Қазақстан Республикасының конституциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 13:53, реферат

Описание

Конституциялық құқық мемлекет және құқық теориясы, ҚР мемлекет және құқық тарихы, мемлекет және құқықтың жалпы тарихы сияқты оқу пәндерімен тығыз байланысты. Мұндай байланыс Қазақстан Республикасының конституциялық құқық курсының пәндік ерекшелігімен анықталады. Конституциялық құқықтың негізгі түсініктерін меңгеру барысында мемлекет пен құқықтың жалпы теориясының көптеген ұғымдарын айқындап алу қажет екендігі даусыз.

Содержание

1. Конституциялық құқық мемлекет және құқық теориясы.
2. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының түсінігі.
3. Конституциялық-құқықтық нормалар: түсінігі, ерекшеліктері, түрлері.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының қайнар көздері: түсінігі, ерекшеліктері, түрлері.

Работа состоит из  1 файл

1 СРСП .doc

— 59.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

 

1. Конституциялық құқық мемлекет және құқық теориясы.

2. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының түсінігі.

3. Конституциялық-құқықтық нормалар: түсінігі, ерекшеліктері, түрлері.

4. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының қайнар көздері: түсінігі,    ерекшеліктері, түрлері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Конституциялық құқық мемлекет және құқық теориясының арақатынасы.

Конституциялық құқық  мемлекет және құқық теориясы, ҚР мемлекет және құқық тарихы, мемлекет және құқықтың жалпы тарихы сияқты оқу пәндерімен тығыз байланысты. Мұндай байланыс Қазақстан Республикасының конституциялық құқық курсының пәндік ерекшелігімен анықталады. Конституциялық құқықтың негізгі түсініктерін меңгеру барысында мемлекет пен құқықтың жалпы теориясының көптеген ұғымдарын айқындап алу қажет екендігі даусыз. Сонымен қатар конституциялық құқық саласындағы терең білім Қазақстан Республикасының пайда болу тарихы мен мемлекеттік-құқықтық институттарын тәлімгерлердің меңгеруінің алғышарты болып табылады. Соған байланысты тәлімгерлерге негізгі назарды Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ғылымының пайда болуы мен дамуына және оның қазіргі кездегі жағдайына аударған жөн. 
Аталмыш пәнді игеру үшін тәлімгерлермен меңгерілуі тиіс оқу пәндерінің тізімі:  
1. Мемелкет және құқық теориясы 
2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы 
3. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы 
4. Саясаттану 
5. Әлеуметтану 
6. Философия.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Конституциялық құқықтың түсінігі, пәні және әдістері.

 Конституциялық құқық — Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын біддіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнін құрайды.

Конституциялық құқық  пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

Конституциялық құқық  пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ Семинарлық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дүрыс түсінуге болмайды олардың құқықтық ретгеудегі мөні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықгау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықгау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажетгігін анықгап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет.

Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталатьш белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік  және қоғамдық қатьшастарды реттейді. Конституциялық-құқықтық қатьшастарды реттеу үшін төмендегідей: 1) міндетгеу әдісі; 2) тыйым салу әдісі; 3) рұқсат ету әдісі; 4) тану әдісі қолданылады. Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданыладьу Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабында: "Мемлекетгік органдар қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құрадцары әрбір азаматқа езінің құқыкгары мен мүдделеріне қатысты құжатгар-мен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін. қамтамасыз етуге міндетті" деп жазылғаң. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы бұл әдісті қолданудың тағы бір мысалы болып табылады. Яғни: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс». Аталған кағида мемлекеттік меншікке сияқгы, жеке меншікке де қатысты. Тиісінше, конституциялық норма мемлекеттік ор-гандарды да, жеке меншік иелерін де меншікті тек ез мүддесіне ғана емес, сондай-ақ қоғам мүддесіне де пайдалануға міндеттейді.

Конституциялық құқық  пәнінің ерекшелігі. Конституциялық қүқықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бүл әдіс, көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жағдайларда ғана қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 3-тармағында былай делінген: «Саяси себептер бойынша азаматгардың құқық-тары мен бостаңдықгарын қавдай да бір түрде шектеуге жол берілмейді». Конституция занда каралмаған әскерилендірілген құрамалар кұруға тыйым салады. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқы демократияньщ шынайы көрінісі болып табылатын рұқсат ету әдісін де кең қолданады. Мұндай әдіс көп жағдайда адамның және азаматтың мәртебесін белгілеу үшін қолданылады. Мысал ретінде әркімнің заңмен белгіленгеннен басқа ретге, Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұруын және тұратын орнын еркін тандауын айтуға болады. Рұксат ету әдісінің өзіндік ерекшелігі мьшада, Конституция белгілі бір ауқьм, шекке дейін еркін әрекет ету мүмкіндігін бере отырып, субьектінің әрекетін айтарлықгай шектей алады.

Рұқсат ету әдісі  мемлекеттік органдардың өкілетгігін белгілеу кезінде де қолданылады. Айталық, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Палаталардың бірлескен отырысында Президентке, оның бас-тамасы бойьшша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге құқылы.

Қазақстан Республикасының  конституциялық кұқығы, меніңше, құқықтық реттеудің тағы бір әдісін — тану (танымау) әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс обьективті фак-тордан — адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды. Мемлекет адамдардың табиғи құқығына рұқсат етеді емес, дәлірек айтқанда, таниды. Қазақстан Республикасы Конституциясыньщ 12-бабының 2-тармағында былай деп жазылған: "Адам құқыктары мен бостандыктары әркімге тумысынан жа-зылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, зандар мен езге де нормативтік құқықтыкактілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай аныкталады. Құқыктық реттеуді әдіс ретінде тану да конституциялық құқықтың демократиялық және адамгершілік мәнін сипаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Конституциялық-құқықтық нормалар: түсінігі, ерекшеліктері, түрлері.

Жалпы құқық теориясында  құқық нормасы ретінде мемлекеттен  туындайтын және сол арқылы қорғалатын, заң құқығына қатынасушылардың қатынасын  білдіретін және оларға міндеттер жүктейтін  жалпыға міндетті және заңда айқындалған тәртіп ережесі түсіндіріледі. Дегенмен конституциялық-құқықтық нормалардың құқықтың басқа салаларындағы нормалардан ерекшелігі мен айырмашылықтары қандай дегенге келсек бұған жауапты конституциялық құқықтармен реттелетін қоғамдық қатынастардың өзгешеліктерінен табамыз.

Конституциялық-құқықтық нормалар:

1. Мазмұнымен (реттеуге  бағытталған қоғамдық қатынастардың  аясымен);

2. Неғұрлым көбірек  заң күшіне ие болумен; Қазақстан  Республикасы Конституциясының  ережелеріне қайшы келетін нормалардың күшін жоюымен;

3. Сол арқылы білдірілген  дерек көздеріменен (неғұрлым маңызды  нормалар Қазақстан Республикасының  Конституциясында түзілген);

4. Нормалардың өзіне  тән түрлерімен (норма-қағидалардың, норма-міндеттердің, ресми мәлімделген  (декларативті) ережелердің болуы);

5. Жүзеге асырудың  айрықша механизмімен (қоғамдық  қатынастардың түбегейлі, басты  тұстарын ғана реттейді);

6. Қатынастарды реттейтін  (халық, мемлекет, ұлттар, жоғары  мемлекеттік органдар) субъектілердің  өзіндік сипатымен;

7. Құрылымдардың ерекшеліктерімен (ғылыми болжам мен диспозицияға және жекелеген жағдайларда ғана – санкцияға ие);

8. Нұсқаулардан тұратын  құрылтайшылық сипатпен өзгешеленеді.

Конституциялық-құқықтық нормалардың негізгі жіктеуі (классификациясы).

Нұсқаулардан тұратын сипаты бойынша:

1.      Құқық  жүктеуші нормалар – онда қаралған  әрекеттерді жүзеге асыратын  және олардың өкілеттік шеңберін  анықтайтын субъектілер құқығын  бекітетін нормалар. Бұл – азаматтардың  саяси, экономикалық, әлеуметтік  құқықтары туралы конституциялық нормалар. Мұндай нормаларға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің конституциялық өкілеттігін айқындайтын нормалар жатады;

2.      Міндеттеуші  нормалар - өзінің тәртібін, өзінің  әрекетін аталмыш нормалардың нұсқауларына жатқызатын субъектілердің міндеттерін бекітетін нормалар. Мұндай міндеттер тек азаматтарға ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының Төрағаларына да жүктеледі;

3.      Тыйым  салушы нормалар – онда қаралған белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салудан тұратын нормалар. Мұндай нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін (бастауларын), заң ережелері мен құқық тәртібін қорғауға бағытталған.

Ондағы нұсқаулардың-айқындаушылық  дәрежесі бойынша мынадай нормаларға бөлінеді:

4.         Императивті нормалар – белгілеген  ережелерді субъектілерге қолдану  еркіндігін қорғауға рұқсат етпейтін  нормалар;

5.      Диспозитивті  нормалар – нормада көрсетілген   жағдаяттарды ескеру арқылы субъектінің  әрекет ету вариантын таңдау мүмкіндігін қарайтын нормалар.

Құқықтық реттеу механизмі  бойынша нормалар:

6.      материалдық  нормалар  -  қоғамдық қатынастарды  құқықтық реттеу бойынша әрекет  етудің мазмұнын қарайтын  нормалар;

7.      Процессуалдық  нормалар – сол арқылы жүзеге асырылатын тәртіпті анықтайтын нормалар болып бөлінеді.

Бірыңғай және өзара  байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін  және салыстырмалы түрде дербес топты  құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы конституциялық-құқықтық институт деп аталады. Мысалы: азаматтық институты, Президенттік институт, сайлау  құқығы институты және т.б.

4. Конституциялық құқықтың қайнар көздері.

Құқық көзі түрінде құқық  нормаларын білдіретін формалар түсіндіріледі. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағында конституциялық құқық көздері тізіп көрсетілген. Бірақ бұл жерде мынаны ескеру қажет, конституцияда атап көрсетілген барлық нормативтік-құқықтық актілер оның көздері болып саналмайды. Бір нормативтік актілер тек конституциялық құқық нормаларынан ғана тұрады, ал келесі бірі - әртүрлі салалардың құқық нормалары және т.б. с.с.

Формаларына қатысты, конституциялық құқықтың  барлық көздері мынадай  түрлерге бөлінеді:

1. Қазақстан Республикасының  Конституциясы – конституциялық  құқықтың негізгі көзі.

2. Конституциялық заңдар. Қабылдау мен олардың тізімі  конституциямен (мысалы, конституцияның 92-бабы) қаралған. Қарапайым заңдар  тәртібімен салыстырғанда неғұрлым  күрделі, Конституцияда арнайы  ескертілген, мемлекет үшін аса  маңызды мәселелер бойынша қабылданады. Депутаттардың жалпы саның 2/3 дауысымен қабылданады.

3. Әдеттегі заңдарды, негізінен қарапайым көпшілік  дауыспен (50%+1) Қазақстан Республикасы  Парламентінің депутаттары қабылдайды.

Әдеттегіден өзгеше заңдар, Республика Парламентінің әрбір  Палаталары депутаттарының басым көпшілік дауысымен Парламентте қабылданған өзгертулер мен толықтыруларды және референдумда қабылданған, өзгертулер мен толықтыруларды Конституцияға енгізеді.

4. ҚР Парламент Палаталарының  Қаулысы.

5. ҚР Президентінің  Жарлықтары, өз кезегінде:

а) Конституциялық заң  күшіне ие жарлықтарға.

ә) Заң күшіне ие жарлықтарға.

б) Заңға бағынышты  нормативтік жарлықтарға бөлінеді.

Дегенмен, Президенттің барлық нормативтік жарлықтары конституциялық құқық көздері болып саналмайды, тек конституциялық-құқықтық нормалардан тұратын жарлықтар ғана конституциялық-құқық көздері болуы мүмкін.

6. Егемендік қағидаларын  жариялаған Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздігі туралы  Заңда, 1993 ж. және 1995 ж. Конституцияларда  және өзге конституциялық актілерде бекітілген, 1991 жылдың 25 қазанындағы мемлекеттің егемендігі туралы Декларациясы.

7. Нормативтік нұсқаулардан, құқықтық нормалардан тұратын  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Қаулылары, министрліктер мен  ведомстволардың актілері.

8. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің шешімі.

9. Конституциялық-құқықтық  нормалардан (шешімдер, жарғылар, ережелер) тұратын жергілікті өкілді органдар  мен жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының нормативтік-құқықтық  актілері белгілі бір жердің  аумағынан аспайды.

10. Мемлекетаралық деңгейде  бекітілген халықаралық шарттар.

Мемлекетішілік құқық  нормалары мен халықаралық құқық  нормаларының коллизиясы (бағыттар қақтығысы) кезінде басымдық соңғыға беріледі.

4. Конституциялық құқық  жүйесі – оның ішкі құрылымын  сипаттайтын және оны құқықтың басқа салаларынан өзгешелеп тұратын институттардың жиынтығы болып саналады.

Конституциялық құқық  институттарының жүйесі мынадай  түрде беріледі:

1.   конституциялық  құрылыстың негіздері;

Информация о работе Қазақстан Республикасының конституциясы