Назарбаев Нурсултан Абишевич

Реферат, 29 Октября 2013, автор: пользователь скрыл имя

Описание


1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.

Работа состоит из  1 файл

Назарбаев.docx

— 31.83 Кб (Скачать документ)

Балалық шағы

 

1940 жылы 6 шілдеде  Іле Алатауының баурайындағы  Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен  Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында  көптен күткен ұл өмірге келді.  Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп  ат қойды.

Сәбиге ат таңдаудың  өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі  есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі  Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан  болсын».

  Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.

Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан  Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің  шаңырағында өмірге келді.

Әбіш Назарбаев  көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек  қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп  айтатын, әңгімелескен адамын зейін  қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Назарбаевтың  анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.

Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен  танысады. Ауыл арасында ән салу мен  суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын  оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

Отбасында Сұлтан деп аталған  ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл  жылдарына және соғыстан кейінгі  ауыр кезеңге тұспа-тұс келді.

  Бұл соғыстағы жеңіске миллиондаған адамды құрбан еткен алып мемлекеттің айрықша күш жұмылдырғанының арқасында қол жетті. Жарымжан күйге түскен ел үйінді арасынан шығып, енді ғана еңсесін көтерді. Жеңістен кейін бірнеше жыл өткен соң КСРО «қырғи-қабақ соғыс» деп аталған, барлық ауыртпалығы қарапайым халықтың иығына түскен  жаңа мазасыз додаға қосылды. 

  Бұл ел әлі аш-жалаңаштықтан арыла қоймаған ауыр кезең еді. Бірақ бала Нұрсұлтанның жас зердесінде сол кезеңнің қыспаққа салған қиыншылықтары ғана емес, анасының аялы алақаны мен әкесінің мейірлі жүзі де сақталып қалды. Тату отбасы, бауырлар, әке-шешесі айтқан әндер... Алатаудың әсем ақбас шыңдары, баланы еліктіретін ойындар... Оның қатарластарының бәрінің балалық шағы осылай өтті.

  Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Үйде де, бақшада да, алма бағында да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жәрдемдесті. Нұрсұлтан мал жайғарумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты. 

  Бірде Әбіш үйге арнайы жер аударылған балқарлар отбасын ертіп келді. Назарбаевтар отбасы оларды шаңырағына паналатты, жұмысқа тұруына көмектесті. Ал Әбіш Назарбаев балқарлармен тез тіл табысып, олардың тілін үйреніп алды.

Көп ұлт мекендеген Шамалған тұрғындарының бәрі де сөйтті. Ешкім ұлтқа бөлінген жоқ. Нұрсұлтан  Назарбаев кейінірек кітаптарының бірінде сен қазақсың ба, украинсың  ба, чешен әлде неміссің бе, балалардың арасында оны ешкім де есіне алмайтыны  туралы жазды: «Егер қазақ үйіне  месхеттік түріктің баспанасы жапсарлас  салынып, ал келесі үйлерде Богдан, Рихард, Олег тұрып жатса, қайтіп бөлінеді...». Ұлдар жағы тек тұрған көшелеріне қалай топтасатын. Көше-көшеге бөлініп, төбелескен кездері де болды. Бірақ  достық пен өзара көмек өмір салтына  айналған еді. 

Бастан кешкен барлық қиындықтарға қарамастан, ұлдар  мен қыздарды білімнің сиқырлы әлемі, мәнді де мағыналы, шаттыққа толы жарқын болашақ тартты да тұрды.

 

Жастық шағы

 

Теміртауға  оралғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев  өмірбаянының «жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан  мен Орталық Азиядағы алғашқы  және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия зауытының  өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас  металлург Назарбаев та қатысты. 

  Ол «Қарметте» басқа да тектес мамандықтарды игеріп, құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна цехының дипетчері, газшысы болып жұмыс істеді. Жұмыс өте ауыр еді, кейбіреулер алапат ыстық пен қиындықта шыдамай, есінен танып, мұрындарынан қан саулап жататын. Көптеген жастар осыған төзе алмай, кетіп қалды. Бірақ Назарбаев олардың қатарынан емес еді. Ол бәріне шыдауға ант берді және шыдай біліп, жұмысты дөңгелентіп әкетті. Онымен бірге қиындықтарға төтеп берген жолдастары Төлеген Юсупов пен Болат Кәрімов те жоғары білікті металлургтерге айналды.

  Жиырма жастағы Нұрсұлтан өзінің қомақты жалақысының жартысын жас балаларының мұқтаждығына жұмсасын деп, әкесіне жолдап отырды.

  Алдыңғы қатарлы жұмысшы қазақ, комсомол мүшесі ретінде Назарбаев БЛКЖО съездері мен жастар фестивальдеріне жиі жіберіліп тұрды. Ол танымал бола бастады, өндіріс үздігі Назарбаевтың суреті орталық баспасөзде де басылды. Жас металлург жұмыстастары арасында үлкен құрмет пен беделге ие болды. Сондықтан ол партияға өткеннен кейін цех парторгы болып сайланды.

 

Атқарған кызметтері

 

1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық  инженерлік академияның, Ресей Федерациясы  әлеуметтік ғылымдар академиясының  академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ  мемлекеттік ұлттық университетінің  құрметті профессоры. Беларус ғылым  академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік  университетінің құрметті профессоры.

 

1960—69 жж. — Қарағанды  металлургия зауытында жұмыс  істеді.

 

1969—73 жж. — Қарағанды  облысы Теміртау қаласындағы  партия-комсомол жұмыстарында жауапты  қызметтер атқарды. 

 

1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың  партком хатшысы. 

 

1977—79 жж. — Қарағанды  облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы. 

 

1979—84 жж. — Қазақстан  КП Орталық Комитетінің хатшысы. 

 

1984—89 жж. — Қазақ КСР  Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

 

1989—91 жж. — Қазақстан  КП ОК бiрiншi хатшысы, 

 

1990 ж. ақпан—сәуір аралығында  Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң  төрағасы болды. 

 

1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

 

1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

 

1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

 

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

 

Реформалар

 

Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары  – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік  басқару және биліктің бүкіл тармақтарының  өзара әрекет ету жүйесі – бар  ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев  есімімен тығыз байланысты. Назарбаев  басшылығымен конституциялық құрылыс  процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында  еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды  құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік  жүйе бұзылғаннан және бірегей халық  шаруашылық кешені күйрегеннен кейін  алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған  аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай  жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі  халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру  мен саяси реформалар белгіленген  өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға  көмектесті.

  1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.

  Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.

  Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.

  Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т. с. с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т. б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.

 

Шығармашылығы

 

Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар

 

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;

 

Қазақстан менеджмент институты;

 

Экономика және болжау институты;

 

Қожа Ахмет Иасауи атындағы Қазақ-түрік университеті;

 

Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті;

 

Ұлттық Мемлекеттік заң университеті;

 

Сулейман Демирал атындағы университиті;

 

Назарбаев Университетi бірқатар лицейлер мен колледждер;

 

Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр;

 

Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

 

Кітаптардың авторы

 

Н. Назарбаев бірқатар ғыл. еңбектердің  және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша  кітаптардың авторы:

 

«Важнейшее условие  интенсификации» (А., 1983);

 

«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984);

 

«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988);

 

«Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992);

 

«Стратегия ресурсосбережения  и переход к рынку» (М., 1992);

 

«Идейная консолидация общества как условие прогресса  Казахстана» (А., 1993);

 

«Нарық және әлеуметтік-экон. даму» (А., 1994);

 

«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996);

 

«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997);

 

«Тарих толқынында» (А., 1997);

 

«О времени, о судьбах, о себе…» (Лондон, 1997);

 

«Стратегия трансформации  общества и возрождение евразийской  цивилизации» (М., 2002);

 

«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002);

 

«Сындарлы он жыл» (А., 2002);

 

«В сердце Евразии» (А., 2005).

 

Басқа лауазымдары мен мансаптары

 

Экономика ғылымдарының докторы (1993);

 

ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі;

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы;

 

Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы;

 

Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы;

 

Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы;

 

Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы;

 

Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы;

 

ОБСЕ-нің бас төрағасы;

 

Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды.

 

Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.

 

Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.

Информация о работе Назарбаев Нурсултан Абишевич

Похожие темы