Марк Тулий Цицерон

Биография, 17 Октября 2011, автор: пользователь скрыл имя

Описание


Марк Туллий Цицерон (б.э.д.106-43 жж.) – атақты адвокат, шешен, жазушы, саяси қайраткер. Цицерон Арпин қаласында дүниеге келді. Ол Римдегі грек оқытушылардан білім алды. Мектепте грек әдебиетінің классикасымен танысты –Гомердің поэмаларымен, драмалармен, шешендік сөздермен. Цицерон философиямен, грек және латын тілінде шешен сөйлеумен, грек тілінен аударумен және поэма жазумен машықтанды.

Работа состоит из  1 файл

Марк Туллий Цицерон.docx

— 20.16 Кб (Скачать документ)

Марк Туллий Цицерон (б.э.д.106-43 жж.) – атақты адвокат, шешен, жазушы, саяси қайраткер. Цицерон Арпин қаласында дүниеге келді. Ол Римдегі грек оқытушылардан білім алды. Мектепте грек әдебиетінің классикасымен танысты –Гомердің поэмаларымен, драмалармен, шешендік сөздермен. Цицерон философиямен, грек және латын тілінде шешен сөйлеумен, грек тілінен аударумен және поэма жазумен машықтанды. Грек және рим әдебиетінің синтезі Цицеронның жан-жақты шығармашылығында іске асырылды. Цицеронның өте бай әдеби мұрасы сақталды: саяси бағытта, сотта сөйлеген 58 сөзі, шешендік өнер, саясат, практикалық және теориялық философия туралы 19 трактаты, аса маңызды психологиялық құжат, латын тілінің ескерткіші және Римдегі азамат соғысы туралы деректеме болып табылатын 800-ден астам хаты бар. Цицерон адвокаттық қызметіне б.э.д. 80-ші жылдардың аяғында кірісті. 63 ж. ол консул болып сайланады, сол кезден бастап оның беделі қатты өседі: ол Сенатта басшы роль атқарады, Кіші Азияда проконсул болады. 48 ж. император Цезарь жеңгеннен кейін саясаттан қол үзіп, әдебиетпен айналысады. Сол кезде ол көптеген шығармалар жазды: риторикалық («Брут», «Шешен» - римдегі шешен өнерінің тарихы, стилі туралы), философиялық трактаттар. Цицерон рим әдебиетінде бұрын болмаған көркем философиялық прозаны жетілдіруін мақсат етті. Ол этика, метафизика, тану теориясының әр түрлі мәселелерін қамтитын және рим көпшілігін грек философиясының ең маңызды бағыттарымен таныстыратын еңбектердің сериясын шығарды. Цицеронның маңызды жетістіктерінің бірі – латын тілінде философиялық терминологиясын шығару. Б.э.д 44 ж. бастап Цицерон қайта саясатпен айналысады. Оның атақты «Филиппики» еңбегі Антонийге қарсы күрестің әдеби ескерткіші болып есептеледі («Филиппики» деген атты Цицерон грек шешені Демосфеннің Филипп Македонскийге қарсы сөздерінен алған). Цицерон еуропалық мәдениет тарихына үлкен ықпал жасады. Ол рим прозасының асқан шебері болып саналады. Оның аты шешен деген сөздің синонимі болды. Цицерон еңбектері Қайта өркендеу дәуірінде, XVII-XVIII ғғ., ХІХ ғ. да жоғары бағаға ие болды. Ол ағылшын және француз философ ағартушыларына (Дидро, Вольтер т.б.), француз революциясының жалынды шешендеріне (Марат, Робеспьер), А.Н.Радищев пен декабристерге үлкен әсер етті. Ежелгі Римдегі саяси жєне ќ±ќыќтыќ ілімдердіњ жалпы сипаттамасы. Цицеронныњ ќ±ќыќ жєне мемлекет туралы ілімі. Рим стоиктерініњ саяси жєне ќ±ќыќтыќ идеялары. Сенека. Рим юристері ќ±ќыќ табиѓаты жєне ж‰йесі туралы. Табиѓи ќ±ќыќ. Халыќтар ќ±ќыѓы. Жария жєне жеке ќ±ќыќ. Ерте христиандыќтыњ саяси жєне ќ±ќыќтыќ идеялары. Інжіл. Августинніњ саяси-ќ±ќыќтыќ ілімі. 

Ежелгі Римдегі саяси-құқықтық институттар мен көзқарастар халықтың әртүрлі топтары — патрицийлер мен плебейлер, нобилиттер (патрицийлср мен байыған плебейлер) мен кедейлер, оптиматтар (қоғамның ақсүйектер тобы) мен полярлар (төменгі халықты қолдаушылар). еріктілер мен кұлдар арасындағы өткір күрес жағдайындағы ұзақ тарихы бойында үнемі дамып отырды. 

Адамның алғашқы табиғи жағдайдан саяси өмір мен мемлекеттің, заңдар мен ойлардың пайда болуына дейін прогрессивті дамуы туралы жалпы философиялық көзқарастар Гит Лукрецийдің "Заттың табиғаты туралы" поэмасында көрініс тапты және одан әрі дамытылды. Оның бұл шығармасында адамның, табиғаттың, әлемнің және қоғамның пайда болуы туралы мәселелер материалистік түрғыда жеңіл, түбірлі түрде өлеңмен баяндалады. 

Дүниеде бәрінің негізі материя деп мойындай отырып, Лукреций "бәрі материядан шығады және бәрі сонымен өмір сүреді" деп атап көрсетеді Дінді ғылыми прогрестің кедергісі деп бөлген ол діни ұғымдарды да батыл сынға алады. Рим қоғамының  кемшіліктерін де айыптап отырып, саяси күрес пен билікті өзінің жеке басының мүддесі үшін пайдаланушылар туралы теріс пікірде болды.  

Бұл кездегі ресми христиан доктринасы мен христиандықтың саяси идеологиясының көрнекті қайраткері Аврелий Августин шешімінде схоластика қағидалары да көрініс тапты. 

 Ежелгі Римнің атақты шешен заңгері, мемлекеттік қайраткері және ойшылы Марк Туллий Цицерон б.з.д. 106 жылы туып, б.з.д. 43 жылы қайтыс болды. Ол кейінгі ұрпаққа, адамзат мәдениетіне орасан зор мұра қалдырған ұлы философ және саясаткер болды. Оның кең қамтылған шығармашылығында мемлекет пен құқық мәселелеріне көп орын берген. Бұл мәселелер оның осы тақырыпқа арнайы жазған мемлекет туралы "Құдайлардың табиғаты туралы", "Міндеттілік туралы", "Жамандық пен жақсылықтың шегі туралы" және "Заңдар туралы" еңбектерінде кең қамтылған.  

Цицерон мемлекетке халық еңбегінің жемісі рстінде анықтама берді. 

Мемлекеттін пайда болу себебі Цицерон адамдардың әлсіздігі мен қорқынышын емес, олардың туғаннан бірге жүру қажеттігіне ұмтылуынан деп есептейді. Бұл мәселе бойынша, Аристотельдің политиясын құптаған Цицерон сол кездегі мемлекеттің пайда болуының келісімдік сипаты туралы кең дамыған түсінігін жоққа шығарды. Ол мемлекет пен жеке меншіктің байланысын анықтап, мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі — жеке меншікті қорғау туралы ережені маќұлдайды. Билеушылер санына қарай Цицерон мемлекеттің қарапайым үш формасын патша билігін (монархия), оптиматтарды (аристократия) және халық билігін (демократия) атап көрсетеді.  

Табиғат құқықтары, Цицерон бойынша, жазба зандардың қайсысынан болса да ерте, тіпті мемлекетпен де ерте пайда болған.. Заңның көмегі мен күші туралы Цицерон "coт — сөилейтін заң, ал заңәлсіз сот" деген анықтама береді, яғни әділ заң "әділдігі әркімге өзіне тиістісін беруден тұрады".

Информация о работе Марк Тулий Цицерон