Бас және мойын ағзаларынан шығатын лимфа ағыны. Кеуде, іш қуыстары мен жамбас ағзаларынан шығатын лимфа ағыны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2013 в 20:09, творческая работа

Описание

І. Кіріспе
Лимфа жүйесі
ІІ. Негізгі бөлім
Лимфа жүйесінің дамуы мен құрылымы;
Лимфаның түзілуі;
Кеуде түтігі;
Дененің жеке аймақтарының лимфа тамырлары мен түйіндері;
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

бас және мойын ағзаларынан өтетін лимфа ағымы.ppt

— 3.89 Мб (Скачать документ)

          

            

          Морфологиялық пәндер кафедрасы

 

     Тақырыбы: Бас және мойын ағзаларынан шығатын лимфа ағыны. Кеуде, іш қуыстары мен жамбас ағзаларынан шығатын лимфа ағыны.

 

                                   Қабылдаған: Мурзанова Д.А

                                  Орындаған:Әшірбекова  Б.Ғ

                                  Тобы: 101 “А” МІК

                               Жоспар

І. Кіріспе

  • Лимфа жүйесі

ІІ. Негізгі бөлім

  • Лимфа жүйесінің дамуы мен құрылымы;
  • Лимфаның түзілуі;
  • Кеуде түтігі;
  • Дененің жеке аймақтарының лимфа тамырлары мен түйіндері;

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Лимфа жүйесі –тамыр жүйесінің құрам бөлігі болып табылады және вена жүйесінің қосымша арнасы сияқты, онымен тығыз байланыста дамиды, әрі құрылысы жағынан ұқсас белгілері болады.

Қызметі: лимфаны тіндерден вена арасына өткізу, иммундық реакцияға қатысатын лимфойдтық элементтерді түзу, организмді бөгде заттардан залалсыздандыру.

Лимфа өткізетін жолдар: лимфокапиллярлық тамырлар, лимфа тамырлары, сабаулар және түтіктер.

 

Лимфа жүйесі.

  • Жүйенің бастапқы звеносы - лимфа капиллярлары (vasalumphocapillaria) базалді жарғағы жоқ, жұқа эндотелиалді түтікше, қантамыр капиллярларынан айырмашылығы, ол соқыр басталады, диаметрі 10-нан 200 мкм шамасындай. Лимфа капиллярлары лимфа жүйесінің түбірлері болып саналады. Бір-бірімен анастомоз құрап, лимфа капиллярлары бүкіл ағзалар мен тіндерде әртүрлі лимфа капиллярлар торын немесе өрімін құрайды.
  • Лимфа әкелуші жолдарын келесі құрылымдық звеносы қақпақтары бар, лимфа тамырларына (vasa lumphatica) өтетін лимфа пост-капиллярлары болып табылады. Олар мүшелер қатынасына байланысты: ішкі және мүшеден тыс болып бөлінеді. Одар лимфа кері бағытымен әсер ететін, азғана қақпақ санымен сипатталады.Лимфа қантамырлары мүшелер мен олардың жанында бір-бірімен бірігіп лимфа өрімін (plexus lumphaticus) құрайды.

 

Лимфа жүйесінің дамуы  мен құрылымы.

  • Қантамырлары арқылы лимфа белгілі мүшеге немесе дене бөлігіне регионарлы лимфа түйіндеріне (nodi lumphatici) барады. Ол барьерлі фильтрациялық, иммунды қызмет атқарады. Лимфа әкелуші лимфа тамырлары бір түйіннен оның жолындағы келесі лимфа түйіндеріне, мойындағы веналық бұрышқа қарай жалпы ағыс бағытында, ішкі мойындырық пен бүғанаастылық веналардың қосылысынан құралады. Дененің ірі бөліктерінен лимфаны жинай отырып (қол-аяқ, бас, ішкі мүшелер) лимфа тамырлары ірі коллекторлық сабаулар (trunci lumphatici) және түтіктер (ductus lumphatici) құрайды. Адам денесінде 6 ірі лимфа түтіктері мен сабаулары және ұсақтары бар. Олардың 3-уі сол веналық бұрышқа (көкірек түтігі, сол мойындырық және сол бұғанаастылық сабаулар), ал 3-уі оң веналық бұрышқа (оң лимфа түтігі, оң мойындырық және сол бұғанаастылық сабаулар) құйылады.

Лимфа түйіндері лимфа  тамырлары бойында орналасып, олармен  бірге лимфа жүйесін құрайды. Олар лимфопоэз және антиденелер  түзуші ағзалар болып табылады.

       Сапиннің сипаттамасы бойынша, әрбір лимфа түйіні дәнекер тінді қапшықпен жабылған, одан түйіннің іш жағына қарай қапшық трабекулалары кетеді.

      Түйіннің бетінде түйін қақпасы орналасады. Сомалық тіндерде бір қақпадан, ал висцералды түйіндерді 3-4 қақпадан бар. Қақпа арқылы түйінге артериялар мен нервтер өтіп, веналар мен әкетуші лимфа тамырлары шығады.

 

Лимфа түйіндері.

  • 1-қапшық. 
  • 2-трабекула.
  • 3-қойнаулар.
  • 4-қыртыс зат.
  • 5-лимфоидты түйінше.
  • 6-әкелуші лимфа тамыры.
  • 7-әкетуші лимфа тамыры
  • 8-милы зат.
  • 9-лимфа түйінінің қақпасы

 

Лимфа түйіндері.

    Лимфа түйіндерінің пішіндері

 

 

1.Асбұршақтәрізді

2.Домалақ

3.Сопақша

4.Сегментті

5.Таспатәрізді

  • Ductus thoracicus- ұзындығы 30-45 см болатын тақ димфа түтігі.
  • Құрсақ қуысында ХІІ Тһ-ІІ L омыртқатұсында оң және сол жақ сабауларының бірігуінен, әкетуші лимфа тамырларының бірігуінен пайда болады. Олар лимфаны мықын лимфа түйіндерінен, аяқ пен құрсақ қабырғаларынан, ішкі құрсақтық және сегізкөз лимфа түйіндерінен алады.Кеуде түтігіне омыртқаалды, қабырғааралық, висцералді лимфа түйіндері әкетуші лимфа тамырлары құйылады.

 

Кеуде түтігі

Адамның лимфа жүйесі

Дененің жеке аймақтарының лимфа тамырлары мен түйіндері

 

  • Тұлға, бас және қол-аяқтардың (соманың) лимфа тамырлары беткей және терең болып бөлінеді. Олардың арасын сол аймақтың меншікті шандыры бөліп тұрады. Демек, беткей лимфа тамырларына – тері, теріасты  шел майы мен шандырдың біраз бөлігінің лимфа тамырлары, ал терең лимфа аталған шандырдың астындағылары жатады.

Бас және мойын лимфа  түйіндері

 

Лимфа түйіндері. Nodi lymphatici

1.Шүйделік. Occipitales

2.Емізіктәрізді түйіндер-Nodi lymphatici mastoidei

3.Шықшыт түйіндері- Nodi lymphatici parotidei (superficiales  et propundi)

4.Төменгі жақсүйекасты түйіндері.Nodi lymphatici submandibulares

5. Бет түйіндері. Nodi lymphatici faciales.

6.Иекасты түйіндері.Nodi lymphatici submentales.

7.Құлақалдындағы.Preauriculares.

8.Құлақастындағы. Infraauriculares.

 

 

 

 

Бас және мойын лимфа  түйіндері

 

  • Лимфа бас пен мойыннан оң және сол жақ мойын лимфа бағаналарына- yrunci jugulares dexter et sinister-лерге жиналады, ал олар ішкі мойындырық венасына параллелді жүре отырып, оң жақтағы бағана – ductus lymphaticus dexter-ге немесе тікелей оң жақтағы веналық бұрышқа, ал сол жақтағы бағана – ductus thoracicus немесе тікелей сол жақтағы веналық бұрышқа құяды.
  • 1.Жамбас астауы- қабырғалық түйіндер. Таз-Pelvis –Nodi parietales.
  • 2.Лимфа түйіндері. Nodi lymphatici.
  • 3.Жалпы мықынның лимфа түйіндері. Nodi lymphatici iliaci communes.
  • 4. Қолқа астындағы лимфа түйіндері. Nodi lymphatici subaortici.
  • 5. Сыртқы мықынның лимфа түйіндері. Nodi lymphatici iliaci externi.
  • 6.Бөкселік лимфа түйіндері. Nodi lymphatici gluteales.
  • 7.Сегізкөздің лимфа түйіндері. Nodi lymphatici sacrales.
  • 8.Несепқуық жанындағы лимфа түйіндері.Nodi lymphatici paravesiculares.
  • 9. Несепқуық алдындағы лимфа түйіндері. Nodi lymphatici prevesiculares.
  • 10. Несепқуық артындағы лимфа түйіндері.Nodi lymphatici postvesiculares.

 

 

 

Жамбас астауы лимфа  түйіндері

Лимфа тамырлары мен  
түйіндерінің таралу заңдылықтары.

 

 

1.Лимфа жүйесінде лимфа  дененің көп бөлігінде ауырлық  күшінің бағытына қарсы ағады,  сондықтан баяу жылжиды.

2.Соманың лимфа тамырлары  беткей және терең болып бөлінеді.

3.Барлық лимфа тамырлары  пайда болған жерінен аймақтық  лимфа түйіндеріне дейін ең  қысқа жолмен болады.

4.Соманың лимфа тамырлары  сүйектерге  параллелді жүреді.

5.Дененің сегменттік құрылысы  сақталған аймақтарында лимфа  тамырлары мен түйіндері де  сегментті орналасады.

Лимфа түйіндері лимфа тамырлары бойында орналасып, олармен бірге лимфа жүйесін құрайды.

Термин сөздер

  • Шүйденің лимфалық түйіндері. Затылочные лимфатические узлы. Nodi lymphatici occipitales
  • Ұрттың лимфалық түйіндері. Щечные лимфатические узлы. Nodi lymphatici buccales
  • Иектің лимфалық түйіндері. Подбородочные лимфатические узлы. Nodi lymphatici submentales
  • Астыңғы жақтың лимфалық түйіндері. Нижнечелюстные лимфатические узлы. Nodi lymphatici mandibulares
  • Тілдің лимфалық түйіндері. Язычные лимфатические узлы. Nodi lymphatici linguales
  • Қолтықтың лимфалық түйіндері. Подкрыльцовые лимфатические узлы. Nodi lymphatici axillares
  • Көкректің лимфалық түйіндері. Грудные лимфатические узлы. Nodi lymphatici pectorales

 

8. Шынтақтың лимфалық түйіндері. Локтевые лимфатические узлы. Nodi lymphatici cubitales

9. Өкпенің лимфалық түйіндері. Легочные лимфатические узлы. Nodi lymphatici pulmonales

10. Белдің лимфалық түйіндері. Поясничные лимфатические узлы. Nodi lymphatici lumbales

11. Бауырдың лимфалық түйіндері. Печеночные лимфатические узлы. Nodi lymphatici hepotici

12. Құрсақтың лимфалық түйіндері. Чревные лимфатические узлы. Nodi lymphatici coeliaci

13.Сегізкөздің лимфалық түйіндері. Крестцовые лимфатические узлы. Nodi lymphatici sacrales

14. Шаттың лимфалық түйіндері. Паховые лимфатические узлы. Nodi lymphatici inguinales

15. Тақымның лимфалық түйіндері. Подколенные лимфатические узлы. Nodi lymphatici poplitei

            Пайдаланған әдебиеттер

 

1.Сәтбаева Х.Қ Өтепбергенов  А.А Нілдібаева Ж.Б “Адам физиологиясы”  Алматы 2005ж

2.Алшынбай Рақышев “Адам  анатомиясы” Алматы “Білім”  1994ж

3.WWW.Google.ru

4. Ү.Ж.Жұмабаев Ә.Б Әубәкіров  “Адам анатомиясы” Атлас ІІІ-том  Астана 2005ж

 

Назар

аударғандарыңызға үлкен рахмет!!!


Информация о работе Бас және мойын ағзаларынан шығатын лимфа ағыны. Кеуде, іш қуыстары мен жамбас ағзаларынан шығатын лимфа ағыны