Абу Али Ибн Сина

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 19:42, реферат

Описание

Әбу Әли ибн Сина (Abū ‘Alī al-Ḥusayn ibn ‘Abd Allāh ibn Sīnā) -ғалым, пәлсапашы, астроном, дәрігер, фармацепт. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна, ал Шығыста Аш-Шайх-ар-Раис деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.

Содержание

Мазмұны:
І. Кіріспе
Әбу Әли Ибн Синаның өмірбаяны.......................................................................4
ІІ. Негізгі бөлім
а) Медецинаға қосқан үлесі...................................................................................9
ә) Еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы....................................................................13
б) Діни ғылымы.....................................................................................................16
в) Дәрігерлік ғылымның ережесі.........................................................................18
г) Философиясы.....................................................................................................20
ІІІ. Қорытынды
Танылуы.................................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................27

Работа состоит из  1 файл

Тарих.docx

— 370.78 Кб (Скачать документ)

     Саулық  сақтау жолдарын Әбу Әли ибн Сина былай деп көрсетеді: “Дене құрылысының  гармониясын бір қалыпты ұстау, тағам мен ішімдікті талғау, дәрет  тәртібін мұхияттау, киім мен ауа  тазалығын ұстау, дене мен рух  бірлестігін көздеу, ол үшін ұйқы тәртібін бұздырмау. Дене шынықтыру үшін жаттығулар әр адамның жасына, күшіне сәйкес әрқилы болуы қажет. Орта жастағыларға салт қыдыру тиімді болса, қуаты азайған кекселерге жаяу жүрген пайдалы. Сол сияқты бозбалаға шарт тағам қарттарға зиянды болуы ықтимал. Жасы келіп қартайған шақта ұйқыны көбейту, жылы сулы бұлау қабылдау, қышқыл, тұзды тағамды азайтып, сүт қоректерін, өсімдіктерді әсіресе сарымсақ, қызылша мен капустаны көбірек пайдалану керек”, — дейді. “Канондағы” саулық сақтау үшін дәрігерлер қолданатын ережелердің ең маңыздысы — қанағат. Тамақтануда, шарап ішуде, дәрі пайдалануда, нәпсіге де, қомағайлыққа да жол бермей, қанағат ету. Әбу Әли ибн Сина қалдырған соны мұраның ішіндегі ізгісінің бірі — ауру-кеселді қоздырмас үшін күні бұрын шаралар қолдану. Бұл жөніндегі ережелер тек дәрігерлерге арналған уағыз ғана болған жоқ, ғасырлар бойы қоғамға пайдалы ережеге айналды. Мысалы, сол дәуірде ҮргенішСамарқанОтырарТараз сияқты қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз су тазарту тәртіптері өкімет тарапынан қадағаланып отырды. Бұл тәртіптер Әбу Әли ибн Синаның және оның шәкірттерінің ықпалымен жүзеге асырылды. Таң қаларлық жағдай: Әбу Әли ибн Сина кесел-аурулардың жұғуы көзге көрінбейтін өте ұсақ нәрселермен байланысты деген пікір айтты. “Бұзылған, иістенген су ішті бұзады, ал бұзылған ауа шешек, оба кеселдерін қоздырады. Аурудан сақтану үшін ауыз суды сүзіп, қайнатып ішу шарт”, — дейді ұлы ғалым. Әбу Әли ибн Сина ауру-кеселдің түрін анықтауға, жалпы оташылыққа аса көп көңіл бөлді. Әр түрлі мүшенің зақымдануы, жара, жарақат, қызба ауруларын толық сипаттап жазды. Науқастың реңі, бет-әлпеті, тамыр соғуы, зәрдің түсі мен түрі арқылы ауру кезеңін байқауды замандастарына үйрете білді. Кеудені түрткілеу арқылы өкпе нұқсанын аңғару әдісін кең пайдалана білген. Бұл диагностикалық әдіс Еуропада 18 ғ-да қайта табылып, кең өріс алды. Әбу Әли ибн Сина келтірген көптеген ауру-кеселдер сипаты осы уақытқа дейін маңызын сақтауда. Мысалы, өткен 1000 жылдың ішінде құтыру ауруының жұғу жолдары, бастамасы, қозуы тіпті өзгеріссіз деуге болады. Ал Еуропада бұл кеселдің толық белгісі тек 18 ғ-да ғана сипатталып жазылды. Көздің құрылысы мен қалай көретіндігіне оның берген ұғымы осы күнге дейін қалпында. Әбу Әли ибн Сина келте кесу (ампутация), шекебұрғылау (трепанация), қуықтан тас алу, онымен қатар жара таңу, білтелеу, сынық салу амалдарын да үйретіп кетті. Әбу Әли ибн Сина ауруды емдеуде дәріні кең қолданды, Гиппократ дәрінің 200 түрін, үнді тәбибтері 800 түрін пайдаланған болса, Әбу Әли ибн Сина дәуірінде 2600 түрлі дәрі қолданылып, оның жартысынан көбі өсімдіктерден алынған, Әбу Әли ибн Сина көптеген дәрілерді жасау, дайындау, сақтау әдістерін ұсынды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010ж.   
  2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. 
  3. Петров Б. Д. Ибн Сина (Авиценна) М., Медицина 1980г.
  4. А.В.Сагадеев «Ибн-Сина (Авиценна)»; М., «Мысль», 1980г.
  5. Ю.Н. Завадовский: “Абу Али Ибн-Сина”
  6. В.М. Воскобойников: “Великий врачеватель”
  7. Б.Д. Петров: “Ибн-Сина (Авиценна)
  8. В.А. Смирнова-Ракитина: “Повесть об Авиценне”
  9. А.А. Семенов: “Абу Али Ибн-Сина (Авиценна)”
  10.   Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
  11. 3.Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру.   /Методикалық нұсқау. А., 1990.
  12. “Канон врачебной науки”. Абу Али Ибн Сина. Часть 1, Ташкент. Издательство “Фан” академии наук Республики Узбекистан, 1994. Стр. 5-12.
  13. “Малая медицинская энциклопедия”. Редактор В. Х. Василенко. Т. 5. Издательство “Советская энциклопедия”. Москва, 1967. Стр. 652.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қосымшалар

Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) 
 
 
 

Авиценнаның ескерткіші Душанбе, Тәжікістан 
 
 
 
 

   

           1030 ж. Ибн Синаның «Дәрігерлік ғылымның ережесі» қолжасбасының көшірмесі, 1143 жылы Бағдадта жасалған.

             Азербайжан мемлекетінің  Националдық ғылым  академиясы, көшірме  институты, Баку. 
 

       

Информация о работе Абу Али Ибн Сина