Қазақстандағы азаматтық қоғам қалыптасуының ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 18:10, доклад

Описание

Құқық жүйесінің басты саласы — конституциялық құқық болып табылады (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б. Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:
қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстандағы азаматтық қоғам қалыптасуының ерекшеліктері.docx

— 35.54 Кб (Скачать документ)

      Конституция Қазақстан Республикасында азаматтық  қоғам қалып-тастыруға ықпал жасайды. Бұл Конституцияда идеологиялық және саяси әралуандылық танылатынынан  айқын көрінеді (5-бап). Бұқаралық  билікті саяси әралуандылық негізінде  жүзеге асырады. Конституция саяси  партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, қозғалыстарға саяси және мемлекеттік  өмірге қатысу үшін тең мүмкіндік  береді. Үстемдік етуші ретіндегі  қандай да бір идеологияның белгіленуіне жол берілмейді. Азаматтық қоғам  мемлекет және азамат, тұтынушы және өндірушінің  әлеуметтік серіктестігі, нарық шаруашылықтары меншік түрлерінің әралуандылығымен сипатталады.

      1995 жылғы Конституцияның басты бір  жетістігі барлық деңгейдегі  соттардың тәуелсіздігінің кепілдігі  болып табылады. Сот билігінің тәуел-сіздігі судьялардың өкілеттігін сайлаудың, тағайындаудың және тоқтатудың ерекше тәртібімен, сонымен бірге сот құрамын құруға Жоғарғы Сот Кеңесі және Әділет біліктілік комиссиясы сияқты тәуелсіз органдардың қатысуымен айқындалады. Судьялардың тұрақтылығы қағидаты бекітілген (79-бап, 1-т.), судьялар өмірлікке сайланады және тағайындалады. Қазақстан Республикасының Конституциясына 1998 жылғы 7 қазанда Парламент енгізген қосымшалар сот ісін жүргізуді демократизациялауға бағытталған. 75-баптың 2-тармағына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу заңмен белгіленген белгілі бір жағдайларда өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады. 1995 жылғы 20-желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, өзгерістері және толықтыруларымен, соттарды жеке билік ретінде бекіткен, соттар өз қызметінде заң шығарушы және атқарушы биліктерден тәуелсіз.

    Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы Қазақстанды құқықтық мемлекет деп жариялайды. Демек Қазақстан  құқықтық мемлекет құру және оның негізгі  белгілерін конституциялық бекіту жолында  тұр.

          Құқықтық мемлекет

    Құқықтык  мемлекет дегеніміз - жеке адам және коғам  мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі  мен құқық принциптеріне негізделген  мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық тәртіптің және заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді.

    Құқықтық  мемлекеттің негізі:

    -    Құқықтық мәдениет;

    -    Азаматтық қоғам;

    -    Заңдылық және құқықтық тәртіп;

    Құқықтық  мемлекеттің белгі-нышандары:

    Заңның  үстемдік етуі.

    Мемлекеттік биліктің бөлінуі.

    Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы.

    Азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарының шын мәнділігі, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалатындығы.

    Саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы.

    Азаматтық қоғамның қалыптасуы.

    Ішкі  заңдардың көпшілік таныған халықаралық  құкықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келуі. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Қортынды 

    Бізде бір кезде болған комсомол сияқты жастар ұйымы қоғамымыз орнығуы  кезеңінде, яғни енді ғана бой көтеріп  келеді, сонымен бірге көптен бері үкіметтік емес ұйымдар барлық жерде  жұмыс істей бастады. Әдетте, ҮЕҰ-ға шығармашылық бейімі бар жігерлі адамдар топтасуда. Біздің көзқарасымызда, болашақ лидер – ол көшеде көкесінің “мерседесімен” жүйткіген адам емес. Сондықтан да көптеген ҮЕҰ пікірлестердің өршілдігімен өріс алып, басқалары болса, ұтысқа шыққан шетелдік гранттарға иек артып жүр.

    Мен қайсыбір жастардың жүйкесінде ойнағым  келмейді, бірақ шетелдіктердің қаржыландыруы, бір қарағанда, соншалықты әбестік  емес. Кімдер ақысын төлесе, сол адамның  аты жүреді дейтін байырғы даналық  бар. Халықаралық ынты­мақтастықтан  бас тартпай, ҮЕҰ-ға соғұрлым талғай қарауға бюджеттік қаржыландыру көмектесе алады.

    Мұндағы пайда тікелей сипатта, біріншіден, ҮЕҰ сындарлы бағытта алға баса отырып, қоғамды топтастыруға толық көлемінде  жұмыс істесе, екіншіден, олардың  қойнауынан басшылыққа ертең елдің, атап айтқанда, біздің өңіріміздің  болашағы үшін шынайы жаны ашитын, нағыз  лидерлер келуі мүмкін. Үшіншіден, ҮЕҰ-лар  – кәсіби төмен басқарушылардың  ақылға сыйымсыз қадамдарына қарсы  тұратын бірден-бір ұйымдар, мұны тек құптау ғана керек. Кез келген өркениетті елде сындарлы оппозиция  бар, өйткені дау- дамайда шындықтың  шырайы кіреді. Еліміздің Президенті ҮЕҰ-ны қолдай отырып, біздің қоғамымызды  демократияландыруға ұстаған бағытымызды  тағы да дәлелдеп берді.

    Біздің  саяси-құқықтық клубымыз мемлекеттік  университеттің студент жастары  атынан еліміздің Президентін қолдайды. Біз — тек болашақтың ғана емес, бүгінде нақты күшке ие бола бастаған жарқын келешектің ұрпақтарымыз.

Информация о работе Қазақстандағы азаматтық қоғам қалыптасуының ерекшеліктері