Ауыл шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 04:43, доклад

Описание

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың мемлекеттік бағдарамасының негізгі стратегиялық мақсаты ауылда қоныстануды оңтайландыру негізінде ауылдың (селоның) тіршілігін қамтамасыз етудің қалыпты жағдайларын жасау болып табылады. Бағдарламаның екінші кезеңінде, яғни 2007-2010 жж., халықтың санына қарай келешегі бар н бағалау жөнінде нақты міндет қойылды.

Работа состоит из  1 файл

2.doc

— 58.00 Кб (Скачать документ)
 

    ҚЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ ӘЛЕУЕТТІК СЫЙЫМДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ 

                                

       Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың мемлекеттік бағдарамасының негізгі стратегиялық мақсаты ауылда қоныстануды оңтайландыру негізінде ауылдың (селоның) тіршілігін қамтамасыз етудің қалыпты жағдайларын жасау болып табылады. Бағдарламаның екінші кезеңінде, яғни 2007-2010 жж., халықтың санына қарай келешегі бар н бағалау жөнінде нақты міндет қойылды.

       Әр  ауылдың (селоның) жіктелуінде ауылдық елді мекендердің (АЕМ) әлеуеттік сыйымдылығы «АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ» РМК әзірлеген және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2007 жылғы 9 қазандағы № 603 бұйрығымен бекітілген әдістеме негізінде анықталады.

       Ауылдық елді мекеннің әлеуеттік сыйымдылығы  деп елді мекенге жататын аумақтың табиғи-ресурстық және экономикалық әлеуетін тиімді пайдалана отырып қоршаған ортаның ассимиляциялық мүмкіндігін сақтаумен және 1 тұрғынға шаққанда оның әлеуметтік және мәдени қажеттілігін өтейтін табыс табуды қамтамасыз ететін оның шекті демографиялық көрсеткіштері түсіндіріледі.

       Зерттеу ауылдық аумақтарды дамытудың тиімді шараларын қабылдау және ресурстарды  тіршілік ету үшін эконономикалық келешегі бар және ауыл тұрғындарының жеткілікті табыс табуын қамтамасыз ете алатын жерлерге жинақтауға мүмкіндік беретін ауылдық қоныстандырудың тиімді сызбасын жасақтау қажеттілігінен туындаған. 

       АЕМ тұрғындар бойынша сыйымдылығы  табиғи, адамдық, материалды-техникалық және басқа нақты ресурстарды қосқанда оның экономикалық әлеуетін кешенді талдау мен даму келешегіне негізделуі керек. Бұл тұрғыда анықтаушы болып АЕМ орналасуына өзара тығыз байланысты табиғи жағдайлардың өзгешеліктері болып табылады. Бұл АЕМ ауылшаруашылығы өндірісінің түрлері олардың қай аймақта және табиғи-климаттық орталарда орналасқандығынан байқалатындығымен түсіндіріледі. Мәселе ауылдық аумақтар табиғи және экономикалық жағдайларымен ұқсастығында және ауылшаруашылық өнімдерінің белгілі елеулі түрлерін өндірудің бір аймағына кіретіндігінде. Оларды құрауда экономикалық жағдайлардың орыны да маңызды, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығының жиынтығы ретінде облыстық, аудандық орталықтардың, темір жол станцияларының және т.б. жақын орналасуы. Әлеуетті сыйымдылықты есептеу арқылы осы немесе басқа ауылдық елді мекеннің тұрғындарының табыс көлеміне байланысты ішкі миграциялық көші-қоннның мүмкін бағыттарын анықтауға болатынын көрсетеді.

       Ауылдың (селоның) тұрғындарының табысы ауылшаруашылық өндірістегі, ауылшаруашылық емес өндірістегі экономикалық қызметтен, жеке аула шаруашылығынан, әлеуметтік салады қызмет етуден, жеке мүліктен, әлеуметтік трансферттерден және басқа да табыстардан құралады.

      1 ауылдық тұрғынның  бір жылға есептегендегі экономикалық қызметтердің барлық түрлерінен табысының   (орташа жан басына шаққандағы жалпы табыс) нормативтік табысқа ара қатынасынан анықталатын АЕМ әлеуеттік сыйымдылығы  

       

     АЕМ ресурстық-өндірістік әлеуетінің барлық жиынтығын пайдаланғандағы табыстардың құрылымында, негізінде ауылшаруашылық өндірісінен түсетін табыс:  Шығыс Қазақстан -  76%, Ақмола -74%, Қостанай  облыстарында 69% басымды болуда. Ауылшаруашылық емес өндіріс Маңғыстау -  58% және Атырау - 25 % облыстарында үстем.

     Табыстардың басқа түрлері жалпы республика бойынша: жеке аула шаруашылығынан -  8%; әлеуметтік сала - 19%; жеке меншік мүліктен -  1%; әлеуметтік трансферттерден – 13% және басқа да табыстардан -  5%. 

       «Ауылдық  аумақтарды дамыту» түсінігіне табиғи байланысты құрылымдық бөлігі ретінде «тұрғындарды қолайлы жайғастыру» кіреді. Теоретикалық-әдістемелік көзқараста жайғастыру – бұл өндірістік күштердің және өндірістік қатынастардың даму деңгейін ескере отырып қоғамдық даму заңдарының негізінде тұрғындарды аумақтық қоныстандыру.

       Сондықтан келешегі бар ауыдық елді мекендердің  шекті сыйымдылығын болжау, жайғастырудың  маңызды факторы бола тұрып, елдің  экономикасын басқару жүйесіне ажырамас бөлігі ретінде енуі керек.

       Келешегі  бар ауылдық елді мекендердің әлеуеттік сыйымдылығын болжаудың соңғы мақсаты – ауыл тұрғындарының жиынтық сұраныстарына жауап беретін қоныстардың қолайлы жүйесін құру, жоғары экономикалық қайтарымы және қауіпсіз экологиялық жағдайы бар амақтарда тиімді жайғстыру арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту.

     Талдау  көрсеткендей, ауылдық тұрғындардың 27%-тен көбі ірі елді мекендерде тұрады (1000 адам және жоғары), бұл, әдетінше, бұрынғы кеңшарлар мен колхоздардың орталық мекен-жайлары, ал бүгінде олардың көпшілігі – ауылдық округтардың орталықтары, себебі бұл АЕМ барынша әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары сақталған.

     Оң  әлеуеттік сыйымдылығы бар 7172 АЕМ ішінде қосымша тұрғындарды қабылдау мүмкіндігі бары 4032 АЕМ (немесе 56 %). Барынша әлеуеттік сыйымдылықпен Шығыс Қазақстан  (638) және Қостанай (465) облыстарының ауылдары, ең аз әлеуеттік сыйымдылықпен бар ауылдар Маңғыстау (11) және Жамбыл (31) областарында.

     Осы талдаудың негізінде жалпы әлеуеттік  сыйымдылығы  472187 адамды құрайтын, халықтың орташа және төменгі әлеуеті бар ауылдардан ерікті түрде қоныстануына қолайлы және ауыл халқын оңтайлы жайғастыру сызбасын үлгілеуде тіректі елді мекен ретінде қабылдауға болатын 286 АЕМ анықталды. 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Ауыл шаруашылығы