Мағжан Жұмабаев
Реферат, 16 Февраля 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Абайдан кейінгі дәуірдің ең атақты ақыны¬ ¬ Мағжан Жұмабаевтың ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясында алатын орны алабөтен.Әйтсе де,аяулы ақын тоталитарлық жүйе тұсында жазықсыз жазаға ұшырап,жетпіс жылға жуық шығармаларын оқуға тыйым салынып келді.
Работа состоит из 1 файл
Мағжан Жұмабаев.doc
— 30.50 Кб (Скачать документ)
Мағжан Жұмабаев
Абайдан кейінгі дәуірдің ең атақты ақыны Мағжан Жұмабаевтың ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясында алатын орны алабөтен.Әйтсе де,аяулы ақын тоталитарлық жүйе тұсында жазықсыз жазаға ұшырап,жетпіс жылға жуық шығармаларын оқуға тыйым салынып келді.Алайда коммунистік режим болып толып тұрған кезінің өзінің де ұлы суреткерді халық жадынан мүлде аластай алмады,оның үстіне нәубет заманда қашқан,үріккен елдің зәрдесі мен қойны қойнышында тау асып,теңіз кешіп,Отанынан жырақ елдерге жетіп,ара тұра кітап боп басылып, аударылып та жатты.
Пешенесіне осындай қайғылы,бірақ ақыры қайырлы болған даңқты тағдыр жазылған Мағжан Жұмабаев 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан жерінде дүниеге келеді.Әкесі Әбен әжәптәуір ауқаты бар,балаларын оқытуға мән берген көзі қарақты, көшелі кісі екен де,шешесі-үлкен оқымысты отағасының қызы-Гүлсім де сауатты,сандығына әспеттеп көнелі-жаңалы кітаптар жинап,балаларына оқытып отыратын салиқалы ана екен.
Ол замандағы қазақта
мұндай отбасылар келімді-кетімді
кісілері,айтатын әңгіме,қызықтайтын
тамашасы өзінше бір
білім-тағлым мектебі
іспеттес болатынды.Осындай
шаңырақта өмірге келген
аса зерек Мағжан бес
жасында сауат ашып,талай
кітап тауысып,ел тарихының
әңгіме-хикаяттарын
зердесіне түйіп,ана
тілінің кәусарына қанып
өседі.Он екі жасында
Қызылжардағы медресеге
оқуға түседі.Әдебиетке
ерекше ден қойып,Шығыстың
үтілдерінде(түркі,парсы,араб)
Медреседе түркі
жұртына мәшһүр
жазушы әрі оқымысты
Ғалымжан Ибрагимов
Мағжанға ерекше
ықылас танытады.Ол
сол кісінің кеңесімен
Омбыдағы мұғалімдер
семинариясына түсіп,онда
орыс және Еуропа әдебиетімен
терең танысады.19 жасар
Мағжанның *Шолпан* атты
тұңғыш жинағы 1912 жылы
Қазан қаласында жарық
көреді. Жұртшылық жинақты
ұлы Абайдың лайықты
ізбасары дүниеге келгендігінің
белгісі ретінде қабылдайды.Осыдан
былайғы жерде ақын
халқымыздың Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.
Мағжанның шығармашылық өмірбаяны,негізінен, 1910-1925 жылдар аралығын қамтиды.Сол мерзімде қазақтың ең үлкен ұлттық ақыны,бүкіл түркі әлеуметіне ортақ,даңқты шайыр ретінде танылды. Жоғарыда аталған Ғ.Ибрагимовтің өзі 1910 жылы басылған *Қазақ қызы* романына он алты жасар Мағжанның өлең шумағын эпиграф ретінде алса,20-жылдары басында – ақ Ахаң *Әдебиет танытқыш* атты теориялық еңбегінде Мағжан өлеңдерін талай рет үлгі ретінде мысалға келтіреді.Әмбебап суреткер Ж.Аймауытов Мағжан туралы классикалық зерттеу жазып,бір хатында оны *қазақ әдебиетінің көгіндегі күнге* теңейді.Бірақ кеңестік идеологияның қызғаншақ қорғаушылары ақынды үнемі сыртқа тебумен болды,ал 1923 жылы Ташкентте жинағы шыққаннан кейінгі жерде жаппай қаралауға көшті.Амалы құрып,ашынған ақын:
* Қайтуым хақ, белді буып тас қылып,
*Кет* деме, елім,енді мені басқа ұрып.
Дейтін болсаң:* Қой жырыңды,жырауым!,*
Қобызымды қирататым тасқа ұрып,-
Деп әділдік сұрап,Мәскеуден *Сәлем хат * жолдап көріп еді, қарсылыстары тағы да аяусыз қатыгездікпен У жеген қасқырсың,түзелуден деп,тарпа бас салады.
Енді міне,елінің
егемендік алып,көгінде
өз байрағы шалқуын
көксеген аяулы
ақынның арманы жүзеге
асқан оның рухы өзі
шексіз сүйген елімен
қайта мәңгілік қауышты.