Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат

Описание

Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.

Работа состоит из  1 файл

sootn.doc

— 1.51 Мб (Скачать документ)
justify">1991 жылдан кейін әлемдік, аумақтық және ұлттық дамудың объективті жағдайы Республиканың ұлттық құқығына халықаралық құқық нормаларын имплементациялаудағы басымдықты анықтауда ең алдымен, Қазақстан Республикасы үшін күшінде қалған бұрынғы Кеңес Одағының міндеттемелерін ескере отырып, екіншіден, әлемдік қауымдастық шешуі тиіс жаһандық сұрақтарды, үшіншіден, елдің саяси және әлеуметтік экономикалық даму ерекшелігі тұрғысынан жүргізілуге алып келді. Сөз егер әлемдік қауымдастық пен елдің мүдделері бір біріне сай келсе, онда республиканың халықаралық құқықтық қызметінің жекелеген бағыттарындағы «жетістіктер» туралы, ал егер сай келмесе кейбір бағыттардағы «тоқыраушылық» жөнінде болып отыр.

Егеменді Қазақстан ұлттық құқығының халықаралық құқықпен он жалдан астам өзара әрекеттесуінің қазіргі басымдықтары ретінде үш негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады. Олар:

-            Қазақстанның КСРО-ның кейбір халықаралық шарттарының құқықмирасқоры болуы;

-            Елдің барлық адамзаттың қазіргі заманғы қауіптермен (ядролық қаруды таратпау, лаңкестік, наркотизм, экологиялық мәселелерді шешу және т.б.) күресуіне қатысуы;

-            Құқықтық мемлекет құру, азаматтық қоғам қалыптастыру және осыған байланысты ұлттық құқықты жетілдіру, оны халықаралық құқықтың жалпыға танымал нормалары мен қағидаларына сәйкестендіру;

Бірінші басымдықтағы бағытты қарай отырып, құқықмирасқорлық мәселесіне жеткілікті заң әдебиеттері арналғанын айтамыз. Атап айтсақ, мысалы, А.А. Поповтың «Халықаралық құқықтағы құқықмирасқорлық және КСРО құрылуы» диссертациясы фактілік және заңды мирасқорлық мәселесіне арналған. Сондықтан біз Қазақстанның құқықмирасқорлығының посткеңестік шындығына тоқталамыз, себебі құқықмирасқорлығы өзінің сипаты бойынша барлық мемлекеттік аумақтық өзгерістерге ортақ құқықтық процесс болып табылады, оған бұрынғы КСРО-ның ыдырауы жатады. Бұл жағдайдың заңдық негізі болып 1978 жылғы мемлекеттердің халықаралық шарттарға қатысты құқықмирасқорлығы туралы Вена Конвенциясы (бұдан ары – Конвенция) табылады.

Құқыққалдырушы мемлекет ыдыраған жағдайда оның халықаралық шарттары, егер олардың мақсаттары мен мазмұнына қайшы келмесе ары құқыққабылдаушы мемлекет аумағында қарай қолдана береді.

Талданып отырған Конвенцияда «мемлекеттердің құқықмирасқорлығы» термині «белгілі бір аумақтағы халықаралық қатынастар үшін жауапкершілік көтеруде бір мемлекетті екінші мемлекеттің ауыстыру» деп түсіндірілген. Ары қарай Конвенцияда былай делінген: «ештеңе де мемлекеттің және халықтың өзінің табиғи байлығы мен ресурстарына деген айрықша егемендігін айқындайтын халықаралық құқық қағидаларын қозғамайды». Ал жаңа тәуелсіз мемлекеттерге қатысты Конвенцияның 16 бабы, олар ешқандай шарттың күшін сақтауға міндетті емес, немесе шартқа қатысты мемлекеттердің құқықмирасқорлығы кезінде осы аумақта күшінде болған факт үшін ғана қатысушысы бола алады деп бекіткен.

Бұл өте маңызды жағдай барлық посткеңестік республикалар үшін де өзекті болды, себебі Кеңес Одағы құлағаннан кейін шарттарға қатысты құқықмирасқорлығы мәселесін тәуелсіз республикалар бірден көтерді. Әлемдік саясатта «Жана Тәуелсіз Мемлекет» (ЖТМ) термині кең қолданылуы да кездейсоқ емес. Мемлекеттердің халықаралық шарттарға қатысты құқықмирасқорлығы туралы Вена Конвенциясы бойынша «құқыққабылдаушы мемлекет деген аумағы мемлекеттердің құқықмирасқорлығы сәтінде құқыққалдырушы мемлекеттің аумағы болған мемлекет»

1992 жылы 6 шілдедегі «Бұрынғы КСРО-ның ортақ мүддені білдіретін шарттарына қатысты құқықмирасқорлығы мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумда» ТМД-ға мүше мемлекеттер, бұрынғы КСРО-ның халықаралық шарттарының басқа елдермен қатынасты тұрақтандыру және әрі қарай дамытудағы рөлін мойындай отырып, бұрынғы КСРО-ның ортақ мүддені білдіретін шарттарына қатысты құқықмирасқорлығы мәселелерін шешуге ортақ келуді анықтады. Бұл құжатта бұрынғы КСРО мемлекеттерінің барлық дерлік көпжақты халықаралық шарттары Достастықтағы барлық мемлекеттер үшін бірдей ортақ мүддені білдіретіндігі айтылды. Сонымен бірге бұл құжаттар Достастыққа қатысушы мемлекеттердің қандайда бір бірлескен шешімдер, іс әрекеттер қабылдауын талап етпейді және шартқа қатысу мәселесін, әрбір шарттың сипаты мен мазмұнын ескере отырып халықаралық құқық нормаларына сәйкес Достастыққа мүше әр мемлекет дербес шешеді. Кейбір екіжакты шарттар Достастыққа мүше барлық мемлекеттердің мүддесін қозғайды.

Оған мысалы, шекара және оның режимі жайлы шарттар жатады. Ондай шарттар халықаралық құқық бойынша өз күшінде қалуы тиіс және онда тек Достастыққа мүше елдердің ішінен оған мүше емес елдермен шекараласатын мемлекеттері қатыса алады. Мұның маңыздысы Достастыққа мүше тиісті мемлекеттер бұл шарттарға өздерінің қатысатындықтарын нақтылауы тиіс. Сонымен, Қазақстан Республикасының шекаралық саясаты бұрынғы КСРО-ға қатысты жарияланған құқықмирасқорлығы негізінде жүзеге асырылады, өйткені «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңның 2 бабында былай делінген: «бұрынғы КСРО жөнiнде жарияланған құқылық мирасқорлықты негiзге ала отырып, осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезiнде қолданылып келген халықаралық шарттармен, соның iшiнде Қазақстан Республикасының және КСР Одағының бұрынғы республикалары болған басқа да мемлекеттердiң әкiмшiлiктiк-аумақтық межеленуi туралы актiлерде белгiленген өз Мемлекеттiк шекарасының өтуiн қуаттайды». Қазақстан-Қытай шекарасын реттеу кезінде Кеңес Одағы – Қытай келіссөздері негізге алынды және бұл 1990 жылдары құжаттарда бекітілді, ол Қазақстанның Ресеймен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен шекара мәселесі ҚазКСР мен КСРО-ның басқа да республикаларымен шекара туралы актілері негізінде реттелді.

КСРО-ның шарттарына қатысты құқықмирасқорлығына байланысты белгілі бір сұрақ туындағанда қатысушы мемлекеттер мүдделі мемлекеттер арасында кеңесу жүргізуге келісілген. Бірақ мұндай кеңесулер кезінде немесе басқа да әрекеттер кезінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысының шартқа дербес қатысуға шешім қабылдау мүмкіндігіне, егер мұндай шешім халықаралық құқық нормаларына сай қабылданған болса кедергі жасалмауы тиіс. Осындай уағдаластықтар нәтижесінде егемен Қазақстанның алғашқы жылдарында белсенді дамыған ұлттық құқықпен қатар бұрынғы КСРО-ның құқық нормалары, Кеңес Одағы қатысқан кейбір халықаралық шарттардың нормалары әрекет етті. Бұл реже Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңды күшіне енгізу тәртібі туралы» Қаулыда бекітілді. Осы құжаттың 2 тармағында «алдағы уақытта Қазақстан Республикасы тиісті заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді қабылдағанға дейін оның аумағында КСРО заңнамасы мен КСРО мойындаған халықаралық құқық нормалары Қазақстан Республикасының осы заңына, басқа да заңнамалық және нормативтік актілеріне қайшы келмейтін бөлікте қолданылады» делінген.

Алайда, 1991 жылы Қазақстан егемендік алғаннан кейін көптеген КСРО халықаралық шарттары іске аспай қалды, бірақ ресми түрде ол айтылған жоқ (мысалы: 1966 жылғы адам құқықтары туралы Пактілер). Тек жеке жағдайларда ғана заң шығарушы кейбір харықаралық – құқықтық құжаттардың Қазақстан Республикасы аумағында қызметін тоқтату туралы құжаттар қабылдап отырды. Мысалы, 1994 жылы 3 қарашада (1993 жылы 28 қаңтардағы бірінші Конституциядан қабылданғаннан кейін) Қазақстан Республикасы Жоғары Кенесінің «Қазақстан Республикасы аумағында бұрынғы КСРО Үкіметінің басқа мемлекеттердің Үкіметтерімен жасасқан табысқа қосарлы салық салуды болдырмау туралы Конвенцияларының қолданылмайтындығы туралы» Қаулысы шықты. Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі бұл халықаралық шарттарды Қазақстан Республикасының жаңа саяси және экономикалық жағдайларына жауап бермейді, шетелдік инвестицияларды тартуда Қазақстан Республикасының мүддесін қорғамайды және кейбір бөліктері ішкі салық заңдарына қайшы келеді деп шешіп, олар 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы аумағында әрекет етуін тоқтатты.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңда ұлттық құқықтық нормалардың халықаралық құқықтан басымдығы бекітілген болатын. Қазақстан, Ресей Федерациясына қарағанда, КРСО-ның халықаралық және басқа да міндеттемелерінің толық құқықмирасқоры ретінде өзін мойындамады, алайда кей жағдайларда кезінде КСРО бекіткен халықаралық шарттарды Қазақстан ратификациялаған кезде саясаткерлер құқықмирасқорлығы туралы айтқан болатын. Сондыктан құқықмирасқорлығын фактілік және заңдық деп бөлу әділетті. Ғалымдар фактілікке белгілі бір фактіге байланысты мемлекеттердің құқықмирасқорлығы туған жағдайларды, ал заңдыққа – құқыққалдырушы мемлекеттің барлық құқықтары мен міндеттері құқыққабылдаушы мемлекетке беруін немесе өтуін айтады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, Қазақстан 1991 жылы егемендік ала салысымен, бұрынғы Қазақ КСР-ның аумағында әрекет еткен халықаралық шарттарды жоятын, шектейтін немесе мойындайтын нормативтік – құқықтық актілер қабылдауы керек еді.

Кей жағдайда Қазақстан Республикасы бұрынғы Кеңес Одағы қатысушысы болған кейбір халықаралық келісімдерді ратификациялады. Мысалы, Қазақстан 1992 жылы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Қаулысымен 1991 жылы 31 шілдеде Мәскеуде қол қойылған стратегиялық басқыншылық қаруларды шектеу мен қысқарту туралы КСРО мен АҚШ арасындағы келісімді 1992 жылы 23 мамырда Лиссабонда қабылданған Хаттамасымен қоса ратификациялады.

Біздің елдің құқықмирасқорлығының объектісі болып КСРО кезінде қабылданған, бірақ одақтас мемлекет ретінде бұрынғы ҚазКСР құзіретіне ғана жататын халықаралық құқықтар мен міндеттер табылды. Кейде кейбір шарттарды тәуелсіздік алғаннан кейін қолдану керек болады. Ол үшін Қазақстан мен КСРО қатысқан шарттың келесі тарабы болған мемлекеттің оны нақтылауы қажет. Мысалы, 1994 жылы Қазақстан мен Жапония шарттар мен келісімдер туралы Вербальдық Нотамен алмасты. Бұл Нота бойынша Жапония Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындағаннан кейін бұрынғы КСРО мен Жапония арасында жасалған келісімдер Қазақстан мен Жапония арасында шарттарда көзделген мерзімдерде өз күшін сақтайды.

Сонымен бірге, Нотада көрсетілгендей, кейбір келісімдер мен халықаралық шарттар Қазақстан мен Жапония арасында қолданылмаған және қолданылмайды, себебі бұл шарттар мазмұны жағынан Қазақстан мен Жапония арасында қолданылуы мүмкін емес (бұлар мысалы, Жапония мен КСРО арасындағы теңіз апатына ұшыраған адамдарды құтқаруда ынтымақтастық туралы Келісімді жүзеге асыру туралы алмасу ноталарын өзгерту туралы алмасу Нотасы (1987 жылы 28 тамыздағы); Жапония мен КСРО Үкіметтері арасындағы балық өнеркәсібіне байланысты операцияларды жүргізу бойынша Келісім (1975 жылы 7 маусымдағы); Пароходтардың тұрақты рейстерін ашу туралы Алмасу хаттары (1957 жылы 6 желтоқсандағы); КСРО-ның алыс Шығыс елдерінің орман ресурстарын даярлау туралы экспорт пен импорт жайлы КСРО мен Жапония арасындағы алмасу хаттары (1968 жылы 14 тамыздағы) және т.б)

Осы жерде сонымен бірге Қазақстан мен Жапония арасында қолданылатын қабылданған кейбір келісімдерге (мысалы, КСРО мен Жапония арасындағы ғылыми – техникалық ынтымақтастық туралы Келісім (1973 жылы 10 қазандағы); КСРО мен Жапония Үкіметтерінің арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімі (1991 жылы 18 сәуірдегі); КСРО мен Жапония Үкіметтерінің арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім (1991 жылы 18 сәуірдегі); КСРО мен Жапония Үкіметтерінің арасындағы мәдениет байланыстар туралы Келісім (1986 жылы 31 мамырдағы) және т.б.) Жапония жағынан да, Қазақстан Республикасының жағынан да бұл шарттарды жүзеге асыруға ешқандай шаралар жасалмаған. Осыған байланысты көрсетілген шарттар мен басқа да халықаралық келісімдер белгілі бір тиісті бірлескен әрекеттер жасалғаннан кейін ғана қолданылады.

Сонымен Қазақстан Кеңес Одағының фактілік және заңдық жағынан ішінара құқықмирасқорлығына ие, ал халықаралық шарттар оның құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл егемендіктің алғашқы жылдарында қатты байқалатын.

Қазір Қазақстан Республикасы дербес халықаралық құқықтық саясат жүргізуде, бірақ бұрынғы КСРО республикаларының фактілік және заңдық құқықмирасқорлығы бұрынғы державаны жалғастырушы Ресей Федерациясымен тығыз байланыста аймақтық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етуде. Сондықтан, біздің көзқарасымыз бойынша, құқықмирасқорлығы–мемлекет тарихындағы қысқа уақыттық кезең емес. Керісінше, құқыққалдырушы мемлекет құлағаннан кейін де осы аумақта мемлекеттілік қалыптасқанын, жаңа тәуелсіз мемлекеттің әлемдік қауымдастық алдында тәуелсіздік алғанға дейін қалыптасқан міндеттемелерін куәландыратын эволюциялық дамудың маңызды құрамдас бөлігі. Бұл міндеттерді біздің еліміз, халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларының, сонымен қатар, жаңа көпжақты және екіжақты шарттар негізінде әлемдік қауымдастықпен ынтымақтастығын дамыта отырып, жеткілікті деңгейде жүзеге асыруда.

Жылдам қарқынмен өзгеріп отырған әлем адамзаттың алдына жаңа мәселелерді шешуді қоюда, кейде ол шешімдерге бір елдің емес, барлық адамзаттың жер бетінде тіршілік етуі байланысты. Бүкіл әлемдік қауымдастық үшін қазіргі кезде неғұрлым өзекті мәселе болып ядролық қаруды таратудың алдын алу мен бар ядролық қару арсеналына бақылау орнату, лаңкестікті алдын алу және таралуы мәселесін шешу, есірткінің таралуымен күресу табылады.

Сондыктан егеменді Қазақстанның ұлттық құқығының халықаралық құқықпен өзара әрекеттесуінің екінші басым бағыты ретінде біз еліміздің адамзатпен бірге қазіргі заманауи маңызды сұрақтарды шешуге қатысуын көрсетеміз. Бұл өз еркімен мойнына халықаралық міндеттемелерді алуынан көрінеді, бірақ кейде мүдделі мемлекеттер немесе халықаралық ұйымдар тарапынан тиісті саладағы халықаралық шарттарды ратификациялау немесе басқа да жолмен қосылу туралы тікелей өтініш айтылады.

КСРО кезінде Республикамыздың халықаралық құқықтық саласында компетенциясы тек декларация сипатында ғана болды. Алайда КСРО құлағаннан кейін де Қазақстан Республикасы аумағында қалып, оның меншігіне айналған, халықаралық шарттардың объектілері болатын объектілер (полигондар, әскери – өнеркәсіптік кешендер) кей жағдайларда Республиканы Кеңес Одағының құқықмирасқоры ретінде өзін санауына құқық береді. Мысалы, «1972 жылы 26 мамырдағы КСРО мен АҚШ арасындағы ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу туралы Шартқа байланысты уағдаластықтар туралы Меморандумда (Қазақстан Республикасы 1998 жылы 19 маусымда ратификациялаған) былай делінген: «төменде осы меморандумның мақсаттары үшін КСРО-ның құқықмирасқорлары мемлекеттері деп аталған Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина  және Америка Құрама Штаттары...».

Информация о работе Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)