Қазақстан Республикасында заңды тұлға түсінігінің қалыптасуының теоретикалық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 09:23, курсовая работа

Описание

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Заңды тұлға қазіргі нарықты қозғаушы негізгі күш. Сол себепті оны зерттеу біздің ойымызша ешқашанда өз маңыздылығын жоймайтындығына кәміл сенеміз. Қазіргі күрделі интеграция, халықаралық байланыстың күннен – күнге ұдайы дамуы, осы кәсіпкерлік қатынастардың санатына көптеген өзгерістер әкеле отырып, оны реттеуші жағдайлар мен құқықтық нормалардың санқырлы өзгерістерге ұшырауы аса қатты алаңдатушылық туғызуда. Себебі мемлекеттің тұрақтылығы негізінен осы кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастырушы тұлғалардың қолына беріліп отыр. Ал олай болса осы қарастырғалы отырған жұмысымыздың қазіргі таңдағы маңыздылығының орны ерекше екенін ескерер болсақ, жұмыстыңда маңызды мәселелердің біріне жазылып отырғанын байқауға болады.

Работа состоит из  1 файл

диплом акбота оригинал.doc

— 438.50 Кб (Скачать документ)

   Негізгі қызметі  болып қызмет көрсету танылатын ұйымдар, тауар таңбасына теңестірілетін қызмет көрсету таңбасын тіркеуден өткізіп пайдалана алады.

      Тәжірибе жүзінде тауар не қызмет көрсету таңбаларына фирмалық атауларына басқа тұлғаларды шатастыруға әкелетін сөздердің енгізілуі, не жеке дараландыратын белгілері мен атаулары ұқсас болып келетін заңды тұлғалар кездесуі мүмкін. Шын мәнінде бұл жосықсыз бәсеке.

   «Тауар таңбалары  туралы» Заңға сәйкес тауар  таңбасын тіркеу нәтижесі бойынша  өтінуші он жыл бойы әрекет  етуші тауар таңбасын тіркегендігі туралы куәлікке ие болады[4]. Тауар таңбаларын қорғаудың ерекшелігі куәліктің шектеусіз он жылға ұзарту құқылығында болып тұр. Қазіргі уақытта бірен-саран мемлекеттерде біршама ғасырлардан бері келе жатқан тауар таңбалары бар. Сондай-ақ, біраз жылдар бойы бір тауарды шығарумен айналысқан заңды тұлғалардың тауар таңбалары кезең-кезеңімен өзгеріп отыратындығы да тарихқа белгілі.

    Заңды және жеке тұлғалар өздерінінң фирмалық атауларында, тауар және қызмет көрсету таңбаларында «Қазақстан», «Республика», «Ұлттық» деген сөздерді пайланған жағдайда, олар салық заңдарында көрсетілген тәртіп пен мөлшерге сәйкес алым –салық төлеуге міндетті. Мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдар салықтың осы түрінен босатылады.

  Заңды тұлға тұрған жері, оның құрылу және әрекет етуінің басты жағдайларын белгілегендіктен айрықша маңызға ие (тіркеуші органды таңдауда, азаматтық істер соттылығында). Азаматтық кодекстің 39-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып танылады.

   Заңды тұлғаның  тұрған жерінің тәжірибе жүзіндегі  тағы бір маңыздылығы заңды  тұлға атына жіберілген іскерлік  жіне ресми хат-хабарларды жеткізу  орнында болып тұр. Сол себептен, заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында, тіркеу және т.б. құжаттарында жазылып көрсетілуі тиіс.

        Заңды тұлға филиалдары мен өкілдіктері-аумақтық тұрғыда оқшауланған заңды тұлғаның құрылымдық бөліктері. Негізінен, филиал мен өкілдердің атқаратын қызметтері ұқсасырақ, сондай-ақ оларды заңды тұлғаның ұйымдық-құрылым элементтерінен (цех, бөлім, т.б.) айыру қиынырақ болып келеді. Басты айырмашалығы-екеуі де заңды тұлға тұрған жерінен тыс орналасады.

        Филиал өзін құрған заңды тұлғаның атынан жұмыс істейді және әдетте, заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс жерде орналасқанымен, оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін орындайды. Филиалдардын қызмет аясы кеңірек болып келеді, мысалы, заңды тұлға жүзеге асыратын өндірістік және шарушылық қызметті тек филиал жүргізуге құқылы.

        Өкілдік болып заңды тұлға тұрған жерінен тыс орналасқан және онын мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын, онын атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі танылады. Солай, мысалы, өкілдік шарттарға отыра, олардын атқарылуына бақылау жүргізеді.

         Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкілдектері міндетті түрде оларға заңды тұлға құқығы берілмей есептік тіркеуге жатады. Филиал мен өкілдікті есептік тіркеу үшін тіркеуші органға ұсынылатын құжаттар тізімі ҚР Әділет министірінің 1999 жылғы 15 қантардағы №3 бұйрығымен бекітілген.

         Қазақстандық филиал мен өкілдіктер сияқты, республика аумағында құрылған шетелдік филиал мен өкілдіктер тіркеуден өтуге міндетті. Шетел заңды тұлғаларының құжаттары мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотарияттық расталған аудармамен ұсынылады.[5, 151б.]

     Заңды тұлғаның меншік құқығы дегеніміз заңды тұлғаның өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иемдену, пайдалану және билік ету жөніндегі заң құжаттарында танылған және қорғалатын құқығы. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншік құқығы, азаматтардың жеке меншіктерімен қатар, жеке меншік түрі болып табылады. Көбіне азаматтық-құқықтық мәміле мен құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымы заңды тұлғалардың меншік құқығының туындауына негіз болады. Бірақ меншік құқығы басқадай заңды негіздер бойынша да туындауы мүмкін. Мысалы, өрндіру, құқық мирасқорлық, мерзім көнелігі, олжа табу нәтижесінде. Заңды тұлғаның меншік құқығы оны тіркеген кезден (тіркеу туралы куәлік алғаннан) бастап туындайды  және заңды тұлға тарап, мемлекетік тіркеуден шығарылған кезден кешіктірілмей тоқтайды.заңды тұлғаның меншік құқығының объектілері оның дербес балансында көрініс табады. Сондықтан да, мүліктің балнста болуы оның меншік құқығында баланс иесіне тиесілі екендігін білдіреді.меншіктің туындауының әрбір тәсілі ерекше процедурамен ресімделеді. Мысалы, заңды тұлғалар қосылғанда, біріккенде және қайта құрылғанда мүлік (құқық және міндеттер) меншікке өткізу актісінің негізінде меншікке өтеді.

    Мемлекеттік  емес заңды тұлғалар меншік  құқығының субъектілері болып  табылады. Мемлекеттік заңды тұлғалар  меншік иелері бола алмайды.  Мемлекеттік заңды тұлғалардың  балансындағы мүліктің меншік  иесі – мемлекет. Мемлекеттік меншіктегі мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін. Мемлекеттік емес мекемелер де мүліктің меншік иесі бола алмайды. Оларды меншік иесі (меншік иелері) қаржыландырады, олар мүлікке оралымда басқару құқы арқылы ие. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар коммерциялық (өз қызметінің басты мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін) және коммерциялық емес (қызметінің басты мақсаты ретінде табыс табуды көздемейтін және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін) болып бөлнеді. Коммерциялық заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар және өндірістік кооперативтер жатады. Коммерциялық емес заңды тұлғалар тізбесі толықтай аяқталған емес. Оларға жататында: қоғамдық және діни бірестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтері, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар және тек заң құжаттарында анқталуы мүмкін басқа ұйымдар.

    Шаруашылық  серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, кооперативте, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, діни бірлестіктер және заңды тұлғалардың бірлестіктері (қауымдасты, одақ) өз мүлкінің меншік иесі болып табылады. Мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар мүлікті шектеулі заттық құқықтар – оралымды басқару және шаруашлық жүргізу.негізнде иемденеді. Шаруашылық серіктестігінің меншік құқығы. Құрылтайшылардың (қатсушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойнша серіктестікке тиесілі болады. Шаруашылық серіктестігінің жарғы капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде интеллектуалыдқ қызмет нәтижесіне құқық, және басқа мүлік болуы мүмкін. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғы капиталына заттай формадағы немесе мүліктік құқық түріндегі салымдары барлық құрылтайшылардың келісіміммен немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша ақша түрінде бағаланады.                                                  

 

 

1.2 Заңды тұлғалар туралы  негізгі ілімдер

 

 

   Заңды тұлға  құқықтық заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым болып есептеледі. Азаматтық құқық әлемінде (теориясында) заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңы тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қорғалмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағынасы  неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді.

   Азаматтық құқық  теориясына көп еңбек еткен  көрнекті ғалым профессор С.А.Аскнизий  «мемлекеттік ілімнің» авторы. Ол  былай деп айтқан: «мемлекеттік  заңды тұлғаның артында мемлекеттің  өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды». Әдебиете бұл теорияны көп сынайтындар оған «егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой» деген уәж айтады.

   Академик  А.В.Венедиктов  «ұжым ілімін» алға тартты. Бұл  ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік  заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрпды делінген:

а) мемлекет атынан барлық халық;

ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметшілерінің  ұжымы.    

   Ал, ғалым Д.М.Генкин  «әлеуметтік ақиқат» теориясын  ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы  тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой «директор ілімін» алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші -  директоры болып табылады.

   Азаматтық құқықтануда  О.А.Красавчиковтың «әлеуметтік  байланыстар ілімі», А.А.Пушкиннің «ұйымдастыру ілімі», Е.А.Сухановтың «мақсатты мүлік» тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға «адамдардың қатысы» жөнінде әртүрлі пікірлер  айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі,үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.

   Кейбір авторлар  бұл белгілерді біріктіруге тырысып,  заңды тұлғаның сыртында оның  құқықтары мен міндеттерін «жасырын»  атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады [6, 142б.].

   Бұл мәселе  туралы батыс еуропа әдебиетінде  де әртүрлі теориялық көзқарастар  кездеседі. Мәселен, К.Ф.Савиньи  «фикция теориясының» негізін  қалады. К.Ф.Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның  сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын

мойындайды. Сондықтан  да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде  құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Ал неміс ғылымы Гирке болса, «органикалық теорияның» тұжырымының ұсынып, заңды тұлғаны адам тұғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.

   Заңды тұлға  туралы ілімде (теорияда) осындай  әр қилы пікірлер кездесіунің  өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі. Егер заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Аталған құжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тіркеу үшін негіз болады (Азаматтық кодекстің 45-б. 3-т.).

   Заңды тұлғаны  қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту) оның мүлкін  меншіктенушінің немесе мүлік  иесі уәкілдік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген органның шешімі бойынша не, заң құжатарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуі мүмкін [1].

    Қосу барысында бір және бірнеше заңды тұлғалар таратылып, өткізу құжатына сәйкес қосылған заңды тұлғалардың міндеттері мен құқтарын иемденетін заңды тұлғаның іріленуі жүзеге асады.

   Біріктіру барысында  бір заңды тұлға екінші бір  заңды тұлғаға біріктіріледі.

   Бөлу барысында  заңды тұлға таратылып, оның  базасында екі және одан да  көп заңды тұлғалар құрылады.

   Бөліп шығару  барысында бір заңды тұлғаның  құрамынан бір және бірнеше  заңды тұлғалар бөлініп шығады. Бұл  жағдайда алғашқы заңды  тұлғаның әрекеті тоқтатылмайды, ал бөлініп шыққан (жаңадан пайда болған) заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өтеді.

   Өзгеру барысында  заңды тұлға өзінің түрін (ұйымдастыру-құқықтық  нысаны) өзгертеді.

   Заңды тұлғалардың  қайта құрылу процесінде екі  құжаттың (өткізу актісі және бөлу балансы) атқаратын рөлі ерекше.

   Жоғарыда айтып  кеткендей, қайта ұйымдастырылған  заңды тұлғаның мүліктік құқықтары  мен міндеттемелері жаңадан пайда  болған заңды тұлғаға қосқан, біріктірген және өзгерткен кезде  өткізу актісіне, бөлінген және бөлініп шыққанда бөлу балансына сәйкес көшеді.

   Өткізу актісін  де, бөлу балансын да заңды  тұлға мүлкінің меншік иесі  немесе заңды тұлғаны қайта  құру туралы шешім қабылдаған  орган бекітеді. Жаңадан пайда  болған заңды тұлғаларды тіркеу  немесе заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу үшін өткізу актісі мен бөлу балансы құрылтай құжаттарымен қоса тапсырылуға жатады. Себебі, тіркеу барысында осы екі құжатты ұсыну қайта құрылуға жататын заңды тұлғалар несие берушілерінің мүдделерін қорғау үшін қажет. Өткізу актісін немесе бөліну балансын тапсырмау жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға әкеп соқтырады.

 Азаматтық құқық жеке құқық саласы болып табылады. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушалары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет. Құқықтар мен міндеттердің иесі болу білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес дербес субьектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән.

Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау  мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Информация о работе Қазақстан Республикасында заңды тұлға түсінігінің қалыптасуының теоретикалық аспектілері