Спид ауруы туралы жалпы мәлімет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:47, реферат

Описание

Зерттеу жұмысы Қазақстан тарихындағы әлі күнге дейін зерттелмеген тақырыптардың бірі. Тақырып мазмұнында тікелей қазіргі кезеңдегі шығыстану мен арабтану ғылымына тарихнамалық зерттеу жұмыстары жүргізілген. Елімізде шығыстану ғылымының іргесін кеңейтіп, жас ізденушілердің араб әдебиетін зерттей алатын жаңа шоғырын қалыптастыру маңызды. Қазіргі таңда елімізде шығыстанудың туын берік ұстап өзге де мемлекеттердегі шығыстанушылармен қатар тұрған ғалымдарымыз баршылық.

Работа состоит из  1 файл

Жунусбекова-stat'ya.doc

— 91.50 Кб (Скачать документ)

ӘӨЖ 903.1 (574)

Отандық шығыстану мен арабтанудың қалыптасуы тарихы

 

История формирования Отечественного востоковедение и арабистики

 

на англ.

 

Жунусбекова Г.С., Муканова А.Н.

 

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды (E-mail:gulikz@mail.ru)

 

Зерттеу жұмысы Қазақстан  тарихындағы әлі күнге дейін  зерттелмеген тақырыптардың бірі. Тақырып  мазмұнында тікелей қазіргі кезеңдегі  шығыстану мен арабтану ғылымына тарихнамалық зерттеу жұмыстары  жүргізілген. Елімізде шығыстану ғылымының іргесін кеңейтіп, жас ізденушілердің араб әдебиетін зерттей алатын жаңа шоғырын қалыптастыру маңызды. Қазіргі таңда елімізде шығыстанудың туын берік ұстап өзге де мемлекеттердегі шығыстанушылармен қатар тұрған ғалымдарымыз баршылық. Осы сала бойынша алдыға қойылған негізгі мақсат шығыстану ғылымы, оның ішінде арабтанушылардың еңбектерімен танысып оларды жалпы оқырман қауымға жеткізу.

 

Научная работа является одним  из неисследованных тем в истории  Казахстана. В статье рассматриваются вопросы историографии нынешнего востоковедения и арабистики. В нашей стране одним из важных направлении является изучение востоковедения и создание нового поколения арабистов для изучения арабской литературы. На сегодняшний день наша страна представляет таких востоковедов, которые стоят наряду с зарубежными востоковедами. Главной целью этого направления является ознакомление читателей с научными трудами востоковедов и арабистов.

 

Scientific work is one of the unexplored subjects in the history of Kazakhstan. The article examines the current historiography of Oriental and Arabic studies. In our country, one of the important direction is the study of Oriental studies and a new generation of Arabic scholars to study Arabic literature. Today our country represents such orientalists who stand along with foreign orientalists. The main purpose of this direction is to familiarize readers with the scientific work of the Orientalists and Arabists.

 

Шығыстану – Шығыс елдерінің тарихын, экономикасын, тілін, әдебиетін, өнерін, дінін, этнографиясын, философиясын зерттейтін ғылым. Ол өзінің құрамына ирантану, египеттану, моңғолтану, қытайтану, арабтану, корейтану және т.б. ғылымдарды біріктіреді. Шығыстанудың білімнің ерекше саласы ретінде пайда болуы капиталдың алғашқы қорлану дәуірі мен шығыс елдеріне еуропалық мемлекеттердің баса-көктеп кіруінің басталуымен байланысты болды. Шығыстанудың дамуына халықаралық байланыстардың жалпы кеңеюі де ықпал етті. 16 ғасырдың соңында арабтанушы Постельдің, Алдыңғы Азия тарихын жазушы Роттың, Бриссонийдің еңбектері жарық көрді. 15 ғасырда Ресейде А.Никитиннің Үндістанды сипаттауы, 1618 жылы И.Петлиннің Қытайға саяхатының қолжазбалары пайда болды. 17 ғасырдың соңында бірқатар университеттерде (Лейден, Париж, Оксфорд) шығыс қолжазбаларының айтарлықтай мөлшері жинақталып, соның нәтижесінде жазба деректерге сүйенген алғашқы жүйеге көтерілген еңбектер жарық көрді.

Батыс Еуропада ғылыми шығыстану  ХVІІІ ғасырда пайда болды. ХІХ  ғасырда ол тезірек дамыды. Біріншіден, бұл отар елдері бар мемлекеттерге Англия, Франция, Голландия, Германия және Италия мемлекеттеріне қатысты болды. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер атағынан айырылған Испания мен Португалияның шығыстанулық зерттеулері қысқарды. Шығыстанудың дамуы саяси және әлеуметтік - экономикалық бағытқа ұласты [1; 504].

Ресейде Г.С.Лебедев Еуропадағы ең алғашқы санскрит грамматикасының бірін (1801) құрастырды және бірнеше қолданыстағы үнді тілдерінің грамматикалық құрылысына сипаттама берді. 19 ғасырдағы неғұрлым көрнекті шығыстанушы Н.Я.Бичурин (Иакинф) болды. Ресей шығыстанушыларын дайындау бастапқыда Қазан университетінде (1807 жылдан), кейіннен Петербург университетінде (1819 жылдан) жүргізілді. 1818 жылы Ресей шығыс қолжазбалары мен металл ақшаларының қоймасы – Азия музейі құрылып, ол академиялық шығыстанушы орталыққа айналды [2; 305].

Шығыстанудың бір тармағын арабтану ғылымы құрайды. Арабтану - араб халықтарының тарихы мен әдебиетін, тілі мен мәдениетін зерттейтін кешенді ғылымдардың бірі. Бүгінгі арабтану ғылымы араб халықтарының тілі мен оның жазба ескерткіштерінің табиғатын тануға бағытталған. Сондықтан тіл мамандары арабтану ғылымын «араб тілін зерттейтін ғылым» деп өте тар ұғымда алып қарастырады. Дұрысына келсек, арабтану ғылымы тек араб халықтарының тілдерін зерттеумен ғана шектелмеуге тиіс. Бұл ғылым араб халықтарының тілі мен дінін, тарихы мен этнографиясын, мәдениеті мен әдебиетін, материалдық және рухани дүниесін зерттейтін сан алуан мамандарды біріктіреді. Арабтану өзінің зерттеу объектілерінің ауқымын белгілеп, зерттеу принциптерін қалыптастырып, кешенді, дербес ғылым ретінде таныла бастады.

ХІХ ғасырдың І-ші жартысында Ресейде арабтанушыларды даярлайтын алғашқы мектептер қалыптасты. Мәскеу шығыстануының қалыптасу кезеңінде А.В. Болдырев, П.Я. Петров сияқты ұстаздар арабтану ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, шығыстану мектептері Дерпт, Вильно, Петербор, Қазан университеттерінде ашылды. Бұл мектептерде арабтанушылардың алғашқы шоғыры қалыптасты. Олардың қатарында В.Ф. Гецель, А.Ф. Клейнерт., С.Ф. Жуковский, М.К. Бобровский, Т. Худжаевский, Х.М. Френ, Ф.-И. Эрдман, М. Навроцкий, А.Смирнов еңбек етіп, арабтану ғылымына қатысты еңбектер жазған [3; 298].

Аталмыш кезеңге байланысты тікелей  арабтану ғылымына байланысты Х.М. Френнің  араб деректерін зерттеудегі аудармалары  мен Б.А. Дорнның шығыстық қолжазбаларды  зерттеу жұмыстарын айтуға болады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы арабтану ғылымына қатысты М. Тантави, А.В. Болдырев, А.К. Казем-бек, И.Н. Холмогоров, В.В. Григорьев  сынды ғалымдардың еңбектерінде шығыс елдерінің тарихы, лингвистикасы, әдебиеті әр қырынан зерттелген. Бұл  ретте И.Ю. Крачковскийдің арабтану мен исламтану ғылымына қосқан үлесін айта кету маңызды. И.Ю. Крачковский «Араб поэзиясы», «Ләйлі мен Мәжнүн» сияқты шығыс туындыларын аударған. Сонымен қатар, ғалымның «Құранды» аудару еңбегі құнды зерттеу болып табылады. И.Ю. Крачковскийдің замандасы В.В. Бартольдтың еңбектері тек арабтану ғылымына ғана емес, қазақ тарихына да қатысты. В.В. Бартольд Орталық Азияға байланысты көп еңбектер қалдырды. Ғалым тарихты жазумен қатар ислам дініне байланысты ізденушілік қызмет атқарған [4; 115].

Арабтанушылар тек араб деректеріне  қатысты еңбектерді аударып қоймай, сонымен қатар мұсылман қауымының  қасиетті Құран кітабын аудару ісімен де айналысқан. Құранның алғашқы өлең түріндегі аудармасын И.Ю. Крачковскийдің шәкірті Т.А. Шумовский орындады. Бұл аудармасының ерекшелігі мәтін проза түрінде емес өлең түрінде жазылған. Аударманы мұсылман қоғамы жақсы қабылдаған. Еңбектің алғашқы басылымы Санкт –Петербургте 1995 жылы жарыққа шықты [5; 1170].

Кезекте, Құранды аударған ислам  дінінің өкілі, бұл мәдениетті жан – жақты зерттеуші, аудару барысында тек өз ұстанымдарымен жүрмей, мұсылман қоғамындағы әйгілі имамдармен кеңесе отырып аударған, Валерия Прохорова болды. Бұл аударманы жарыққа шығаруға Египеттегі әйгілі Аль – Азхар Академиясы рұқсат берген. Аударма 1991 жылы жарыққа шықты. Кейін осы ғалымдардың ізін Н.О. Османов, Э. Кулиева секілді ғалымдар жалғастырды. Олардың мақсаты Құранды адамзат қауымына барынша жан – жақты түсіндіріп, жеткізу болды [6; 128].

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін  кеңес шығыстануы Орта Азиядағы шығыстану институттары арқылы мұсылман республикаларында кәсіпқой академиялық орта қалыптастыруға тырысты. Әсіресе, Ташкент, Баку мен Душанбедегі шығыстану орталықтары нығайып әлемдік деңгейге дейін көтерілді. Еліміздің отандық (қазақ) шығыстануының қалыптасуы осы кезеңге жатады. Бұл таңда Р.Б. Сүлейменовтың атқарған қызметін айту маңызды. 1979 жылы наурызда Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтында шығыстану бөлімі ашылғаннан кейін білікті мамандар даярлана бастады. Олардың қатарына ХХ ғасырдың 50-60-жылдары В.Я. Басин, Ю.Г. Баранова, Ю.А. Зуев, Н.Н. Мингулов, К.А. Пищулина, С.К. Ибрагимов, Т. Султанов, В.П. Юдин, А.Г. Малявкин, т.б. ғалымдар араб, парсы, қытай, орыс, түркі тілдеріндегі деректерді жинап, ерте және ортағасырлық Қазақстан тарихының талай ақтаңдақ беттерін ашқаны белгілі.

Рамазан Бимашұлының Қазан төңкерісіне  дейінгі шығыстанудың көкейкесті мәселелерін  зерттеу ісіне бағыт беріп, оларды ұйымдастыру, өзара үйлестіру ісіне  жетекшілік атқарғаны өз алдына, ең алдымен бұл салада мамандар даярлау ісіне көңіл бөлді. Осы мақсатпен шығыстану бөлімінің қызметкерлері аспирантураға, стажировкаға Қазақстаннан тыс қалаларға жіберілді. Атап айтар болсақ, 1980-1981 жылдары А.А. Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университеті шығыстану факультеті араб филологиясы кафедрасында С.С. Жұбанышева стажировкадан өтті. Ол онда филология ғылымдарының докторы О.Б. Фролованың жетекшілігімен Қазақстанның орта ғасырлар тарихы бойынша араб тіліндегі деректерді оқып-зерттеуге маманданды. КСРО ҒА Шығыстану институты Ленинград бөлімшесінің аспирантурасына Қазақстанның орта ғасырлар тарихы бойынша мамандану үшін А. Сабитов жіберілді, оның ғылыми жетекшісі С.Г. Кляшторный болды. Кейінде ол КСРО ҒА Қиыр Шығыс институтында тарих ғылымдарының докторы В.С. Мясниковтың жетекшілігімен Синьцзянь тарихы бойынша стажировкадан өтіп, аспирантураға қалдырылды. 1982-1983 жылдары Москвада КСРО ҒА Шығыстану институтында аға ғылыми қызметкер К. Хафизова 1 жыл мамандықты жетілдіру курсында оқыды. КСРО ҒА Қиыр Шығыс институтының аспирантурасына К. Сыроежкин жіберіліп, қабылдау емтихандарынан табысты өтті. Москва қаласына КСРО ҒА Шығыстану институтына А. Сұлтанғалиева 2 жылдық стажировкаға жіберілді. Сондай-ақ, КСРО ҒА этнография институтында Р. Мұстафина, ал Шығыстану  институтында Ж. Мұқажанова стажировкадан өтеді.

Сонымен қатар, Қазақстаннан барған азаматтар  Мәскеу және Ленинградта білім алып, көбінесе дипломатия саласында да көзге  түсті. Олардың ішіне синолог (қытайтанушы) Қасым - Жомарт Тоқаев, индолог Ерлан Ыдырысов және арабтанушы Сайран қажы Қадыр болды. Ирантанушылар Өміртай Бітімов пен Ағыбай Смағұлов, арабтанушылар Болатхан Тайжан (марқұм), Бақтияр Тасымов, Бағдат Әміреев, Қайрат Сарыбаев, т.б. дипломаттар осы қатарда. ХХ ғасырдың басында Мәскеу мен Ленинградтағы ірі шығыстану орталықтарын басқарған Нәзір Төреқұлов пен Санжар Асфендияровтың жолын жалғастырушы қазақ ғалымдары әлі де бар. Петербург университетінде түрколог Тұрсын Сұлтанов пен Мәскеу университетіндегі Шығыстану институтын басқаратын түріктанушы Жібек Сыздықова да өз үлестерін қосып жүр. Вашингтон университетінде дәріс беретін Талант Мауқанұлы сияқты қазақ шығыстанушылары Батыста да қызмет атқарып жүр [7; 6].

80-ші жылдар басында  Р. Сүлейменов басқарған шығыстану  бөлімінің кадрлық потенциалы  нығайып, зерттеу тақырыптарының  ауқымы кеңейді. Егер 1980 жылы бөлімде  10-нан астам қызметкер болса,  арада 4 жыл өткенде олардың  саны 20-дан асып түсті. Бөлім  жұмысының ірі нәтижесі 1984 жылы «Цин империясы мен Қазақстан», атты құжаттар жинағын даярлауды аяқтау болып табылады. Жинақ КСРО ҒА Шығыстану институтында, КСРО ҒА Қиыр Шығыс институтында жақсы баға алды. Бөлім жинақтаған құжаттар 1989 жылы Москва қаласында екі том болып «Международные отношения в Центральной Азии XVII-XVIII вв.», Алматыда «Цинская империя и казахские ханства. Вторая половина XVIII-первая треть ХІХ в.» (екі бөлімнен тұрады) деген атпен Р.Б. Сүлейменовтің редакциясымен жарық көрді. Жинақ тоқырау заманында даяр болды, қайта құру тұсында жарық көрді. Сондықтан оның ішінде ресми идеологияға сәйкестендірілген ойтүйіндер кездеседі. Бұл туралы 1991 жылдың тамыз айында Көкшетау қаласында өткен «Абылай және қазақ халқының XVIII ғасырдағы ұлт-азаттық күресі» ғылыми-практикалық конференцияда М. Қозыбаев айта алды. Онда мына жолдар бар: «Тіпті 1989 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография Институты мен Ұйғыртану институты шығарған «Цинская империя и казахские ханства. Вторая половина XVIII в. – первая треть ХІХ в.» атты кітаптың кіріспесінде зерттеуші К. Хафизова былай деп жазды: «Казахские ханства представляли собой феодальные образования с несовершенными формами государственного института. В одном жузе редко правили несколько ханов, но ни один из них не имел реальной власти, попытки централизации правления в одних руках, предпринятые Абулхаиром и Аблаем, успеха не имели». Мен мұндай пікірмен қосыла алмаймын. Дербес мемлекет құру, қазақ халқының егеменді ел болуы – Абылай өмірінің түп қазығы. Қазақ тарихындағы Абылай құрған қазақ хандығы мемлекеттік дәрежеге көтерілмеді, - деу империялық ой-өлшемінің көрінісі болса керек».

Осылайша, қысқа мерзім ішінде Қазақстан ғылымының тағы бір іргелі саласы - шығыстану қалыптасып шықты. Р.Б. Сүлейменовтың іскер ұйымдастырушылық қызметімен Қазақстандық шығыстанушылар Москвадағы, Ленинградтағы, Ташкент пен Душанбедегі, Баку мен Новосібірдегі әріптестерімен шығармашылық байланыстар орнатып, күрделі зертттеулерді жүзеге асыратын дәрежеге қол жеткізді [8; 178-186].

Енді арабтанудың жалпы шығыстанудан бөлініп шығуы туралы айтатын болсақ, көп жылдық қажырлы еңбектің нәтижесінде 1977 жылы ҚазССР Президиумының Үкімімен Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде араб бөлімі ашылып, оған қазақ мектебін бітірген жас талапкерлер оқуға түсті. Ұлттық кадр дайындауға жол ашылды. Айтулы мамандыққа деген қызығушылық та құлшыныс та зор болды. Қазақстанның 10 шақты мектебінде араб тілі оқытыла бастады. Арабтанушы мамандар дайындайтын мекеме құру идеясы ертеден бар болатын. Қазақ тілі мен мәдениеті және тарихының Шығыспен байланысы мол, тамырлас болғандықтан Кеңестік кезеңде алдыңғы қатарлы зиялы қауым тіл білетін маманға қажеттілікті ерекше сезінді. Араб жазуы мен тілі және шығыс өркениеті туралы білім болмағандықтан, қазақ халқының өз тарихын игеру мүмкіндігі аз болды. Кеңестік идеологияның қырын қарағанына қарамастан, ұлтжанды адамдар араб тілін оқытуды қолға алу жолында қажырлылық танытты. Осы игілікті істі жүзеге асыруда Ө.Жәнібеков (1931-1998 жж.) пен сол кездегі С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры Ө.А.Жолдасбековтың (1931-1999 жж.) кафедра ашу жолында атқарған еңбегі ерекше болды.

Алғашқы кезеңде арабтанушы оқытушылар филология факультетінің  жалпы тіл білімі кафедрасының құрамында  жұмыс істеді. Ал, 1984 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің шығыс филология кафедрасы ретінде ашылды. Міне, нақ осы кафедра араб тілінен басқа тағы 7 тілді оқытатын Шығыстану факультетінің ашылуына негіз болды [9].

Арабтану кафедрасы 1984 жылы ҚазМУ-дың филология факультетінде құрылған және алғашқыда шығыс филологиясы кафедрасы деп аталған. Айта кету керек, факультетте араб тілі бірқатар факультеттерде Ұлы Отан соғысы жылдарында жүргізілген. Ол бағдарламаға міндетті пән ретінде кірген және оны факультеттің егде оқытушысы Х.А. Ажикеев филология және тарих факультеттерінде жүргізген. 50-жылдардың ортасында араб тілін оқуға журналистика факультетіің студенттері де мүмкіндік алған.

1977 жылдан ол мамандық ретінде кіргізілді. Араб тілін оқушылардың алғашқы тобы қазақ бөлімі студенттерінен құралды. Оның құрамында Еркен Дуанаев, Бахыт Арыстанов, Асылбек Төлегенов, Арқабай Дадебаев, Бахыт Айранбаева, Рахат Тазабекова, Зубайра Абидинова, т.б. болды. Араб тілі дәрісін Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлиев жүргізді, ал топ кураторы Гулжан Рамазановна Рамазанова болған. Одан әрі араб тілін оқушылар тобы біртіндеп кафедраның жас оқытушылары Ленинград университетінің түлектері – Надирова Гүлнәр Ермұратқызы, Жемкова Татьяна Нұрлығайыпқызы, Мамеко Феруза Ханифқызының қанатының астында өте бастаған. Бұл алғашқы бітірушілер жалпы талап пен сенімнен шыға білген.

Информация о работе Спид ауруы туралы жалпы мәлімет