Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2012 в 08:54, реферат

Описание

Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы
Азаматтық құқық оқу пәні ретінде.
Азаматтық құқық құқық саласы жүйесінде. Азаматтық-құқықтық реттеу пәні. Мүліктік қатынастар, мүліктік емес өзіндік қатынастар.
Азаматтық-құқықтық реттеу әдісі. Азаматтық құқықтың негізгі қағидалары.
Азаматтық құқық және азаматтық заңдар. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін негізгі азаматтық заңнамалар, олардың арақатынасы. Азаматтық заңдардың әрекет етуі. Халықаралық мәмілелер және азаматтық заңдар. Әдет-ғұрыптар және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар-азаматтық құқығының қайнар көзі.
Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Талап мерзімдері.

Работа состоит из  1 файл

336_6M030100 YUP KAZ.doc

— 183.50 Кб (Скачать документ)

Қылмыстық заңның  халықаралық  құжаттарға сәйкес келу міндеттілігі.

Республикада  қолданылып жүрген қылмыстық заң.

Қылмыстық заңдардың  құрылымы. Қылмыстық құқықтық нормалардың  түсінігі мен ерекшелігі. Қылмыстық  заңнамадағы Жалпы және Ерекше бөлім  нормаларының құрылымы. Диспозиция мен санкцияның түсінігі және түрлері.

Қылмыстық заңдардың  кеңістіктегі әрекеті. Қылмыстық заңдардың  аумақтық қағидаларының әрекеті. Қылмыс жасалған жерді анықтау және қылмыстық  заңдардың кеңістіктегі әрекеті.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың іс әрекеттеріне қолданылатын қылмыстық заңның әрекеті. Қылмыскерлерді ұстап беру институты және оның маңызы.

Қылмыстық заңның уақыттағы әрекеті. Қылмыстық заңдардың  күшіне енуін және тоқтатылуын жариялау тәртібі. Қылмыстық заңның кері күші.

Қылмыстық  заңдарды түсіндіру. Түсіндірудің түсінігі, түрлері  және әдістері. Сот тергеу тәжірибесінде  заңды дұрыс қолдану үшін  сот  шешімдерінің  және құқық қорғау органдарының нормативтік актілерінің  маңызы.

 

3. Қылмыстың ұғымы. Қылмыстық жауаптылық және қылмыс құрамы.

Қылмыстың түсінігі және әлеуметтік мәні. Қолданылып жүрген қылмыстық заңдағы қылмыстың анықтамасы. Қылмыс жеке тұлғаға, оның құқықтары мен бостандықтарына, қоғам және мемлекет мүддесіне қолсұғушылықтың ең қауіптісі. Қылмыс деп танылған әрекеттердің тарихи өзгермелік сипаты.

Материалды  және формальді қылмыстар анықтамасы  және олардың айырмашылығы. Қылмыс белгілері және оның мазмұны.

Әкімшілік, азаматтық, тәртіптік және тағы басқа құқық  бұзушылықтардан қылмыстың айырмашылығы.

Қолданылып жүрген заңнамадағы қылмыстарды жіктеу және оның сипаттамасы. Қылмыстық заңда бөлінген қылмыстың әр топтарының белгілері. Қылмыстарды  жіктеу түсінігі.

Қылмыстың  әлеуметтік құбылыс ретіндегі түсінігі. Қылмыс және қылмыстылық.

Қылмыстық құқық  бойынша қылмыс құрамының түсінігі. Қылмыс пен қылмыс құрамының арақатынасы.

Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі.

Қылмыс құрамының  құрылымы. Қылмыс құрамының элементтері  мен белгілері. Қылмыс құрамының  түрлері.

Қылмыстық заңды  қолдану үшін қылмыс құрамының белгілерін орнатудың маңызы. Қылмыстық іс бойынша дәлелденуге тиіс қылмыс құрамы және мән-жайлар.

 

4. Қылмыстың объектісі. Қылмыстың объективтік жағы.

Қылмыстық құқық  бойынша қылмыс объектісінің  түсінігі. Қылмыстық-құқықтық  қорғау объектісі  туралы қылмыстық заң.

Қылмыс объектісінің түрлері. Қылмыстың жалпы объектісі. Қылмыстың топтық объектісі және оның Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі жүйелендіруші маңызы. Қылмыстың тікелей объектісі  және оның қылмысты саралау  үшін маңызы. Қылмыстың объектісі және қылмыстың жәбірленушісі.

Көпобъектілі  қылмыс. Негізгі, қосымша және факультативті  объектілер.

Қылмыстың заты және оның қылмысты саралау үшін маңызы. Қылмыс объектісі  мен қылмыс заты арасындағы қатынас.

Қылмыстың объективтік жағының  түсінігі және маңызы. Қылмыстың объективтік жағының белгілері.

Қоғамға қауіпті және құқыққа  қайшы әрекет. Қылмыстық -жазаланушы әрекет және әрекетсіздіктің түсінігі. Күрделі, созылмалы, жалғаспалы қылмыстар. Тойтарылмас күштің түсінігі, физикалық  немесе психикалық мәжбүрлеу, оның қылмыстық – құқықтық маңызы.

Қылмыс салдарының түсінігі және түрлері. Қылмыстың формальді, материалды және қысқартылған құрамдары. Қылмыстың қосымша ауыр салдарлары. Қылмыс салдарының қылмыстық – құқықтық маңызы.

Қоғамға қауіпті әрекетпен (әрекет немесе әрекетсіздік) болған қылмыс салдары арасындағы себепті байланыс. Қажетті немесе кездейсоқ себепті байланыстар.

Тәсіл, орын, уақыт, жағдай, қару және қылмыс жасалған құралдар - қылмыстың  объективтік жағының факультативті  белгісі және оның қылмыстық –  құқықтық маңызы.

 

5. Қылмыстың субъектісі. Қылмыстың субъективтік жағы.

Қылмыстық құқық  бойынша қылмыс субъектісінің ұғымы  және белгілері. Қылмыс субъектісі және қылмыскер тұлғасы. Қылмыскер тұлғасының қылмыстық – құқықтық маңызы.

Қылмыстық жауаптылық туындайтын жас мөлшері. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың ерекшеліктері. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекше жағдайларының жалпы сипаттамасы.

Есі дұрыстық - қылмыстық жауаптылықтың міндетті шарты. Есі дұрыс еместік және оны анықтаудың межелері. Шектелген  есі дұрыстық. Есі дұрыстықты жоққа  шығармайтын психикалық ауытқулардың қылмыстық жауаптылыққа әсері. Маскүнемдік  жағдайдың қылмыстық жауаптылыққа әсері. Қылмыс жасағаннан кейін психикалық ауруға шалдыққан тұлғалардың жауаптылығы. Қылмыстың арнайы субъектісінің ұғымы. Қылмыстың арнайы субъектісінің түрлері.

Заңды тұлғалардың  қылмыстық жауаптылығының проблемасы.

Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы. Қылмыстың субъективтік жағының белгілері.

Кінә – қылмыстың  субъективтік жағының негізгі белгісі. Есі дұрыстық проблемасы және ерік бостандығы. Субъективтік есі дұрыстық - қылмыстық жауаптылықтың алғышарты. Кінә мазмұны және оның нысандары. Кінә нысандарының қылмыстық – құқықтық маңызы. Қылмыстық жауаптылық мүмкін болатын абайсыз әрекеттердің заңмен шектелген аясы.

Қасақаналық және оның нысандары. Қасақаналықтың интеллектуалдық  және еріктілік сәттері. Тікелей  қасақаналық. Жанама (эвентуалды) қасақаналық. Қасақаналықтың өзге түрлері.

Абайсыздық  және оның түрлері. Қылмыстық менмендік. Менмендіктің жанама қасақаналықтан айырмашылығы. Қылмыстық немқұрайдылық. Немқұрайдылықтың объективтік және субъективтік өлшемдері. Оқиға (казус) -қоғамға қауіпті салдар тигізетін жазықсыз зиян келтіру.

Кінәнің екі  нысанымен жасалған қылмыс үшін жауаптылық.

Ниет, мақсат - қылмыс құрамының субъективтік жағының  белгілері, олардың қылмыстық–құқықтық маңызы. Қылмыстың субъективтік жағындағы  эмоционалдық  мезеттің маңызы.

Заңды және деректі  қателер, олардың кінәға, қылмыстық  жауаптылыққа және қылмысты саралауға  әсері.

 

6. Қылмысқа қатысу.

Қылмысқа қатысу ұғымы. Қатысып жасалған қылмыстардың қоғамға қауіптілігінің жоғарылылығы. Қатысудың субъективтік және объективтік белгілері.

Қатысу нысандары  және оның жіктелу межелері. Қатысу нысандарының заңды сипаттамасы. Қылмысты адамдар тобы, алдын-ала сөз байласу  бойынша ұйымдасқан топтың және қылмыстық  ұйымның жасауы. Қатысу нысандарының қылмыстық – құқықтық маңызы.

Қылмыстық  заң бойынша қатысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы. Орындаушының, ұйымдастырушының, айдап салушының және көмектесушінің түсініктері.  Жанама орындаушының түсінігі.

Қатысушылардың  қылмыстық жауаптылығының негізі мен  шектері. Қатысудың акцессорлылығы. Қатысушылардың әрекеттерін саралау, олардың жауаптылығын және жазасын жекелеу.

Қылмысқа қатысушының  шектен шығушылығы. Арнайы субъектімен  жасалған қылмысқа қатысу. Жүзеге аспаған  қатысу үшін жауапкершілік. Қатысушылардың өз еркімен бас тартуының ерекшеліктері.

Қылмысқа жанасушылық  ұғымы, оның нысандары және қатысудан  айырмашылығы. Қылмысты жасырғаны және қылмысты хабарламағаны үшін қылмыстық  жауаптылық шектері мен шарттары, жағдайлары.

 

7. Көптік қылмыстар.

Қылмыстардың  көптілігінің түсінігі және белгілері. Қылмыстардың көптілігінің нысандары.

Қылмыстардың  бірнеше рет жасалуының түсінігі және оның белгілері. Қылмыстардың бірнеше  рет жасалуының түрлері. Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының жалғаспалы қылмыстардан айырмашылығы. Бірнеше  рет жасаған деп тануға негіз бермейтін жағдайлар.

Қылмыстардың  жиынтығының түсінігі және белгілері. Қылмыстардың жиынтығының түрлері. Қылмыстардың жиынтығының күрделі  жеке қылмыстардан айырмашылығы.

Қылмыстардың  қайталануының түсінігі және белгілері. Қылмыстардың қайталануының түрлері. Жалпы, арнайы және пенитенциарлы қайталану.

Қауіпті және аса  қауіпті қайталану, олардың құқықтық сипаттамасы. Қауіпті және аса қауіпті  қайталану деп тану үшін жағдайлардың болуы.

Қылмыстардың  қайталануының қылмыстық – құқықтық салдары. Қылмыстардың қайталануының, бірнеше рет жасалуының және жиынтығының жалпы және арнайы құқықтық салдары.

 

8. Іс-қимылдың қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар.

Қылмыстық құқық  бойынша іс – әрекеттің қылмыстылығын  жоятын мән – жайлардың ұғымы. Іс – әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән– жайлардың түрлері және заңды табиғаты.

Қажетті қорғану. Қажетті қорғанудың заңға сәйкестік  шарттары. Тұлғаны және құқықтық тәртіпті қорғау үшін қажетті қорғанудың маңызы. Қажетті қорғану шегінен шығу. Жалған қорғану және оның құқықтық салдары. Қорғануға итермелеу.

Қол сұғушылық  жасаған адамды ұстау кезінде  зиян келтіру. Қылмыскерді ұстау  кезінде зиян келтірудің заңға сәйкестік  шарттары. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде шегінен шығу үшін жауаптылық.

Аса қажеттілік. Аса қажеттілік жағдайында зиян келтірудің заңға сәйкестік шарттары. Аса қажеттіліктің қажетті қорғанудан айырмашылығы.

Орынды тәуекел  ету. Орынды тәуекел етудің заңға  сәйкестік шарттары. Орынды тәуекел  ету жөніндегі заң нормасының әлеуметтік маңызы. Орынды тәуекел деп танымаудың шарттары.

Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.

Бұйрықты немесе өкімді орындау.

Жедел  іздестіру  шараларын жүзеге асыру.

 

9. Жаза түсінігі және түрлері.

Қылмыстық жаза түсінігі мен мәні. Қылмыстық құқық  ғылымындағы жаза теориялары. Қылмыстық жазаның тарихи өзгермелі сипаты. Жазаның әкімшілік және тәртіптік, сондай – ақ басқа да мемлекеттік мәжбүрлеу шараларынан және қоғамдық ықпал етуден айырмашылығы.

Мемлекеттің қылмыстылықпен күрес жүйесіндегі жазаның орны.

Жаза мақсаттары. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Сотталғандарды түзеу. Жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру. Жалпы және  арнайы ескерту.

Жазаның тиімділігі ұғымы. Жазаның тиімділігін арттыру  жөніндегі мемлекеттік және әлеуметтік шаралар. Жазаның тиімділігін арттыру  және жаза мақсаттарына жетудегі сот пен құқық қорғау органдарының рөлі.

Жаза жүйесінің  түсінігі және маңызы.

Қылмыстық заңнама  тарихындағы және Қазақстан Республикасының  қолданыстағы Қылмыстық Кодексіндегі  жаза жүйесі .

Қылмыстық заңнама  бойынша жаза жүйесі. Негізгі және қосымша жазалар, әрі қосымша әрі негізгі жазалар түрлері.

Қылмыстылықпен  күресті жүзеге асыру үшін жазаның  жекелеген түрлерінің маңызы және рөлі.

Айыппұл қылмыстық  жаза ретінде. Оны өндіріп алу  тәртібі. Айыппұл мөлшері. Айыппұлды  жазаның өзге түрлерімен ауыстыру. Айыппұлды төлеуден қасақана жалтарудың салдары. 

Белгілі бір  лауазымды атқару немесе белгілі  бір қызметпен айналысу құқығынан  айыру. Осы жазаларды тағайындау тәртібі және негіздері. Сотталған  адамның жазаны өтеуден жалтарғаны үшін жауаптылығы.

Қоғамдық жұмыстарға тарту. Оның түсінігі мен мерзімдері. Қоғамдық жұмыстарға тарту  жазасы тағайындалмайтын  тұлғалар.

Түзеу жұмыстары. Осы жазаның мерзімі, мазмұны  және маңызы. Бас бостандығынан айырусыз түзеу жұмыстарын өтеуден жалтарудың салдары.

Әскери қызметі  бойынша шектеу. Әскери қызметі бойынша  мерзімдерді шектеу.

Бас бостандығын  шектеу. Бас бостандығынан шектеудің  мерзімдері. Осы жазаны өтеуден жалтарғаны үшін жауаптылық.

Қамау. Қамауда  ұстау мерзімдері. Қамау қолданылмайтын тұлғалар.

Тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың мерзімдері. Тәртіптік  әскери бөлімде ұстау қолданылмайтын тұлғалар.

Бас бостандығынан  айыру түсінігі. Қылмыстық заңнама  тарихындағы және қолданыстағы құқық  бойынша бас бостандығынан айыру. Бас бостандығынан айыру мерзімдері. Бас бостандығынан айыру мерзімінің бөлігін түрмеде өтеу.Түзеу колонияларының түрлері. Тәрбиелеу колониялары.

Өлім жазасы.  Өлім жазасын  қолданудағы шектеулер. Өлім жазасына балама жаза ретінде  өмір бойы бас бостандығынан айыруды қолдану тәртібі.

Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру. Осы жазаларды сотталғандарға қолдану тәртібі мен шарттары.

Мүлікті тәркілеу және оның түрлері. Мүлікті тәркілеуді қолданудың шарттары. Тәркіленуге жатпайтын мүліктер. Жаза ретіндегі мүлікті тәркілеудің арнайы тәркілеуден айырмашылығы.

 

10. Жазаны тағайындау.

Жаза тағайындаудың  жалпы негіздері. Жаза тағайындау үшін қылмыстық заңнаманың Жалпы бөлімінің ережелерінің маңызы. Жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңнаманың Ерекше бөлімінің санкцияларын есепке алынып, қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлары ескеріліп, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі. Жаза мақсаттарына жету үшін оны жекелеудің маңызы.   

Информация о работе Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы