Азаматтық құқықтың қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 08:42, дипломная работа

Описание

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі еліміздің маңызды және үлкен заңдарының бірі болып табылады. Конституцияға сүйене отырып, Азаматтық кодекс нарықтық экономика кезеңінде мынадай құқықтық негіздерді анықтайды: меншіктің түрлерін пайдалану механизмі мен теңдігі, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың құқықтық формалары, шарт бостандығы, кәсіпкерлердің шауашылық байланыстарындағы өз контрагенттерін өз бетінше анықтау.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................…3

1 Құқық пен азаматтық құқықтың бастаулары, азаматтық құқықтық заңнама.

1.1 Құқық қайнар көзінің түсінігі.................................................................7

1.2 Азаматтық құқық қайнар көзінің түсінігі............................................15
1.3 Азаматтық құқықтық заңнамалар..........................................................20
1.4Азаматты құқықтық нормативтік актілердің жүйесі мен нормативік актінің заңды күшіне енуін ресми жариялау...............................................23
1.5 Азаматтық заңдардың уақыт бойынша әрекет етуі мен азаматтық заңнаманың кеңістік пен тұлғаларға әсер етуі............................................26
1.6 Азаматтық заңнамаларды қолдану (заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы)...................................................................................................27

2 ҚР азаматтық заңнаманы құрайтын заңдар мен нормативтік актілер
2.1 Заңдар (заңнамалық актілер)...............................................................29
2.2 Азаматтық заңнаманы құрайтын нормативтік актілер.....................40

Қорытынды.......................................................................................................52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................55

Работа состоит из  1 файл

Аза.құқ.қайнар.көз.doc

— 275.00 Кб (Скачать документ)

Азаматтық заң  нормаларын дұрыс түсіну үшін, оны дұрыс қолдану үшін оның негізгі мазмұның ашу қажет. Яғни норманың нағыз мән мазмұны айқын ашу заңдық термині бойынша түсіндіру деп аталады. Заңдарды түсіндіру мәселесімен сол құқықты қолдануға қатысы бар мемлекеттік мекемелер, соттар және азаматтар да айналысады. Түсіндіру ресми және бейресми түрде болады.

Құқықтық актілердегі  құқықтық нормалар іске асырылғанда, соның  ішінде соларды қолданғанда, оларды ресми түсіндірудің міндетті сипаты болады Қазақстан Республикасының  Конституциялық Кеңесі Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді, ал заңға тәуелді актілердің ресми түсіндірмесін оларды қабылдаған (шығарған) органдар мен лауазымды адамдар береді. 

Заңды түсіндірудің мақсаты - тиісті норманы пайдалану  барысында оны дұрыс қолдануға, іске асырылу барысында кемшіліктерге ұрындырмау болып табылады.

 

1.3 Азаматтық  құқықтық заңнамалар.

 

Азаматтық заңнама дегенміз - әртүрлі заң күші бар нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы. Сонымен қатар көп жағдайда оларды қамтитын нормативтік актілер тек азаматтық құқықтық нормалардан ғана емес кешенді және салалық табиғаты бар нормаивтік актілер болуы мүмкүн. Азаматтық кодекстің өзі азаматтық заңнаманы құрайтын жария құқық нормаларынан құралған. Заңшығарушылар заматық заңнаманы қалыптастыруда салалық ерекшеліктерге емес, мазмұндалуына көбірек ерекшеліктерін қарастырған. Мұнымен айтайын дегеніміз азаматтық құқықтық қатынастар жария құқық пен жеке құқықтың нормаларын пайдалану арқылы қалыптасады. Азаматтық заңнаманың  негізгі ерекшеліктеріне онда диспозитивтік нормалардың көбірек қолданылуы. Қатысушылар өздерінің әрекеттерінде басқаша мүмкүндіктеріді қарастырмаған жағдайда заңнамалардағы басқа нормалардың өздері күшіне ене алтындай болуы. Бұл нормаларды толықтаушы нормалар деп те атасақ болады. Мұндай нормаларды көбіне мүліктік айналымдағы шарттық қатынастарда жиі кездестіреміз. Диспозитивтік нормалардың ерекшелігіде осында, яғни «егер шартпен қарстырылмаса» деген ережеге сәйкес заң нормалары қажет болғанда өз қызметтерін жүзеге асыра бастайды.

Азаматтық заңнамадағы императивті нормалар өзінің қалыпты мазмұнынымен көпшілікке міндетті болып қалыптасады. Мысалы: субьектілердің құқықтық жағдайын анықтағанда, азаматтық құқықтық қатынастардың обьектілерінің режимінде, заттық құқықтың мазмұны императивті нормалардан қалыптасады. Азаматтық заңнаманың құрамына кіретін нормативті актілердің жиынтығы заңнамалардың ішіндегі басымдылығын көруге болады. Оның осындай салмағыазаматтық-құқықтық реттеудің пәнінің қиындығы мен кеңдігінде.

Заңдарға көп  мөлшерде өзгерістер мен толықтырулар көптпе енетін болса оны қайта редакциялап баспадан шығару керек, ал ескісі өз інің күшін жоғалтады. Заңнаманы жүйелеудің бірден бір әдісі, ол заңдарды кодификациялау, бұл жағдайда ескі заңдардың күші жойылады. Кодекстің ерекшелігі, оның белгілі бір жүйе бойынша қолданылатын саланың ерекшелігіне байланысты жалпы ережелер қалыптастырылып, тиісті саланың негізгі заңнамасына айналтындығында.

Азаматтық құқықта  кодификация жалпы(салалық) немесе жеке сипатта болуы мүмкүн. Біріншісінде, Азаматтық кодексте осы құқық саласының негізгі нормалары мен институттарын қамтиды.

Екіншісінде, кодекс түрінде қабылданып, тек кішігірім топтардың қоғамдық қатынастарын реттеуге арналған болуы мүмкүн. Мысалы: ҚР еңбек кодексі, орман кодексі, су кодексі т.б.

Азамттық құқықтың нормалары дифференцияланып баптарда орналасқан, осы баптар азаматтық  құқықтың қайнар көзі болып табылады. Ал үкіметтің орындаушы органдары  заңшығарушы бола алмайды, олардың  нормативтік актілерінің тек  заң күші болады. Сонымен азаматтық  құқықтың нормалары заңдарда және заң күші бар нормативтік актілерде қалыптасады екен. Бұл нормативтік актілердің барлығы өзінің заң күшіне қарап ирархиялық жүйе бойынша орналасады. Қаншалықты актінің күші көп болса оның жүйедегі орыны жоғары болады. Мұндай азаматтық заңнамалардың орналасуы тек теориялық емес тәжірибелік маңызына сәйкес келеді. Азаматтық заңнамының нормативтік актілерінің көптігне орай кеде мір мәселені әр түрлі нормалармен шешуге тура келетін жағдайлар болады. Ол кезде заңды күші жоғары тұрған нормалар қолданылады. Мысалы: қонақ үйлерде тұрғындардың бағалы заттары мен ақшалары жоғалған жағдайда жауапкершілікте болмаймыз деген бір жақты ескертпесі азаматтық кодексте көрсетілген нормаларға қарама қайшы келеді, әрине мұндай жағдайда біз қонақ үйдің ескертпесіне емес, тек азаматтық кодектің нормаларына сүйенуге міндеттіміз.

Еліміз егемендік  алып құқықтық мемлекетті қалыптастыра бастаған кезеңдерде советтік заңнамаларды қатар қолданған кездер болды. Мұндайда заңнамалар саяси бағыттарға бейімделіп, жаңара бастаған болатын.

 

1.4  Азаматты құқықтық нормативтік  актілердің жүйесі мен нормативік  актінің заңды күшіне енуін  ресми жариялау

 

Азаматтық-құқықтық нормативтік актілер, әдетте азаматтық  заңнамалар болып ирархиялық қағида бойынша белгілі бір жүйені құрайды. Бұл жүйенің мазмұны барлық  нормативтік актілер мен заңдардан жоғары тұратын күші бар Конституцияның нормаларымен анықталып қойған.

Азаматтық құқықтық актілер өзінің заң күшіне байланысты үш топқа бөлінеді.

-заңшығарушы болып табылатын Парламенттің қабылдаған жоғарғы заң күші бар заңдар мен нормативтік актілер;

-заң күші бар Президенттің жарлықтары мен Үкіметтің қаулылары;

-министрліктер мен ведмствалардың, атқарушы органдардың шығарған нормативтік-құқықтық актілері;

Аталған топтағы  заңдар мен нормативтік құқықтық актілер өздерінің өкілетті органдары арқылы заң күші анықталады. Заңнамаларды қалыптастыру тәртібінің сақталуына байланысты, азаматтық заңнаманың нақты, қарамақайшылықсыз жүйеге айландырып, кездесетін заңдардағы көптеген жағдайларды шешуде қажет.

Азматтық құқықтың пәніне жататын қоғамдық қатынастарды реттеуде азаматтық-құқықтық нормативтік  актілер арқылы жүзеге асды. Көп жылдық тәжірибе көрсеткендей заң күші бар нормативтік актілер тұрақсыз болып келеді, өйткеі мүліктік және мүліктік емес қатынастардың даму динамикасы өте тез қарқындауда. Осындай әлеуметтік-экономикалық тұрақсыз жағдайларда азаматтық заңдарда өзгертулер мен толықтыруларға толып жатыр.

Жалпы теориялық  негіздерге байланысты азаматтық заңдар мен олардың мәтіні міндетті түрде  жарялануды қажет етеді. Яғни заң шығарушы азаматтық нормалардың жариялық сипатын осылай көрсетеді. Ал енді біз жалпы азаматтық заңдар мен нормативтік актілерді жаиялаудың жалпы ережсін қарастырамыз.

Барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік    құқықтық актілердің ресими жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы және Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы ресми басылымдар болып табылады.

Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауды Қазақстан  Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен конкурстық негізде мұндай құқық алған мерзімді баспа басылымдарда жүзеге асырады.

Нормативтік құқықтық актілерді ресми мәтіндерін кейіннен жариялауды баспа басылымдары ҚР Үкіметі белгілейтін тәртіппен  және олар жариялайтын мәтіндер Қазақстан  Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік  сараптамасынан өткізілген жағдайда жүзеге асырады.

Құқық қолдану  тәжірибесінде нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылуы тиіс. Нормативтік құқықтық актілердің бейресми жариялануына олар ресми жарияланғаннан кейін ғана жол беріледі.

Қазақстан Республикасының  Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын жариялау ҚР бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.

Кейбір заңдарда тікелей оның заң күшіне ену тәртібі көрсетіліп қояды. Ондай тәртіптер мысалы: жаңа заңның қабылдануын немесе жалпы қалыптасқан мерзімдерден кеш мерзімді қарастыруы мүмкүн. Кейбір заңнамаларға өзгеріс енгізетін кодекстер мен маңызды заңдар қабылданғанда кіріспе заңдар қабылдануы мүмкүн. Мысалы: Қазақстан қатысатын халықаралық шарттарды, ратификациялайтын заң шыққаннан кейін күшіне енеді.

Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу үшін жарияланған  жергілікті атқарушы органдардың мәтіні мінжетті түрде жарияланбасада кейбіреулерін міндетті мемлкеттік тіркеуден өткізу қажет болад. Егер нормативтік актілердің мазмұнында мемлкеттік құпия сақталатын жағдайлар қарастырылса көпшілікке жарияланбайды. Заңдардың көпшілікке жариялану талабы олардың заң күшіне енудің тағы бір міндеті, өйткені тиісті ақпарат құралдарында жарияланбаған нормаивтік актілердегі құқықтар мен міндеттері азаматтық дауларды қарауда қолдана алмаймыз.

Соңғы кездері  қабылданған    жаңа зан мәтіндерінде ескі заңның күшін жоятындығы туралы нормалар қалыптасытыруды қойды, бірақ бұл жалпы заңдардың қабылдану талаптарының бұзылғандығы емес.

 

 

 

 

1.5 Азаматтық заңдардың уақыт бойынша әрекет етуі мен азаматтық заңнаманың кеңістік пен тұлғаларға әсер етуі.

 

Азаматтық заң  құжаттарының кері күші болмайды және өздері күшіне енгізілгеннен кейін пайда болған қатынастарға қолданылады. Азаматтық заң құжаттарының заңдық күші өздері күшіне енгізілгенге дейін пайда болған қатынастарға бұл оларда тікелей көзделген реттерде қолданылады.

Бұл нормалар барлық дамыған елдерде қалптасқан, заңның ерекше бөлімі қабылдануымен азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге байланысты нормалар кодекс қабылданғанға дейін үш жыл бұрын болған жағдайға да қатыстылығы бар екендігін айтады. Бұл заңмен салымшылардың мүддесіне қатысты жағдайларды да қарастырған. Мұндай тәртіп заң күші бар гормативтік актілерге қатысты екендігі айтылып кеткен.

Басқа жағдай егер азамттық құқықтық қатынастар ұзағынан болған кездері: Мысалы, егер заң белгілі  бір талап бойынша мерзімнің  ұзақтығы оның әрекет етуіне дейін өзгерсе, ал сотқа заң қабылданғаннан кейін талаптанатын болса қай заң нормалары қолданылады деген сұрақ туындайды. Бұл жағдайда ережелерге сәйкес құқықтық қатынастардың негізі есі заң нормаларымен пайда болғандығы танылып, қолданыстағы жаңа заң нормалары бойынша шешіледі.

Ал шарттарға  қатысты жағдайларда шарт жасасқан тараптардың құқықтары мен міндеттері сол қалыпында қалады, яғни дау-дамай  туындағанда шарт мазмұны бойынша  ескі заң тәртібі қолданылады. Осылайша заңшығарушылар азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде тараптардың мүддесі үшін қызмет етеді.

Ал енді азаматтық  заңнамалардың кеңістік пен тұлғаларға әсер етуі туралы айтатын болсақ, бұл  жағдайдың да өзіне тән ерекшеліктері  мен қалыптасқан заңдылықтары бар.

Айтлып кеткендей  азаматтық заңнама Қазақстанның барлық терртиториясында қолданылады. Мүліктік айналымға байланысты тек Үкіметтің шығарған арнайы заңы бойынша азаматтардың өмірі мен денсаулығына, табиғатты қорғау мен мәдени құндылықтарға байланысты территориялық шектеулер қоюы мүмкүн.

Азаматтық заңнамалардың ережелері Қазақстан азаматтарына, заңды тұлғаларға және құқықтық-жария құрылымдарға қолданылады. Сонымен қатар азаматтық заңнама шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтарға, шет ел заңды тұлғаларына қатысты. Сонымен қатар Қазақстандық субьектілер мен шет ел контрагенттерімен халықаралық құқық нормаларын қолдана алады. Заңшығарушының кейбір салалар бойынша заңдарды қолдануға тиім салу құқығы бар. Бұл ережелер заң күші бар нормативтік актілерге де қатысты бола алады.

 

 

1.6 Азаматтық  заңнамаларды қолдану ( заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы )

Азаматтық қатынастардың  қмындығы мен ауқымдылығы кей  жағдайларда азаматтық заңнамалармаен реттей алмайтын жағдайларды туындаттырады. Азаматтық шарттармен азаматтық айналымдағы әдет-ғұрып ережелерімен шеше алмайтын заңдардағы олқылықтар болған жағдайда біз заңдардың ұқсатығы бойынша нормалрды қолдану  азаматтық заңмен рұқсат берілген.Заңдардың ұқсастығына қарай қолднудың өз ерекше талптары да қалыптасқан.

Біріншіден, мүліктік қатынастардағы салт-дәстүрді қосқанда, заң құралдарымен қарастырылмаған және толықтырылмаған заңдағы олқылықтар болса;

Екіншіден, ұқсас  қатынастарды реттейтін заң болатын  болса.

Үшіншіден, реттелетін қатынастарға қолданылатын заң оның маңызына қарамақайшы келмеу қажет. Мысалы, мәмілелер туралы ережені жеке мүліктік емес қатынастарға қолдана алмаймыз.

Заңнан сілтеме  жасау аналогияға жатпайды. Мысалы, шектеулі жауапкерілігі бар қоғамның статусы туралы ережені қосымша  жауакершілігі барына қолдана алмаймыз, өйткені бұл жерде заңдағы олқылықтар туралы емес, реттеу әдісі мен ерекше заңи-техникалық тәсіл туралы айтылады.

Белгелі бір қатынастар үшін ұқсас құқықтық реттеу қалыптаспаған  жағдайда құқықтардың ұқсастығы  қолданылады. Оның маңызы құқықтық ретеу қалыптаспағанда, тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтауда азаматтық заңнама бастауларын маңызы мен әділдік, ақылдылық, адамгершілік талаптарына сай болуында. Азаматтық заңнаманың бастаулары ретінде азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі қағидаларын, ал мақсаты ретінде азаматтық құқықтың пәні мен әдістерін анықтауда салалық ерекшеліктерді айтамыз.

Информация о работе Азаматтық құқықтың қайнар көздері