Гипертониялық �ауру
Лекция, 01 Марта 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Гипертония ауруы (morbus hypertonicus) қан қысымының көтерілуінен туындайтын ауру. Гипертонияда ұсақ қан тамырларының іші тарылады да, қанның күретамырларға өту үрдісі қиындай түседі. Осының салдарынан күретамырларда қан қысымы жоғарылайды
Содержание
Кіріспе
Гипертониялық ауру туралы қысқаша мәлімет
Негізгі бөлім:
Гипертонияны тудыратын факторлар
Аурудың белгілері
Аурудың алдын-алу кеңестері
Гипертония ауруының емі
Қорытынды
Работа состоит из 1 файл
СРС каз яз Гипертония.pptx
— 1.61 Мб (Скачать документ)Гипертониялық
ауру
Орындаған: ОМ 040-2
Сраждинова М.Ш.
Тексерген: Кожахметова Ф.Б.
Жоспар:
- Кіріспе
- Гипертониялық ауру туралы қысқаша мәлімет
- Негізгі бөлім:
- Гипертонияны тудыратын факторлар
- Аурудың белгілері
- Аурудың алдын-алу кеңестері
- Гипертония ауруының емі
- Қорытынды
- Кіріспе
- Гипертония ауруы (morbus hypertonicus) қан қысымының көтерілуінен туындайтын ауру. Гипертонияда ұсақ қан тамырларының іші тарылады да, қанның күретамырларға өту үрдісі қиындай түседі. Осының салдарынан күретамырларда қан қысымы жоғарылайды.
Негізгі бөлім
Гипертонияны тудыратын факторлар
- Дененің артық салмағы. Артық салмақ дұрыс тамақтанбаудан, көп тамақ ішкеннен, ағзадағы зат алмасудың бұзылуынан туындайды. Артық салмақ жүрек-тамыр жүйесі қызметінің бұзылуының тікелей себепкері болып саналады.
- Тұзды артық тұтыну ағзада судың көп мөлшерде ұсталуына жәрдемдеседі, сол арқылы жүрек пен бүйрекке керексіз ауыртпалық түседі. Тамақпен бірге тұзды шамадан тыс тұтыну әсіресе ас қорыту, жүрек-қан тамырларының органдары ауыратын адамдарға көбірек зиян тигізеді. Жүрегі жеткіліксіз істейтін және бүйрегі ауыратын адамдарға диетада ас тұзын күрт азайтқан жөн. Өйткені, ауру жүректің қажетті мөлшердегі қанды бүйректен өткізуге шамасы жетпейді де, тұздар ағзада ұсталып қалады.
- Аз қимылды өмір салты да гипертония ауруынынң себепшісі болуы мүмкін. Үйткені іс-қимыл арқылы адамның ағзасында зат алмасу үрдісі дұрыс әрі пайдалы жүреді.Егер адам аз қимылды өмір салтын ұстанса, оның ағзасы шынықпаған, иммундық жүйесі төмен болады да бұл әр түрлі ауруларға апарып соғады.
- Алкогольді тұтыну. Алкоголь адам ағзасы үшін үлкен қатерлі дерт. Үйткені алкогольды тұтыну адамның дене мүшелеріне зиян тигізеді.Әсіресе адамның миісінің жұмысы қиындай түседі.
- Күйзелістер.Яғни адамның көңіл-күйінің болмауы, шаттық пен қуаныш сезімдерінің жоқтығы күйзеліске алып келеді. Ол адамдар үшін өте зиянды және әр түрлі аурулардың себепшісі болуы мүмкін.
Аурудың белгілері
- тез шаршау
- ұйқының бұзылуы
- ашушаңдық
- аздап бастың ауруы
- әлсіздік
- кейде себепсіз көздің қараюы
Аурудың алдын-алу кеңестері
- Үнемі дене жаттығуымен шұғылданыңыз.
- Күніне кемінде 30 минут жаяу жүріңіз.
- Алкоголь ішімдіктерін пайдалануды азайтыңыз немесе ең дұрысы - ішімдіктен бас тартыңыз.
- Күнделікті тұтынатын ас тұз мөлшерін азайтыңыз
- Мал майын, әсіресе қой мен шошқаның семіз етін қолдануды азайтыңыз.
- Артық салмақпен күресіңіз!
- Темекі шегуден шұғыл бас тартыңыз!
- Күйзеліс жағдайларының алдын алуды үйреніңіз. Мұндай жағдайларында табандылық танытыңыз, бәрін сабырға жеңілте біліңіз.
Гипертония ауруының емі
- Гипертония ауруымен
сырқаттанғандар диспансерлік байқауда болады. Көп жылғы тәжірибеге қарағанда үнемі емделіп, режимді дұрыс сақтаған жағдайда науқас ұзақ жылдар бойы жұмыс қабілеттілігін сақтайтыны дәлелдейді
Қорытынды
- Қорытыла келе, гипертония ауруын тудырмау үшін жоғарыда айтылған кеңестерді ұстану қажет. Егер де гипертония ауруына адам шалдықса, онда дәрігер айтқан нәрселердің бәрін бұлжытпай ор
ындап, режимді сақтау қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- “Емші” газеті №22 (218) 2012 29-бет
- “Емші” журналы №12 14-бет
- Қазақ энциклопедиясы
- А.Рақышев “Адам анатомиясы” І кітап-Алматы, 1994 жыл
- Б.С.Қалимурзина “Ішкі аурулар”- Алматы. 2005 жыл.
Назар салып, көргендеріңізге көп рахмет!