Қазақтың күй өнері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 12:42, реферат

Описание

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған.

Содержание

1. Кіріспе.

2. Күйшілік өнердің пайда болуы және дамуы.

3. Күйшілік аймақтар, олардың ерекшеліктері.

4. Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

Куй онер.doc

— 82.00 Кб (Скачать документ)

Халық арасында күй өнерінің саз-сарындары бойынша айырып тану үшін «төкпе күй» және «шертпе күй» деген атаулар қолданып жүр. Ақселеу Сейдімбектің айтуынша, «төкпе», «шертпе» сөздері жеке күйлердің табиғатына қатысты анықтауыш бола алар. Ал, тұтас бір күйшілік мектептің қасиет – болмысына анықтауыш бола алмайды. Себебі, тұтас бір өңір – аймақта қалыптасқан күйшілік мектептер былай тұрсын, бір ғана күйші-композитор туындыларында шертіп тартылатын күй де, дауылдата төгіп тартылатын күй де кездеседі. Мәселен, бір ғана Тәттімбеттің «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ» шертіп тартылса, «Бес төре» күйі жігерлі серпінмен тартылады. Оны былай қойғанда, жалқы тұрған бір ғана  күйдің өн бойыныңда бірте шертіп қағуды, бірте серпе төгіп қағуды, енді бірде іліп қағуды қажет ететін сәттер бар. Мәселен, Әшімтайдың «Қоңыр қаз»,  Дайрабайдың «Дайрабай» сияқты күйлері сол бір ғана күйдің өн бойында бірісе шертіліп, біресе дауылдата төгіліп тартылады.

Сондай-ақ тағы бір дәлел бұл сөздер тек домбырамен тартылатың күйлердің ғана қадір – қасиетін анықтайды. «Төкпе » және «шертпе» деген атаулар қобыз, сыбызғы, сазсырнай, месқобыз сияқты аспаптарда күйлердің қасиетін анықтауға келмейді. Себебі, бұл аспаптар шертіп те, соғып та тартылмайды.

Сол үшін тағы да сол Ақселеу Сейдімбектің пікіріне жүгінуімізге тура келеді. Ол  қазақ халқының дәстүрлі талғам - танымы бойынша күй атаулы өзінің саз-сарынына орай «қоңыр күй», «тік күй»және «бойлауық күй» үшке бөледі. Осы атаулардың әрбірі жеке күйдің саз-сарынын да анықтайды. Мысалы, қоңыр күйлер философиялық ойға құрылып, көбінесе өмірдің ойлы, мұңлы сәттерін толғайды. Сол арқылы тыңдаушыны сабырға шақырады немесе өмірдің мән- мағынасын зердеге ұялатады. Айталық Ықыластың «Қоңыр», Тәттімбеттің «Көкейкесті»,Қазанғаптың «Көкіл», Дәулеткерейдің «Жігер» сияқты күйлерін айтуға болады.

Тік күйлер болса, өмір құбылыстарын тыңдаушысына елестетіп отырады. Тік күйлер өмірдің қызық да күрделі құбылыстары туралы дыбыспен сурет салады, дыбыспен баяндап береді. Әрі қарай тыңдаушысы өз өресі, өз сезім түйсігі жеткен жерге байлам жасайды, белгілі бір әсерге бөленеді.Тік күйдің классикалық үлгілері ретінде Құрманғазының «Ақсақ киік», Әшімтайдың «Қоңыр қаз»,  Нұрғисаның «Аққу» сияқты күйлерін атаған жөн.

Бойлаулық күйлер көбінесе жоқтау сарынымен өмірдің қайғылы, зарлы сәттерін бейнелейді. Мәселен Ықыластың «Ерден», Әбдидің «Қосбасар» күйлері.

 

Сан ғасырлар бойы күйшілер қолында дамып, ұлттық ерекшеліктерді бойына жинаған күй өнері, қазақтың сезімі мен ойын кең ауқымда суреттей келе, оның шын мәнінде қазақтың музыкалық құдіретіне айналды.

Дәстүрлі музыка өнері еліміздің тарихымен байланысты. Тарих қойнауына терең бойлап, өткен  күннің үзік сырларын ой сүзгісінен өткізіп қарасақ, әрідегі Оғыз, Қапшақ, Сақ пен Ғұн, берідегі Түрік нәсілінің белінен тараған халықтың ілкілдегі баба өнері қазақ жерінің  күрең топырағында тамырын тереңге тартыпты. Кейін түркі тілдес туысқан елдер шартарапқа тарыдай шышылып қазақ елі дербес ұлт болып жеке дара шықты. Өзінің тілін, діңін, мәдениетін қалыптастырды. Бірақ қалай дегенде де біздің ұлттық музыкамыз туыс халықтарымен байланысты. Басты айырмашылық оларда бәрі, яғни ән де, музыка да, би де «Күй» деген бір-ақ сөзбен атаған.

Қазақ музыка өнерінің тарихи тамыры  Қорқытқа дейінгі ғасырларға жатқандығын материалдық мұралар айғақтап отырғанмен, халық күйлерінің қай ғасырда туғандығын дөп басып айту қиын. Олар хатқа түспеген күйі әр ұрпақтың құймақұлақ арқылы ғана бізге жетіп отыр.

Көне ғасырда Қорқыт, XII ғасырда Кетбұға, XIV-XV ғасырларда Асанқайғы, XV ғасырда Қазтуған, XVI-XVII ғасырларда Байжігіт, XVIII ғасырда Абылайхан, XIX ғасырдың бас кезінде Боғда, Махамбет, Тәттімбет, Құрманғазы, Абыл, Тоқа, Сармалай, Ықылас, Қазанғап, Байсерке, Шортанбай, Тіленді, Дайрабай, Өскенбай, Мамен, Дина, Сүгір, Сейтек  т.б. секілді дарынды күйші, дәулескер домбырашылар – қазақ күй өнерінің туын әр ғасыр, әр жылдарда биікке көтерген тума таланттар еді. Солар арқылы ұлттық музыка өнеріміз өзіндік бет-бедерін сақтап қалды.

Қазіргі кезеңде күйшілік өнер қанатын кең жая, қазақ деген ұлттың дәстүрлі мәдениетінде самғауда. Бодандық кезеңнен аман – есен өткен домбыра аспабы елімізде айырықша орын алуда. Қазақ Ұлттық Музыка академиясы, Құрманғазы атындағы Ұлтық консерваторияда, еліміз бойынша көптеген колледждерде қаншама болашақ домбырашы мамандар білім алуда. Оған жұмыс істеп жүрген осы оқу орындарының түлектерін қосайық...Әрине, қиынға соққан мәселелер  де бар, бірақ өте келе адам түзеліп, адаммен заман да түзеліп бәрі орнына келеді. Тек уақыт қажет.

Жалпы қорыта айтып тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Қазақтың ұлттық өнері болған, қазір де бар және болашақта да өз қасиетін жоғалтпай қала береді» !!!

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.       А. Жұбанов «Ән – күй сапары» Алматы 1976

2.       А. Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы 2002

3.       А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана 2002

4.       Т. Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы 2000

5.       Ж. Жүзбай «Шертпе күйдің төрт мектебі» Астана 2009

6.       А. Тоқтаған «Күй тәңірдің күбірі» Алматы 1996.

7.       Т. Жұмағалиева, Д. Ахметбекова, Б. Ысқақов, Ә. Қарамендина, З. Қоспақов «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы»  Алматы 2005

 

 



Информация о работе Қазақтың күй өнері