Таукен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түсінігі мен түрлері
Реферат, 01 Марта 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Заңды жауаптылықты құқықтық қатынастарда өз жүріс-тұрысының тек оң салдарын алу мақсатында субъектінің өз міндеттеріне қатысты жауапкершілікті қатынасы ретінде түсіндіруге болады. Заңды жауаптылық заңнамада көзделген рұқсат етілмеген әрекеттерді-тыйымдарды жасағаны және өз міндеттерін заңға сәйкес орындауға тиіс субъектінің кері, негативтік жүріс-тұрысы үшін белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы ретінде де қарастырылады.
Содержание
Негізгі бөлім:
Таукен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түсінігі
Таукен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері
Қорытынды
Работа состоит из 1 файл
Заңды жауаптылықты құқықтық қатынастарда өз жүріс.docx
— 30.60 Кб (Скачать документ)Таукен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түсінігі мен түрлері
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
- Таукен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түсінігі
- Таукен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері
Қорытынды
Кіріспе
Заңды жауаптылықты құқықтық
қатынастарда өз жүріс-тұрысының тек
оң салдарын алу мақсатында субъектінің
өз міндеттеріне қатысты жауапкершілікті
қатынасы ретінде түсіндіруге болады.
Заңды жауаптылық заңнамада көзделген
рұқсат етілмеген әрекеттерді-
Таукен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түсінігі
Заңды жауаптылықты түрлерге бөлудің негізінде құқықтың салалық орны жатады. И.С.Самощенко және М.Х.Фарухшин жазғандай, заңды жауаптылықтың түрлерінің көп болуы әртүрлі құқық салаларына тән құқықтық реттеу әдістерінің көптігін көрсетеді. Құқық салаларында реттеу әдістері де, оларды құқықтық қамтамасыз ету құралдары да, ең алдымен, салалық құқықтың реттелетін қоғамдық қатынастарының шеңберімен анықталатын өзіндік мазмұнымен және пайдалану жағдайларымен ерекшеленеді. Бұдан шығатын қорытынды, құқықтық реттеу әдістері мен оларды құқықтық қамтамасыз ету құралдары құқықтың пәнінен ажыратылмайды. Бұл ретте құқықтық қамтамасыз ету құралдары құқықтың әдісіне де, пәніне дебағынады және оларға қызмет етеді. Олар өздерінің бағыты бойынша қорғау қатынастарының шеңберін реттеуге ғана емес, сонымен қатар, жалпы мағынадағы құқықты мемлекет үшін қажетті бағытта дамытуға, оның негізгі мақсатына жетуге жағдай жасауға арналған. Ерекше атап өтетін жайт, жер құқығы нормалары жерге меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және жер қорғауды реттей отырып, олардың жүзеге асырылуын құқық бұзушыларға зияндарды өтеуді міндетін жүктеу, меншік құқығын, жер пайдалану құқығын қалпына келтіру, жерге қатысты заңсыз мәмілені жарамсыз деп тану, заңсыз алып қойылған жер учаскелерін қайтарып беру, топырақтың құнарлығын қалпына келтіру, ескерту және жазалаусияқты әдістер мен шаралар арқылы қамтамасыз етеді. Жер заңдарының нормалары талаптарды орындау мен сақтауға, яғни, субъектілердің тиісті жүріс-тұрысына қарай бағыттала отырып жасалған. Алайда, жер заңдарының қандайда бір нормаларына қатысты тиісті жүріс-тұрыс ережелерінің бұзылуы орын алған жағдайда, олардың салдарын арнайы ескерту және мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен жоюға байланысты қатынастар туындайды. Құқық бұзушыларға қолданылатын шаралардың сипатына қарай жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың келесі түрлерін ажыратуға болады – жер-құқықтық, әкімшілік, мүліктік-жер-құқықтық, қылмыстық, тәртіптік, жарғылық-тәртіптік- еңбек жауаптылығы.
Таукен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері
Жер заңдарын бұзғаны үшін жер-құқықтық жауаптылық
Соңғы жылдары жер-құқықтық әдебиетінде жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлерінің қатарында жер-құқықтық жауаптылық тұрақты орын иеленген. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-93 баптары жер заңдары бұзғаны үшін жер учаскесін алып қоюдың екі түрін қарастырады:
- Ауыл шаруашылығы өндірісіне не тұрғын үй құрылысы мен өзге де құрылысқа арналған учаске, егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе, бір жыл ішінде тиісті мақсатында пайдаланылмаған жағдайларда жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 94-бабына көзделген тәртіппен меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін. Бұл кезеңге учаскені игеруі игеруге қажетті уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкіндік бермеген өзге де мән-жайларға байланысты учаскені мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмаған уақыт кірмейді.
- Егер уасчкені пайдалану ҚР Жер кодексіне немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына белгіленген жерді ұтымды пайдалану ережелерін өрескел бұза отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер уасчке нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жері құнарлығының едәуір төмендеуіне не экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін жер учаскесі меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін.
ҚР Жер кодексінің 92-бабында
қарастырылған бірінші жағдайда
заңды жауаптылықтың
Жер заңдарын бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылық
Еңбек тәртібін бұзу деп өзіне жүктелген еңбектік міндеттерді жұмысшының кінәсі бойынша орындалмауын немесе тиісті түрде орындалмауын атайды. Жұмысшының жұмыс уақытында жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға қатысты жасаған кез-келген құқық бұзушылығы еңбек тәртібін бұзу ретінде қарастырудың объектісі болып табылады. Жұмысшыға еңбек тәртібін бұзғаны үшін жаза қолданудың негіздері болып мыналар табылады:
- Жұмысшы мен жұмыс берушінің еңбек шартымен, бұйрығымен және т.б рәсімделген еңбек байланысы;
- Жұмысшы еңбек процесінде тиісті тәртіпте орынлауға міндетті еңбек міндеттемелерінің ресми түрде жүктелуі;
- Егер еңбек тәртібін бұзу орын алса, ол заңмен белгіленген мерзім ішінде қарастырылуы мүмкін.
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни, жұмысшының өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жұмыс беруші тәртіптік жазаның келесі түрлерін қолдана алады:
- Ескерту;
- Сөгіс;
- Жеке еңбек шартын бұзу;
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жеке еңбек шартын тоқтату үшін, заңдардың талаптарына сәйкес, осы әрекет бірнеше рет орын алуы тиіс және еңбек міндеттерін өрескел түрде бұзу сипатында блдуы тиіс.
Тәртіптік жазаларды қолдану үшін мыналар қажет:
- Жұмысшыдан жазбаша түсіндірме талап етілуі тиіс;
- Тәртіптік жаза құқық бұзушылық анықталған күннен бастап бір айдың ішінде тағайындалады және құқық бұзушылық жасалған күннен бастап алты ай уақыт өткен соң тағайындалмайды;
- Әрбір құқық бұзушылық үшін тек бір әкімшілік жаза тағайындалады;
- Тәртіптік жаза тағайындау туралы бұйрық жазаға тартылған жұмысшыға қол қоб арқылы жарияланады;
- Тәртіптік жаза тағайындау кезінде жұмыс беруші жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығын, оны жасау жағдайларын, жұмысшының оған дейінгі жүріс-тұрысын, оның еңбекке деген қатынасын, сонымен қатар, тәртіптік жазаның жасалған құқық бұзушылыққа сәйкесітігін ескеруі тиіс.
Қазақстан Республикасының жер заңдары бойынша мүліктік жауаптылық
ҚР Жер кодексінің 165-бабы меншік иелері мен жер пайдаланушыларға зияндарды толық көлемде өтеуді келесі жағдайларда көздейді:
Заңға сәйкес жағдайларда:
- Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының тоқтатылуына әкелетін мемлекеттік қажеттіктер үшін жер учаскелерін алып қою(сатып алу);
- Жер пайдаланудың ерекше режимін бекітуге байланысты меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын шектеу;
- ҚР ЖК 90-бабында көзделген жерлерді алып қою;
Заңға қайшы жағдайларда:
- Меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзу;
- Топырақтың құнарлығын бұзуға, су режимін нашарлатуға, ауыл шаруашылығы өнімдері мен өсімдіктер үшін зиянды заттар бөліп шығаратын объектілер құрылысы және оларды пайдаланудың нәтижесінде жерлердің жағдайының нашарлауы;
- Уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімімен меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының тоқтатылуына алып келетін мемлекеттік қажеттіктер үшін жер учаскесін алып қою заңға сәйкес әрекет болып табылады және оның негіздері жер және басқа да заңдарда көзделген.
- Халықаралық міндеттемелер;
- Қорғаныс қажетіне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатқа арнап жер беру;
- Учаскенің астынан пайдалы қазбалардың кен орнының табылуы;
- Жол салу, электр тарату, байланыс желілері мен магистральды құбырларды тарату, сондай-ақ осы объектілерді орналастырудың басқа мүмкін нұсқаларды болмаған кезде мемлекеттік маңызы бар басқа да объектілер салу;
- Құлау қауіпті бар апатты және ескірген үйлерді бұзу;
- Қалалар мен өзге де елді мекендердің жоспарлары, аумақты аймақтарға бөлу схемалары және белгіленген тәртіппен бекітілген өзге де қала құрылысы немесе жерге орналастыру құжаттамасы.
Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелері келесі мақсаттарда берілгенде олар шығынды өтеуден босатылады:
- Елді мекендер шекарасында жеке тұрғын үй салу, мектептер, мектепке дейінгі балалар мекемелерін, емдеу орындарын және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер салу үшін;
- Мелиорациялық жүйелер салу үшін;
- Тоғандағы және көлдегі балық шаруашылықтарын, балық питомниктерін, уылдырықты балық шаруашылықтары мен балық өсіретін зауыттар салу үшін;
- Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін, іргелес жатқан жер алқаптарының жағдайын нашарлатпайтын объектілер салу үшін;
- Тозған алқаптарға, химиялық және радиоактивті заттармен ластанған жерге орман мелорациясы үшін.
Жер учаскелерін қорықтарға, ұлттық, зоологиялық және дендроголиялық парктерге, ботаникалық бақтарға, тарихи-мәдени мақсаттағы объектілерге беру кезінде де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де жағдайларда шығын өтелмейді. Шығынның мөлшері жер учаскесінің берілуіне мүдделі тұлғамен келіседі және жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін жер учаскесіне құқық беру туралы актімен рәсімделеді.
Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық
Жер заңдарын бұзғаны үшін
әкімшілік жауаптылық – бұл жер
құқық бұзушылықтары
- Ол ҚР ӘҚБК-де көзделуі тиіс;
- Ол әкімшілік құқық бұзушылықтың нақты анықталған құрамдарынан көрініс табуы тиіс.
- Жауаптылықтың субъектілері ретінде әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы заңға сәйкес әкімшілік-жер құқық бұзушылығын жасағаны үшін кінәлі деп танылған кез-келген тұлға болуы мүмкін;
- Құқық бұзушылықтың жұмыс уақытында немесе жұмыстан тыс уақытта жасалғанына қарамастан кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа кез-келген уақытта тартылады;
- Әкімшілік жауаптылықтарды заңды аталған лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдар ғана өз құзыреті шегінде жүзеге асырылады;
- Әкімшілік жауаптылық заңдарда анықталған келесі іс жүргізушілік тәртібімен қолданылады.
Жер заңдары нормаларының талаптарын бұзуды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі келесі түрлерге бөледі:
- Меншікке қол сұғатын құқық бұзушылықтар;
- Табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
- Карантиндік ережелер мен ветеринарлық қадағалауға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар;
- Қоғамдық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара режимінің және Қазақстан Республикасы аумағында жүріп-тұрудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;
- Жол шаруашылығы, байланыс және көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар;