Азаматтық іс жургізу құқығының принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 13:34, реферат

Описание

Құқық принциптері - бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.
Құқық принциптері қоғамдағы құқықтық реттеуді және құқық жүйесін құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтық әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын біле аламыз, сондай-ақ жеке құқық салалардың, институттардың және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі.
Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланың принциптерінің дамуымен және әсер етуімен қалыптасады. Салалық принциптерді білген, кәсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларында түсінетін болады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Азаматтық іс жургізу құқығының принциптері............................................5
1.1 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің түсінігі.....................................5
1.2 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мән-мағынасы.........................7
1.3 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі......................................9
1.4 Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.........................................................................................13
Қорытынды............................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................19

Работа состоит из  1 файл

ГПП каз.doc

— 154.50 Кб (Скачать документ)

     Талап қоюшы талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгертуге құқылы болса, жауапкер талап қоюды тануға және қарсы талап қоюға құқылы болады. Екі жақ (талап қоюшы мен жауапкер) бітімгершілік келісімге келуге құқылы.

     Сонымен бірге, тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар сотқа (судьяға), прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына, сот приставы мен сот орындаушысына қарсылық білдіруге құқылы, сондай-аң, өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы.

     Сот тараптарға бірдей және құрметпен қарайды (ҚР АІЖК-і 15-бабының 4-бөлігі).

     Бұл принцип тараптардың айтысу (бәсекелестік) принципімен өте тығыз байланысты, себебі азаматтың сот ісін жүргізу тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады.

     Сотта іс қараудың тікелей жүргізілу принципі (ҚР АІЖК-і 177-бабының 1-бөлігі). Бұл принципке сәйкес сот (судья) істі қарап және шешу кезінде сотқа ұсынылған дәлелдемелерді зерттеу тәсілі мен әдістерін анықтап, оларға тиісті баға береді. Осы мақсатқа жету үшін істі қарау кезінде сот іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттеуге: тараптардың және іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, құжаттармен танысуға, заттай дәлелдемелерді қарап шығуға, дыбыс жазбаларын тыңдауға және бейне жазбаларды, кино-фотоматериалдарды көруге, ақпаратты қайта құрудың өзге де құралдарының материалдарымен танысуға міндетті. Қажет болған жағдайларда іс бойынша дәлелдемелерді зерттеген кезде сот маманның консультациялары мен түсіндірмелерін тыңдайды. Өйткені, судья әрбір дәлелдемені қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтың істі шешу үшін жеткіліктігі тұрғысынан ішкі сенімі бойынша бағалап, заң мен ар-ұятты басшылыққа алып шешім қабылдайды.

     Сотта іс қарау тұрақты сот құрамымен жүргізіледі, егер судья белгілі себептермен істі қараудан шығатын болса, онда оның орнына басқа судья кіреді, ал сотта іс қарау басынан басталады. Осындай жағдайда судьялар дәлелдемелермен тікелей танысу арқылы іс бойынша әділетті шешім қабылдауға мүмкіндік алады. Бұл іс бойынша ақиқатқа келудің ең тиімді және тез тәсілі болып табылады.

     Егер де іске қатысты дәлелдемелер соттың тапсырмасы немесе нотариуспен дәлелдемелерді қамтамасыз ету арқылы алынған болса судья оларды тек сот отырысында қарастырады.

     Сотта іс қараудың ауызша жүргізілу принципі (ҚР АІЖК-і 177-бабының 2-бөлігі). Бұл принципке сәйкес сотта іс қарау ауызша жүргізіледі. Осылай, мысалы, істі қарау үшін белгіленген уақытта төрағалың етуші сот отырысын ашады және қандай азаматтың іс қаралуға тиіс екенін жария етеді. Сот отырысының хатшысы осы іс бойынша шақырылған адамдардан кімнің келгенін, келмеген адамдарға хабар берілген-берілмегенін және олардың келмеу себептері туралы қандай мәліметтердің бар екенін сотқа баяндайды. Төрағалық етуші келгендердің кім екенін анықтайды, сондай-ақ, лауазымды адамдар !мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді. Егер іс бойынша аудармашы қатысса, оған оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сот құрамын жария етеді, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде кімдердің қатысатынын хабарлайды және іске қатысушы адамдарға олардың қарсылың білдіру құқығын түсіндіреді (ҚР АІЖК-тің 180-184-баптары). Осы принципке қатысты, оның жүруін белгілеуге болатын нормалар ҚР АІЖК-нің басқа баптарында бар, мысалы, ҚР АІЖК-тің 190-200-баптары. Тіпті, іс бойынша қабылданған сот шешімі ауызша жарияланады (ҚР АІЖК-тің 216-бабы).

     Істі қарау процесінде судья ауысқан жағдайда істі қарау басынан бастап жүргізілуге тиіс (ҚР АІЖК-і 177- бабының 2-бөлігі). Бқл дегеніміз - әрбір судьяның өз қарауындағы іс бойынша жауапты болатынын және сол істі сотта ауызша қарап (іске қатысушылардың түсініктемелерін, куәлардан айғақтар алу, заттай әрі жазбаша дәлелдемелер зерттеу және т.с. іс жүргізу әрекеттерін жүргізумен) шешім қабылдауды түсіндіреді.

Информация о работе Азаматтық іс жургізу құқығының принциптері