Жасушаға сигналдың берілу кезеңдері және реттелу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 13:13, реферат

Описание

Көпжасушалы ағзалар денесі көптеген әртүрлі типті жасушалардан тұратыны белгілі, мысалы, ересек адам ағзасында 200-дей типке топтасған 3 миллиардтай жасушалар кездеседі. Олардың әрқайсысы, біріншіден , өздеріне ғана тән қызметтерді атқарады, екіншіден, ұлпа ерекшеліктерін қалыптастырады, үшіншіден, біртұтас ағза деңгейінде, құбылмалы ішкі және сыртқы орта факторларына шынайы бейімделушіліктерін қалыптастырып, ұзақ уақыи қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз етеді.

Содержание

I. Кіріспе

II. Жасушааралық сигналдық заттар

III. Сигналдың жасушаішілік берілу жолдары

IV. Циклдық АМФ, цГМФ сигналдың берілу жолдары

V. Циклдық гуанозинмонофосфаттың (цГМФ) қатынасуымен сигналдың берілу жолы

VI. Липидтердің (ИТФ, ДАГ) және Са2+ иондарының қатынасуымен сигналдың берілу жолдары

VII. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Молекулярка СӨЖ.docx

— 554.42 Кб (Скачать документ)
  1. Циклдық АМФ (ц- АМФ) барлық сүтқоректілер жасушаларында протеинкиназа – А-ны (ПК-А) активтендіреді. Оның қызмет етуі үшін Мg+ ионы қажет.

Протеинкиназа –А (ПК-А) пассив күйінде 4субъединицадан тұрады: 2-катализдеуші (С) және 2 реттеуші (R). Реттеуші субъединицалар (R) катализдеуші субъединицалар (С) белсенділігін бастырмалайды.

  ПК-А-ның  активтенуі цАМФ-тың 4 молекуласының  реттеуші субъединицалармен (R) қосылуы  арқылы жүзеге асады. Бұл ПК-А  ферментінің ыдырауына және жекелеген катализдеуші субъединицалардың бөлініп шығуына және активтенуіне алып келеді.

Әрі қарай  протеинкиназа –А (ПК-А) реттелуші  ферментті тікелей фосфорлайды  не ол екінші бір протеинкиназаға  әсер етеді, ал соңғысы реттелудің ақырғы объектісін фосфорлайды.

ПК-А фосфат тобын модификацияланатын ақуыздың серин не треонин қалдықтарына жалғайды. Осы модификация реттелуші тізбектің  ақырғы эффектін тудырады.


 


 

                             

                                          3`          5`

 

 

  

 

 

 

 

 

 

V. Циклдық гуанозинмонофосфаттың (цГМФ) қатынасуымен сигналдың берілу жолы

Сигналдың берілуінің мұндай жолы алдыңғыға (цАМФ қатынасуымен) қарағанда әлдеқайда  сирек кездеседі, екінші менеджер – цГМФ тың ұлпалардағы  мөлшері цАМФ-қа қарағанда 10 есе  кем, ал тиесілі протеинкиназа G – ның белсенділігі жасушаның жалпы протеинкиназалық белсенділігінің небәрі  1-2 % ғана құрайды.

Дегенмен, жасушада сигналдың берілуінің мұндай жолы да маңызды рөл атқарады. Сондықтан, салыстырмалы түрде оның кейбір ерекшеліктеріне  тоқталамыз:

а) Бұл жүйенің ерекшеліктерінің бірі – трансмиттер-ақуыздың болмауы. Рецептор және екінші медиатор бір ақуыздың домендері болып табылады. Рецепторлық домен плазмолемманың сыртқы бетінде, ал катализдеуші домен-ішкі бетінде орналасқан. Катализдеуші доменді мембранамен байланысқан гуанилатциклаза (мГЦ) деп атайды. Сыртқы сигналдың рецептормен байланысуы үнемі мГЦ активтендіреді.

б) Белсенді мГЦ ГТФ-ның циклдық ГМФ-қа (цГМФ) айналуын фосфодиэстераза (ФДЭ) ферменті катализдейді.

в) цГМФ протенкиназа – G (ПК-G)-ны активтендіреді. Сигналдың әрі қарай берілуі  ПК-G әсерлері арқылы жүзеге асады.

 

VI. Липидтердің (ИТФ, ДАГ) және  Са2+ иондарының қатынасуымен сигналдың берілу жолдары

Соғңы уақытқа  дейін липидтерді құрылыс материалдары (мембраналардың құрамына кіреді) және энергияға бай қосылыстар ретінде  ғана қарастырып келген.

Бірақ соңғы 10-15 жылда ашылған жаңалықтар-липидтердің  әртүрлі жасушаішілік үрдістерге әсер ететіндігін, жасушаішілік сигнализацияның  екінші менеджерлері қызметтерін атқаратындығын көрсетті. Солардың кейбіреулері 120-суретте  көрсетілген.

              

 

Сигналдық молекулалардың мембраналық рецептормен байланысуы фосфолипаза С (ФЛ-С) ферментін активтендіреді. Ол аденилатциклаза (АЦ)  сияқты плазмолемманың ішкі бетінде орналасқан.

Фосфолипазаның (ФЛ-С) активтену тетіктері оның  изоформасына байланысты болады.

а) егер фосфолипаза  β – изоформада (ФЛ-С β) болса, онда:

- сигналдық  зат – гормон болады;

- рецептор  – плазмолемманы 7 рет тесіп  өтетін интегралдық ақуыз болып  табылады;

- трансмиттер  – G – ақуыздың стимулдаушы түрі (Gp) күйінде болады;

б) егер фосфолипаза  γ – изоформа (ФЛ-С γ) күйінде болатын болса, онда оның қасиеттері өзгеше болады:

- сигналдық  зат – өсу факторы;

- рецептор-мембрананы  бір рет тесіп өтуші ақуыз;  оның цитоплазмалық домені тирозинкиназалық  белсенділікке ие болады;

Белсенді  фосфолипазаның – С (ФЛ-С) негізгі  әсер ететін субстраты-мембраналық  липид – фосфатидилинозитдифосфат (ФИД) болып саналады. Бұл да басқа фосфолипидтер сияқты, амфифильдік липид. Оның негізі болып – глицериннің екі май қышқылдарының фосфор қышқылдарының қалдықтармен байланысуынан құралған фосфатид қышқылы саналады. (121 сурет)

               

 

Оның фосфолипидтерден негізгі айырмашылығы азоттық негіздің орнына алты атомды спирт – инозиттің болуы.

ФА-С глицеринмен  фосфат қалдықтары арасындағы байланысты үзеді, нәтижесінде фосфатидилинозитдифосфат (ФИД) 2 қосылысқа ыдырайды:

-полярлы  – инозиттрифосфатқа (ИТФ)

-полярлы  емес – диацилглицеринге (ДАГ).

Инозиттрифосфат (ИТФ) полярлы (гидрофильді) болғандықтан жасуша ішіне еркін диффузияланады және плазмолеммамен, ЭПТ-дың Са2+ арналарымен байланысып,оның ашылуын стимулдайды. Нәтижеде, цитоплазмада Са2 ионының концентрациясы жоғарылайды. Ал, әрі қарай ИТФ әсері Са2+ ионының әсерлеріне байланысты болады.

Диацилглицеринге (ДАГ) – полярлы емес (гидрофобты) болғандықтан мембранадан еркін өте алмайды, ол тек плазмолемма қабатында бүйір бағытында (латералды) диффузияланады. Осылай ол мембранамен байланысқан реттеуші фермент-протеинкиназа С (ПК-С) тауып оны активтендіреді. Ал ДАГ-нің әрі қарай әсерлері  ПК-С әсерлеріне байланысты болады.

 

 


Информация о работе Жасушаға сигналдың берілу кезеңдері және реттелу ерекшеліктері