Неке жане отбасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 18:15, реферат

Описание

Отбасы — қоғамнын, бастапқы ұясы. Сондықтан мемлекет отбасына ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігінше оған көмек көрсетеді, кімнің болмасын оған заңсыз араласуына жол бермейді. Демек, мемлекет те адамдарға, некелі болып өмір құрған отбасына, белгілі мөлшерде талап та қояды. Талаптар коя отырып, мемлекет некелілерге, отбасына камқорлық көрсетуге міндеттенеді. Бұл талаптар тегіннен-тегін емес, ол азаматтардың (жеткен жетістігі мен есеюіне және т. б.), коғамның (жақсы отбасы — игіліктің негізі) камы үшін қойылады. Сондықтан отбасын қүру үшін заңда қаралған жағдайлар жасалуы керек.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 24.00 Кб (Скачать документ)

Отбасы —  қоғамнын, бастапқы ұясы. Сондықтан  мемлекет отбасына ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігінше оған көмек  көрсетеді, кімнің болмасын оған заңсыз араласуына жол бермейді. Демек, мемлекет те адамдарға, некелі болып өмір құрған отбасына, белгілі мөлшерде талап та қояды. Талаптар коя отырып, мемлекет некелілерге, отбасына камқорлық көрсетуге міндеттенеді. Бұл талаптар тегіннен-тегін емес, ол азаматтардың (жеткен жетістігі мен есеюіне және т. б.), коғамның (жақсы отбасы — игіліктің негізі) камы үшін қойылады. Сондықтан отбасын қүру үшін заңда қаралған жағдайлар жасалуы керек. Некелік жас ерлер үшін — 18 жас, әйел-дер үшін 17 жас болып белгіленген. Кейбір жағдайларда әйелдер үшін некелік жас бір жылға қысқартылуы мүмкін. Некелік жасты бір жылға қысқарту үшін некеге тұруға ниеттенген қыз өтінішті өзі жазуы керек. Мұндай өтінішті кызбен келісе отырып, оның ата-анасы немесе асырап алған басқа да туысы жазуына да болады. Некелік жастың бір жылға кемітілуі туралы мәселені жергілікті әкімшілік шешеді. Әдетте, некелілікке қабілеттік адамнын 18 жасынан басталады деп танылған (адамдар бұл құқығын өз еркінше шешіп, өз ісіне өзі жауап береді). Егер некеге тұру 17 жасқа толмайынша рұксат етілмесе, 18 жасқа толғанда бұл мәселе толығынан шешілетіні белгілі. Мұның өзі, атап айтқанда, ерлі-зайыптылардың бала тәрбиелеудегі тен құкығын, мүліктерді пайдалану, тағы басқа отбасы өміріндегі тең құқықтық міндеттер мен мәселелерді шешіп, айқындау үшін де қажет.

Отбасылық құқықтық қатынастар - құқық нормасымен реттелген  отбасы мүшелері арасындағы қатынастар.Неке-отбасы заңдары:

некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;

отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен  балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;

азаматтық хал  актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген  тәртіппен ақылы қызмет көрсету  тәртібін реттейді. Бұл мәселелер  негізінен ҚР "Неке және отбасы туралы" (17 желтоқсан 1998 ж.) заңымен реттеледі.

Отбасылық қуқың  қатынастарының субъектілері:

1. ерлі-зайыптылар;

2. балалар;

3. басқа отбасы  мүшелері мен жақын туыстары;

4. заңмен белгіленген  басқа да адамдар.

Информация о работе Неке жане отбасы