Медиация институтының маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 07:12, реферат

Описание

Медиация сөзі ағылшын тілінде кез келген дауды оған ешқандай да қатысы жоқ үшінші бір адамның – медиатордың араласуы арқылы альтернативті түрде реттеу деген мағынаны білдіреді. Демек, медиатор дегеніміз – өзара жанжалдасушы немесе дауласушы тараптардың арасында орын алған даулы мәселелерді олардың өздерін қатыстыра отырып, тараптарға тиімді жағдайда шешуді жүзеге асыратын маман.

Содержание

Кіріспе
Медиация – ұғымы мен тарихы;



II. Негізгі бөлім:

«Медиация туралы» Заңның қоғамдағы алатын орны;
Заңды қолдану ерекшеліктері;
Қойылған талаптар.



III. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

МЕДИАЦИЯ.doc

— 66.50 Кб (Скачать документ)

     Ал  медиатордың жұмысын кәсіби негізде  жүзеге асыру үшін адамның жоғары білімі, медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқу оқығанын растайтын  сертификаты, кәсіби медиаторлар тізіліміне енгізілген және кем дегенде 25 жасқа толған болуы керек. Олар медиацияны ақылы негізде де, тегін де жүзеге асыра алады. Оларға төленетін сыйақының мөлшері тараптар мен медиаторлардың келісімі бойынша анықталады.

     Мемлекеттік қызметті атқаруға өкілеттілігі бар немесе оған теңестірілген, іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған, қылмыстық қудалауда жүрген, алынбаған соттылығы бар адамдар медиатор бола алмайды.

     Екі жақ келісіп, медиаторға басқа да талаптар қоюға құқылы. Бітімгерлерді жергілікті қоғамдастық өкілдері таңдайды.

     Медиация  туралы заңда медиаторға қарсылық білдіру, медиациядан бас тарту сияқты талаптар қарастырылған.

     Заңының 13 бабына сәйкес, медиаторлар ұйымдары медиаторлардың бастамасы бойынша «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес, өзін-өзі қаржыландыратын және өзін-өзі басқаратын ұйым болып табылады. 

     Қорытынды. 

     Қазіргі таңда судъялардың жүктемесі тым ауыр екені аян. Сондықтан, ең алдымен, кейбір істерді медиаторлардың қарауына беріп, соттардың жүгін әжептәуір жеңілдетуге қол жеткізіледі. Тіпті, бұл өзі – соттың баламасы.

     Екіншіден, бұл жол тараптардың өздері үшін де тиімді екенін жоғарыда айтылды. Оның үстіне қазір адамдар арасындағы кейбір қақтығыстар қантөгіспен аяқталып жатқаны ащы да болса шындық. Мұндай жағдайда араздасқан адамдарды бітімгершілік жолмен татуластырғанның өзі неге тұрады? «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» дегендей, бүгінгінің билерінің араласуымен дүрдараздық, қырғиқабақтық жойылып, адамдар арасында тату-тәтті, жылы шырайлы қарым-қатынас орнап жатса, қоғамдағы ахуал да жақсара түсері сөзсіз. «Ұрыс тұрған жерде ырыс тұрмас» деп жатады ғой. Ендеше ұрысты азайтсақ, елге ырыс қонары анық.

     Дегенмен, ел даусыз болмайды. Бірақ «Дәлдеп атып жауды жең, дәлелдеп айтып дауды жең» деген. Ендеше бітіспес дау жоқ. Бәрі де бидің төрелігіне байланысты. 
 
 

  
 
 

Информация о работе Медиация институтының маңызы