Төле би (1663-1756)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 16:06, реферат

Описание

Төле би (1663-1756) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Қазіргі Жамбыл облысының Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауында туған. Ұлы жүздегі Дулат тайпасының жаныс руынан шыққан. Әкесі Әлібек момындығы үшін ағайындары арасында «қарашоғыр» атанғанымен, өзіндік беделі бар би болған. Бала күннен жас Төле әкесіне ере жүріп ел көріп, жұрт танған, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алған. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түскен.

Работа состоит из  1 файл

Казахские бии.doc

— 68.00 Кб (Скачать документ)
 

Төле би (1663-1756) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға  зор үлес қосқан атақты үш бидің  бірі, мемлекет қайраткері. Қазіргі  Жамбыл облысының Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауында туған. Ұлы жүздегі Дулат  тайпасының жаныс руынан шыққан. Әкесі  Әлібек момындығы үшін ағайындары арасында «қарашоғыр» атанғанымен, өзіндік беделі бар би болған. Бала күннен жас Төле әкесіне ере жүріп ел көріп, жұрт танған, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алған. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түскен. Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға, үш жүздің ұлыстарын бір ортаққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасқан. Тәуке хан Төле биді ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын «Жеті жарғының» қабылдануына атсалысқан. Ордабасы жиыны кезінде жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйтқы болған. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан. 1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытқан. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға өтініш жасағандығы айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы қыркүйектің 5-інде Абылайды тұтқыннан шығарып алған. Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанған. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салған. 1734 жылы Ресей патшасы Анна Ивановнаға және 1749 жылы Орынбор губернаторы И.Неплюевке хат жолдап, бодандықты қабылдауға ризашылық танытқан. Бұл сол тарихи кезеңде шарасыздан жасалған қадам болатын. Ол жоңғар шапқыншылығынан титықтаған халықтың жағдайын жақсартуды бірінші кезекке қойған. 1748 жылы орыс сауда керуені тоналғанда, бұған кінәлі Қойгелді батырды билер алқасына шақыртып, оған бұл шығынды жұрт көзінше төлеттірген. 1748 жылы Әбілқайыр хан қаза тапқанда оның баласы Ералы сұлтан әкесінің құнын даулап Төле биге шағымданады. Төле би Әбілқайырдың өлімі үшін айыпкерлердің Жеті жарғы аясына сәйкес жеті құн төлеуі туралы шешім шығарады. Ералы айыпкерлерден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін өлтіруге қатысушылардың бірі Сырымбет батырды жетінші құн орнына өз қолымен өлтіреді. Әбілқайырдың балалары бұған да тоқтамай, Барақ сұлтанның жауапқа тартылуын Төле биден сұрайды. Бас сауғалап қашып жүрген Барақ сұлтан Төле биге өзі келіп, жасаған ісі үшін сотқа тартуды сұрайды. Төле би билер сотына қазақ билерінің ішінен, Барақ сұлтанның ұсынуы бойынша төрт белгілі биді (Жалған би, Сырлыбай би, Даба би, Қабек мырза) қатыстырып, өз тарапынан бірнеше биді шақырады. Билер алқасында Төле би Барақ сұлтанды ақтап алады. Төле би Әбілқайыр ханның өлімі үшін жеті адамның құнын кескенде де, Барақ сұлтанды ақтап алғанда да, туысы Қойгелді батырға тоналған орыс сауда керуенінің өтеуіне екі мың жылқы төлеуге билік шығарғанда да елдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше халықтың тыныш жағдайын, тұтастығын сақтауды көздеген. Төле бидің бұл секілді еларалық сипаттағы билігімен қатар ұлыс ішіндегі дауларды шешкен билігінен де оның мемлекеттік деңгейдегі парасаттылығы, ойының саралығы мен ниет-тілегінің тазалығы танылады. Төле би хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтаған. Оның елге танымал «Елге бай құт емес, би құт» дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады. Бізге келіп жеткен аңыз-әңгімелерде Төле бидің ұлт бірлігін нығайтуды барынша жақтағандығы айтылады. Сондай аңыз-әңгімелердің бірінде Төле би өз көңілін сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік, Ержан билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына «Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса халқын сатады. Халық азса хандыққа таласады» деп жауап берген екен. Төле бидің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет сөздері қалған. Оның шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындылығымен ерекшеленеді. Бидің Данагүл есімді келінінің де есімі көпке танымал. Төле би Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле би халық арасында «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деген атпен де танымал. Оның бұлай аталуы жайлы да аңыз сақталған. Төле би Ташкенттегі Шайқантәуір зиратына жерленген. Қабірі Бабырдың нағашы атасы Жүніс хан мазарының қасында. Төле би қабіріне кесене салынған. Ғибратты ғұмыр кешкен бидің жарқын бейнесіне көптеген ақын мен жыраулар оралып, оның даналығын шығармаларына арқау етіп отырған. Өткен дәуірлерде А.Левшин, П.Маковецкий, Л.Баллюзек секілді, т.б. орыс зерттеушілері өз еңбектерінде Төле би есіміне ілтипат білдіріп, құрмет тұта атап өткен. Әр кезде Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәкерім Құдайбердіұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Адамбаев, Н.Төреқұлов, т.б. Төле биге байланысты әр тараптағы зерттеулері мен ой-қорытындыларын жариялаған. Жамбыл облысында Төле би есімімен аталатын елді мекен бар.  

                              Айтеке  би 

Әйтеке би (1644-1700) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға  үлкен үлес қосқан атақты үш бидің  бірі, мемлекет қайраткері, Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші  ұрпағы, бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ, құрама жұрты «Синесоф буа» (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы, 1622-1635 жылдары Қоқанға хан болған Ақшаның немересі, 1622-1656 жылдардағы Самарқан әмірі Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әйтеке би бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан. Шешендік қасиетінің ерте танылуына әкесі Байбек пен Қосуақ бидің айрықша ықпалы тиген. Алайда жеті жасынан бастап аталары Ақша хан мен Жалаңтөс баһадүр Әйтекені өз тәрбиесіне алған. Ол әуелі Самарқандағы Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс баһадүр салдырған, сән-сәулетімен әйгілі «Тіллә-кари» (Алтынмен апталған), «Шер-дор» (Арыстанды) медресесінде оқыған. Дін, құқық, аспан әлемі, жағырапия, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгерген. Әйтеке би Ақша атасынан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренсе, Жалаңтөс атасынан әскери қолбасшылық дәстүрлер мен дағдыларға жаттыққан. Медресені бітірісімен туған ауылына оралып, әкесі Байбекпен, ұстазы Қосуақпен бірге ел басқару істеріне араласқан. Сөйтіп жиырма бір жасында бүкіл Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі казақ, өзбек, қарақалпақ, құрама жұртының бас биі болған. Ал жиырма бес жасында барша Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлаған. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің жасы үлкен балалары Уәлі мен Бақыны емес, кішісі Тәукені хан етіп сайлауға қазақ халқының бетке ұстарлары: Әнет баба, Соқыр Абыз, Едіге, Майлы, Төле, Қазыбек, карақалпақ Сасық, құрама Мұхаммед, қырғыз Қоқым билермен бірге Әйтеке би де айрықша ат салысқан. Тәуке таққа отырғаннан кейін алғаш рет ресми түрде айрықша құқты «Хан кеңесі» сайланған. Әйтеке би Кіші жүз жұртының атынан осы кеңестің мүшесі болған. Осы кезде бұрынғы «Қасым салған қасқа жолдың», «Есім салған ескі жолдың» заман өзгерісіне орай, кейбір тұстарының ескіруіне байланысты жаңа заң үлгілерін жасау қажеттігі туды. Тәуке хан және жоғарыда аталған билердің қатысуымен 1684 жылы «Жеті жарғы» қабылданған. Күні бүгінге дейін негізі сақталып отырған ежелгі Солон заңымен (б.з.б. 7-6 ғ.) терезесі тең бұл заңның бытыраңқы елдің басын біріктіруге, жұртымыздың әл-ауқатының артуына, ата дәстүрлеріміздің сақталуына, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі зор болды. «Жеті жарғыға» Әйтекенің ұсынған баптарының ішінде екеуі ғана белгілі. Ол ? «Сүйек құны», «Өнер құны». 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы бір жанжал үлкен дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның есерсоқ баласы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп әбден өшігіп алады. Әлгі бозбаланың бүркіт ұстап, құс салатын аңшылығы бар екен. Дегеніне көнбейтініне көзі жеткен жігіт бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды. Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры, ел арасы «төре-жақ», «қаражақ» болып екіге жарыла бастайды. Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтекеге келіп өтініш жасайды. Әйтеке би қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сұлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Алайда Әйтеке би қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, «өнер құнын» және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін «сүйек құнын» төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі күн төлеуге мәжбүр болады. Бұл Әйтекенің ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге өнерге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді. Әйтеке би шешендігімен, «қара қылды қақ жарған» әділдігімен бірге жоңғарлармен болған ұрыстарда қол бастаған батыр да болған. 1685 жылы Нұрата маңына шабуыл жасаған Қалдан-Бошақтының он мың жасағына Нұрата, Қыз Бибі, Ақтау, Тамды, Кенимех төңірегіндегі алшындар мен қарақалпақтардан және құрамалардан жиналған бес мың қол әскерімен Әйтеке би қарсы аттанған. Ол әуелі Қалдан-Бошақтының өз әкесінен емес, есігінде жүрген қытай құлдан туғанын бетіне басып жерге қаратады. Ізінше жан алып-жан берген соғыс басталады да, бір күнге созылады. Келесі күні Әйтекеге Самарқаннан, Бұқарадан қалың әскер көмекке келе жатыр деген қауесетті естіп, Қалдан-Бошақты негізгі жасағы қалған Сайрам төңірегіне шегініп кетеді. Сол жылы Сайрам талқандалып, жыл сайын Күлтөбеде өтіп жүрген «Хан кеңесі» болмай қалады. Бұдан кейінгі қазақ жиыны Қарақұмда және Тәуке хан ордасын тіккен Түркістан маңында болғаны тарихтан мәлім. Қазақ сахарасына көз тіккен көрші елдерден қауіптенген Әйтеке би 1698-1699 жылдары Түркістанда өткен үлкен екі жиында мынадай ұсыныс жасаған: 1) Ресеймен, Қытаймен не басқа бір елдермен одақ жасаудың ешбір қисыны жоқ. Олардың көксегені терезесі тең одақ емес, қазақтарды қайткенде де бодан елге айнадыру. Қазақ жұрты әлі де іргесі мықты ел бола алады. Өйткені қарамағындағы қарақалпақтар мен құрамаларды есептемегенде, әлі өз жұртынан сексен мыңдық қол жинай алады. Шекара аймақтарында әскери соғыс әдістеріне үйретілген жасақтар ұстайық. Шекараға таяу ауылдарды ішкі бетке көшірейік. 2) Мал-мүлікті аямайық. Ресейден, Қытайдан, Хиуадан және Бұқара мен Түріктерден қару-жарақты көптеп сатып алайық. Әскери әдістерге әбден жетілген тұрақты жасақ ұстау үшін керекті қаражатты төрелерден, сұлтандардан, ауқатты адамдардан жинайық. 3) Бүкіл қазақ жасағы бір қолбасшыға бағынсын. Қолбасшы Ресей, Қытай, Түрік не Еуропаның әскери өнері жетік бір елінде оқытылсын. Ол өзі шешен, батыр, көпті көрген көсем, елшілік жұмыстарды жақсы білетін адам болсын. Ол тек «Хан кеңесіне» ғана бағынатын және айрықша кұқты адам болсын. 4) Қолбасшы қарадан шыққан адам болсын. Өйткені төре арасы тату емес, қай-қайсысы да хандық жолында қарабастарын ойлаудан әрі аса алмайды дейді. Ел ішіндегі бірі орға, бірі сорға тартқан алауыздық солардың ісі дейді. Әйтекенің бұл ұсыныстары Төле, Қазыбек секілді ел басқарған билер тарапынан қолдау тапқанымен, сұлтандар мен төрелер, әскерге жиналатын мол шығынды ауырсынған байлар қарсы шығып, түрлі себептер айтылып, ақырында қабылданбаған. Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Ол туралы аңыз әңгімелер мен жырлар да жеткілікті. Соның бірі авторы беймәлім «Әйтеке би» деген ұзақ дастан. Биді халық «айыр тілді Әйтеке» деп атаған. Әйтеке қайтыс болғаннан кейін Нұрата тауы маңын мекендеген төртқара ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен. Әйтекенің тікелей өзінен тарайтын алтыншы-жетінші ұрпақтары мен аталастары Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, бірқатары Өзбекстан Республикасының Науаи облысындағы Нұрата ауданында тұрады. Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол аудандары біріктіріліп, қазір Әйтеке ауданы деп аталады. Дереккөзі: Қазақ ұлттық энциклопедиясы 1 том 651 бе 
 

                        Казыбек би

ҚАЗЫБЕК БИ КЕЛДІБЕКҰЛЫ (Қаздауысты Қазыбек) (1667-1763) - Орта жүздің бас биі. Ол -қазақ  пен қалмақ хандықтары атысып-шабысып тұрған жаугершілік заманда  елшілікке жүріп, көршілес екі елдің  арасын уақытша болса  да бітімге келтірген парасатты мәмлегер. Қазыбек би замандастары Төле би, Әйтеке билермен бірге қазақ рулары мен тайпаларын Тәуке ханның қол астына топтастырып, туысқан қарақалпақ, қырғыз елдерімен одақ жасап, қазақ хандығының беделін көтерген. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек батырлармен бірге халық жасақта рын құрысып, жоңғар басқыншыларына қарсы халық-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі. Қазақ қауымының қарым-қатынасын реттейтін «Жеті жарғы» атты әдет-ғұрып заңдарының жинағын жасауға қатысты. Ол халықтың ақыл-ойын, ауыз әдебиетін, мәдениетін дамытуға игі ықпал жасаған. Өткір тілдігі мен шешендігі үшін Қаз дауысты Қазыбек атанды. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген. Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Қазақ шежіре деректері бойынша, Қазыбек Арғынның Қаракесек (Болатқожа) руынан. Сол Қаракесектің бір атасынан Бұлбұл, одан Шаншар туады. Бұларда оқыған, тоқығаны көп, ақылгөй абыз, шешен би көп өткен. 

Шаншардың екінші әйелі Айбикеден  Келдібек, Тыныбек, Жәнібек, Есіркеп (оларды ел "төрт бегі" деп те атаған) тарайды. Келдібек кезінде  аузына ел қаратқан белгілі шешен, би бопты. Ол отыз жасқа  келгенше үйленбей жүріп  алыпты. Оның себебін  ел былай аңыз етеді: Бұлбұл бабасы түсінде - сен қатын алмайсың, ешбір әйелге көзіңді салмайсың. Алатын әйелің мынадай болады: ұзын бойлы сары қыз, оң аяғы ақсақ, оң жақ құлағының түбінде танадай меңі, екі емшегінің арасында алақандай қалы болады.

Информация о работе Төле би (1663-1756)