Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 17:21, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала (Астана және Алматы) арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи шаруашылық аумақ пен 2 табиғи шаруашылық облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөп (112,2 млн га), шөлейтті (37,3млн га), және дала (62,4 млн га) аумақтарында болып отыр.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................4-6
Анықтаулар..................................................................................................7-8
Қысқартылған сөздер және белгілер............................................................9
Ι бөлім. Әдебиетке шолу........................................................................10-26
ΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының жалпы сипаттамасы.....................................................................................................27-37
ΙΙΙ бөлім. Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау............................................................................................................38-50
ΙV бөлім.
4.1.Қоршаған ортаны қорғау...................................................................51-56
4.2.Еңбек қорғау.......................................................................................57-61
Қорытынды..............................................................................................62-63
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................64

Работа состоит из  1 файл

Dokument M. H Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау.doc

— 538.50 Кб (Скачать документ)

    Суық  аязсыз  кезең 121 – 123  күнді құрайды.  Вегетациялық  және  аязсыз  күндердің айырмасы  46 – 48  күнге тең.  Вегетациялық  және  суыќ  емес  күндердің  арасындағы  ұзақтығы  жылу сүйгіш  өсімдіктерге  кері  әсер  етеді, өйткені олардың вегетациялық  кезеңнің  басында не  соңында  суыққа  ұрынуының  қаупі  зор.

    Ауылшаруашылық  дақылдарының  өнім  беруі, климат  факторына  байланысты, жауын – шашынның  түсу мерзімі мен мөлшеріне  байланысты  орташа  жылдық  жауын-шашынның  (ылғалдың)  түсу  мөлшері 335 – 388мм  құрайды, ал  кейбір  құрғақшылық  жылдары 277 мм, ал  ылғал  көп  жылдары  418 мм – ге  дейін  түседі.

    Ең  көп  мөлшерде  ылғал  вегетациялық  кезеңде  түседі.  Бірақ  осыған  қарамастан  осы  кезеңде  өсімдіктер  құрғақшылыққа  ұрынады, өйткені  күндік  жоғарғы  температура  ылғалды  тез  буландырады. Кей  жылдары  вегетациялық  кезеңде жауын – шашын  түспейді.  Сондықтан  да  топырақтың  қысқы  кезеңдегі  ылғал  жинауы  көп  роль  атқарады. Жердің  бетіне  қардың  түсуі  қазанның  соңғы  онкүндігінде    немесе  қарашаның  онкүндігінде  түседі, ал  кей  жылдары  қар  ерте  түсуі де  мүмкін, бірақ бұл қар көп жатпай  еріп  кетеді. Бұл кезең – қыстың  алды, бірінші  қармен  жердің  бетін  қармен  толық  жабу  аралығы екі аптаға  созылады. Жер  бетінде  қар  150-165  көн  жатады. Қардың  босап, еруі  сәуірдің бірінші  жартысында  келеді, ал  кейде  ерте, наурыздың  аяғында, ал  кейде  өте  кеш, сәуірдің  аяғына  дейін  созылады. Көктемгі  қардың  еруі  кезіңдегі  қар  суының  мөлшері  85  мм – ді  ќұрайды.

    Аудан  территориясының  ылғалдылығының  жетіспеушілігі  тек  жауын –  шашынның  аз  түсуінен  ғана  емес, ауаның  ылғалдылығының  аз  болуынан  да  болады. Ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығы  жыл  бойына  63 % - тен 74 % - ке өзгеріп  тұрады. 

    Қыс  айларына  ашық  күндердің – 60 %  келеді.  Жылдың жылы  мезгілінде  шамалы  бұлтты  күндер  көп  болады.  Осы  ауданның  климатына желдің  кері  әсері  тиеді.  Желдің  әрекетінен  мұхиттардан  ылғал  келеді, әрі  ортаазиялық  құрғақ  ауа массасы келіп жетеді.

    Жыл  бойына  аудан  территориясында  50 – 70  желсіз  күндер  байқалады.  Мезгілге  байланысты  желдің  бағыты  өзгеріп  отырады.  Қысты  күні  оңтүстік – шығыс  бағытындағы  желдер  боран  мен  қатты  желдерге  ұласады. 

    Жазда  ылғалды  тез  буландыратын  солтүстік – шығыс  және  солтүстік – батыстағы  желдер  басым  келеді.  10  жылда  келетін  желдің  орташа  жылдамдығы  3,6 – 4,0  м/с.

    Келтірілген  фактілерге  байланысты  осы  ауданның  климаты ыстық, түнде  суық  болатыны, ал  бірақ  барлық  жерде бірдей  көктем  шығып, күз  мезгілі  қысқа, ерте  суық  түсетінін  көреміз.  Осы  жағдайдың  өзінде  барлық  ауылшаруашылық  дәнді – дақылдарын  сеуіп, өнім  алуға  болады.  Аудан  территориясы  жеткіліксіз  ылғалдану  аймағында  жатқандықтан  дәнді – дақылдарды  себу  уақытын  дұрыс  таңдау  керек, және  жазғы  жауын – шашында  дұрыс  пайдалану  үшін де  қажет.

    Жер бедері. Қолданыстағы Қазақстанды геоморфологиялық бөлу сызбасына сәйкес Целиноград ауданы  майда шоқы шегінде жатыр. Бұл ауданның жер бедері құрғақ және ылғал кезеңдердің ауысуы жағдайында өтетін ұзақ континентальдық климат нәтижесінде құрылды.

      Бір кездегі таулы ел денудация процесі нәтижесінде қирап, қазіргі түрге енді. Жер бедерінің жалпы сипатына қарай ауданның аумағын бірнеше геоморфологиялық аудандарға бөлуге болады.

      1. Шоқылы-жазық солтүстік-батыс геоморфологиялық  аудан.

     2.Оңтүстік-батыс  еңіс-төбелі геоморфологиялық аудан. 

      3. Орталық шоқылы-ылдилы аудан .

      5. Апандар мен балкалармен білінер-білінбес  бөлінген толқынды жазық 6.Оңтүстік-шығыс толқынды-ылдилы жазық

      7 Солтүстік-батыс геоморфологиялық  аудан шоқылы-жазық бедермен көрсетілген.  Бұл жерде төбешіктер шоқы  тәріздес көтеріңкі жерлерден, төбешік-шоқылардың күмбез тәрізді қалыптардан, майда шоқылардың аз ғана сілемінен тұрады.

      Шоқы  аралық кең алқап түріндегі ойыстар, шұқырлар, алқап тәрізді жыралар  жер бедерінің көтеріңкі элементтеріне  қарағанда көп алаңын алып жатыр. Олар шоқылардан ысырып алынған делювиально-пролювиальдық материалдардан орындалған.

      Шоқылар әдетте, елеулі тұтас кең атыз тәріздес көтеріңкілерді құрамайды, ал көбіне жеке тұрған шоқы және шағын атыз түрінде  кездеседі. Шоқылардың қатысты биіктігі 10-12 м жетеді, олардың етегі біресе еңкіс, біресе күрт құлдилай түседі, тиесінше күрт құлдиы 3-тен 12 градусқа жейін жетеді.

      Шоқылардың  төбесінде порфирит, гранит түрінде  кездесетін түпкілікті жыныстары жалаңаштанады. Қазіргі жиндылар шоқыларда шектеулі тараған және шамалы ғана қуаты бар. Геоморфологические процестер шоқыларда жергілікті жердің жазық телімдеріне қарағанды елеулі қарқынды дамуда.

      Құлдилауларының елеулі күрттігі топрақтың жалпақ етіп шайып және үйіп кетуге ықпал етеді.Түпкілікті жынысының тығыздығынан тереңдегі эрозия нашар дамыған, Жыралар бұл жерлерде 1-1,5 м жетеді. Шоқылардың баурайы су шайған шұқырлар мен жаңа пайда болған жыралар кең тараған.

      Шағын шоқыларда сортаң жерлер мен сортаң кешендер, тасты төмпешіктер мен  шоқылардың баурайында нашар дамыған топрақ, сондай-ақ ойыстарда батпақты топрақ кең тараған.

      Өзен  жайылмаларының егін шаруашылығына  аса қажеті жоқ.

      3. Оңтүстік-батыс геоморфологиялық  аудан. Ауданының оңтүстік-батыс  бөлігінің бедері еңіс-төбешікті.  Оның құрылуына су эрозиясы  үлкен әсер етеді. Бұл ауданның аумағы сағалары көп терең және шағын жырала мен балкалар желісімен бөлінеді. Шабындықтардың тереңдігі 10-20 метр және ені 200 метрге дейін. Көптеген балкалардың түбі тегістелген, олардың көбісі шалшықталған.

      Кейбір  жыралар мен балкаларда қарқынды шаю байқалады. Жыралармен балкалар аумақты кең емес созыңқы су бөліктеріне бөледі, ол жергілікті жерге баурайлы төбешікті сипат береді.

      Су  бөліктері кең болған сайын, ойыстардың күрттілігі де соншалықты аз. Су бөліктерінің етегі қазіргі кезде егіске жырытлған. Шабындықтардың түбі тереңдік эрозияға ұшырайды, ол шабынды-қара және шабынды-каштан жерлерді жарамсыз етеді. Ағынды судың сайлары мен жыраларына айналған су шайған қара жер мен каштан топрақтың болуы жазықтық эрозияның болуын көрсетеді. Жазықтық эрозияның белең алуының алдын алу үшін еңістерге кесе көлденең жырту қажет.

      4. Орталық шоқылы-еңкіс геоморфологиялық  аудан.

      Бұл аудан көптеген тұйық шұңқырлар  мен шашыранды аласа шоқылары бар төмпешікті-төбелі жазықтықтан  тұрады. Шоқылардың барлық бағыттағы жақсылап тегістелген қатты жалпақ еңістері бар. Майда шоқылы бедердің құрылуы денудация процесіне де, сондай-ақ теңіз шөгінділерінің құрылу процесіне де байланысты.

      Шоқылар тегіс сілем ретінде де, жеке тұрған сілемдер ретінде де кездеседі, олар шоқыаралық жазықтықтар мен еңістермен кезектеседі. Олардың баурайының төбесі әртүрлі, кей жерлерінің үстінде түбірлі жыныстары көрінеді.

      Шоқыларда төбесіне қарай нашар дамыған  топрақ, еткейлерінде сортаң және құнарлығы  нашар топрақ қалыптасқан. Шоқыаралық шұқырларды сортаң жерлер басқан, арасында қоңыр қаштан және оңтүстік қара жер бар. Тостақан тәрізді терең емес шұқырлар еріген қар және жаңбар суларын жинай отырып, ұзақ мерзімге суда тұрады, бұл анаэробтық процестің басымдылығына, топрақтың батпақталуына, органикалық заттардың күшті шайылуына және жай толық емес таралуына әкеп соқтырады.

      Тостақандағы  топрақтың басымдысы уыттар мен  батпақты топрақ болып табылады.

      5. Ауданның солтүстік-батыс бөлігі  ойлы-қырлы сәл көтеріңкі жазықты,  аз бөлшектелген шағын шабындықты, балкалы және олардан шығатын жыралы болып келеді. Негізінен Ащы арық өзенінен шығатын сай мен балкалардың бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай. Бұл жерде бедердің толқынды болуы бедердің оң және теріс қалыптарының кезектесінен екенін атап өту керек. Бедердің оң қалпынан су бөліктері мен олардың жайпақ беткейі белгіленеді, ал теріс қалпынан сай, балка, ағын жылғасы қалыптасады. Бұл жерде эрозиялық процестің дамуын көрдік, негізінен жазықтық су шайылымы.

      Су  бөліктері мен оның бөктерінде оңтүстік, карбонатты қара жердің дамуын байқадық, ағын жылғаларының түбінде шабындық қара жер топрағы бар.

      6. Ойлы-қырлы-еңкіс жазық.

      Ауданның  оңтүстік-шығыс бөлігі көптеген тұйық  шұқырлары бар ойлы-қырлы жазық  болып келеді. Шұқырлардың білінер-білінбес еңістігі бар, онда талды-бұталы, ал көп жағдайда шабынды-батпақты өсімдіктері бар, олардың астына сайлы-батпақты топрақ құрылған.

      Көптеген  шабынды өсімдіктері бар шұқырларда шабынды қатты сортаң топрақ қалыптасқан.

      Тұтасымен алғанда ауданның барлық өндірістік мәні бар учаскесі топрақты механикалық өңдеу үшін аса қиындық туғызбайды.

      Гидрологиялық жағдайы және гидрографиясы. Гидрографиялыќ  жағдай  жергілікті  жердің  климатының  геоморфологиялыќ   жағдайымен  тығыз  байланысты. Климат  атмосфералыќ  ылғалдың  мөлшерін  және  оның  уаќыт  бойынша  кењңістікке  таралуын, ылғалдың  жұмсалуын, булануы  мен  транспирациясын  аныќтайды.

      Атмосфералыќ  ылғалдың  жер  бетінде  таралуына  рельефтің  ќыратты  және  ойпатты  бөліктерінің  болуы  басты  негіз  болып  саналады. Ылғалдану  жағдайлары  әр  түрлі  болып  келеді. Жер  бедерінің  еңістігіне  байланысты  биік  рельеф  элеметтері  өздерінің  суларын  төмен  рельефіне  береді, соның арќасында  төмен  жерлер  ќосымша  су  мөлшеріне  ие  болады.   

      Атмосфералыќ  жауын – шашынның  таралуындағы  мұндай  заңдылыќ  топыраќтың  түзілуіне  әсерін  тигізеді. Аудан  территориясының  су  ресурстарын  грунттыќ  және  жер  беті  сулары  ќұрайды. Атмосфералыќ  жауын – шашын   негізгі  көзі  болып  табылады. Жер  асты  суларының  тереңдігі  рельефке  байланысты, климат  жағдайларына  байланысты   әр  түрлі. Ойпат  жерлерде  5 – 10 м, ал  ұсақ  шоқылар  ауданында  10 – 20 м  тереңдікте  болады. Жер  асты  сулары  тұщы  әрі  ащы  болып  кездеседі.

    Арнасының  еңі  5 м – ден  12 м – ге  дейін, ал  кей  жерлері  50 м  – ге  дейін  жетеді. Қуаңшылық  жылдары өзен  арнасының кей жерлері тартылып  қалады. Өзеннің  түбі  құмды – қиыршықты, кей  жерлерде  шылаулы. Өзеннің  суы  еріген  қар  суымен   және  бұлақ  суларымен жолығады. Есіл  өзенінің  суы нашар минералданған  және  әр  түрлі  мақсатта  ќолданылады. Судың  минералдануы  әр  түрлі, көктемде  өте аз, ал  жаздың  аяғына  қарай  көбейе  түседі.

    Есіл  өзенінің  алғашќы  он  салаларының  бірі  болып саналатын Шортанды  мен Мұялды  өзендері  өздерінің бастауын  жота  табанындағы   бұлақтардан  алады. Екі  өзен  де  ұзындығы  3 -тен  30 м – ге  дейін  жететін жаќсы  анғарылатын  арықтардан  турады. Жазда  өзендер  ќұрғап  ќалады. Еріген  қарлармен толысады.

    Өленті  өзені  биік  жар  қабатты, бірақ  су  бөгеттерін  салуға  ыңғайлы жерлері де  бар. Жазда  жер  асты  суларымен  қоректенеді. Ағысы  баяу, Ақтасты, Көкпекті, Берсуат  өзенедері “Берсуат”  аулының  территориясынан өтеді. Бұлар  ақпайтын  көлдерге  немесе  үлкен  өзендерге  құйылады . Ќар  суымен  қоректенгендіктен, көктемде  бұл  өзендер  қатты  тасиды. Өзендер  тасығаннан  кейін, жазда  тартылған  жазда  кей  жерлері  тартылады. Тартылған  сулардың  тереңдігі  0,5 м  ден  5 м –ге  дейін  жетеді. Бұл  жердің  суы тұщы, шаруашылыќ  пен  егіс  суаруға  пайдалы. Өзендер  мен  бұлақтардан   басқа  аудан  көлемінде  табиғи  су  көздері – көлдер  болып  табылады. Барлық  көлдер  ағынсыз  атмосфералық  жауын – шашынмен  толады. Сондықтан  да  көлдің  суларының  деңгейі  жылдық  жауын – шашынға  байланысты. Көл  сулары  аз  тұзды, ал  кейбіреулері  ащы  тұзды  болып  келеді.

    Аудан  территортясында  бірнеше  үлкенді   кішілі  көлдер  бар. Олар  мыналар: үлкен  Сарыоба, кіші  Сарыоба, Алакөл, Тышқанкөл, Ботпақкөл, Ащыкөл, Байдалы, Бірсуат  балық  суқоймасы, Анаркөл, Балықты – көл, Қос – көл, Кенетай, Танакөл, Шөптікөл, Шенкан.

    Алакөл, Танакөл, Шөптікөл, Шенкан  көлдерініњ  тұщы. Жағалауларына  ну  өскен, мал  суаруға  қолданады.

    Ауданда  малдармен қатар  ойық  батпақты  сорлар  да  кездеседі, көктемде  еріген  қар  суы  жиналады. Бұл  сулар  жаз  ортасына  дейін  саќталады, ал  жаз  соңына  қарай  кеуіп  кетеді. Бұлардың  су  көздері  ретінде  ешқандай   көмегі  жоқ, тек қана  малдың су  ішуіне  жарамды. ауданның  көптеген  шаруашылықтарында шаруашылық  қажетіне  жұмсау  үшін, бау – бақша  суаруға, малдың  су  ішуіне  қажет  су қоймалары  мен  котлаванары бар. Жер беті  сулары  топырақ  түзілуіне  зор  әсер  етеді. Жазық  жерлерде  жер  асты  суларының  тереңде  жатқанына  байланысты, олардың  топырақ  түзілуіне  әсері  бола  қоймайды.

Информация о работе Ақмола обылысы Целиноград ауданының «Ақсу» Фирма» ЖШС-нің ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау