Жануарлардың тіршілік формалары және сыртқы ортаға бейімделуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 12:11, реферат

Описание

Жануарлар - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі - өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір клеткалы организмдер және көп клеткалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы — 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортанын эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялык өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен үштасады.

Работа состоит из  1 файл

Курсавой Мадина.docx

— 1.62 Мб (Скачать документ)

Жануарлардың  тіршілік формалары және сыртқы ортаға бейімделуі

 

Жануарлар - тірі организмдер  дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі - өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен  қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір  клеткалы организмдер және көп клеткалылар  болып екі топқа бөлінеді. Жер  бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың  жасы — 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортанын эволюциялық  дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялык  өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен үштасады.    Мысалы,   құрлық   жануарларынын  тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған  құрлық жанаурлары бұрыңғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердін архей  эрасында мұхиттарда бұдан 1-1,5 млрд. жыл  бұрын клетка формасында хлорофилсіз  амеба тәрізді талшықтылар түрінде  пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік  береді. Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан  радиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қанқалары, буылтық  құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың  да қалдықтары табылған. Жануарларда  ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс органдары, тыныс  алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай  түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы  және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, ар түрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар - ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға  азық қорлары, органикалық заттардың  ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды  және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.

Тірі ағзалардың, соның  ішінде, жан-жануарлар мен өсімдіктердің  сыртқы қоршаған ортасына бейімделуіне морфологиялық адаптацияның атқарар  ролі ерекше, яғни, ондай ерекшелікке  өмір сүрген мекен ету ортасындағы тіршілік үшін күресудегі және тіршілік іс - әрекетін ұтымды жалғастыруда өте қажет болып табылатын сыртқы құрылысы жатады.

Жануарлардың тіршілік формаларының классификациясында ғалымдар негізінен әртүрлі жүйелеу әдістерін қолданады. Соның ішінде сүтқоректілерді А.Н.Формозов және Д.Н.Кашкаров бойынша классификациялау кеңінен қолданысқа ие.

А.Н. Формозов сүтқоректілерді бірнеше топтарға жіктеді:                       1. Жерүсті формалары.                    2. Жерасты (жер қазушылар).                  3. Ағашта өмір сүретіндер.                   4. Ауада тіршілік етушілер.                   5. Суда тіршілік етушілер(кесте 1).

Кесте 1

Жануарлардың негізгі  топтарының тіршілік формалары

(Д.Н.Кашкаров бойынша)

 

Негізгі формалар

Негізгі формалардың жіктелуі

Жүзуші формалар

1. Толығымен суда мекендейтіндер: а) нектон, б) планктон, в) бентос;

2. Жартылай суда мекен  ететіндер: а) сүнгитіндер, б)  сүнгімейтіндер, в) тағамын тек  судан алатындар;

Қазушы формалар

1.Тек жерастында мекендейтіндер (тіршілік барысын тек қана  жер астында өткізетіндер);

2. Салыстырмалы түрде  жер астында мекендейтіндер (жер  үстіне шығатындар);

Жерүсті формалары

1. Ін қазбайтындар: а) жүгіретіндер, б) секіретіндер, в) жорғалайтындар;

2. Ін қазатындар: а) жүгіретіндер, б) секіретіндер, в) жорғалайтындар;

3. Жартастарда мекендейтін жануарлар;

Ағашқа өрмелеуші формалар

а) ағаштан түспейтіндер,

б) тек ағашта өрмелейтіндер;

Ауада тіршілік етушілер

а) қорегін ауада ұстайтындар,

б) қорегін аулада қарайтындар


 

Барлық жануарлардың мекен  ортасында қалыпты тіршілік етуіне мүмкіндік беретін, біртіндеп қалыптасып орныққан бейімділіктері болады.

Орта жағдайларына бейімделу  жануарлардың құрылысынан да, тіршілік әрекетінен де анық көрінеді. Мысалы, жауы құйрығынан ұстағанда сұр кесірткенің құйрығы үзіліп қалады. Шоршып, жыбырлап жатқан құйрыққа жауы алданып, қайта ұмтылғанша кесіртке жасырынып та үлгіреді, әрі оның құйрығы біраз күнде қайта өсіп, қалыптасады.  Сол сияқты, тоқылдақтың үлкен басы, өткір, қашау тәрізді мықты тұмсығы ағаш діңін ұрғылап, қалың қабықтың астындағы зиянды бунақденелілердің (насекомдардың) дернәсілдерін тілімен алып жеуге бейімделген.  Жануарлар құрылысының мекен ортасы мен тіршілік әрекетіне сәйкес келетіндігі сонша, кейбіреуінің сыртқы түріне, бейнесіне қарап-ақ оның қандай ортада тіршілік ететінін, немен қоректенетінін, қалай қозғалатынын бірден біле аламыз.

Жануарлардың бағдарлануы  — жануарлардың кеңістіктегі тіршілік ету қабілеттілігі; белгілі бір  экологиялық жағдайға бейімділігі. Бағдарланудың бірнеше түрі бар: 1) оптикалық — көптеген жәндіктердің полярланған жарық немесе ультракүлгін сәуле арқылы бағдарлануы;

2)  химиялық — кейбір  жануарлардың қорегін, жұбын иіс  арқылы дәл табуы (мысалы, жібек  көбелегінің аталығы 10 км жерден  аналығын иіс арқылы сезеді);

3)  акустикалық — жыртқыш  жануарлардың өз қорегін есту  арқылы ұстауы (мысалы, жапалақ   кеміргіштерді 15-20 м-ден сыбдыры  арқылы біледі);  

4) терморецепция—жылу арқылы  бағдарлану (мысалы,   айдаһарлар  мен қалқантұмсықты жыланның  тұмсығында жылуды   сезетін  шұңқыры болады). Көптеген төменгі  сатыдағы омыртқасыздар (мысалы, планария), жәндіктер (шыбын, қоңыз,  термиттер), сондай-ақ, құстар және  кейбір суда тіршілік ететін  сүтқоректілер Жердің магниттік  өрісі, ал балықтар бүйір сызығы  арқылы бағдарланады. Жануарлардың  бағдарлану ерекшелігін, оны атқаратын  органдардың құрылысын зерттеп  танудың ғылым үшін маңызы  зор.

Жануарлардың дауысы - бір  түрге, кейде әр түрге жататын  жануарлардың өзара бірін-бірі ажырату  және түрлі сезімін білдіру үшін шығаратын дыбыстары. Бұл көптеген жәндіктерге, балықтарға, құйрықсыз  қосмекенділерге (құрбақа, бақа), кейбір бауырымен жорғалаушьшарға (жармасқылар, хамелеондар, қолтырауындар) және барлық құстар мен сүтқоректілерге тән. Жануарлардың дыбыс диапазоны 20 Гц-20 кГц аралығында және ол тек дыбыс  аппараты арқылы ғана пайда болатын  дыбыс (шаянтәрізділерде, жәндіктерде) емес, балықтың торсылдағымен, жүзу қанатымен, құстың құйрық қауырсынымен, қанатымен, тұмсығымен (қарабауыр бұлдырық, дегелек), аяғындағы не қанатындағы арнайы аппараттарымен (түзу қанатты жәндіктер) шығаратын дыбыстары да болады. Жануарлардың сайрау, қорқу, айбат шегу, ашыққан, сескенген, жұптасу кезінде шығаратын  әр түрлі дыбыстары болады. Кейбір жануарлар дауысын ғалымдар шаруашылыққа зиян келтіретін құстарға, жәндіктерге, т.б. кейбір хайуанаттарға қарсы  пайдаланып, бау-бақшаны, егістікті  қорғайды. Мысалы, Қазақстан орнитологтары  қараторғайдың шығаратын дыбыстарын жазып алып, акустикалық әдіспен  жүзім бағының зиянкестеріне  қарсы қолдануда.

Жануарлардың жүзуі —  жануарлардың суда тіршілік етуге бейімделуінің  бір түрі. Бұл шартты және шартсыз  рефлекстер салдарынан да қалыптасады. Жануарлар жүзуге әр түрлі жағдайда бейімделген. Кейбір түрі тіршілігінің көп уақытын (су жануарлары, қосмекенділер) суда жүзіп өткізсе, құрлық жануарлары жолындағы кедергіден, судан өткенде  не суға кенет түсіп кеткенде жүзеді. Жануарлардың суда жүзіп тіршілік етуге  бейімделуі активті және пассивті болып  екі түрге бөлінеді. Активті түрінде  түрлі жүзу органдарын (қарапайымдар, құрттар — кірпікшелерін, шаянтәрізділер — мұртшаларын, құстар, ескек аяқтылар, қамшат және құндыз -аяқтарын) қозғап жүзеді. Жүзудің пассивті түрінде жануарлар  денесін әр түрлі иіп (балықтардың  көптеген түрлері, құйрықты қосмекенділер, барлық қосмекенділердің дернәсілі, жылан, сүлікт.б.), қозғап жүзеді. Жүзуге бейімділік сүтқоректілердін де арасында байқалады. Мысалы, қамшаттың, құндыздың, жұпартышқанның, су күзенінің және ондатрдың бармақтарының  арасында жарғағы болады, жүні жылтыр, су жұқпайды.

Жануарлардың қорғаныш бейімділігі  — жеке организмнің тіршілік үшін күресте сақталуына, үрпақ қалдыруына көмектесетін морфологиялық, физиологиялық  және этиологиялық ерекшеліктері. Морфологиялық  қорғаныш бейімділігі — бүркеніш реңнің барлық түрі, жануарлардың пішіні, жауынан қорғану органдары, т.б. Кейбір организмдердің лимфасы, қаны, терісі улы болуы, жағымсыз иіс (қандала, көптеген қоңыздар, құндыз, т.б.), улы зат шығаруы, денесіне қоректік зат жинап, қысқы-жазғы  ұйқыға кетуі — физиологиялық  бейімділігін көрсетеді. Жануарлардың жауынан қашуы, жасырынуы, балаларын  қорғауы, жауына ұсталып қалған кезде  құйрығын, аяғын үзіп кетуі, сондай-ақ қорқытатын дауыс, ысылдау не пішінін  өзгертіп айбат шегуі - этиологиялық бейімділігін көрсетеді.

Жануарлардың қыстап шығуы  — ауа райы суық және қоңыржай аймақтарда жануарлардың қыстың қолайсыз жағдайынан сақтануы. Қыстап шығудағы негізгі  қиыншылық - қорегін табудың қиындауы, қорек қорының азайып, сапасынын  нашарлауы. Бұл қиыншылыққа бейімделу  үшін балықтар, құстар, сүтқоректілер  қорек іздеп бір жерден екінші жерге орын ауыстырады. Кейбір жануарлар, әсіресе, жыртқыш аңдар (қасқыр, жолбарыс, барыс) қорегін іздеп бірнеше  шақырым жерге дейін кетіп  қалады. Арқар, таутеке, елік, т.б. таулы  аймақтарда мекендейтін жануарлар  қыс түсісімен қары жұқа, шөбі мол  жерлерге қоныс аударады. Сүткоректілердің кейбір түрі (сарышұнақ, суыр, жайра, т.б.) қыста қорек іздемейді, олар қысқы  ұйқыға кетеді. Қыс алдында көптеген жануарлар түлеп, семіреді. Бұл да жануарлардың қыстап шығуға бейімділігінің бірі болып саналады. Жануарлар тіршілік мекеніне қарай 2 топқа бөлінеді:  1) эвритоптық жануарлар — әр түрлі  жағдайларда тіршілік ететін түрі (мысалы, қасқыр, түлкі, қарға, т.б.). Бұлар көп  тараған, нақты мекен талғамайды, түрлі географиялық аймақтарда кездеседі; 2) стенотоптық жануарлар — белгілі  бір жерде ғана тіршілік ететіндері (мысалы, тек құмды жерде кездесетін тараққұйрық сарышұнақ немесе тек  таза, тұнық суда болатын бахтах, т.б.). Мекенін үнемі ауыстырып, бірнеше  биотопта тіршілік ететін жануарлар  да бар. Мысалы, көкқұтан биік ағаштарға  ұя салады да, өзен-көлге барып жемін  аулайды. Жануарлардың әр түрлі биотопта мекендеуі олардың белгілі бір  даму сатысына да байланысты. Мысалы, бақаның  дернәсілі суда өсіп дамиды, ал ересек бақа су жағасындағы ылғалды жерлерді мекендейді.

Жануарлардың ұшуы — организмдердің тіршілік ортасына бейімделуінің бір  түрі. Ұшу (жәндіктерді есептемегенде) өте ертеде тіршілік еткен ұшқыш  кесірткелер (птерозаврлар) топтарынан бастап байқалады. Жоғары сатыдағы омыртқалылар арасында ұшуға жақсы бейімделгендері - қырлытөсті құстар. Сүтқоректілерден тек жарқанат қана ұшуға жаксы  бейімделген. Сүтқоректілердің ішінде қалқып ұшатын түрлері де бар (мысалы, ұшар). Жауынан қорғану үшін ұшатын балықтар да кездеседі (мысалы, ұшқыш  балықтар). Ұшу жануарлардың эволюциялық  дамуында олардың әр түрлі тіршілік ортасына бейімделуінен пайда болған.

Жануарлардың қоныс аударуы (латынша mіgrаtіо — қоныс аудару) - тіршілік еткен ортасынын езгеруіне  немесе көбею кезеңіне байланысты жануарлардың мекен  ауыстыруы.  Бұл тұрақты (маусымдық не тәуліктік) және тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Маусымдық мекен ауыстыру тіршілік мекеніндегі жағдайдың әлсін-әлсін өзгеруіне немесе жануарлардың көбею кезеңіне, ал тұрақсыз мекен ауыстыру тіршілік ортасының кенет нашарлауына байланысты болады. Жануарлардың қоныс аударуы сүтқоректілер, құстар, балықтар және жәндіктер арасында жиі кездеседі. Жануарлардың қоныс аудару жолын, көбінесе, оларды таңбалау арқылы білуге болады.

Жануарлардың ұйқысы —  жылы қанды жануарлардың қолайсыз жыл  мезгілдеріне бейімделуі. Бұл кезде  олар інінде, ағаш қабығы астында, топырақ  арасында жатып, денесіне қоректік заттар қорын (салмағы 30-40% май болады) жинау  арқылы тіршілігін жалғастырады. Жануарлар  ұйқысының бірнеше түрі бар: 1) тәуліктік (мысалы, жарқанаттар, колибр, т.б.); 2) маусымдық - республикамыздың шөл, шөлейт аудандарындағы сүтқоректілердің (мысалы, зорман, суыр, сарышұнақ, т.б.) жазғы ұйқысы қысқы  ұйқыға жалғасады, сөйтіп олар ұзақ ұйқыға кетеді. Жануарлардың ұзақ ұйқыға кетуінің бірнеше себептері бар. Оның бірі ауа райының суықтығына немесе шілденің ыстығындағы қуаңшылыққа байланысты. Ұзақ ұйқыға кеткенде жануарлар қоректенбейді, сүтқоректілердің дене температурасы 5-7°С-қа дейін төмендейді. Бірақ организмде баяу да болса физиологиялық процестер  жүріп жатады; 3) ретсіз - жануарлардың тіршілігінде кенеттен пайда болған қолайсыз жағдайдың салдарынан ұйқыға кетуі (мысалы, ақтиін, жанат ит, қарлығаш, т.б.). Ұйқыға кеткен жануарлар оттектің жетіспеуіне де, денесі нен шықкан түрлі улы заттар әсеріне де, жұқпалы  ауруларға да төзімді келеді.

Жалпы жануарлардың бейімделуінде  ендікке қарай сыртқы формаларында өзгерістер көрінеді. Олар арнайы ережелер бойынша анықталып, осы өзгерістер жануарлар түрлерінде кеңінен зерттелінген.

Жануарлардың бейімделуінде  Бергман ережесі- экватордан солтүстікке қарай жылжыған сайын жануарлардың денесі соғұрлым үлкен болатындығын көрсетеді, яғни жануарлар денесінің үлкен болуы жылуды сақтап тұру қабілетін көрсетеді. Мысалы: Солтүстіктегі жануарлардың денесі оңтүстік жануарларымен салыстырғанда көлемдірек болады.

 

 

Аллен ережесі бойынша  суық аймақтарда тіршілік ететін кейбір жануарлардың мүшелері жылы жаққа қарағанда  кішірек болады (құйрығы, құлағы, мұрны). Салыстырмалы түрде қоян жануарын алсақ солтүстік аймақтардағы түлкілердің сыртқы пішінінде, кейбір дене мүшелері жылы жаққа қарағанда көлемі кішірек болады.

Информация о работе Жануарлардың тіршілік формалары және сыртқы ортаға бейімделуі