Гормондардың биохимияда, лабораторлы диагностикадағы маңызы

Реферат, 15 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя

Описание


Гормондар (гр. hormao — қоздырамын, қозғаймын) — эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекелеген жасушалар бөлетін белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қан,лимфа) бөліп шығарады. Гормондар — өзінің химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға

Работа состоит из  1 файл

лаб.д.срс.pptx

— 74.54 Кб (Скачать документ)

Гормондардың биохимияда, лабораторлы диагностикадағы маңызы

     Гормондар (гр. hormao — қоздырамын, қозғаймын) — эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекелеген жасушалар бөлетін белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қан,лимфа) бөліп шығарады. Гормондар — өзінің химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекұсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, ұйқы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метабоддық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкагон) және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматропты гормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді.

Гормондарға оларды биологиялық белсенді заттардың басқа топтарынан ерекшелендіретін бірнеше қасиет тән:

 

 

1.     Алшақ (дистанциялық) әсер - гормондар өздері түзілген бездерден алшақ орналасқан мүшелер қызметіне әсер етеді.

2.  Өзіндік әсер - әрбір гормон организмде жүретін белгілі бір процеске ғана әсер етеді. Дегенмен, жеке мүшелер қызметіне немесе белгілі бір процесті реттеуге бірнеше гормон қатысуы мүмкін. Олардың әсеріне бірыңғай (синергиялық), не кереғар (антагонистік) болуы мүмкін

3.  Зор биологиялық белсенділік. Гормондардың аз мөлшерінің өзі үлкен биологиялық жауап тудырады. Мысалы, 1г адреналин 10 млн бақаның оқшауланған жүрегінің жиырылу күшін арттырып, жұмысын жиілетеді. 1 г инсулин 125 мың қоянда гипогликемия тудырады. 

    • 4.     Гормондар молекулалары ықшам болады, сондықтан олар капиллярлар қабырғасынан оңай өтеді.
    • 5.     Көптеген гормондарға түліктік-түрлік өзінділік сипат тән болмайды, сондықтан олардың практикада қолданылу аясы кең болады.
    • 6.     Гормондар ұлпаларда ұзақ сақталмай, тез бұзылады, сондықтан ішкі секреция бездері оларды толассыз бөліп отырады.
    • 7.     Гормондар тек тірі организмде ғана әрекет етеді, олардың әсері тірі торшалар мен құрылымдарға ғана бағытталған.
    • Адам организмінде барлық процесстер бір-бірімен тығыз байланысты. Мұнда гормондар маңызды роль атқарады. Олардың химиялық құрылыстары әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оларға ортақ қасиет – олар организмде болып жатқан процесстерге спецификалық реттеуші әсер етеді. Мысалы, инсулин, ұйқы безінің гормоны, жасушалардың глюкозамен қамтамасыз етілуіне әсер етеді, ал оның бұзылы организмде ауыр салдары болуы мүмкін. Қазіргі кездегі лабораторлы дигностика жетістіктері организмде әртүрлі гормондар мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Соның арқасында, көптеген аурулардың алдын алуға мүмкіндік туады. 

Асқазан мен ұйқы безінің  секреторлы функциясын диагностикалауда маңызды гормондар

 

    • Гастрин – ақуыз, нормада асқазанның шырышты қабатымен бөлінеді. Оның негізгі физиологиялық маңызы – асқазанда тұз қышқылының бөлінуін ынталандыру. Гастрин бөлінуі асқазан сөлінің қышқылдығы төмендегенде, тамақтанғанда, көп мөлшерде кофе ішкенде, темекі шеккенде ұлғаяды. Зерттеуді өткізу көрсеткіштері: асқазан мен он екі елі ішек жаралары, әсіресе, ұзақ уақыт емделмей, рецидивке бейім болса, көлемі үлкен болған кезде. Көп жағдайда мұндай жаралардың пайда болуы – гастрин бөлетін ісіктермен байланысты (Золингер-Эллисон синдромы) және бұл тестті өткізу маңызды ақпарат береді. Гастриннің көбеюі асқазан рагында, созылмалы гастрит, кейбір препараттарды қолданғанда (омепразол, қабынуға қарсы препараттар) және басқа да жағдайларда болуы мүмкін. Гастрин мөлшерінің төмендеуі қалқанша безінің бұзылысы мен асқазанның бір бөлігін алып тастағанда (резекция) байқалады.
    • Инсулин – маңызды гормон, көмірсулар алмасуын реттейді, ұйқы безімен бөлінеді. Инсулиннің физиологиялық маңызы – глюкозаны клеткалардың қабылдауын ынталандырады, және бұл кезде қандағы концентрациясы төмендейді. Ұйқы безінің инсулин түзетін жасушалары зақымдалғанда, I типті қант диабеті пайда болады. Керісінше, организмде инсулин бөлетін ісік (инсулинома) бар болса, қандағы глюкоза мөлшері азайып, естің бұзылуына, тіпті  комаға әкелуі мүмкін. Сондықтан, тестті өткізу гипогликемиялық жағдайлар, диабет, метаболикалық синдромды (семіздік, жасушалардың инсулинге сезімталдығын жоғалту, оның қандағы мөлшері ұлғаюымен, зат алмасу бұзылыстарымен сипатталатын жағдай) диагностикалауда маңызды. Инсулинома мен метаболикалық синдромнан басқа, инсулин мөлшерінің көп болуы II типті диабетке (инсулинге сезімталдықтың төмендеуі), Иценко-Кушинг синдромы, кейбір препараттарды қолданумен байланысты болуы мүмкін. Инсулинді анықтау аш қарынға анықтаудан басқа, жүктемелі сынамалар арқылы да анықталады.

 С-пептид – ақуызды табиғатты зат, инсулин түзілуі кезінде пайда болады. Ұйқы безінен бөлінетін инсулин мөлшерінің көрсеткіші болып табылады, сонымен қатар, тест нәтижесі инсулин препараттарын қабылдаған кезде де дұрыс болады. Тестті өткізу көрсеткіштері: қант диабеті, ұйқы безіне операциялар жасаған соң, кейде бауыр ауруларында, гипогликемиялық жағдайлар. Көрсеткіштердің жоғарылауы – ісіктің болуы, II типті диабет, жыныс бездерінің поликистозы, кейбір препараттарды қолдану (пероральды контрацептивтер), бүйрек жетіспеушілігі. С-пептид көрсеткіші төмендеуі – I типті диабет, инсулин препараттарын енгізуден болуы да мүмкін.

 Лептин – фактор, секретируемый клетками жировой ткани. Его физиологическое значение, в основном, сводится к регуляции веса тела. Так, при увеличении массы жировой ткани уровень лептина повышается, что способствует снижению аппетита и уменьшению массы тела. Напротив, при истощении происходит снижение выработки лептина, что способствует более экономному расходованию жиров. Это, в частности, может вести к снижению выработки половых гормонов и даже нарушению менструального цикла у женщин. Считается, что повышение уровня лептина является фактором, предрасполагающим к развитию диабета, а также повышает риск сосудистых осложнений. Показаниями для проведения исследования является диагностика состояний, связанных с изменением массы тела, нарушения детородной функции на фоне истощения, выявление риска сосудистой патологии, а также в некоторых случаях сахарный диабет. Повышение показателей теста характерно для ожирения и сахарного диабета II типа, снижение – для истощения и наследственного дефицита лептина.

   Медицинада қалқанша безінің функциясын көрсететін негізгі үш гормон – тиреостимулдаушы (TSH), тироксин (T4) және трииодтиронин (T3) және альдостерон мен кортизол – бүйрекүсті безінің гормондары; хориондық гонадотропин және эстрадиол – әйелдер жыныстық гормондары.

    Қанда қалқанша безінің 3 гормонының мөлшерін анықтау оның функциясына баға беруге, функциясының жоғарылауы (гипертиреоз немесе тиреотоксикоз), төмендеуін (гипотиреоз) анықтауда маңызды. Сонымен қатар гормондардың өзгерісі аурудың ерте сатыларында, аурудың белгілері әлі көрінбейтін кезде байқалады. Сондықтан, қалқанша безінің гормондарын анықтау профилактикалық мақсатта жүреді. Альдостерон мен кортизол бүйрекүсті безінің функциясының көрсеткіші, бүйрекүсті безінің және басқа да ауруларды анықтауда маңызды. Әйел жыныс гормондары жүктіліктің ерте диагностикасында, гинекологиялық аутқуларды анықтауда маңызды. Гастрин мен вазоактивті ішек полипептиді ұйқы безінің гормональды активті ісіктерін – гастринома мен випоманы анықтауда маңызды. 

Қысқартылған атауы

 Белгіленуі

Көрсеткіштер

Қалыпты мөлшер

TSH

Thyroid-stimulating hormone

Тиреостимулдаушы гормон

0-5 мкЕД/мл немесе 0-5мЕД/л

Т4

Thyroxine

Тироксин

50-120 мкг/л

Т3

Triiodo thyronine

Трииодтиронин

1,1-2,9 нмоль/л

 

Aldosterone

Альдостерон

1-21 ng/dl

 

Cortisol

Кортизол

7-25 micro-g/dl

HGG

Chorionic gonado tropins

Хориондық гонадотропин

әйелдер -<5 IU/L

Әйелдер менопауза кезінде <9 IU/L

 

Estradiol

Эстрадиол

әйелдер 3-40 ng/dl

Әйелдер менопауза кезінде      <3 ng/dl

 

Gastrin

Гастрин

<300 pg/ml

VIP

Vasoactive intestinal polypeptide

Вазоактивті ішек полипептиді

<75 pg/ml


    • Қалқанша безінің гормондары. Қалқанша безі аурулары өте көп, бірақ функциясы жоғарылауы (гипертиреоз) немесе төмендеуі (гипотиреоз) мүмкін.
    • TSH төмендеуі, Т4 және Т3 жоғарылауы
    • Гипертиреозға тән. Диффузды токсикалық зоб (Базедов ауруы), түйінді токсикалық зоб, қалқанша безінің токсикалық аденомасында болады.
    • TSH жоғарылауы, Т4 және Т3 төмендеуі    
    • Гипотиреозға тән. Мұндай өзгерістер микседема, қалқанша безінің кейбір қабынулық аурулары – тиреоидиттерде болады.

 

    • Бүйрекүсті безі гормондары.

     Aldosterone.

    • Қандағы альдостерон мөлшерінің ұлғаюы- біріншілікті және екіншілікті гиперальдостеронизмде байқалады.  Біріншілікті гиперальдостеронизм бүйрекүсті бездерінің ісігі кезінде пайда болады, екіншілікті гиперальдостеронизм жүрек жетіспеушілігі, бауыр циррозы, нефротикалық синдромы бар науқастарда пайда болады.
    • Қанда альдостерон мөлшерінің азаюы - бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі бар науқастарда (Аддисон ауруы) байқалады, әдетте кортизолдың да төмендеуімен жүреді.   Cortisol.
    • Ұлғаюы - Кушинг ауруы кезінде байқалады.
    • Азаюы - бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі кезінде (Аддисон ауруы) байқалады.
    • Әйелдердің жыныс гормондары.
    • HGG.
    • Хориондық гонадотропин мөлшерінің ұлғаюы. У женщин в детородном возрасте используется для диагностики беременности. У женщин в менопаузе может увеличиваться при опухоли хорионкарциноме.
    • Estradiol.
    • Эстрадиол - увеличение или уменьшение зависят от времени менструального цикла, увеличение может наблюдаться в середине цикла. Постоянное увеличение эстрадиола, не связанное с менструальным циклом, может быть у женщин с функционирующими фолликулярными кистами яичников или гормональноактивными опухолями яичников. Увеличение эстрадиола может быть у мужчин с задержкой развития яичек. Стойкоеуменьшение содержания эстрадиола наблюдается у женщин в менопаузе.

 


Информация о работе Гормондардың биохимияда, лабораторлы диагностикадағы маңызы

Похожие темы