Франклин Делано Рузвельт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 12:24, реферат

Описание

Франклин Делано Рузвельт (30.01.1982, Хайд-Парк, Нью-Йорк штаты – 12.04.1945, Уорм-Спрингс, Джорджия штаты) – АҚШ-тың мемлекет қайраткері, 32-президенті. 1904 жылы Гарвард университетін, 1907 жылы Колумбия университетін бітіріп, заңгер мамандығын алған.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 14.53 Кб (Скачать документ)

                                                Франклин Делано Рузвельт

Франклин Делано Рузвельт (30.01.1982, Хайд-Парк, Нью-Йорк штаты – 12.04.1945, Уорм-Спрингс, Джорджия штаты) –  АҚШ-тың мемлекет қайраткері, 32-президенті. 1904 жылы Гарвард университетін, 1907 жылы Колумбия университетін бітіріп, заңгер мамандығын алған.

 

1910 жылы Демократиялық  партиядан Нью-Йорк штатының сенатына  сайланады. 1912 жылы қайта сайланады. 1913-20 жылдары АҚШ Теңіз істері  министрінің орынбасары болып  қызмет атқарады. 1928 жылы Нью-Йорк  штатының губернаторы болып сайланады  .

 

1930 жылы қайта сайланып, дағдарыс кезінде күйзелген халыққа  мемлекет тарапынан көмек беру  жүйесін құрады. 1932 жылдан бастап  президенттік сайлауларда қатарынан  төрт мәрте жеңіске жетеді. Демократтар  мен Рузвельттің елді дағдарыстан  шығару бағдарламасы «жаңа бағыт»  деп атанды. Бұл бағдарлама мемлекеттің  қаржы, экономика-әлеуметтік саласы  жан-жақты қамтылған терең жүйелі  реформа болды. Рузвельт әкімшілігінің  реформалары әлеуметтік экономикалық  мәселелерді шешуде мемлекеттің  рөлін көтереді, елдің сыртқы  саяси ұстаным, бағдарларына да  өзгерістер енгізіледі.

 

1933 жылдың қарашасында  АҚШ пен КСРО арасында дипломаттық  қатынас орнап, келіссөздер жасалады. АҚШ-тың Гитлерге қарсы одаққа  қатысуы Рузвельт есімімен тығыз  байланысты. Рузвельт АҚШ-тың Латын  Америкасы елдеріне көзқарасын  өзгертіп, 1933 жылы «Тату көрші»  саясатын жариялайды да, Гаитиден  АҚШ әскерлерін қайтарып алады.

 

1930 жылдары фашистік мемлекеттердің  басқыншылық саясат жүргізуі  және соғыс қаупінің күшеюіне  байланысты Еуропаға қатысты  саясатта Рузвельт пен оның  пікірлестері Батыс Еуропаның  демократиялық мемлекеттерімен,  оның ішінде Англиямен, жақындасу  қажет деген ойда болды. Алайда  АҚШ бейтарап саясат ұстануға  ұмтылды. 1935 жылы конгресс бейтараптылық  туралы заң қабылдайды.

 

Америкалықтар өз тарихында  тұңғыш және соңғы рет 1940 жылы Рузвельтті үшінші рет президент етіп сайлайды. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Рузвельт әкімшілігі конгресстен  бейтараптылық туралы заңды жоюға  және Англия мен Францияға әскери жабдықтар беруге мүмкіншілік алды. 1941 жылы 11 наурызда ленд-лиз туралы заң қабылданады. Бұл заң фашистік басқыншылыққа қарсы күрес жүргізіп жатқан елдерге құрал-жабдықтарды  жалға беруге рұқсат ететін заң болатын. 1943 жылы қаңтарда Касабланкада өткен  конференцияда Рузвельт Германияның, Италия және Жапонияның «сөзсіз тізе бүккеніне» дейін соғысатынын мәлімдеді. Үш ұлы держава: КСРО, АҚШ және Ұлыбритания  басшылары Тегеранда (1943 жылы 28 қарашада ) және Қырымда (1945 жылы ақпан ) өткен  конференциялар шешімдеріне қол  қойды. 1944 жылы дүниежүзілік соғыстың болып жатқандығына байланысты 4-рет  президент болып сайланған кезде  Рузвельт соғыстан кейін Ұлы державалардың  ынтымағын нығайту жөнінде пікір  ұсынды. Рузвельт мемлекет қайраткері және дипломат ретінде АҚШ саясатының соғыстан кейінгі қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосып, 20-шы саясатшы ретінде тарихта қалды.


Информация о работе Франклин Делано Рузвельт