Халык медицинасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:49, реферат

Описание

Мен өз тақырыбыма өте кызықтым. Себебі, менің тақырыбым, осыдан қаншама жылдар бұрын ата-бабаларымыз қолданған, халық медицинасы жайлы. Халық медициасы алі де зерттеліп келуде. Осы уақытқа дейін ашылмаған қыр-сырдлары өте көп. Қазір, 21-ғасыр болғанымен де алі де халық медицинасын қолдануда.
Мен рефератымда тақырып бойынша көп ізденіп, мынандай сұрактарға жауап таптым:
Емшілер дегендер кімдер?
Олар қандай қызмет атқарады?
Халық медицинасында жиі қолданылатын дәрілік өсімдіктер жайлы.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Медицина деген не?
Медицина тарихы.
Қазақ халық медицинасы және тілі
Халық емшісі дегеніміз кім?
Халық емшісі болу үшін қандай міндеттерді орындау қажет ?
Халық емшісіне қандай заңдылықты оқып білгені абзал?
Дәрілік өсімдіктер
ІІІ. Қолданылған әдебиеттер
ІV. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

халык мед.doc

— 106.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Медицина деген не?
  2. Медицина тарихы.
  3. Қазақ халық медицинасы және тілі
  4. Халық емшісі дегеніміз кім?
  5. Халық емшісі болу үшін қандай міндеттерді орындау қажет ?
  6. Халық емшісіне қандай заңдылықты оқып білгені абзал?
  7. Дәрілік өсімдіктер

ІІІ. Қолданылған әдебиеттер

ІV. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Мен өз тақырыбыма өте  кызықтым. Себебі, менің тақырыбым, осыдан қаншама жылдар бұрын ата-бабаларымыз  қолданған, халық медицинасы жайлы. Халық медициасы алі де зерттеліп келуде. Осы уақытқа дейін ашылмаған қыр-сырдлары өте көп. Қазір, 21-ғасыр болғанымен де алі де халық медицинасын қолдануда.

Мен рефератымда тақырып бойынша көп ізденіп, мынандай сұрактарға жауап таптым:

  1. Емшілер дегендер кімдер?
  2. Олар қандай қызмет атқарады?
  3. Халық медицинасында жиі қолданылатын дәрілік өсімдіктер жайлы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Медицина(лат. Medicina — дәрігерлік, емдік) — адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

Тарихы

Археологиялық және этнографиялық деректер (Павлодар-Ертіс өңіріндегі Қараоба обасынан табылған әйелдің, Батыс Қазақстандағы Сайқын станциясы маңынан табылған ер адамның, Тараз қаласы төңірегінен табылған жауынгердің бассүйектері; Орталық Қазақстандағы Қарабие мекенінен табылған адамның қаңқасы) Қазақстанда өмір сүрген емші-дәрігерлер емдеу ісімен, әсіресе, хирургилық әдістермен ертеден-ақ таныс болғандығын көрсетеді. Орта ғасырларда қазіргі республика жерінде туған энциклопедист-ғалымдар (әл-Фараби,Әбу-Мансұр, Қожа Ахмет Иасауи, Мұхаммед Хайдар, тағыда басқа) медицина ғылымында елеулі із қалдырған.

Қазақ халық медицинасы және тілі

Тіршілік атаулы өз өмірін сақтау үшін күреседі.Сол күрес барысында шыңдалады, қуаты асады және ақылдырақ бола түседі. Яғни күрес үстіндегі өмірге қажетті тәжірибе жинайды.Адам баласының өз өмірі,денсаулық үшін күресі медицинаны туғызады.Ол әрине жекелеген адамдардың жеке бастың тәжірибесінен жинақталып, бүкіл халықтың жалғасты өмір сүрудегі легін құрайды.Барлық ұрпақтардың тәжірибесімен ұштасып, барған сайын молығып, баий түскен, ары халық медицинасы болып қалыптасқан. 
Қазақ елінде ұзақ тарихи өмір жолында өзінің халықтық медицинасын туындатқан. Қазақтың халық медицинасы жәйлы ойлағанда менің ойыма ылғи «тәуіп» атауы оралады.Күні кеше «тәуіп» атауына құбыжық көргендей сескене қарадық. Ал бүгін ше? Әлі де тосырқай онша ықыласты қолданбай отырмызба дейміз. 
Шынайы тәуіп не мағыналы сөз? 
Ұйғырлар біздің дәрігер атауымызды «табиб» деп атайды.Мұқият үңіліп, тереңірек көз жіберсек табиб- табу, яғни аурудың түрін ажырату,қандай ару екенін белгілеу мәнінде екендігін аңғару қиын емес. Демек табиб- диагноз қоюшы, табибия-диагностика мәнін береді деуге болады.Ал тәуіп- табиб сөзінің қазақшалағанда нұсқамасы емеспе? Өйткені түркілік тіл жүйесінде в,б,п,у дыбыстары алмас қолданыла алады.Тіпті қазақтың өзі ойлап тап,іздеп тап, мұны табу керек, мен тауып алдым, ол тауып алды, тапты деп айта береді, тіпті бұл сөзге дәлел іздеу артық. 
«Дәрігер» сөзіне келсек, бұл –дәрі жасаушы, былайша айтқанда,фармаколог мәнінде екені айқын. Ендеше дәрігер, тәуіп, емші(емкос) сөздерін мыйша былықтырып жүрген біз өзіміз ғой, өйткені тілдік тұлғалардың мән-мағынасын тереңірек байыптауға құлқымыз жоқ.Әйтпесе, қазақ атам врачты- емші, диагноз қоюшыны-тәуіп, фармакологты-дәрігер,- деп айқын ажыратып атын атаған екен. 
Осыдан қазақтың халық медицинасы әу баста-ақ үлкен үш салаға бөлінген деп пайымдаған жөн.Табибия –диагностика, дәрігерлік –фармокология , емшілік –терапия, дәрі қолдану яки басқа да әдістер арқылы ем жүргізуші екендігін ұғынуға болады. Ендеше қазақтың сонау бір ерте,ерте,ертеде озық дамыған алдыңғы қатарлы ғылыми медицинасы болды дей аламыз. 
Медицинаны ұйғырлар сақия дейді, ал қазақтар ауырып жазылған адамға сақайдың ба деседі. Бұл әбден сауықтың ба,аурудан арылдың ба дегені. Медицинаның мақсаты адам баласын аурудан арылту, толық сау денелі болуға жеткізу.Ендеше сақия қазақ тіліне жат сөз емес. Сақ, сау бір мәндес сөздер. Сондықтан бабаларымыз медицинаны сақия, яғни денсаулық сақтауға қатысты білімдер жиынтығы деп атаған. 
О бір заманда қазақ елінде дамыған медицина ғылымы болды дегенге, бәз бір достарымыз бәлкім күле қарап қолын бір-ақ сілтей салар.Олай болса бетіңізден жарылқасын, ал дәлел фактіге онда сабыр қылып ой толғайық. Белгілі ғылым медицина ғылымының докторы марқұм Естөре Оразақов 1989 жылы Алматыда ғылым баспасы шығарған «Қазақ халық медицинасы» кітабында: Әскерй дәрігер А.Ягмин (1845) халық емшілері арасында адам организмінде болатын тіршілік процесіне философиялық түйндеулер жасағандар да болғанын еңбегінде келтіреді. Олар науқасты организміндегі өзгерістеріне байланысты салқын, ыстық, құрғақ және ылғал деп төтр топқа бөлген. Емдік әдістерде организмдегі озгерістеріне байланысты салқын, ыстық,құрғақ және ылғал деп төрт топқа бөлген. Емдік әдістерде организмнің осы төрт жағдайына сәйкес жасалуы керек деп түйеді олар. Қазақ емшілерінің ауруды бұлайша төрт типке бөлуі кімдердің пікірлерімен үнделіп, қайдан бастау алып жатқанын байқаған, түсінген кезде, бұл жағдайда таң қалмасқа болмайды. 
Жаңа эраға дейінгі 460-377 жылдары өмір сүрген грек халқының ұлы перзенті, медицина атасы-Гипократ адам баласын табиғатына қарай былай бөледі: Әр адамның бір-бірінен айырмашылығы организмдегі төрт шырын –қан , сілекей, сары ет және қара еттің қасиеттеріне тікелей байланысты.Сол төтр шырынның негізін табиғаттың төрт құбылысы –жылы , салқын, құрғақ және ылғал болуынан,- деп пайымдайды. Адам баласынвң мінез-құлқымен, қызу қандылығы организмдегі сол шырынның қай түрінің басымдылығына қарай төрт жағдайда болатындығы Гипократтың пікірінше дәлелденіп, адамдар негізінен төрт топқа бөлінеді. Одан соң былай жазады «Қазақ даласында сол бір қараңғылық жағдайында дүниеге келген бұл түсінік ғылыми сипатқа ие болып отыр. Оларды ғылыми тұрғыдан орталық нерв жүйесінің типтері,.»- дейміз. Мына нәрсені де де қоса айта кету ләзім. Әйгілі ғұлама Гипократ ғылыми жұмыс-қа кіріспес бұрын көп жыл бойы сақтар ішінде болғандығын өзі атап өтеді. Ұлы ғұлама сақ еліне бос қаңғырып уақыт өткізуге келмеген әрине, ұлы адам сақ елінің емдеу тәжірибесін зерттеу үшін келді деп пайымдамақ керек. Гиппократ былай жазған. «Денесінің қандайда бір жері күйдірілмеген сақты табу қиын». Өйткені сақтар күйдіру жолымен емдеуді бірінші орынға қояды. Осындай әрі жеңіл, әрі тиімді, әрі үнемді әдісті сақтар атам заманында-ақ білгендігін ұлы ғалым айтып отыр ғой. Ол бұл күйдіу әр мүшеден кезігетінін де айта кетеді, ендеше сол бабалар «әсер ету нүктелері жайында да білген ғой». Сақтардың медициналық білім деңгейінің жоғарылығын 1976 жылы Кубан жерінен табылған бас сүйекте айғақтайды. Ғалымдар бұл бас сүйекті бұдан бес мың жыл бұрын өмір сүрген түрік жауынгері, оның миына операция жасалған, опнрациядан соң алты ай өмір сүрген деп пікір айтқан. Қазақтың дәрі- дәрмектері өзге емдері: ұшықтау ( тітіркендіру), уқалау, сипалау, ыстық өткізу, суық басу, күйдіру, оңашалау( карантин) әдістері күні бүгін ең тиімді тәсілдер болып отыр. 
Дәл бүгін ғылымда қолданылмай жүрген тағы бір тиімді әдіс бар. Ол суыну әдісі. Ауру адам( сау адамға бұл өте тиімді ) жұмыс істеп, яки жол жүріп шаршап келеді де келген бетте нәр татпай жатып қалады. Қимылсыз танығу ең кемі екі сағат болуы керек. Ең жақсысы көз шырымын алып, біраз ұйықтап алса тіаті жақсы, оданда жақсысы таң асу. Тамақ ішпей ұйықтап, таңертең бірақ ораза ашу.Бұл суыну қанды тазартады, қан айналымын жақсартады. 
Бұл әдіс малға да қолданылады, әсіресе жұмыс көлігіне, адамға малга өте пайдалы, суымалы малға ыстық шығады дейді, әр жері қышып, жүні ұйпалақтап қөзінен ірің, былшық шығады, отқа тәбеті болмайды, ет алмайды. Үзілді-кесілді пікір айтып қол сілтей салып қарқ-қарқ күлген мен іс біртейді, өмірлік фактілерге, дәлелді практикаға әлі де тереңірек үгілмек құп.» Соң күлген оң күледі» бүгін қолымызда билік, басымызда атақ тұрғанда өзімізден өзге, дүниеде жан жоқтай көрмелік. Айта берсек исі қазақ үйіне кездей соқ жылан кіріп кетсе, тостағанға сүт құйып жыланның алдына қояды, оған тиіспейді. Мұның мәнісі былай екен; ерте,ерте, ертеде Аиюп атты пайғамбар өмір сүріпті. Ол үсті басын жарақат қаптап, әр жері іріңдеп, жарылып 18 жыл азап шегіпті. Денесі сасып, шіріп, адамдар жолай алмайтындай болыпты. Оны ауылдан аулақ жеке үй тігіп, тамағын тасып беріпті. Бір күні ол тым әлсірейді, сүт құюлы әкеп тастаған тостағанға жете алмай қиналыпты. Қатты шолдеп, таңдайы шөлдеп кеуіп. Сол мезетте үйге бір жылан келеді де тостағандағы сүтке тілін малып алып қайтып кетеді. Кешке қоңыр самал ескен шақта аздап қуатталғандай болып жылжи-жылжи тостағанға жетіп, сүтті ішеді. Сол-солақ, маңдайынан бұрқ етіп тер шығып, жаны жәй тапқандай болды. Қалғып кетеді, қанша ұйықтағанан кім білсін, бір сәтте оянса, өне бойы жеп-жеңіл, сергіп сала береді. Содан құлан таза айығып, ол бүкіл өмірін емшілікке арнапты,- деседі. Демек қазіргі медицина эмблемасымен, қазақтың жыланның алдына сүт қоюына байланыс бар деуге болады. Тағы сол қазақ «тұмау түбі құрт» дейді және « сынықтан басқаның бәрі жұғады»- дейді. Құрт деп отырған көзге шалынбайтын бір клеткалы бактериялар емес пе. Бұл ауру емес бар ауру жұғады деп отыр. Еншеше сол көзге корінбейтін бактериялар ауру қоздыратынын, оны бір денеден екінші денеге тасып өршитінін біліп айтты ма, әлде надандықпен айта салды ма? 
Енді бір айтар сөз; қазақ «ем-дом»- деген сөзді жиі айтада. Ем- толық нәрлі нәрсе емшек нәр толып тұрған мүше.» Мына жердің оты еміп тұр екен. Бұл жердің толық жетілген шүйгін қалпында тұр екен дегендік. Ем-нәр, емдеу-нәрлендіру, күш-қуат қосу, денені нәрлендіру арқылы ауруды ығыстыру, денені жетілдіру, дом сөзіне келсек ол қарапайым үстірту нәрсе. Домбайлау –қарабайыр әдіспен жасау, жүрдім-бардым асығыс жасау. Домдау –қарабайыр, дөрекі жасау, сомдау –жетілген , кемістіксіз ету.Байыптап зер саларболсақ дом, до ем деген сөзден шыққандығына көз жеткізуге болады «До»,-«ем» -қазіргі айтып жүргеніміз дом –дәрігерге жеткізілгенше ауруға жеткізілетін қарапайым ем, алдын ала қолданылатын алғашқы санитарлық көмек мәнін береді. Осының өзі о баста медициналық көмек көрсетудің жоғарғы ғылыми деңгейде жолға қойылғандығынан хабар береді. »До», «ем»-ді барлық адам білуге тиіс бол-ған.»Бөсіп кеттіңіз, қазақта сөз алды қосымшасы жоқ, тіпті»до » деген қосымша қазақта атымен болған емес»,-дерсіз. 
Бұлай айту біздің тілдік құрылым жүйеміздің жеке зеріттелуімен туындайды. Біздің тілімізден сөз алды қосымшаларын оның ішінде до қосымшасын көптеп табуға болады. Мысалы, біз лық толы дейміз. Бұл қандайда бір нәрсенің жетілген деңгейі. Ал осы лық тұрғысында то қосымшасын толық дейміз. Бұл сөз барынша алдыңғы, жоғарғы деңгейге жеткенін білдіреді. Лықсып тұр, лықылдап тұр дегеніміз. Бұған то қосымшасы қосылып толықсып тұр, толқып тұр дейміз.Айта берсек толқын сөзіне де то қосымшасы кірігіп тұр.Лықылдап(лықып) тұрған нәрсе әне-міне ханасынан шып түсуге жақындап тұрған нәрсе, сұйық.Ал толық өркештеніп,бұйраланып тулап жатқан жабайы, тәртіпсіз қозғалыс то-алғашқы, алға шыққан, асып түскен дөрекі мәнінде және тез, жедел мәнге иелене алады.Мынағанда назар аударалық: қай- беткі жақ-беткей, маң-маңыз, нәр қаймақ- бетке шыққан маңыз нәр. Тамақ –алдыға келген нәр, келіп жеткен маңыз.Қыр-шөбі суық сусыз шөлейт.Тақыр- мүлде шөп өспейтін жер сияқты мысалы мың-мыңдап келтіруге болады. Сенбейсіз бе? Сенбейсіз,өйткені» шу дегенде құлағың тосаңсиды, өскен соң бұндай сөзді бұрын көрмей» деп Абай атамыз айтты емеспе. Біздің бұл әңгімені қозғау мақсатымыз, қазақтың ежелгі ғылыми ойын өз тілінен іздеуі өрістеу және ортаға қою. Өйткені қазақ елінің астраномиялық, математикалық, экономикалық, эстетикалық, философиялық, этнографиялық таным түсінігі оның өз тілдік қорында тұнып қалған күйінде сақтаулы тұр. Осы таным түсініктің інжу маржанын жаһанға жарқырыта көрсету үшін ең алдымен қазақ тілінің табиғатын ашып, оның мән-мағына, қыртыс қатпарын айқара ашып қарауымыз керек демекпіз. Қазақ тілінің табиғатын, оның құрылым құпиясын тұлғалардың формалық, мәндік тұр-ғыдан диалетикалық даму жолын ашу - бұл қазақ елінің тарихын ашу. Бұл оның дүние танымын, өмірге көз қарасын, ғылыми танымын ашу, тек сол ғана емес, дәл қазір ғылыми оқу-лықтарды қазақ тілінде сөйлету үшін, тағыда соған қоса аудармалар жасау дәлдігін арыттыруға, өзге жұрттардың рухани жетістіктерін қазақ пайымына айна қатесіз қонатын қарапайым, ұғынықты етіп баяндап беру де ұлан-ғайыр мүмкіндік тудырмақшы. Қазақ ғылыми тілін жасау үшін ең әуелі қазақ тілінің өзін бес саусақтай ғылыми негізде меңгеру қажет. Ол үшін ғылыми таңдауларды, ғылыми байыптауларды, ғылыми ой өрісін бұрыңғы қалыптасқан қасаң сар қайрақ кітаби жаттанды қағидаларды негізінде құрып, содан шыққан байырғы заңдылықтардан іздемей, одан бір сәтке болсада бой тежеп, өмірдің өзіне, тілдік фактілерге, заңды жандылықтардан іздемей, одан бір сәтке болсада бой тежеп, өмірдің өзіне, тілдік фактілерге, жанды заңдылықтарға сүйенгеніміз жөн демекпіз. 
«Қазақтың сонша дамыған ғылыми ой өрісі қайда жоғалды»,- дер бір ағайын. Оған себеп араб басқыншыларының қазақ еліне қан жоса қырғынға ұшыратып ,өктем күшпен және іріткі салу тәсілмен басып алу, сонан соң зорлықпен мұсылман дініне кіргізумен басталды. Осы себептен қазақ әуелі өзінің төлтума табиғи жазуынан айырылды, сонан соң ғылыми кітаптарынан айырылды, өзіндік оқу жүйесінен айырылды, ақыры өз тілінен өзімдікі дей алмайтын, оны түсіндіріп бере алмайтын дәрежеге құлдырады. Құлықсыз қабылдаған іслам тереңдеп, қазақ топырағына тамыр тартып орныға алмады, ақыры өз тілін өзімдікі дей алмайтын, оны түсіндіре біле алмайтын дәрежеге құлдырады. Құлықсыз қабылдаған іслам тереңдеп, қазақ топырағына тамыр тартып орныға алмады, бірлі-жарым оқу қуған оқы-мыстылар болмаса, қазақ ойының аспаны күңгірт күйінде, тұман басқан күйінен айыға алмады. Өзінің табиғатқа жақын тума дінінен қазақ қазақ қол үзіп кете алмады да, бұлдыр-бұлдыр ортада қазақ адасып жүрді.Дегенмен ғылыми ой жасалса да, ғайып болып сөнген жоқ, оның шөкім- шөкім шоғы қалың күлдің ортасында жылтырап жатыр. Соны тамызықтай білсек лаулай жөнелері хақ.

Халық емшісі дегеніміз кім ?

Халық емшісі – Алланың берген қасиеті мен құдіретінің жәрдемі арқылы әр пенденің жанын, тәнін емдеуші. Бұл кәсіптің нағыз шыңына жету үшін Алла пен адам арасындағы құпия байланысты терең зерттеп,ең алдымен Аллаhтың керемет шебер екенін ұғынуың шарт. Халық емін, емші қасиетін жүрегінде иманы ұлық ұлы бабаларымыздың өзі мойындап, қадір тұтқан. Халық емі – көненің көзі, теберігі ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасып бізге жетіп отыр.  
Халық медицинасы (емшілік)- бүгінгі медицинаның анасы !  
Адамзат медицина ғылымын оқып, зерттеп меңгерсе, халық (емшісі) Алланың қалауымен, ата-бабасының қанымен тараған қасиет арқылы меңгереді. Ол ешуақытта жасына, ұлтына, жынысына қарамайды . Дәрігер Гиппократ антын қабылдаса, халық емшісі -Алланың алдында ант берушілер !!!  
Хирург, терапевт, дерматолог, уролог, психиатр - бір мағынада дәрігер деп аталатыны тәрізді, емші, тамыршы, сынықшы, бақсы – бәрі бір мағынада халық емшісі деп аталады. Дегенмен де осы халық емшілері өздерінің мазмұны жағынан түрлі мамандықтарды игереді.  
Көріпкелдік – Алланың өзі жаратқан рентген немесе сезімтал аппарат ( УЗИ ) секілді.  
Сынықшы – Алла жіберген хирург- травматолог, нейро-хирург  
Шөппен емдеуші – фитотерапевт, провизор, дәріхана қызметкері.  
Бақсы – психиатр, невропотолог т.т.  
Тәуіп – арабша – табиб деген с?зден шыққан. Табибтің қазақшасы – дәрігер. Демек көпшілік халық емін игерген жанды да емші – тәуіп, яғни дәрігер деп атайды.

Халық емшісі болу үшін қандай міндеттерді орындау қажет ?

 
Ең басты міндет өз ісіңе жауапты  да адамгершілікпен қарау, қолыңнан келетін науқасты ғана емдеу. Ар алдында таза болу.  
Халық емшісі болу оңай емес, оқыстан келген тылсым күшті игеру үшін алдымен нәпсіңе, кейін тіліңе тиым сал. Ол шарт орындалмайынша ештеңеге қол жеткізе алмайсың. Алланың берген қасиетін берік ұстаудың ең басты жолы өзіңе-өзің есеп беріп, шүкіршілік ету, таза жүру, иман келтіру. Халық емшісі міндетті түрде құран-аяттан түскен емдік сүрелерді, мұсылманның 40-парызын, мүшелі жас, қазақша жыл қайыру, үш санының, төрт санының мағынасын, қазақша ұзындық (қалыңдық) өлшемдерін және де Ислам дінін ұстанушылар суниттер, шейіттер болып екіге бөлінетіндігін білуі қажет. Емдеу уақытында халыққа зиян келтірмей, рухани сауықтыру, адасқан жандарға жол сілтеу міндетті болып табылады.

Халық емшісіне қандай заңдылықты оқып білгені абзал?

 
Халық емшісінің адам қарайтын (ем жасайтын) өз бөлмесі болып, санитариялық жағынан сәйкес, таза, жарық адам емдеуге қолайлы болғаны дұрыс.  
Киім үлгісі өзіне ыңғайлы, және заман талабына сай, өзін ел ішіндегі жолы да жәні бөлек жандар қатарынан көрсете білгені абзал. Ең бастысы жеке басының тазалығы болып, осы талапты емделушіге де қойғаны дұрыс. Әрбір халық емшісінің жұмыс орны мен мінез - құлқы, сол халық емшісінің жан дүниесінің айнасы десек бекер болмас. Емделушіні қабылдау жеке түрде және ол күні бұрын жазылған тізіммен қабылданғаны өзіңізге де, емделушіге де ыңғайлы. Еш уақытта емделушіні үгіттеп, мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Емделу ерікті түрде жүреді. Науқастың дертін қорқынышты етіп не бопсалау (шантаж) жасап өз пайдаңды іске асыруға тиым салынады. Олай болған жағдайда заң алдында жауап береді. Емделуші жандар халық емшілеріне келгенде өз басына ғана тән, ішкі жан дүниесі сарайының кілтін тапсырып Алладан кейінге адал да пәк, таза жолдағы пендені кездестіргеніне қуанып келеді. Сондықтан халық емшілері әр уақытта сертіне берік, уәдесіне мәрт, соңынан лақап сөздер ертпегені жөн. Халық емшілері көзі ашық, көңілі ояу, іздену мен білім жетілдіру мақсаттарын бірінші сатыға қойса нұр үстіне нұр болары хақ. Келген емделушіні кекірігіңмен осқырынуыңмен үркітер болсаң, ата-бабаларымыз айтқан «Өзің диуанасың кімге пір боласың»-деген мақалы нақ осы жерге лайықты деп санар едім. Халық емшісі рухани таза, адал, халық медицинасы мен дәстүрлі медицинадан хабары бар, білімін көтеру дәрежесі мықты, ізденімпаз адам болуы керек.  
 
Қазақстан Республикасында кәсіби халық емшілерінің құқығын қорғайтын 3 – мекеме бар:  
1. қазақстан Республикасының - «Халық және рухани емшілері мекемесі». Бұл мекеме Алматы қаласы Байзақов көшесі 299 үйде орналасқан. Директоры Қазақстандағы халық медицинасының (емшіліктің) атасы Шәкен қажы Мұқанұлы Шынтаев.  
2. «Кәсіби халық емшілерінің Республикалық Ассоциациясы »- республикалық мәртебеде.  
3. «Шапағат» халық емшілерінің мекемесі. Бұл екі мекеме Астана қаласында орналасқан, Бауыржан Нұржанов басқарады.  
 
Халық емшілері үшін мына анықтамалар міндетті түрде қажет:  
1. Псих. диспансер (жүйке жүйе ауруы диспансері)  
2. Нарко. диспансер (наркологиялық диспансері )  
3. Туб. диспансер (Әкпе аурулары диспансері)  
4. Кож. вен. диспансер ( жұқпалы тері аурулары диспансері)

 

 

Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбеюіне қарай, адам осылардың кейбіреулерінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Бертін келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Яғни айтқанда, адамның тұңғыш ұстазы табиғат, алғашқы дәріханасы орман мен дала болды. Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық медицинасын ашты. 

   Ертедегі египеттіктерге алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкпар, жалбыз, тал, арша, т.б. өсімдіктердің шипалық қасиеті белгілі болған. Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның аты шыққан. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген. Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім бойынша «емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен исі аурудың сипатына сай келуі тиіс» дейді. Мысалы, сарғайып ауырған адамды сары түсті өсімдікпен, бүйрек ауруын жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет.

 

Дәрілік өсімдіктер

Алтын тамыр. Сабағы тік  өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның барлық түрінің тамыры жиналады. Дұрыс  жиналып, сақталған бұл өсімдік тамыры 2,5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамын-дағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ыр-ғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та жібереді. 
Адыраспан. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дә-рігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. 
Арша. Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы. 
Ащы мия. Оны ақ мия деп те атайды. Көп жылдық шөп тектес өсімдік. Бүкіл шөбі мен тұқымы дәрі. Басты ем болатын аурулары: жедел және созылмалы дизентерияға; асқазан ауырып, аздап запыран құсқанда; шиқан, сыздауық және басқа жарақаттың іріңдеуіне, жара-ларға; қышыма, бөріткен, ескілікті теміреткіге; ақ кір көп келуге. Улы дәрі. Абайлап қолдану қажет. 
Ащы қарбыз. Көп жылдық өрмелегіш сабақты өсімдік, ұзындығы он сантиметрдей. Тамыр түйнегі етті, сабағы көп бұтақты, мұртша ширатылып өседі. Басты ем болатын аурулары: кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына; кеуде толып, тынышсызданып ауырғанда; жүрек шаншып ауырғанда; емшек безінің шұғыл қабынуына; жұтқыншақ ауырып, үн қарлығуына. Ащы қарбыз тамыры қанды несеп ауруына ем болады. 
Арпа. Бір жылдық шөп тектес дақыл. Халық медицинасында бойға қуат беретін арпа дәнінің қайнатпасы асқазан мен ішек ауруларын, денедегі бөртпелерді жазып, бүйректегі тасты түсіріп, қуықтың қабынуына ем. 
Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен үлес. Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады. 
Женьшень. Ол тіршілік тамыры саналады. Аралия тұқымдасы панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 сантиметрдей, тамыры жуан, бұтақталған, сыртқы қабы-ғы ақ, қатты. Өте баяу өсіп, 10-11 жылдан кейін жеміс береді. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женьшеньнің тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада ор-ганизмнің жалпы тіршілік қа-білетін, ауруға төзімділігін арттырып, кейбір жүйке және жүрек – қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады. 
Мойыл. Биіктігі 3,5-8 метрлік, ағаш немесе бұталы өсімдік, жемісі – қара сүйекше. Дәрілік шикізат – жемісі. Жеміс тұнбасы жас бұзаулардың іш өтуін тоқтатады. Шыбын-шіркей, кене т.б. зиянкестерді қыру үшін ағаш қабығының тұнбасы пайдаланылады. Ол үшін ағаш қабығының 100 граммы 5 литр суға ерітіліп, шыбын-шіркейі мол жерге шашылады. 
Марал шөп тамыры. Бұғылар күз, көктемде бұл өсім-діктің тамырын тұяғымен қа-зып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры деп атап кеткен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері – көк, көкшіл түсті, шар тәрізді тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке-жеке орна-ласқан. Оны мақсыр деп те атайды. Халық ертеден бері «алтын тамыр», женьшень тәрізді әл беретін дәрі ретінде пайдаланған.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Егемен Қазақстан газеті, «Ел медицинасында жетістік көп» атты мақала, 30 маусым, 2012ж.
  2. Айқын газеті, 29 наурыз, 2011 жыл
  3. http://thenews.kz/2011/06/18/848372.html
  4. http://kk.wikipedia.org/wiki/
  5. http://kerekinfo.kz/blog/halykemi/

Информация о работе Халык медицинасы