Геологиялық процестер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 12:05, реферат

Описание

Геологиялық процестер - Жердің құрамын, құрылымын, бедерін және ішкі құрылысын үнемі өзгертіп отыратын процестер жиынтығы. Бүл процестер тарихы жер қыртысының құрамы мен құрылысында немесе жербедер өзгерістерінде сақталған сол процестердің нәтижелерін зерттеу арқылы анықталады; қазіргі өтіп жатқан Геологиялық процестерді жан-жақты зерттеу де маңызды, өйткені өткен кезеңдер мен дәуірлердегі Геологиялық процестердің болмыс-бітімі осы зерттеу нәтижелерімен салыстыра саралау арқылы ұғынылады. Геологиялық процестер: эндогендік процестер және экзогендік процестер болып екі топқа жіктеледі; геологиялық нысандар бұлардың біреуінің ғана немесе екеуінің қосарлана әрекет етуі нәтижесінде де қалыптасуы мүмкін.