Қазақстанның ауылшаруашылығы кешенінің даму бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2011 в 12:28, курсовая работа

Описание

Ел экономикасының қуаттылығы оның қазба байлықтары мен минералдық ресурстар базасының көлеміне емес, алысты аңғаратын экономикалық реформалар стратегиясының бәсекелестікке қабілетті жоғарғы технологиялық тауар мен сапалы қызмет жасауға жағдай туғызуға негізделген жөн.

Работа состоит из  1 файл

агро.doc

— 431.50 Кб (Скачать документ)

    Соңғы он жылдықта ауыл шаруашылығы өндірісінде  мал шаруашылығы үлесінің 1994 жылы 35 %-дан 2004 жылы 57% -ға дейін артуымен құрылымдық ілгерілеушіліктер болды (2 диаграмма). 
 
 
 
 

                                                                                                      2 – диаграмма

    

    Өндіріс салалары бойынша  ауыл шаруашылығының

    жалпы өнім құрылымы, %-бен. 
 
 
 

                                                                              

                
 
 
 
 
 
 
 

       

      Өсімдік шаруашылығының үлес салмағы 1994 жылы 65%-дан  және 1999 жылы 10% -ға шиеленіскен жағдайға дейін жетті. Бұндай құрылымдық жылжу 1995 – 1999 жылдары (1995, 1996, 1998, 1999 жж.) жиі  құрғақшылық салдарынан болды, мал  шаруашылығына қарағанда өсімдік  шаруашылығының құлдырауы айтарлықтай жылдам жүрді. Астық өндірісін мемлекеттік қолдау өндіріс көлемі мен өсімдік шаруашылығы үлесін 2003 жылы 48%-ға дейін өсіруге мүмкіндік берді, 2004 жылы ол  43%-ға дейін қысқарды, 2005 жылы төмен өнімділікке байланысты одан әрі 30%-ға дейін төмендеу күтілуде.

    2007 жылғы жағдай бойынша ауыл  шаруашылығы өндірісінде 4,2 мың  шаруа (фермерлік) қожалықтарын, 352 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары  мен 100 мың тұрғындардың жеке  қосалқы шаруашылықтарын қосқанда 4,6 мыңдай ауыл шаруашылығы құрылымдары есепте бар. 

    Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы өндірушілерінің  құрылымын талдау, АӨК-дегі қоғамдық өндіріс дағдарысы ауыл шаруашылығы  өндірісі көлемінде шаруа қожалықтары  мен тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтарының  үлес салмағының өсуіне алып келгендігін көрсетіп отыр (3 диаграмма). 
 

                                                                                                      3 – диаграмма 

Шаруашылықтар санаттары бойынша  ауыл шаруашылығы  өнімі құрылымы

2005 ж.

 
 
 
 
 
 
 

                                                                 

                                                                 

                                                         1995 ж.

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Жалпы өнім құрылымында тұрғындар шаруашылықтарының  үлесі - 1995 жылы 32%-дан 2005 жылы 65%-ға дейін, шаруа қожалықтары үлесі - 2%-дан 23%-ға дейін артты. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлес салмағы 66%-дан 12%-ға дейін қысқарды.

    Негізгі өндірушілер ұсақ тауарлы тұрғындардың жеке шаруашылықтары болып отыр. Олар ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінен  87% ет, 93% сүт, 75% жұмыртқа, 80%-дай жүн, 86% картоп, 82% көкөніс, 71% бақша өнімдерін өндіреді.

    Облыстың  қазіргі ауыл шаруашылығы экономикасы  жағдайы өндірістің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігімен сипатталады. Талдау көрсеткендей, салғырт даму мен төмен тиімділік жағдайының негізгі факторлары:

    - аграрлық бизнестің  экономикалық активті  субъектілерін қалыптастыру  үдерісінің аяқталмауы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінде орта және ірі шаруашылықтардың үлесі үлкен емес және 10%-дан артық құрамайды. Ұсақ тауарлы және табиғи өндірістің (тұрғындар шаруашылықтары) басым болуы облыстың аграрлық секторын дамытуда теріс көрініс табады: өндіріске ғылыми-техникалық ілгерілеу жетістіктерін енгізу, өндірістік үдерістерді интенсификациялау мен механизациялау мүмкіндіктері шектеледі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына бақылау төмендейді.

    - аграрлық салада  рыноктік ортаның  төмендеуі және  рыноктік конъюктураның  күрт құбылуы 

      Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің рентабельділігі экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда үлкен емес және жекелеген жылдары ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі шығынды болады (6 кесте). 

    6 – кесте 

    2004-2007 жылдардағы ауыл  шаруашылығы кәсіпорындарының  рентабельдік деңгейі  (%-бен) 

  2004ж. 2005 ж. 2006ж. 2007ж.
ауылшаруашылығы кәсіпорындарының рентабельдігі 2,4 0,3 16,8 -0,7
  о.і. өсімдік шаруашылығы 5,5 - 0,2 26,7 4,7
        мал шаруашылығы - 12,7 2,8 -1,0 - 4,5
 

    Ауыл  шаруашылығы және өнеркәсіптік өнімдердің баға диспаритетінің өсуі жалғасуда, бұл ауыл шаруашылығы өндірушілерінің инвестициялық мүмкіндіктері мен рентабельдік деңгейін одан әрі төмендетеді.  

    -  қор мүмкіндігінің  нашарлауы және  ауыл шаруашылығы  салаларының технологиялық  артта қалуы.  Білікті басқарушы және жұмысшы кадрлармен қамтамасыздығының нашарлауы жалғасуда.

    Ауыл  шаруашылығы айналымынан 8 млн. га жер, соның ішінде 50 мың га суармалы жер  шығарылды. Топырақтың табиғи құнарлығының төмендеуі байқалуда, үнемі қайталанып отырған құрғақшылық егін шаруашылығының тәуекелдігін арттырып отыр. Ауыл шаруашылығы машиналарының негізгі түрлерінің ескіруі 75-80%-ға жетті, мишина-трактор паркін жаңартпайтын болсақ,  2010 жылы өңделетін егіс алқабының төрттен бірі қысқаруы мүмкін.

          2007 жылы жалпы  қайта өңдеу салалары бойынша азықтық өнімдер өндірісі көлемінің өсуі тенденциясы сақталуда. Тағам өнімдерінің физикалық көлемінің өсу индексі 2006 жылға қарағанда  3,7 %-ды құрады (4 диаграмма). 

4 – диаграмма

    Тағам өнеркәсібінің өткен  жылдардағы

    физикалық көлем индексі (%-бен)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      2007 жылы 9,1 млрд. теңгеге тағам өнімдері  өндірілді, бұл өңделінетін өнеркәсіп  құрылымының  33,0%-ын және   жалпы  аймақтық өнімнің 3,5 %-ын құрады.

    Ұн  өндіру саласында 81,9 мың тонна ұн шығарылды, бұл 2006 жылдан 7,8%-ға көп, нан  пісіру 7184 тоннаны немесе 0,8%-ға, кондитерлік бұйымдар шығару 33,0%-ға өсті, макарон бұйымдарын жасау 1,2 мың тоннаны құрады немесе 33,5%-ға азайды.

    Ет  саласында ет және ет өнімдері өндірісі 1805 тоннаны құрады немесе 2006 жылдан   4%-ға көп, 692 тонна шұжық бұйымдары (10,9%-ға көп) шығарылды, ет консервілерін жасау 11,9%-ға өсті.

    Сүт саласында ірімшік және сүзбе  өндірісі 559 тоннаға өсті немесе 2006 жылға қарағанда 19,1%-ға көп, сонымен  бірге сары май өндірісі 2 есеге, майонез 31%-ға, сүт өнімдері 13,8 %-ға, балмұздақ 15%-ға азайды (5 диаграмма). 

5 – диаграмма 

    2002-2004 жылдарда азық-түлік  тауарларын өндіру  көлемінің динамикасы (тонна) 

    

 

    Жалпы алғанда, өндірістің өсуіне қарамастан ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу  үлесі жоғары емес: астық - 24%, ет - 14,5%, сүт - 5,8%, көкініс пен жеміс 1%-дан да аз.  Еттің, сүттің, көкініс пен жемістің негізгі көлемі азық-түлік рыноктарында шикі және өңделмеген күйінде өткізіледі.

    Сонымен бірге, облыстың азық-түлік рыноктарында шетелдік өндірушілер тарапынан бәсекелестік жылдан-жылға өсіп келеді. 2005 жылдың қаңтар – желтоқсаны аралығында облысқа 3,2 мың тоннадан астам импортты ет өнімдері, сүт өнімдері 2,3 мың тонна, майлар мен өсімдік майы – 3,1 тонна, астықтан өңделген тағам өнімдері: ұн – 3,1 мың тонна, майонез – 0,4 мың тонна, балмұздақ – 0,5 мың тонна келіп түсті (7 кесте).   

    7 –  кесте 

    2004 жылы негізгі азық-түлік  өнімдерімен қамтамасыз  етілу

    (мың тонна)

    

    Аграрлық  сектор тұрғындарды өз өндірісі есебінен нан өнімдерімен, ет, сүтпен толықтай, картоппен - 65%, көкөніспен - 86%, жұмыртқамен - 90%-ға қамтамасыз етеді.  
 

III-Тарау.  Қазақстандағы ауылшаруашылығы  кешендерінің қызметін  жетілдірудегі стратегиялық  бағыттар. 

      3.1 АӨК салаларын  ғылыми қамтамасыз  ету және инновциялық  өңдеулерді енгізу

       

      Ауыл  шаруашылығы өндірісінің тұрақты  өсуіне қол жеткізу, облыстың аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілігін және инвестициялық тартымдылығын арттыру  тек өндіріске ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін (инновоцияларды) енгізу негізінде ғана мүмкін.

      АӨК-дегі ғылыми зерттеулер мен инновациялық дамуларды мақсатты қолдау, сондай-ақ, облыстың  ғылыми мекемелерін Бағдарламаны жүзеге асырушы белсенді қатысушыларға  және АӨК ұйымдарымен тең құқылы қарым-қатынас субъектілеріне айналдыру  жағдайында ғылыми техникалық ілгерілеу (ҒТІ) жетістіктерін үзіліссіз үдерісте енгізуге қол жеткізу мүмкін.

      Облыстың  аграрлық ғылымы Жәңгір хан атындағы  Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетімен және өндіріске  енгізген жағдайда облыстың аграрлық сектор экономикасын сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін, перспективалы зеттеулері бар Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясымен ұсынылды.

      Осылай, Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы  Н.М.Тулайков атындағы Самара АШҒЗИ-мен  бірігіп, Альбидум – 653 және Лютесценс -29 жұмсақ бидайларын будандастырудан дара таңдау әдісімен алынған Волгоуральская жаздық бидайының жаңа перспективалы сорты шығарды. Өнімділігі жағынан сорт Саратовская-42 стандартынан асады, онымен салыстырғанда тозаңды қаракүйе мен бидайдың қоңыр татына, құрғақшылыққа төзімді,  жалпы нан пісіру бағасы -  4,8 балл. Сорт 2004 жылдан бастап аудандастырылған және ағымдағы жылы олар 10 мың га алқапқа егілді. Келесі аудандастырулар үшін  Жайық – 1 арпасы, Тұран 150 СВ және Тұран 170 СВ жүгерісі, Мерей еркекшөбі мемлекеттік сорт сынауынан өтеді. Станцияларда еркекшөптің жергілікті селекциясының сорттарын шығару жөніндегі жұмыстар жалғасуда, дәнді дақылдар сорттарын сынау жүргізіледі, дәнді дақылдарды (сафлор, рапс) және көп жылдық шөптерді өсіру технологиялары жасалынды. 

      Өндіріске енгізу мақсатында: дәнді дақылдарды өсірудің ылғал қор сақтау технологияларын  қолдану, құрғақ дала аймағы жағдайында тұрақты ауыл шаруашылығы өндірісін  қамтамасыз ететін далалық ауыспалы егістердің түрлі схемаларының тиімділігі, картоптың жеке түрінің тұқым шаруашылығы, көшетсіз дақылдар негізінде интеркалярлы қоспалармен алма көшеттерін өсіру мүмкіндігі, көшім жылқысы тұқымын сақтау және жетілдіру, қала шетіндегі аймақтарда сүт өндірісі технологиясын жасау және жетілдіру, герефорд тұқымдарының асыл тұқымды және тауарлы өнімі үйретілуде.

      Жәңгір  хан атындағы БҚАТУ-нің инновациялық-консалтингілік орталығы емдеу-сауықтыру шараларының  диагностикасына, ұйымдастыруға және өткізуге, ауыл шаруашылығы малдарының селекциялық-асыл тұқымды жоспарын құрастыруға ғылыми-практикалық көмек көрсетеді, орталықта селекция және тұқым шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантині, ветеринарлар дайындау және қайта дайындау бойынша біліктілігін арттыру курстары жүргізіледі.  

      Проблемалар:

     Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын ғылыми қамтамасыз етуде проблемалар бар, оларға жататындар: агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми зерттеу тәжірибелік құрастыру жұмыстарын қаржыландыру деңгейінің жеткіліксіз болуы, ғылыми-зерттеу ұйымдарының нашар материалды-техникалық базасы, ғылыми мекемелердің төмен инновациялық қызметі.

     Бұндай  өзара әрекетті ұйымдастыру және қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан  қажетті көмек жоқ.

     Шаралар:

Информация о работе Қазақстанның ауылшаруашылығы кешенінің даму бағыттары