Азаматтық іс жүргізу және сарапшы мен маманның құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 13:23, реферат

Описание

Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Cот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Азаматтық іс жүргізу кодексінің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.

Содержание

1.Азаматтық іс жүргізу қағидалары.
2. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі.
3. Сарапшының құқығы.
4. Маманның құқықтық жағдайы.

Работа состоит из  1 файл

Сарапшы.doc

— 74.50 Кб (Скачать документ)

     

    Азаматтық іс жүргізу және сарапшы мен маманның құқықтық жағдайы 
 
 
 
 

Жоспар: 
 

         1.Азаматтық іс жүргізу қағидалары.

         2. Азаматтық іс жүргізу құқығының  түсінігі.

           3. Сарапшының құқығы.

           4. Маманның құқықтық  жағдайы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Азаматтық іс жүргізу құқығының  қағидалары

   Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Cот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Азаматтық іс жүргізу кодексінің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.

   Соттардың адам мен азаматтың Конституцияда  баянды етілген құқықтарына және бостандықтарына қысым жасайтын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң  немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық емес деп тану жөнінде ұсыныс жасауға міндетті. Сот Конституциялық Кеңестің шешімін алған соң іс бойынша іс жүргізу қайта басталады.

   Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына  болмайды және ол заңсыз сот актілерінің  күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда белгіленгендей жауапты болады.

   Сот істі шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге органның актісі заңға сәйкес келмейді немесе ол өкілеттікті асыра  пайдаланып шығарылған деп тапқан жағдайда одан артық заң күші бар құқықтық актілерді қолданады.

   Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып шешеді.

   Егер  заң актілерінде немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шешуге міндетті.

   Азаматтық істер бойынша сот төрелігін  азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың биліктік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.

   Төтенше, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттар шешімінің заң күші болмайды және орындалуға тиісті емес.

   Өз  қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық  сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған  немесе осы Кодексте көзделген азаматтық  сот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттың шешімдері  заңсыз болады және олардың күші жойылуға тиіс.

   Азаматтық іс бойынша сот шешімдерін осы  Кодексте көзделген тәртіппен тек  тиісті соттар ғана тексеріп, қайта  қарай алады.

   Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.

   Сарапшының  құқықтары мен  міндеттері 

   Сарапшының: істің сараптама нысанасына қатысты  материалдарымен танысуға; қорытынды  беру үшін қажетті қосымша материалдарды  өзіне беру туралы өтінім жасауға; соттың рұқсатымен сот отырысына қатысуға және оған қатысушыларға сараптама нысанына қатысты сұрақтар қоюға; тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеті мен жауаптарының толық әрі дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаға енгізілуге тиісті ескертулер жасауға; сараптаманы тағайындаған соттың келісімімен, өзінің бастамасы бойынша сараптама жүргізу кезінде белгілі болған, іс үшін маңызы бар мән-жайларды қорытындыда көрсетуге; өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақ беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; сараптама жүргізу кезінде өз құқығына нұқсан келтіретін сот әрекетіне шағым жасауға; өзінің арнаулы білімінің шегінен тысқары мәселелер бойынша, сондай-ақ егер өзіне берілген материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болған жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға; сараптама жүргізу кезінде келтірілген шығындарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмесе, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға құқығы бар.

   Сарапшының: соттан басқа іске қатысушы адамдармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; сараптамалық зерттеу үшін өз бетінше материалдар жинауға; егер сараптама тағайындаған соттың оған арнаулы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқығы жоқ.

   Сарапшы соттың шақыруы бойынша келуге; өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша  негізделген және объективті қорытынды  беруге; жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақ беруге міндетті.

   Көрінеу жалған қорытынды бергені үшін сарапшы  Қазақстан Республикасы Қылмыстық  кодексінің 352-бабында көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.

   Сараптама зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкіндігі жоқтығына немесе қиындығына байланысты сотта немесе соттан тыс  жүргізіледі.

   Сараптамалық  зерттеу объектілерінің дұрыстығына  және жол берілгендігіне сот кепілдік береді.

   Сараптамалық  зерттеудің объектілері, егер олардың  көлемі және қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буылып-түйілген және мөрлеп бекітілген түрде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері тұрған орынға жеткізуді, оларға кедергісіз бара алуын және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Іске қатысушы адамдар сараптама жүргізу кезінде, соттан тыс сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы. Іске қатысушы адамдарды сараптама жүргізуге қатыстыру туралы өтініштерді сот қанағаттандырған жағдайда аталған адамдарға сараптама жүргізілетін орын мен уақыт хабарланады. Хабарландырылған адамдардың келмеуі сараптама жүргізуге кедергі келтірілмейді.  Соттан тыс сараптама жүргізу кезінде іске қатысушы адамдар болған жағдайда, сот приставының міндетті түрде қатысуын сот белгілейді. Сараптаманы жүргізу сот сараптамасы органына тапсырылған кезде сот сараптама тағайындау туралы ұйғарымды және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының ұйғарымда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер сараптама тағайындау ұйғарымында нақты сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптама тағайындаған сотқа хабарлайды. Сот сараптамасы органының басшысы сараптама жүргізуді ұйымдастырады, оны жүргізу мерзімдерін белгілейді, сараптамалық зерттеудің сапалы жүргізілуіне және сараптама объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады.  Сот сараптамасы органының басшысы сарапшыға зерттеу нәтижесін және қорытындының мазмұнын алдын ала шешетін нұсқаулар беруге құқылы емес. Сараптама жүргізуге байланысты шағындарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу Азаматтық іс жүргізу кодексінің108-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.

   Сараптама жүргізуді сарапшы жеке не сарапшылар комиссиясы жүзеге асырады. Комиссиялық  сараптама күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бір мамандықтағы бірнеше сарапшы жүргізеді.

   Сараптамалық  комиссияның мүшелері алынған нәтижелерді  бірлесіп талдайды және ортақ пікірге  келе отырып, қорытындыға қол қояды  не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның басқа мүшелерінің қорытындысымен сәйкес келмейтін сарапшы пікірін қорытындыда жеке тұжырымдайды.

   Соттың  комиссиялық сараптама жүргізу  туралы ұйғарымы сот сараптамасы  органының басшысы үшін міндетті болып табылады. Сот сараптамасы  органының басшысы табыс етілген  материалдар бойынша комиссиялық  сараптама жүргізу туралы өз бетінше  шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.

   Кешенді сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім саласының  негізінде зерттеулер жүргізу қажет  болған жағдайларда тағайындалады  және оны мамандығы әртүрлі сарапшылар өздерінің құзыреті шеңберінде жүргізеді.

   Кешенді сараптаманың қорытындысында әрбір  сарапшының қандай зерттеуді, оны қандай көлемде жүргізгені және оның қандай қорытындыға келгені көрсетілуге  тиіс. Әрбір сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөлігіне қол қояды.

   Әрбір сарапшы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықтау үшін сараптама тағайындалған мән-жайлар туралы ортақ қорытынды (қорытындылар) тұжырымдайды. Ортақ қорытындыны (қорытындыларды) алынған нәтижелерді бағалауға құзыреті бар сарапшылар ғана тұжырымдайды және оған қол қояды. Егер комиссияның түпкілікті қорытындысына немесе оның бір бөлігінде сарапшылардың бірі (жекелеген сарапшылар) анықтаған фактілер негіз болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетілуге тиіс.

   Сарапшылар  арасында келіспеушіліктер болған жағдайда зерттеулердің нәтижелері Азаматтық іс жүргізу кодексінің94-бабының үшінші бөлігіне сәйкес ресімделеді.

   Сот сараптамасы органына тапсырылған  кешенді сараптама жүргізуді  ұйымдастыру оның басшысына жүктеледі. Сот сараптамасы органының басшысы сондай-ақ табыс етілген материалдар бойынша кешенді сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.

   Сарапшының  қорытындысы - бұл сарапшының алдына сот немесе тараптар қойған мәселелер бойынша іс материалдарын зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілген заттай дәлелдемелер мен үлгілерге негізделген осы Кодексте көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар.

   Қажетті зерттеулер жүргізілгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып сарапшы (сарапшылар) өз атынан қорытынды жасап, оны өз (олардың) қолын қоюы және жеке мөрі арқылы растап, сараптама тағайындаған сотқа жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрімен куәландырылады.

   Сарапшының  қорытындысында: қашан, қай жерде, кім (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын  қызметі) қандай негізде сараптама  жүргізілгені, көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы өзіне ескертілгені туралы сарапшының қол қоюы арқылы куәландырылған белгі; сарапшының алдына қойылған сұрақтар; сараптама жүргізу кезінде кімнің қатысқаны және қандай түсініктемелер берілгені; сарапшы істің қандай материалдарын пайдаланғаны; қандай объектілердің зерттелгені; қандай зерттеулер жүргізілгені, қандай әдістер қолданылғаны және олардың қандай дәрежеде сенімді екені; қойылған сұрақтарға негізді жауаптар көрсетілуге тиіс. Егер сараптама жүргізу кезінде сарапшы іс үшін маңызы бар, олар туралы сұрақ қойылмаған мән-жайларды анықтаса, ол бұларды өз қорытындысында көрсетуге құқылы.

   Егер  зерттеу барысында Азаматтық  іс жүргізу кодексінің97-бабында аталған мән-жайлар анықталса, қорытындыда қойылған сұрақтардың бәріне немесе олардың кейбіреуіне жауап берудің мүмкін болмауының негіздемесі қамтылуға тиіс.

   Қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер, сондай-ақ фотокестелер, тәсімдер, графиктер, кестелер және сарапшының қорытындысын растайтын басқа да материалдар қоса тіркелуге тиіс. Қорытындының қосымшасына сарапшы (сарапшылар) қол қояды.

   Сарапшының  ауызша түсініктемесі ол бұрын берген қорытындының бөлігін ғана түсіндірудің дәлелдемелері болып табылады.

   Сарапшының  қорытындысы сот үшін міндетті болып  табылмайды, бірақ оның қорытындымен келіспеуі дәлелді болуға тиіс.

   Егер  сарапшының зерттеу жүргізгенге  дейін оның алдына қойылған мәселелер  өзінің арнайы білімдерінің шегінен  тыс екеніне не оған ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екеніне және олардың толықтырылуы мүмкін емес екеніне, не ғылым мен сараптама практикасының жай-күйі қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік бермейтініне көзі жетсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместегі туралы дәлелді хабарлама жазып, оны сотқа жібереді.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу және сарапшы мен маманның құқықтық жағдайы