатынастардың өмірге келуінің, өзгеруінің, ескіруінің, жаңаруының, дамуының заңды  себептерінен басқа 3 бөлімнен тұратын негізі болады: нормативтік актілер, заңды себептер, субъективті құқық. Осы күрделі үш негіз арқылы құқықтық қатынастар дамып, нығайып, қоғамның объективтік даму процесін реттеп-басқарып отырады.

    Құқықтық  қатынастардың теориясын зерттеуді  бітіру үшін оның пайда болуына жағдайлар  жасайтын айғақтарды еске түсіруіміз қажет. Ол үшін бұрынғы, талданған ережелерді біріктіріп, қимылдардың пайда болуы  және іске асырылуы тұрғысынан қарап, қайта талдағанымыз жөн, сонда ғана құқықтық қатынастардың мазмұнын, оның әлеуметтік-құқықтық бағытын дәл және тереңірек білуге мүмкіндік болады.

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Пайдаланылған әдебиеттер

1. ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңы

2. ҚР Азаматтық Кодексі

3. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. – Алматы, 2003. 194-211-беттер.

4. Хропанюк В. Н. Теория государства и права. 2-е издание. 1998.               206-219 стр.

5. Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. – Алматы, 2004. 74-81-беттер.

6. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. – Алматы, 2006. 153-160-беттер.

7. Жоламанов Қ. Д. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. – Алматы, 2008. 170-177-беттер. 

      

  

Информация о работе Құқыққатынастар