Рента шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 13:38, контрольная работа

Описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Рента шарты ». Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
• Рента шарттарының мәні ;
• Рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының ұғымы ;
• Рента шартының ерекшелігі;
• Қазақстан Республикасындағы рента шарттарының түрлері;
• Тұрақты рента шарты ;

Содержание

Кіріспе
1. Рента шарттарының мәні
1.1. Рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының ұғымы
1.2. Рента шартының ерекшелігі
II - НЕГІЗГІ БӨЛІМ :
2. Қазақстан Республикасындағы рента шарттарының түрлері
2.1. Тұрақты рента шарты
2.2 . Ғұмырлық рента шарты
2.3. Өмір бойы асырауда ұстау шарты

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.docx

— 35.86 Кб (Скачать документ)

Рента төлеу үшін иеліктен айырылатын мүлікті рента алушы  рента төлеушінің меншігіне ақы  төлетіп немесе тегін беруі мүмкін.

Рента шартында мүлікті ақы  төлетіп беру көзделген жағдайларда  тараптардың беру және төлеу жөніндегі  қатынастарына сатып алу –  сату шарты туралы ережелер (Азаматтық  кодекстің 25 тарауы) , ал мұндай мүлік  тегін берілетін жағдайларда  егер осы тараудың ережелерінде өзгеше белгіленбесе және шарттың мәніне қайшы  келмесе , сыйға тарту шарты туралы ережелер қолданылады .

Қозғалмайтын мүлікке  рента жүктеу . Рента жер учаскесіне , сондай – ақ оны төлейтін етіп берілген кәсіпорынға , үйге, ғимаратқа немесе басқа да қозғалмайтын мүлікке құқық  жүктейді. Рента төлеуші осындай  мүлікті иеліктен айырған жағдайда оның рента шарты бойынша міндеттемелері мүлікті сатып алушыға ауысады.

Рента жүктеліп берілген Азаматтық  кодекстің 357 бабының 1 тармағында аталған  мүлікті басқа да тұлғаның меншігіне  берген тұлға егер Азаматтық кодекстен  басқа да заң актілерінде немесе шартта осы міндеттеме бойынша бірдей жауапкершілік көзделмесе рента  алуышының рента шартының бұзылуына  байланысты туған талаптары бойынша  субсидиарлық жауапты болады (Азаматтық  кодекстің - 357 бабы)

 

 

Рентаның төленуін қамтамасыз ету. Жер учаскесі немесе басқа да қозғалмайтын мүлік құқығы рента  төлейтін етіп берілген кезде рента алушы рента төлеушінің міндеттемесін қамтамасыз ету үшін осы мүлікті кепілге беру құқығын алады . Рента төлеушiнiң мiндеттемелерiн (Азаматтық Кодекстiң 292-бабы) орындауды қамтамасыз ету не осы мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк тәуекелi рента алушының пайдасына сақтандыру мiндетiн белгiлейтiн талап ақша сомасын немесе өзге де қозғалатын мүлiктi рента төлейтiн етiп берудi көздейтiн шарттың елеулi талабы болып табылады. Рента төлеушi осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған кезде, сондай-ақ рента алушы жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша қамтамасыз етуден айырылған немесе қамтамасыз ету талаптарын нашарлатқан жағдайда рента алушы рента шартын бұзуға және рента шартының бұзылуынан келтірілген залалдың өтелуiн талап етуге құқылы.  Рента төлеушінің міндеттемелерін (Азаматтық  кодекстің 292 бабы ) орындауды қамтамасыз ету не осы міндеттемелердің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін жауапкершілік тәуекелі рента алушының пайдасына сақтандыру міндетін белгілейтін талап ақша сомасын немесе өзге де қозғалатын мүлікті рента төлейтін етіп беруді көздейтін шарттың елеулі талабы болып табылады .

Рента төлеуші Азаматтық  кодекстің 293 бабының  2 тармағында көзделген міндеттерді орындамаған кезде , сондай ақ рента алушы жауап бермейтін мән – жайлар бойынша қамтамасыз етуден айырылған немесе қамтамасыз ету талаптарын нашарлатқан жағдайда рента алушы рента шартын бұзуға және рента шартының бұзылуынан келтірілген залалдың өтелуін талап етуге құқылы .

Рента төлеу мерзімін кешіктіргені үшін рента төлеуші рента алушыға , егер шартта тұрақсыздық айыбының өзгеше мөлшері белгіленбесе Азаматтық кодекстің 353 бабында көрсетілген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді .

Тұрақты рентаны алушы  тек қана азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар , егер бұл олардың қызмет мақсаттарына сәйкес келсе , тұрақты рентаны алушылар бола алады. Тұрақты рента шарты бойынша рента алушының құқықтары , егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе , қойылатын талапқа жол беру және мұрагерлік не құқық мирасқорлығы тәртібімен заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру арқылы Азаматтық кодекстің 354 бабының 1 тармағында аталған тұлғаларға берілуі мүмкін. Тұрақты рентаның нысаны мен мөлшері тұрақты рента шартта белгіленген мөлшерде ақшалай төленеді . Шартта рентаны төлеу рентаның ақшалай соммасының құнына сәйкес келетін заттар беру , жұмыстар атқару немесе қызметтер көрсету жолымен қарастырылуы мүмкін. Егер шартта өзгеше көзделмесе төленетін рентаның мөлшері заң актілерінде белгіленген бір айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне бара бар өзгертіледі .

Тұрақты рентаның нысаны мен мөлшерi :     

1. Тұрақты рента шартта белгiленген  мөлшерде ақшалай төленедi.  
      2. Шартта рентаны төлеу рентаның ақшалай сомасының құнына сәйкес келетiн заттар беру, жұмыстар атқару немесе қызметтер көрсету жолымен қарастырылуы мүмкiн.  
      3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, төленетiн рентаның мөлшерi заң актiлерiнде белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiштiң өзгеруiне бара-бар өзгертiледi.

Тұрақты рентаны төлеу  мерзімдері егер шартта өзгеше көзделмесе , тұрақты рента әрбір күнтізбелік  тоқсан аяқталғаннан кейін төленеді . Төлеушінің тұрақты рента сатып  алу құқығы , тұрақты рента төлеуші  рентаны сатып алу жолымен  оны одан әрі төлеуден бас тартуға  құқылы . Бұлайша бас тарту рента  төлеуші рента төлеу тоқтатылғанға  дейін үш айдан кешіктірмей немесе шартта көзделген неғұрлым ұзақ мерзімде жазбаша түрде мәлімдеген жағдайда жарамды болады . Бұл орайда рента  төлеу жөніндегі міндеттеме , егер шартта сатып алудың өзгеше тәртібі  көзделмесе рента алушы барлық сатып  алу сомасын алғанға дейін  тоқтатылмайды . Тұрақты рента төлеушінің оны сатып алу құқығынан бас  тарту туралы шарт талабы жарамсыз болады . Шартта тұрақты рентаны  сатып алу құқығы рента алушының тірі кезінде не шарт жасалған кезден бастап отыз жылдан аспайтын өзге де мерзім ішінде жүзеге асырылмайтындығы көзделуі мүмкін .

 Рента алушы :

  1. Егер шартта өзгеше белгіленбесе , рента төлеуші оның төленуін бір жылдан жылдан астам уақытқа кешіктірген ;
  2. Рента төлеуші рентаның төленуін қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттемелерін бұзған (Азаматтық кодекстің 521 бабы)
  3. Рента төлеуші төлемге қабілетсіз деп танылған не оның шартта белгіленген мөлшер мен мерзімде рента төлей алмайтынын айқын куәландыратын өзге де мән жайлар пайда болған ;
  4. Рента төлемі ретінде берілген қозғалмайтын мүлік жалпы меншікке түскен немесе бірнеше тұлғалар арасында бөлінген жағдайларда ;
  5. Шартта көзделген басқа да жағдайларда төлеушінің рентаны сатып алуын талап етуге құқылы .

Тұрақты рента төлеушi рентаны  сатып алу жолымен оны одан әрi төлеуден бас тартуға құқылы. Бұлайша бас тарту рента төлеушi рента төлеу тоқтатылғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей немесе шартта көзделген неғұрлым ұзақ мерзiмде жазбаша түрде мәлiмдеген жағдайда жарамды болады. Бұл орайда рента төлеу жөнiндегi мiндеттеме, егер шартта сатып-алудың өзгеше тәртiбi көзделмесе, рента алушы барлық сатып алу сомасын алғанға дейiн тоқтатылмайды. Тұрақты рента төлеушiнiң оны сатып алу құқығынан бас тарту туралы шарт талабы жарамсыз болады.  
      Шартта тұрақты рентаны сатып алу құқығы рента алушының тiрi кезiнде не шарт жасалған кезден бастап отыз жылдан аспайтын өзге де мерзiм iшiнде жүзеге асырылмайтындығы көзделуi мүмкiн.

Тұрақты рентаның сатып алу  бағасы , тұрақты рентаны сатып алу Азаматтық кодекстің 526 және 527 баптарында көзделген жағдайларда  шартта белгіленген баға бойынша жүргізіледі.Шартта рента төлемі ретінде төлеу үшін берілген мүліктің сатып алу бағасы туралы ереже болмаған кезде сатып алу рента төлемдерінің жылдық сомасына сәйкес баға бойынша жүзеге асырылады . Шартта рента төлемін төлеуге тегін берілген мүліктің сатып алу бағасы туралы ереже болмаған кезде сатып алу бағасына рента төлемдерінің жылдық сомасымен қатар берілген мүліктің бағасы да қосылады . Тұрақты рента төлемі ретінде берілген  мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі . Тұрақты рента төлемі ретінде тегін берілген мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін рента төлеуші мойнына алады.

Тұрақты рента төлемі ретінде  төлеу үшін берілген мүлік кездейсоқ  жойылған немесе кездейсоқ бүлінген кезде төлеуші тиісінше рента  төлеу жөніндегі міндеттемесін  тоқтатуды немесе оны төлеу талаптарын өзгертуді талап етуге құқылы.

Ғұмырлық рента . Рента төлемі ретінде мүлік берген азаматтың өмірі кезеңіне не ол көрсеткен басқа азаматтың өмірі кезеңіне ғұмырлық рента белгіленуі мүмкін. Егер шартта өзгеше белгіленбесе , рента алу құқығындағы үлестері тең деп саналған бірнеше азаматтың пайдасына ғұмырлық рента белгілеуге жол беріледі. Рента алушының біреуі қайтыс болған жағдайда , егер шартта өзгеше көзделмесе оның рента алу құқығындағы үлесі тірі қалған рента алушыларға ауысады , ал соңғы рента алушы қайтыс болған жағдайда рента төлеу міндеттемесі тоқтатылады . Шарт жасасу қарсаңында қайтыс болған азаматтың пайдасына ғұмырлық рента белгілейтін шарт жарамсыз болады .

Ғұмырлық рентаның мөлшері , ғұмырлық рента шартта рента алушыға  оның өмір сүруі кезінде мезгіл мезгіл төленіп тұратын ақша сомасы ретінде  белгіленеді. Тараптар өмір бойы асырауда ұстау туралы шарт жасасқан жағдайларда  шартта мұндай асыраудың ақшалай  бағасы белгіленуге тиіс . Егер ғұмырлық рента шартында өзгеше көзделмесе төленетін  рентаның мөлшері бір айға шаққанда  заң актілерінде белгіленген  ең төменгі жалақыдан кем болмауға тиіс .

Ғұмырлық рентаны төлеу  мерзімдері егер шартта өзгеше көзделмесе ғұмырлық рента әрбір күнтізбелік  ай аяқталғанда төленеді .

Ғұмырлық рента шартын рента алушының талап етуі бойынша  бұзу төлеуші шарт талаптарын елеулі түрде бұзған жағдайда рента алушы рента төлеушіден Азаматтық кодекстің 528 бабында көзделген талаптармен рентаны сатып алуды не шартты бұзуды талап етуге құқылы .

Егер пәтер , тұрғын үй немесе өзге де мүлік ғұмырлық рента төлемі ретінде тегін иеліктен айырылса , рента төлеуші шарт талаптарын елеулі түрде бұзған кезде рента  алушы осы мүлікті оның құнын  рентаның сатып алу бағасына есептей  отырып қайтаруды талап етуге  құқылы .

Рента төлемі ретінде берілген мүліктің кездейсоқ жойылу қаупі  ғұмырлық рента төлемі ретінде берілген мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе кездейсоқ бүлінуі рента төлеушіні шартта көзделген талаптар бойынша оны төлеу міндеттемесінен босатпайды .

Өмір бойы асырауда ұстау шарты. Өмір бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы азамат өзіне тиесілі қозғалмайтын мүлікті сол азаматты және ол көрсеткен үшінші бір адамды өмір бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға міндеттенген рента төлеушінің меншігіне береді . Өмір бойы асырауда ұстау шартына егер осы параграфтың ережелерінде өзгеше көзделмесе ғұмырлық рента туралы ережелер қолданылады .

Асырауда ұстауға беру жөніндегі міндет рента төлеушінің асырауда ұстауға беру жөніндегі міндетіне тұрғын үйге , тамақ пен киімге , күтім жасауға және қажетті көмекке деген қажеттерін қамтамасыз ету енгізілуі мүмкін . Шартта рента төлеушінің салт жора қызметін көрсетуге ақы төлеуі де көзделуі мүмкін .

Шартта жалпы асырауда ұстау көлемінің құны айқындалуға  тиіс . Бұл орайда жалпы асырауда ұстау көлемі айына заң актілерінде  белгіленген ең төменгі екі жалақы мөлшерінен кем болмауы керек .

Азаматқа берілетін немесе берілуге тиісті асырауда ұстау көлемі туралы тараптар арасында туған дауды  шешу кезінде сот адалдық пен  парасаттылық принциптерін басшылыққа алуға тиіс .

Өмір бойы асырауда ұстауды  мерзімдік төлеммен ауыстыру шартта асырауда ұстауға заттай беруді ақшалай мерзімдік төлеммен ауыстыру мүмкіндігі көзделуі мүмкін .

Өмір бойы асырауда ұстауды  қамтамасыз ету үшін берілген мүлікті  иеліктен айыру және пайдалану рента төлеуші өзіне өмір бойы асырауда ұстауды қамтамасыз ету үшін берілген қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыруға , кепілге беруге және өзге де әдіспен жүктеуге рента алушының алдын ала келісім болғанда ғана құқылы .

Рента төлеуші өмір бойы асырауда ұстауға берілген кезеңде  аталған мүлікті пайдалану осы  мүліктің құнын оның табиғи тозуынан тыс төмендетуге әкеп соқпау үшін қажетті шаралар қолдануға міндетті .Өмір бойы асырауда ұстау міндеттемесі алушы қайтыс болғанда тоқтатылады.

Рента төлеуші өз міндеттемелерін  елеулі түрде бұзған кезде рента  алушы өмір бойы асырауды қамтамасыз етуге берілген қозғалмайтын мүлікті қайтаруды не Азаматтық кодекстің 528 бабында белгіленген жағдайда өзіне сатып алу бағасын төлеуді талап етуге құқылы . Бұл орайда рента төлеушінің рента алушыны асырауда ұстауға байланысты жасалған шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ .

Жер рентасы — жерден түсетін тұрақты табыс. Оның дифференциялық және абсолюттік түрлері бар. Алғашқысы дифференциалдық І және дифференциалдық ІІ рента деп ажыратылады. Дифференциалдық І рентаның пайда болуының басты себебі — жеке жер телімдерінің құнарлылығы мен сол жердің рынокқа қатысты орналасу ерекшеліктері. Дифференциалдық ІІ рента жерге жұмсалған қосымша қаржыға тура байланысты. Шаруашылықты қарқынды жүргізу нәтижесінде қосымша қаржыдан дифференциалдық ІІ рента туындайды. Ол, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кезіндегі қоғамдық және жеке баға айырмашылығынан да туындайды. Абсолюттік Жер Рентасы жерге деген жеке меншікке байланысты. Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік рентаны алу көзі болып табылады. Ауыл шаруашылығы айналымына кірмейтін жерден де Жер Рентасы алынады. Оларға:

  1. тау-кен өнеркәсібі пайдаланып отырған жерден түсетін рента;
  2. құрылыс учаскелерінен түсетін рента, т.б. жатады.

Жер рентасының табиғаты жердің экономикалық ресурс ретіндегі ерекшеліктерімен және жерді пайдалану қатынастарымен байланысты. Жер — бірегей өндіріс құралы: сан жағынан ол шектелген, оны жасанды түрде ұдайы өндіру мүмкін емес; жер учаскелері құнарлығы жағынан бір-біріне ұқсамайды, яғни олардың табиғи өндіргіш күштері өзгеше болады.

Жерді пайдалану экономикалық қатынастардың әр түрлі жүйесімен реттеледі. Экономикалық ресурс ретінде жер еңбек нәтижесі емес, яғни оның өндіріс шығындары жоқ. Жер табиғаттың сыйлығы. Жердің саны шектелген, сондықтан жер практикада қайда пайдаланса да, оның ұсынысы мүлде икемді емес. Бұл жер нарығында тек сұраныс қана белсенді екенін көрсетеді. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші рөл атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Рента шарты