Азаматтық құқық пәні, қағидалары, жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 14:52, курсовая работа

Описание

Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы. Азаматтық Заңдар және олардың жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................................... 3

I. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ ........................................ 6

1.1 Азаматтық құқықтың пәні ................................................................................. 6
1.2 Азаматтық құқықтың әдістемесі ....................................................................... 8
1.3 Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен байланысы ........................ 9

II. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ .............................................. 13

2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі ................... 13
2.2 Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық қағидасы .......... 15
2.3 Шарт еркіндігі қағидасы ................................................................................. 16
2.4 Әркімнің жеке ісі мен өміріне араласуға жол берілмейтіндігі .............. 17
2.5 Азаматтық құқықтардың қорғалуы қағидасы..................................................18

III. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ .................................................................. 21

3.1. Азаматтық құқық жүйесіне жалпы сипаттама ............................................... 21

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................ 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................... 27

Работа состоит из  1 файл

Азаматтык кукык.doc

— 235.00 Кб (Скачать документ)
  1. мемлекетет немесе оның әкімшілік- аумақтық бөлінісі азаматтық – құқықтық қатынастарға жалпы негізде, өзге қатысушылармен тең құқықта қатысады. Бір айта кететін жайт, азаматтық – құқықтық қатынастардағы мемлекеттің жауапкершілік ерекшелігі (дербес иммунитеті) заңда көрсетілмеген (АК-тің 111-114 баптары);
  2. заңды тұлғалардың құқылық мәртебесі біртабан жақын келеді. Мысалы, қазіргі кезде азаматтар ғана емес, заңды тұлғалар да шартпен өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілей алады, сондай ақ заңға қайшы келмейтідей шарт талаптарының кез келгенін таңдауға ерікті; заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар еңбек шартын, оның ішінде келісім шартт жасауға қатысы бар;
  3. егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай –ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда ҚР- ның азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қандай құқықтар мен міндеттер көзделсе, нақ сондй құқықтарға мен міндеттер орындауға міндетті (АҚ –тің 3-бабының 7- тармағы).

Қазақстан Республикасы Конституцианың 6- бабында меншік иелерінің  құқық қорғауға байланысты теңдік принципі тұжырымдалған. Мұның өзі оларға қатысты құқықтардың бұзулуына  қарсы қорғану құралын субьектілер  бірдей қолданады дегенді білдіреді.

 

2.2 Меншікке  және басқа затық құқыққа қол сұқпаушылық принципі

 

Меншікті құрметтеп, оған ешкім қол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат өмір сүре алады. Сондықтан да әрбір қоғамда меншік ерекше мәртебеге ие болып, оны қасиетті әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды. Адамның белгілі бір затты иеленуі оны тұтынып, белгілі бір мақсатына, яғни керегіне жаратуы үшін керек, сондықтан ол бұл орайда қызмет ету құралын бәрінен де жоғары қояды. Мемлекет пен құқық, оның ішінде азаматтық құқық азаматқа мұндай жағдайды қамтамасыз етеді. Қашан да меншік құқығы азаматтық құқықтың оталық институты  болып есептелген және меншік иесінің құқығын қорғауды барынша талап еткен. Міне, сондықтан да азаматтық құқық меншіктің қол сұқпаушылық  қағидасына негізделеді.

     Меншікке қол сұқпаушылық Азаматтық кодекстің басқа нормаларында да өзіндік көрініс тапқан, ал онынақтылайтын тұжырымдама Конституцияның 26-бабының 3 тармағында бекітілген. Яғни онда былай делінген: «Соттын шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін». Конституцияның бұл қағиғалары Азаматтық кодекстің реквезициала, күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу және т.б. қатынастарда қолданылады (АК-тің 253,254,256-баптары).

     Қазіргі кезде заңда меншік құқығымен қатар меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары да қаралған, оларға да қол сұқпаушылық принципі қолданылады. Айталық а) жерді пайдалану құқығы; в) өзге де заттық құқықтар(АҚ –тің 194-195 баптары).

     Кей жағдайда меншік құқығы шектелуі болуы да мүмкін.Мысалы «Жер туралы»Заңның 48-бабында жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыруы табиғи объект ретінде жерге, айналадағы табиғи ортаға, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірмеуі жөнінде айтылған.

     Бірақ та заң арқылы белгілі бір дәрежеде шектеу қойыла тұрғанымен азаматтық заңдағы меншік құқығының алар орны еркше, ал меншік иесі нарықтыңбасты тұлғасы болып табылады. Бұл бұрын соңды болмаған меншік құқығын қорғаудың жаңа тәсілдерінің өмірге келуімен байланысты болып отыр. Мысалы, оған қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік арнайы тіркеуге еңгізу жатады (АҚ-тің 118-бабы), сондай-ақ қозғалатын мүліктің, мәселең, бағалы қағаздардың меншік құқығын сенімді де жедел ұштастырудың жаңа тәсілдері жасалады(АҚ-тің 129-140-баптары).

 

 

 

 

 

2.3 Шарт еркіндігі  принципі

 

   Шарт  еркіндігі – азаматтық құқықтың  аса маңызды принциптерінің  бірі  болып табылады. Бұл кез-келген  адам  өз  қалауы  бойынша және  сырттан мәжбүрлеусіз  мыналарды атқаруға  құқылы  екенін   білдіреді:

    1. белгілі бір шартты  жасасуға  немесе  жасаспауға;
    2. өзі  шарт  жасауды  қалайтын  серіктесін  таңдауға;
    3. шарттың  түрін  таңдауға;
    4. шарттың  шарттарын  анықтауға./ 2.8., 33 бет./

Бұл  арада шарттас  серіктес ің  де  осындай құқықтары  болатынын  ескеру керек. Сондықтан  ерікті  түрде  және  өзара  қабылданған келісім  ғана  шынайы  азаматтық-құқықтық шарт ретінде танылуы  мүмкін. Шарт жасаса  отырып,  оған  қатысушылар  өздеріне қабыл  алған  шектеулерді  шарттың  еркіндігі  принципімен  шатастыруға  болмайды. Өзіне-өзі  қоятын мұндай  шектеулер  міндетті болып  шығады және  олардан  біржақты  бас  тартуға  болмайды.  Шарттар  орындалуға  тиісті.

Мысалы, әлде  бір  тауар  сатушы, әдетте , сатып  алушымен  шарт  жасасуға құқылы,  шарт  жасасу  үстінде оның  шарттарымен  келісуге немесе  келіспеуге  құқылы. Сатушыны  белгілі  бір  шешім  қабылдауға  ешкім де  мәжбүрлей  алмайды.  Алайда  шешім  қабылданған болса және  сатушы  белгілі  бір  шарттарды  қоя  отырып, шартт  жасасса,  онда ол  үшін  бұл  міндетті  болады да,  ал  алдағы уақытта шарттың  еркіндігін  сылтау  етіп,  оны  орындаудан  бас  тартуға,  оның  шарттарын  өзгертуге  және  тағы  сол  сияқты  құқылы  болмайды.  АҚ-нің  401-бабында  бұл  туралы  тікелей  айтылған.

  Шарт  еркіндігінің  заң  жүзінде  тыйым  салу  немесе  құқықтық  нормалардың   императивтік  ұйғарымы  түріндегі   тағы  бір  шекарасы  болады.

Егер  заңда  әлде  бір  іс-әрекеттерді  ( мысалы,  қару-жарақты  немесе  есірткі  заттарды ) жасауға  тиым салынған  болса,  екі  тарап та  оған  келісімін  берген  жағдайдың  өзінде,  мұндай  іс-әрекеттерді  оның  шарттары  ретінде  шарттың  мәтініне енгізуге  болмайды.  Мұндай  мәтіні  бар шарттар АҚ –нің 158 бабы бойынша жарамсыз  деп танылуы мүмкін.

Азаматтық  заңдардың  кейбір  нормаларының  императивтік  сипатта  болатыны,  яғни  міндетті  түрде  қолдануға  тиіс  екені  белгілі. Олардың  арасында едәуір  әлсіз  тарапты  қорғау, монополизмді  шектеу, теріс  пиғылды  бәсекемен  күрес  жүргізу,  тұтынушыларды  қорғау  үшін  және  тағы  сол  сияқты  шарттың  еркіндігін шектейтін  нормалар  боуы да  мүмкін.  Шарттардың  осындай түрлері  үшін  императивтік заң  актілерінде  көзделген  жағдайлар  тараптардың өз  шартының  мәтініне  бұл  жағдайларды  енгізген-енгізбегеніне  қарамастан, осы  түрдің әрбір  нақты  шартының  мазмұнына  міндетті  түрде  кіреді.

Олардың заңдарда  көзделгеніне  немесе  көзделмегеніне  қарамастан, шарттың  еркіндігі  мазмұны  алуан  түрлі  кез-келген  шарттарды  жасасу  мүмкіндігін береді. Мазмұны  бірнеше  шарттардың  элементтерін қамтитын  шарттар  болуы  мүмкін  (АҚ – нің  7 және 380 баптары). Шарттардың барлық  жағдайлары заңдарда  белгіленген тыиым салулар мен шектеулерді бұзбаса болғаны (АҚ –тің  381-бабы).

Жария мүдделерді  қорғаудың қажеттігі де  шарттың еркіндігі принципін қолдану шегіне  түзету  енгізеді: валюта операцияларының бақылауда болуы,  жария шарттарды жасаудан  бас  тартуға  тыйым  салу  немесе әр  түрлі  клиенттер үшін  олардың жағдайларын тең анықтамау (АҚ-тің 387-бабы), кейбір қызмет  түрлерін  лицензиялау.

Шарттың қатысушысын  іріктеп  алу немесе  конкурстық  тәртіппен  шарттың жағдайларын  анықтау жөніндегі заң талаптары да шарттың  еркіндігіне ықпал  етеді (ҚР АҚ –ның 910-бабы). Бұл  тәртіп көп  ретте тауарларды  сату,  жұмыстарды орындау немесе  мемлекет  мүдделері  үшін қызмет  көрсету  жөніндегі  шарттар  үшін  орындаушыны  іріктеуде  қолданылады (мысалы, мемлекеттік  сатып  алулар  туралы 2002ж. 16  мамырдағы  заңды  қараңыз). Мұндай  жағдайларда  конкурстың шарттарына  сәйкес  оның  жеңімпазымен  шарт жасалады.

 

2.4 Әркімнің  жеке  ісі  мен  өміріне   араласуға жол  берілмейтіндігі принципі

 

Әркімнің  жеке ісі  мен  өміріне  араласуға  жол  берілмейтіндігін  азаматтық  заңдардың  келесі  принципі  деп  атауға  болады. Бұл принцип  азаматтық  құқықтық  қатынастарға  олардың  қандай  өзіндік  мүліктік  немесе  мүліктік емес сипат  атқаратынына қарай  тартылады.  Бұрыңғы қолданылып  келген  Азаматтық  кодексте  ол жеткіліксіз  сипатталды,  абырой  мен  ар-намысты, жеке  жазбалардың , күнделіктер  мен  жазысқан  хаттардың  құпиялылығын  қорғауға  ғана  қатысты  болады. Қазақстанның қазіргі  қолданыстағы азаматтық құқығында  бұл  принцип айтарлықтай  дамытылды.  Ол Қазақстан  Республикасының Конституциясында  да баянды  етілді.

Әркімнің жеке  ісіне  еріксіз  араласуға  жол  берілмейтіндігі  билік  пен  басқару  органдарына, ата-аналарға, қызмет  басшыларыга және басқа  адамдарға  әрекетке қабілетті  азаматтырдың немесе  заңды  тұлғалардың өз мүліктеріне билік  жүргізуіне, тапқан  пайдаларын бөлуіне, табыстарын  пайдалануына ықпал  етуге тыйым  салуды  білдіреді. Егер мұндай  талаптар заңда  белгіленбеген болса, әлде  кімнің  рұқсатын алудың,  келісім, ақпарат  беруін  талап  етудің  қажеті  жоқ. Жеке  басының, отбасының және  коммерцияның  құпиясын құрайтын мәліметтерді  беруді  талап  етуге  тыйым  салынады. / 2.8., 34-35 бб./

Әркімнің  жеке  ісіне араласуға жол берілмейтіндігі сондай-ақ басқаның  жеке  өміріне,  басқаның қарым-қатынастарына басып кіруге тыйым салуды  білдіреді. Бұл жөнінде АҚ – нің көптеген  баптарында, ең  алдымен 2, 115, 125, 144, 146 және  басқа баптарында  айтылады.

 

 

      1.  Азаматтық құқықтардың  қорғалу принципі

     

    Азаиаттық  құқықтардың  қорғалуы  деген  принципті де  атауға болады. Әлбетте, қорғалу –  бұл  кез-келген құқықтың  нышаны (атрибуты), мұнысыз ол өзінің  басты  қасиетінен айрылады, ал оның заңдық  нормасы жалған мәлімдемеге айналады. ҚР Конституциясы азаматтардың өз  құқықтарының  қорғалуын  атап көрсетеді ( 13-бап ). Алайда азаматтық  құқықтарды  қорғау құралдарының  азаматтық-құқықтық реттеу  нысанасы  мен  әдісінен  туындайтын  өзіндік  ерекшеліктері  бар. Бұл ерекшелік азаматтық құқық  принципі  ретінде  арнайы қарастыруға тұрады./2.8., 35 бет./

    Азаматтық кодекс және  азаматтық заңдардың  басқа да  актілері  азаматтық-құқықтық  нормалардың  тұжырымдамасына ғана емес, сондай-ақ олардың  бұзылуы  үшін санкция  белгілеуге , әр  түрлі жолдармен құқықтарды жүзеге  асыруды, міндеттердің  сөзсіз орындалуын  қамтамасыз  ететін  шаралар жүйесін жасауға баса  көңіл бөледі. Бұл міндетке жүздеген азаматтық-құқықтық заң ұйғарымдары арналған.

    Құқыққа қол  сұғылмайтындығын,  оның  жүзеге  асырылуын, бұзылатын  жағдайда  қалпына  келтірілуін және бұзылудың  зардаптарын  жоюды  қамтамасыз етуге бағытталған  шаралар жүйесі  ретінде азаматтық-құқықтарды  қорғаудың жалпы  сипаттамасы АҚ –ның  9-бабында  берілген. Біз  бұл тұста, біздің  пікіріміз  бойынша, оның  мынандай  негізгі белгілермен сипаттауға болатын қорғалу ерекшелігіне тоқталамыз:

      1. қорғаудың  абсолюттік сипаты;
      2. қорғау үшін  өтініш  жасау немесе  өтініш жасамау  еркіндігі;
      3. қорғау  органдары;
      4. алдын-ала қорғау  мүмкіндіктері;
      5. әмбебап қорғау әдістері.

    Нақты берілген  жағдайда нақты  құқық  бұзушыға қарсы  нақты қорғау құралдарын қолданудың көзделгеніне  немесе көзделмегеніне  қарамастан,  кез-келген  жағдайда мемлекеттің  азаматтық құқықтарды  қлоғауға  тиіс  болатыны даусыз. Егер ол заңдарда да, шартта да көзделмеген болса, онда ол жалпы  қазынаның ішінен  іріктеп  алынуы тиіс.

    Құқық  бұзушы  бұл  секілді  әрекеттер үшін заңда  да , шартта  да  еш нәрсе  көзделмеген  деген желеумен өзіне қарсы қорғау  құралдарын  қолданудан  құтылуға  тырысатын  жағдайлар өмірде  жиі  кездеседі. Бұл заңсыз  әрекет деп  танылады.Мысалы, құрылыс салуды  аяқтағанға  дейін үлесті  қаржыландыру туралы Б. Фирмасымен  шарт  жасасқан А. фирмасы оны аяқтауды шексіз  созып жібереді де, құрылысты  салу аяқталған  жоқ, ал  оның  кешігуі  үшін шартта  санкция  көзделмеген  деген  желеумен  бұған  дейін алған ақшасын қайтарудан бас  тартады. Мұндай  дәлелді  заңды  деп  тануға болмайды. Мұнда бара-бар қорғану құралын табу  әрекеті ғана бар.

    Бұл жерде осы  субьектіге тиесілі  құқықты қорғау  туралы сөз  болып отырғандықтан, құқық  бұзушыға қорғану  құралын  қолдану немесе қолданбау және қандай  көлемде (толық немесе  ішінара) қолдану керектігі мәселесін ол  өзі анықтайды. Бұрын заңдар  кейбір  жағдайларда міндеттемені  бұзғаны үшін борышқорды жауапқа  тарту – бұл  несие берушінің  міндеті, және егер ол оны орындаудан жалтаратын  болса, онда  өзі  жауапқа тартылуы  тиіс  деп  белгілеген  болатын. Қазіргі  уақытта мұндай  талаптарға жол  берілмейді. (АҚ - ның 8-бабының 1-тармағы ). АҚ –ың 349- бабының 2-тармағында да былайша  айтылған:

    «Міндеттемені  бұзғаны  үшін борышқорды жауапқа тарту несие берушінің талап етуі бойынша жүргізіледі».

    «Міндеттеменің бұзылуынан туындаған  залалдың орнын  толтырудан борышқорды  босату  жөніндегі тараптардың  міндеттеме  бұзылғанға дейін қабылдаған келісімі  жарамсыз  болады (АҚ –ның 350 - бабының 2-тармағы, 359-бабының 3 – тармағы), алайда тараптар өзара келісім  бойынша мүліктегі нақты келтірілген  зиянды ғана  өндіріп  алуды  көздеуі  мүмкін ».

    Азаматтық құқықтарды  қорғау  органдарының өзіндік  ерекшеліктері  бар. Соттың осындай негізгі  орган  болып  табылатынын айтып  өткенбіз, ол  құқықты  қорғау жөнінде  өзіне  жасалған өтінішті қабылдаудан бас тарта алмайды. ҚР Конституциясының 13-бабында былай деп  жазылған: «Әркімнің өз  құқықтары  мен  бостандықтарының сот  арқылы  қорғалуына құқығы бар». Бұл бап ҚР  Конституциясының «Адам және  Азамат» деп  аталатын бөліміне орналастырылғанына қарамастан, оның білдіретін  мемлекеттік міндеттемесі  заңды  тұлғалардың азаматтық құқықтарын қорғауға да  қолданылуы  мүмкін.

    Информация о работе Азаматтық құқық пәні, қағидалары, жүйесі