Аппликация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 15:19, лекция

Описание

Сәндік қолданбалы өнердің бір түріне жатады. Киімді, тұрмыстық заттарды, сәндік панноларды дайындауда қолданатын кестелеудің бір түрі.Аппликация латын сөзінен (бастыру) шыққан бейнелеу техникасының бір түрі, кесіп дайындалған әр түрлі формаларды қойып, екінші материалға, фонға бекіту. Аппликация- әр түрлі материалдан дайындалған көркем шығарма. Материалдың қасиеттері аппликацияның орындалу техникасына әсерін тигізеді.

Работа состоит из  1 файл

Аппликация.docx

— 13.60 Кб (Скачать документ)

Аппликация. Сәндік қолданбалы өнердің бір түріне жатады. Киімді, тұрмыстық заттарды, сәндік панноларды дайындауда қолданатын кестелеудің бір түрі.Аппликация латын сөзінен (бастыру) шыққан бейнелеу техникасының бір түрі, кесіп дайындалған әр түрлі формаларды қойып, екінші материалға, фонға бекіту. Аппликация- әр түрлі материалдан дайындалған көркем шығарма. Материалдың қасиеттері аппликацияның орындалу техникасына әсерін тигізеді. Мысалы: қағаз, сабын, кептірілген өсімдіктер желіммен жабыстырылса, ал маталар, тері, киіз әдіптеп тігіледі.Аппликация- тек безендіру жұмыстарында ғана емес, панно, өрнек, картиналар жасауда да қолданылады.Ал енді аппликацияның шығу тарихына келетін болсақ, ол ертеден әр түрлі халықтарда қолданылып келе жатқан киім, аяқ киім, тұрмыстық заттарды, үйді сәндеудің ежелгі тәсілі.Қазақтар көбінесе аппликацияны киізден жасалатын, сырмақ, түскиіздерде қолданып, онымен киіз үйді сәндеген, жұмсақ былғары етіктер мен ер тұрмандарды әшекейлеген. Солтүстіктің тұрғындары теріден дайындалған киімдерді былғарымен, орыстар матадан дайындалған аппликацияны қолданған. Пазырлық қорғанның қазбаларында (ІІ-ІІІ ғ.б.з.д.) табылған аппликация түрлері бұған дәлел бола алады. Тайпа басшыларының мазарынан сүйегімен бірге металдан, киізден, былғарыдан, ағаштан жасалған заттар табылған. Тері бөлшектерінен тігілген жалаулардағы аппликацияда бұғылардың басы көркем тігістің үлгісі болып табылады. Ағаш үйлерді киіз баулармен әсемдеген, бауларда түрлі-түсті аппликация тігілген. Аппликация тек Азияда ғана емес, Еуропа елдерінде - Италия, Испания, Германия, Францияда өркендеген. ХҮІ ғасырда Италия мен Испанияның шіркеу киімдерінде аппликация туындыларын қолдана бастайды. Бұл кезде өрнектердің қайталануы және түстер контрастына көп көңіл бөлінді. Ең сәнді түстер: қызыл, сары, жасыл түстер болды.Кейіннен матадан дайындалатын аппликацияның орнына қағаз аппликациялар шыға бастады. Бұл қағаз өндірісінің пайда болуына байланысты.Аппликация- жапсыру. Аппликация- киімдерді немесе үй жиһаздарын сәндеп безендіру үшін қажет. Матаға мата, қағаз қиықтарынан өрнек жапсыру немесе желімдеу. Құрайтын мата немесе қағаз қалдықтары бір немесе бірнеше түсте болуы мүмкін. Құрақ тігетін немесе жапсыратын материалды алдымен крахмалдан өрнектеген жөн. Матаға немесе қағазға сурет өрнекті түсіріп, сонан соң бөлшектеп, кесіп алып құрайды, беттерін жөргемдеп немесе әдіптейді. Кейде суреттер мен өрнектер айқындалып тұру үшін мата қиығының астына жұқалап мата салады. Құрақ үй жиһаздарының алуан түріне қолданылады. Әдетте құрақ белгілі бір сюжетке, халық ою-өрнектері мен аңыз-ертегілеріне енгізіледі.

 


Информация о работе Аппликация