Агроөнеркәсіп кешні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 17:26, курсовая работа

Описание

Агроөнеркәсіп кешені
Агроөнеркәсіп кешені (АӨК) ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және оларды тұтынушыларға жеткізуге қатысатын барлық шаруашылық салаларын біріктіреді.
Агроөнеркәсіп кешенінің құрамына ауыл шаруашылығының өзі, сондай-ақ ауыл шаруашылығын негізгі өндіріс құралдарымен камтамасыз ететін, салалар тобы (ауыл шаруашылық машиналарын жасау және минералдық тыңайтқыштар өндірісі) және ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеумен айналысатын, салалар тобы (жеңіл, тамақ өнеркәсіптері) жатады.
АӨК-нің ауыл шаруашылығын өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін тобы техника, минералдық тыңайтқыш, улы химикаттармен жабдықтап, оны механикаландырылу және интенсивтендірілу деңгейін анықтап, тиімділігін арттырып және өнімдерді дұрыс сақтауға мүмкіндік береді. Бірақ еліміздің қазіргі нарықтық экономика жағдайында өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін тобының даму деңгейі ауьш шаруашылығын техника және химиялық өнімдермен жеткілікті, тұракты қамтамасыз ете алмауда.
Сонымен АӨК дегеніміз ауыл шаруашылык өндірісін өнеркәсіптік негізде дамыту болып табылады. АӨК-нің мақсаты ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, оларды сақтау, сапалы өндеу және дер кезінде халыққа жеткізу. АӨК-нің міндеті халықты тамақ өнімдерімен, жеңіл және тамак өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы бүл міндеттерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан ауыл шаруашылығының қажетін және оның өнімдерін өндеуге қызмет ететін өндірістермен өзара байланысы тұрақты кеңейтіп отыруы тиісті.
Қазақстан дәнді дақылдарының негізін бидай алады. Оның жаздық және күздік деген түрлері болады.
Жаздық бидай кысы қатаң, жазы ыстық басым түрде еліміздің Солтүстік Қазақстан экономикалык ауданында егіледі. Негізгі астық өндіруші Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары. Сонымен бірге, Батыс Қазақстан, Актөбе облыстары. Астық өндірудің екінші маңызды ауданы - Шығыс Қазақстан ауданы және Оңтүстік тау етекті алабы. Орталық Қазақстанда да жаздық бидай егіледі. Қазақстанға ТМД жаздық бидай егіс көлемінің 35 % келеді. Жаздық бидай дәнді дақылдар егіс келемінің 62 % алады. Қазақстанда нан жабу қасиеті, сапасы жоғары, әлемдік нарыкта бағалы бидайдың қатты сорты егіледі.
Елімізідң оңтүстік облыстарында суармалы жағдайда күздік бидай егіледі. Ол күзде себіліп, көктеп шығып, жылы қар астында қалады.
Көктемде өсуін онан әрі созып, ерте піседі.
Күздік қара бидай егіс көлемінің 70 % Батыс Қазақстан ауданына келіп, еліміздің солтүстік облыстарында да өсіріледі. Бидайдың бұл түрлерінің Солтүстік аймақта таралу себебі біріншіден табиғат зонасына байланысты, жер бедері, топырақ жамылғысы, климатына т.б. факторлар әсер етеді.
Азияның бүкіл көшпелі халқы үшін тары басты азыктық дақыл болған. Қазақстанға ТМД тары егісінің 25 % келеді. Құрғақшылыққа тезімді, жоғары шығымдылығы сияқты сапасымен бірге, тары жергілікті халықтың жоғары талабын қамтамасыз етеді.
Тарының негізгі массивтерінің 70 % Батыс Қазақстан, Ақтебе облысы, біраз мөлшері Солтүстік Қазакстанның Павлодар, Ақмола облыстарының құрғақтау оңтүстік-батысы, Қостанайдың Торғай өңіріне келеді. Оңтүстік облыстарда (Қызылорда), Оңтүстік Қазақстан облысы тары суармалы жағдайда өсіріледі.
Бидайдан кейін екінші орыңды арпа алып, жаздығы солтүстік облыстарда, ал күздігі оңтүстікте өсіріледі. Оңтүстік таулы аудандарда табиғат жағдайына онша талғам қоймауы және қысқа вегетациялық мерзіміне байланысты арпаның егіс көлемі басқа дақылдардан басым. Арпа - сыра жасаудың шикізаты.
Сұлы Қазақстанның солтүстік облыстарында жылқы мал азығы ретінде егіледі.
Қазакстанға ТМД күріш егіс көлемінің 25 % келеді. Оның егісінің 90 о/о Қызылорда облысы Сырдария өзені бойына, қалғаны Алматы облысымың Іле өзені бойындағы Акдала массиві, Қаратал өзені бойы және Оңтүстік Қазақстанның Шардара ауданында өсіріледі.
Жүгері - вегетациялық мерзімі ұзақ, жылу өте жеткілікті болу арқылы толық пісіп жетілетін оңтүстік аудандарда (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары) суармалы жерде дәні үшін өсіріледі. Ал солтүстік облыстарда жасыл массасы сүрлем үшін өсіріледі. Жүгері тамақтық, мал азықтық, техникалық және май алу үшінде қолданылады.
Қарақұмық - Павлодар облысы және Алтайда өсіріледі.
2004 жылы өткен жылмен салыстырғанда шығымдылық төмен болды. Кей аудандардағы кұрғақшылық жалпы өнімге әсер етті. Бірақ астықтың сапасы былтырғы жылғы керсеткіштен едәуір жақсы. Жалпы Қазақстан бойынша 13 875 мың тонна астық жиналып, орташа әр гектардан 9,8 центнер келді. Әсіресе жақсы шығымдылық оңтүстік үш облыстан 15-тен 21,8 центнерге дейін алынды. Мысалы Жамбыл облысының Луговой жылқы зауыты жерінде 6 000 га суарусыз богарлы жағдайда әр гектардан 20 центнерден шығымдылық алынды. Қостанай облысының В.И. Двуреченск шаруашылығында аталынған қүрғақшылықта оданда жоғары шығымдылық болып, ал осықдай жағдайда 6-7 центнерден ғана шығымдылыкка жетті.
Есеп бойынша республиканың ішкі тұтынуына 8,5 млн. тонна азык қажетті. Оның үстіне бізде өткен жылдан 3,5 млн. тонна астық қалды, яғни мемлекеттің азык-түлік кауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Қазақстан ТМД-нъң тек астықты базасы ғана емес, сонымен бірге техникалық дақылдардың маңызды ауданы. Техникалық дақылдарға мақта, қант қызылшасы, темекі, күнбағыс, картоп, зығыр, соя т.б. дақылдар жатады.
Техникалық дақылдарды өсірудің дәнді дақылдардан зор айырмашылығы бар. Өйткені олар кұннің жарығы мен жылуын, суаруды, агротехникалық шараларды, қол еңбегін және қаражатты да көп қажет етеді. Сондықтан техникалық дақылдар

Содержание

1.1. Ауыл шаруашылығына жалпы сипаттама
1.2. Экономикалық аудандардағы шаруашылықтардың орналасуы
1.3. Ауыл шаруашылығы және қоршаған орта.
1.4. Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін салалар

2.1. Агроөнеркәсіп кешеніне жалпы сипаттама.
2.2. Дәнді – бұршақ және техникалық дақылдарды жинау.
2.3. Зианкестер мен ауруларға қарсы күрес шаралары
2.4. Жер жырту технологиясы.
2.5. Қазақстанның жер қоры.
ҚОРЫТЫНДЫ

Работа состоит из  1 файл

АӨК.курсовая.doc

— 213.00 Кб (Скачать документ)

Негізінен, қант қызылшасының тұқымын себетін алқаптар күзде жыртылып, 3-4 рет дискіленіп, әбден майдаланғаны ләзім. Сосын жердің кұнарлығына орай 1 га жерге 170-200 кг аралығында минералдық тыңайтқыш шашылуы тиіс. Өйткені, онда өсімдік қоректенетін негізгі элементтер құралған. Минералдық тыңайтқыш болмаған жағдайда органикалық тыңайтқышта шашуға болады. Онда да азот, фосфор, калий, кальций, магний, күкірт жэне микроэлементтер - бор, молибден, кобальт т.б. бар гой. Сөйтіп, топырағы әбден майдаланып, әрі тыңайтьшған алқаптың топырағы қызған кезде, әрине, ылғал кеппей тұқымды салып үлгеру қажет. Мұнда да 1 га жерге импорттық тұқым болса, 3-5 кг, ал ТМД елдерінен әкелінген тұқымнан 10-12 кг себу керек. Жалпы тұқым себетін алкаптарды жылма-жыл ауыстырып, яғни 70-80 жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, ауыспалы егістікті пайдаланған жөн

Қант қызылшасының негізі екі жылдық болып саналады. Бірінші жылында түбірі өсіп, екінші жағынада сабағы биіктеп тұқым шашады. Мамандардың айтуынша, қант қызылшасының тұқымын алуға көп жер де керек емес. Тек, өсімдік тұқымын ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесе шағын шаруашылық ашып, әр түрлі сорттарына сонда тәжірибе жасап, іріктелген сортын жыл сайын жаңалап, яғни жоғарғы сортты тұқымымен облыс шаруашылықтарын қамтамасыз етіп отырса болғаны.

Республикамызда қант қызылшасын өсіру 1930-31 жылдары қолға алына бастаған. Бірақ, түрлі саяси жағдайларға байланысты бір қант қызылшасы гана емес ауыл шаруашылығыньщ өзге дақылдары да кезінде жайына қалғаны тарихтан белгілі.

Содан кейін 60-шы жылдары тәтті түбір өсіруге қайта көңіл бөліне бастады. Нәтижесінде 1973 жылы республика бойынша 78,7 мың га жерге қант қызылшасының тұқымы себіліп, жекелеген шаруашылықтарда әр га-дан 450-500 центнерге дейін сапалы өнім алған..

Міне, сондықтан қант қызылшасы - Жетісу жерінің төл дакылы, Алайда, соңғы жылдары тәтті түбір өсірушілердің қант қызылшасының әр га-дан 175,5 центнерден өнім алулары жоғары көрсеткіш емес.

Мақта Оңтүстік Қазақстан облысыньщ Мырзашөл ауданы (Бетпақдала), Арыс және Келес өзендері аңғары, Түркістан қаласы маңында өсіріледі. Қазақстанға ТМД елдері мақта өнімінің 5 пайызы келеді.

Алматы облысының шығыс Еңбекшіқазак, Талғар аудандарында темекі өсіріледі. Шикізаттың қажеттілігімен байланысты соңғы жылдары Онтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында да темекі өсірілуде.

Сапасы жағынан ең жоғары сорттысы болып Талғар есептелінеді. Сондай-ақ темекінің дюбек, трапезунд, ал соңғы жылдары мальборо темекісін шығарумен байланысты американдық вирджиния сорты өсірілуде.

Күнбағыс майлы дақыл, оның егіс көлемінің 80 пайызы Шығыс Қазақстан, 20 пайызы Павлодар облыстарына келеді.

Шашақты зығыр тұманды, салқын жазды ауа райыида енімді болып келеді. Сондықтан ол Қостанай, Ақмола облыстарыңда өсіріледі.

Картоп қара топырақты жерлерде жоғары өнімді, сондықтан еліміздің солтүстік облыстарьшда басым болып келеді. Оңтүстік таулы аудандарда да егіледі.

Бау шаруашылығына алма, алмұрт, қарақат, шие, өрік т.б. жеміс бұталары жатып, басым түрде оңтүстік облыстарда да кездеседі. Бақша дақылдарына қауын, қарбыз және асқабақ жатады. Қауын, қарбыз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жэне Алматы облыстарында өсіріледі. Ертіс езені бойы, Батыс Қазақстанда да карбыз егіледі.

Көкөніске пияз, сәбіз, қияр, томат т.б. дақылдар жатып, оның егіс көлемі оңтүстік облыстарда басым болып келеді. Сондай-ақ Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында да өсіріледі.

Жүзім бос сұр топырақтарда жоғары өнімді, суармалы жағдайда егіледі. Жүзім - шарап жасаудың шикізаты. Ол Қызылорда облысының шығысынан Алматы облысының Жаркент ауданына дейінгі оңтүстік аймақтарда кездеседі.

 

 

 

 

 

 

1.3.Ауыл шаруашылығы және қоршаған орта

Адам қоғамы мен табиғи ортаның өзара әрекеті проблемасы ауыл шаруашылық өндірісінде нақтылы бейнеленген. Атап айтқанда осы салада адам мен табиғаттың, яғни жерді өндеу, мал бағу үшін жайылымды пайдалану сияқты қатынасы тұрақты байқалады. Мұнда адам табиғатқа тікелей әсер етеді.

Адамның ауыл шаруашылык ландшафтысына тікелей әрекетінің зардабына ауыл шаруашылығына жарамды жердің тікелей ластануын, оның ішінде топыраққа химиялық заттардың теріс ықпалын жатқызуға болады. Әр түрлі химиялық заттар (тыңайтқыш, улы химикаттар) ауыл шаруашылығында пайдалануда.

Ауыл шаруашылығын химияландырудың экономикалық тиімділігі бар. Бірақ бақылаусыз химиялық тыңайтқышты кең қолданудан, оның едәуір бөлігі жер асты суларымен өзен және көлдерге ағып барады. Ал мұның өзі өсімдік және адам денсаулығына кері эсер етеді. Пестицид бұдан да үлкен зиян алып келеді. Соңғы жылдары нарықтың қиындығымен байланысты пестицидті пайдалану шектелген. Арам шөп және насекомдармен күресудің басқа әдістері қолданылуда.

Жер ресурсын ретсіз және жеткілікті бақылаусыз пайдалану жердің «бүлінуінін» алуан түрлі формаларына әкеледі. Мысалы - топырақ жамылғысы   бұзылады,   онын   жүдеуі   есебінен   топырактың   кұнарлығы

төмендейді, суландыру барысында топырактың екінші реттік тұздануы жузеге асадьі.

Жайылымның «бұзылуы» бір жерге малды тұрақты бағу есебінен болады. Малды «шамадан тым артық» бір жерге бағу топырақтьщ табиғи жамылғысын нашарлатып, оның жер оттылығындағы өнімді азығы жоғалып, соның салдарынан жайылым аз өнімділікке айналады.

Жер белгілі мерзімде «демалуы» тиісті, яғни егіс көлемінің бөлігі тыңаюға калдырылады. Бұл топырактың құнарлылығын калпына келтіру және сақтауға мүмкіндік береді. Жерді тыңайтуға қалдыру мерзімін қысқартуға жол бермеу керек.

Адамзат әрекетімен байланысты табиғаттьң өзгеруі едәуір, ол әрқашан болып жатады.

Қазақстанның әлемдік рынокқа өсімдік және мал шаруашылық өнімдерін шығаруға мүмкіндігі жеткілікті екендігін мамандар ашьш айтады. Қазақстанның мақтасы мен күріші әлемдік рынокта бәсекеге түсе алады. Алайда жер ресурстарын жүйесіз пайдаланудың кесірінен құнарлы жерлер жұтаңдыққа ұшырап, қуаншылық бел алуда. Бүгінгі күні республика аймағының 66 пайызы шөлейт аймаққа айналды. Мәселен, металмен және радиоактивті заттармен залалданған жердің аумағы 21,5 миллион га кұрайды. 15 млн га мал жайылымы ауыл шаруашылығы айналымынан мүлдем шығып, куаңшылыққа ұшыраған.

 

 

 

 

 

1.4.Ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеуші салаларға сипаттама

Қазір Қазакстанда тамақ жэне жеңіл өнеркэсібінің өсімі байқалады. Негізінен ет жэне сүт өндіретін кәсіпорындар орнықты қызмет етуде.

Осы уақытқа дейін Республика Үкіметі отандық тауарларды қолдауға бағьпталған, шетелдік өнімдерді шектейтін бірқатар қаулылар мен бағдарламалар қабылдады. Өз кезегінде отандык өнім өндірушілерді, соның ішінде шағын және орта бизнес өкілдерін колдау күн тәртібінде.

Бүгінде импортты алмастыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Жуырда Республика Үкіметінің қарауына енгізілген бағдарлама іске асатын болса ішкі тұтынудағы отандық тамақ және жеңіл өнеркәсібі өнімдерінің үлес салмағы 85 пайызға артады деген сенім бар.

Айта кетер жай әлі де тамақ өнімдеріне қажеттіліктің жоғарылығына қарамастан толық отандық өнімдермен тұтынушылар сұранысын қамтамасыз ете алмай келеміз. Бұл шетелдіктер үшін тиімді. Олар осында өткізу рыноктарын қалыптастырып алды. Өз елдеріндегі жоғарғы бәсекелестік пен бақталастық жағдайында Қазақстан рыногы қашан да қажет.

Қазақстанда тамак және жеңіл енеркәсібі даму үстінде. Бірақ жеткіліксіз деңгейде. Бүгінгі Қазақстанның ішкі рыногына карап-ақ бұл саланың жайын байқауға болады. Базар мен дүкен сөрелерінде тольш тұрған халық тұтынатын тауарлардың басым бөлігі отандық өнім емес екенін ешкім жоққа шығармайды.

Бір қарағанда тамақ және жеңіл өнеркәсібінің өнім өндіруі басқа салалармен салыстырғанда (мәселен автокөлік жасау немесе ауыр машина өнеркәсібі), біріншіден, аса қиындық туғызбайтын, атап айтқанда кұрделі технологияларға тәуелді емес, екіншіден жұмсалған шығынды қайтару кеп күттірмейтін және көп қаржы салуды қажет етпейтін сала бола тұра қарқынды даму алмауының себебі не ?...

Алдымен елімізде ауылшаруашылығының «ақсап» тұруы әсер етуде. Себебі шикізатпен басты қамтушы аграрлық сектор. Егін және мал шаруашылығы алға басып, өндіріс орындарының сұранысын өтеп тұрса тамақ өнеркәсібі де тұраламас еді.

Бұдан басқа, тамақ және жеңіл өнеркәсібінің автоматтандырылуы әлсіз екені тағы рас. Қалай болғанда да отандық өнімдер шетелдік тауарлардың бәсекесіне төтеп берердей деңгейде болуға тиіс. Оларға деген сұраныс кемімеуі керек. Олай болмаған жағдайда ол өндірістің өркендеуіне кері әсерін тигізбей қоймайды.

Тамақ және жеңіл өнеркәсібіне келгенде қазақстандықтардың сатып алу қабілеті төмен емес. Оның үстіне ол өнімдер өздігінен онша қымбат тұрмайды. Ең бастысы - сапасы әлемдік стандарттарға, санитарлық және экологиялық талаптарға сай болуы тиіс. Егер Қазақстандық тауарөндірушілер де шетелдік әріптестері секілді сапалы, әрі арзан өнім өндірсе, ол етеді.

Кез келген тұтынушы тауарды алдымен сапасы мен бағасына қарап тандайды. Ал әзірге шетелдік тауарлардың қазақстандық өнімдермен салыстырғанда бағасы төмен, сапасының жоғары екені белгілі.

Сондай-ақ сөрелерде шетелдік белгілі бір өнімнің бірнеше турі бар болса, қазақстандык өнімнің бір ғана түрі тұрады немесе мүлде таппайсыз.

Сондықтан шетелге шығаруды былай қойғанда ішкі рыногымызды өз өнімдерімізбен толтыру қажет. Сондықтан мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, тамақ және жеңіл өнеркэсібі өнімдері жарнамаланса жаман болмас еді.

Қазір аз да болса шетел тауарлары бағасының тіпті төмен болмауына тасымал шығыстары ықпал етуде. Егер ол темендетілетін болса онда шетел заттары бұрынғыдан да арзандап отандық өнімдердің өміршеңдігі болмай қалмақ.

Ең аддымен заңдық базаны қалыптастыру керек. Сондай-ақ, тек мемлекет тарапынан ғана емес, қаржы институттары да кәсіпкерлерге қолдау көрсетсе. Басқа да салалар секілді, бұл салаға да инвестиция тарту маңызды.

Қазір Қазақстанда тамақ өнімдерін өндіретін кішігірім кәсіпорындар күн санап көбеюде. Наубайханалар мен шұжық шығаратын шағын цехтар кызмет етуде. Бірақ мұнымен шектелмей үлкен тамақ және жеңіл өнеркәсіп орындарын дамыту қажет. Шікізат шығаратын және оны өзі өңдейтін өндірістер өркендеуге тиіс.

                                             

 

 

 

Жеңіл өнеркәсіп.

Жеңіл өнеркәсіп халық тұтынатын сан түрлі заттарды өндіреді және сонымен еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызатын республиканың әр экономикалық аймағының кешенді дамуына қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Бүл сала жылдар бойы Қазақстанның экономикалық өмірінде маңызды рөл атақаратын - ол бюджетке түсетін қаржыньң 30 пайызын беріп отырды, және 140 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз ететін. Нарық қатынастарына көшу кезіне тән қиындыктар бұл салаға да өз ықпалын тигізді. Еліміздің сараптаушыларының айтуынша, жеңіл өнеркәсіп бұл күңде ең «ауыр» өнеркәсіп болып отыр. Статистикалық деректерге үңілсек, өндірістің жалпы көлемінде жеңіл өнеркәсіп үлесі не бары 2,2 пайызды кұрайды.

Сонымен қатар жеңіл өнеркәсіп халық сұранысын толық өтеп отырған жоқ. Атап айтсақ, Қазақстан мақта мен жүннен тоқылған мата, теріден тігелген аяқ киім және өзімізде өндірілген мақта-матамен толық қамтамасыз етілмейді. Көптеген басқа бұйымдар басқа елдерден әкелінеді.

Жеңіл өнеркәсіптің де дамуы ауыл шаруашылық шикізаттарын өндеумен байланысты болып, халықтың тұтыну затгары, яғни мата, түрлі киім түрлеріне деген қажетін қамтамасыз етеді. Ауылшаруашылығымен бірге бұл   сала   ауыр   өнеркәсіптің   химия,   машина   жасау   т.б.   салаларымен

байланыста больш, оларды өндірістік тұрғыда өнімдермен қамтамасыз етеді. Сондықтан женіл өнеркәсіптің аудандардың әлеуметтік - экономикалық дамуында маңызы зор.

Қазақстан жеңіл өнеркэсібінің дамуы XIX ғасырда мал шаруашылығының тері және жүн шикізаттарын одан кейін өсімдік, яғни шитті-мактаны өңдеумен байланыста қалыптасты. Жеңіл өнеркәсіптің алғашкы пайда болған саласына былғары өндірісі жатып, ол Семей және Акмола облыстарында ХХ-ғасырдың басында пайда болды. Одан кейін жүнді алғашқы өңдеу дами бастап, жуылған жүнді Ресейге шығару мақсатында ондаған жүн жуу орындары іске қосыдды. Мол шикізаггың, табиғи су көзінің, электр энергиясы және арзан жұмысшы күшінің болуы, 1910 жылы қазіргі Алматы облысы Қарасай ауданының Фабричный поселкасында ең алғашқы шұға фабрикасын салуға мүмкіндік берді.

Одан кейінгі кезеңде шикізатты өндеуден жартылай фабрикатты даяр өнім алғанға дейін біртіндеп өңдеу стадиясына көшумен байланысты еліміздің түрлі аудандарында тоқыма, трикотаж, тігін, былғары, аяқ киім т.б. салалардың жаңа фабрика жәңе зауыттары салынды. Солардың алғашқылары болып Ақтөбе жоғары трикотаж фабрикасы, Семей былғары зауыты және Алматы аяқ киім фабрикасы болып табылады.

Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдары еліміз аумағында жеңіл өнеркәсіптің түрлі кәсіпорындары қалыптасты. Соның мысалы ретінде 1960 -1980 жылдары іске қосылған Алматы мақта-мата, Қостанайдың камзол-шұға комбинаттарын атауға болады.

Жеңіл өнеркәсіп салаларына тігін, трикотаж, былғары-аяқ киім, тоқыма, мех, фарфор-фаянс т.б. салалар жатады. Жеңіл өнеркәсіп салаларында да тамақ өнеркәсібі сиякты әйелдер еңбек ресурсы басым болып келеді.

Жеңіл өнеркәсіп салалары шикізат көзі және тұтыну аудандарына бағдарлануына қарай үш топқа бөлінеді.

1. Бір мезгілде әрі шикізат, әрі тұтынушыга бағдарланатын салалар, яғни жүн, жібек, мақта-мата, трикотаж т.б. өндірістері.

2. Тұтынушыға бағдарланатын салалар, оған тігін және аяқ киім жатады.

3. Шикізатқа бағдарланатын салалар, оған былғары, зығыр талшығы өндірістері.

Информация о работе Агроөнеркәсіп кешні