Тері және венерологилық аурулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 23:09, реферат

Описание

Тері қабынуы – сыртқы орта мәнбірлерінің тітіркендіру әсерінен пайда болатын дәріс. Оның дамуына себеп болатын мәнбірлерге механикалық, физикалық, химиялық агенттер жатады.
Механикалық агенттер – ол қажау, қысылу.
Физикалық агенттерге жоғары және төмен температура,ультракүлгін сәулесі, рентген сәулесі, иондаушы радиация, электр тоғы жатады.

Работа состоит из  1 файл

Дерматиттер (Автосохраненный).docx

— 21.99 Кб (Скачать документ)

Дерматиттер

      Тері қабынуы – сыртқы орта мәнбірлерінің тітіркендіру әсерінен пайда болатын дәріс. Оның дамуына себеп болатын мәнбірлерге механикалық, физикалық, химиялық агенттер жатады.

    Механикалық  агенттер – ол қажау, қысылу.

    Физикалық агенттерге жоғары және төмен температура,ультракүлгін сәулесі, рентген сәулесі, иондаушы радиация, электр тоғы жатады.

   Химиялық агенттерге әртүрлі органикалық және органикалық емес заттар жатады. Тері қабынуы әсер ететін агенттің күшіне, ұзақтығына және организмнің реактивтігіне байланысты жедел және созылмалы түрге бөлінеді. Жедел түрі үш клиникалық түрге бөлінеді: эритемалық, буллездық, некроздық.

    Эритемалық түрінде теріде қызару, ісіну болады.

    Буллездық  түрінде қызарған теріде көпіршіктер, үлкен көпіршіктер түзіледі, сұйықтығы қабық болып құрғайды немесе сыдырлады.

    Некроздық түрінде шіріген қабық немесе жара түзіліп жазылады. Созылмалы тері қабынуында әлсіз тітіркендіргіш ұзақ әсер еткенде дамиды. Клиникасы: қызару, сіңбелену, лихенификациямен және гиперкератозбен сипатталады.

Механикалық себептерден  болатын тері қабынуы

Көнетоз  – потертость аяғына тар аяқ киім кигенде, дұрыс оралмаған шұлғаудың әсерінен, етік қажауынан, құралдардың қысуынан дамиды. Көнетоз дамуының себептері: жалпақ табан, тершеңдік, ұзақ серуен.

   Клиникалық белгілері: шектелген қызыл дақ пайда болады, кейіннен ісіну, қызу, ауырсыну болады, ұйыма немесе геморрагиялық сұйықтығы бар көпіршіктер пайда болады. Соңынан жарақаттанудың әсерінен көпіршік беті ашылып, біртіндеп жазылады. Созылмалы көнетоз шұлғауды дұрыс орамағандықтан өкше – табан буынының алдыңғы жағында жиі кездеседі.

  Клиникалық белгілері: тері сіңбеленіп, қыртыс қабат қалыңдайды, гиперкератоз болады.

   Мүйізгектену – омолелость. Ұзақ уақыт әсер еткен кәсіптік, механикалық тітіркендіргішке терінің қорғаныш реакциясы ретінде дамиды. Ол кезде сары түсті тығыз консистенциялы ауырмайтын жазық табақша пайда болады. Бірақ жүрген кезде ауырады. Мүйізгектенуден мүйізгекті –  мозоль – айыра білген дұрыс. Мүйізгектің пайда болуының негізгі себебі: табанның сезгіштік жүйелерінің қабынуы.

   Клиникалық белгілері:  гиперкератоз, ауырсыну.

    Баздану –   опрелость – қажалу нәтижесінде пайда болады. Орналасатын жерлері: шап, сан, жамбас аралығы, қолтық асты қатпарлары, емшек безі  асты. Аурудың даму себептері: зат алмасуының бұзылуы көп терлеу, тері гигиенасының жеткіліксіздігі.

   Клиникалық белгілері: бірінші шектелген қызыл дақ пайда болады, беткейі суланады, жарылады, ақжемделуі мүмкін. Кейде қышу, ауырсыну мазалайды. Жиі пиогенді жұқпа қосылады.

 

 

Химиялық заттар әсерінен пайда болатын тері қабынуы

Тері қабынуын тудыратын  химиялық заттардың саны өте көп. Кейбіреуі барлық адамдарда тері қабынуын тудырады, оларды облигаттық немесе шартсыз тітіркендіргіштер дейді. Басқалары – факультативтік немесе шартты – тек қана тері сезімталдығы жоғары адамдарда тері қабынуын тудырады. Шартсыз тітіркендіргіштерге қышқылдар, сілтілер, ауыр металдардың тұздары жатады. Бұлар теріде әртүрлі дәрежелі некроздық өзгерістер тудырады, ауырсыну,күйдіру белгілері мазалайды және қабыну дәрісі тек агент тиген жерде дамиды,шетке қарай өспейді. Шартты тітіркендіргіштерге өнеркәсіп өндіру жағдайында скипидар, формалин, хром қосындылары, лактар, бояулар, пластмасс қоспасы, әр түрлі фармакологиялық заттар жатады. Бұл тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болған тері қабынуын аллергиялық деп атайды. Аллергиялық тері қабынуы осы аллергендердің біраз уақыт қатынаста болып, біртіндеп оларға арнайы сезімталдықтың жоғарлауынан дамиды. Аллергендердің терінің шектеулі жеріне ғана әсері болғанына қарамай, бүкіл терінің сезімталдығы дамиды. Бір пайда болған сезімталдық көп жылдарға созылады. Сезімталдықты тудыратын механизм әлі түбегейлі анықталған жоқ. Сенсибилизацияның пайда болуы тері жасушаоарына қарсы комплексін тудыруға мүмкіндік беретін баяу дамитын аллергиялық реакцияға байланысты болса керек. Клиникасында ісіну,қызару, түйіншектер мен көпіршіктер,сулану, қышыну болады.

   Емі.

Тері қабынуын емдегенде 1– ші этиологиялық мәнбірлердің әсерінен тоқтату керек. Көнетоз кезінде жылы ванночкалар жасап, фукарцин майын жағады. Мүйізгекті алу үшін оны сабынды – содалы суға салып, жібіген қабатын қырады. Кейін кератолитикалық  майлар, пластырлар немесе лак қолданады. Базданудың емдеу үшін тұтқырландыратын және антисептикалық дәрілер қолданады. Кейін ақжемделген жерлерге талық себеді немесе 5% АСД пастасын жағады.

  Шектелген 1−2−ші  дәрежелік күйікке зақымданған жерлерге ылғалды− кептіретін таңғыш салынады. Ол үшін әртүрлі антисептикалық сұйықтықтар қолданады немесе антибиотиктер қосылған майлар қолдануға болады.

  1−2 дәрежелі үлкен  күйіктерді және 3−4 дәрежелі  күйіктерді мамандырылған бөлімдерде  хирургтар емдейді.

  1−2 дәрежелі үсік  кезінде Вишневский майын, синтомицин  эмульсиясын, аэрозольдар қолданады.  Сонымен қатар жүрек препараттары, ыстық кофе немесе шай беріледі.

  3− ші дәрежелі  күйікте симптоматикалық ем жүргізіледі,  сіреспеге қарсы сарысу немесе  анатоксин егіледі. Үсіген жерлерге ылғалды таңғыш салуғаболмайды, қайта ысқылап,массаж жасау керек. Қалтыратқыш кезінде қолданатын ем: кальций препараттары, темір препараттары,витаминдер, массаж, ыстық ванна, ультракүлгін сәулесі және камфорлы спиртпен сүрту. Жергілікті ем бөртпенің морфологиялық ерекшелігіне байланысты. Қабынуды, қышынуды, сулануды басатын әртүрлі қоймалжыңдар , кремдер, майлар қолданады. 

 

 

 

Қабыршақты теміретке  немесе псориаз

Псориаз созылмалы қайталанбалы ауру. Тері ауруларының ішіндегі жиі кездесетін аурулардың бірі. Бұл жынысты да, жасты да аса талғамайтын ауру, дегенмен 16−25 жастың аралығында көбірек кездеседі.

  Этиопатогенезі осы күнге дейін толық анықталмаған. Кейбір жағдайларда жедел жұқпалы аурулардан(ангина, ОРЗ) кейін басталады, кейде әр түрлі стресстен бездерінің қызметінің бұзылуы да, зат алмасу дәрісінің бұзылуы, әсіресе холестерин алмасуы өз рөлін атқарады. Кейбір мамандардың пікірі бойынша псориаз тұқым қуалайтын ауруларға жатады. Псориаз көп мәнбірлі ауру.

  Клиникалық белгілер: псориаз жедел басталады, теріде тарының дәніндей немесе одан да кішірек түйіншектер шығады. Алғашында олар қызыл түсті болады да тез арада бетінде күміс түсті ақ қабыршықтар пайда болады. Бірте− бірте үлкейіп табақшаларға айналады. Олар бір− бірімен қосылып терінің бірталай көлемін алып иректеліп келеді. Кейде табақшалар шетінде қызғылт жиек көрінеді. Түйіншектің орнында пигменттік дақ пайда болады, біраз уақыттан соң жоғалады. Түйіншектің бетін тырнау арқылы псориазға тән "псориаздық үштік" атты феномен көруге болады. Олар гистопатологиялық өзгерістерге байланысты. Түіншектің бетін тырнағанда алдымен "стеаринді дақ "− белгісі көрінеді, ол қабыршақтардың майдаланып көбеюі – гиперкератоз. Әрі қарай тырнағанда астында "терминальды үлдір " белгісін көреміз негізінде – акантоз жатады. Үлдірді алып тастасақ, астында жеке –жеке қан тамшыларын көруге болады – оны " қан шығы" деп атайды, оның негізінде папиломатоз жатады. Олар қыл тамырлардың жарылу нәтижесінде пайда болады.

Псориаздың дамуын үш мерзімге бөлуге болады:

  1. Үдемелі(жедел прогрессивті)
  2. Тұрақты (стационарлы)
  3. Аяқталу мерзімі.

Ем дұрыс тағайындалу  үшін осы мерзімдерді анықтаудың маңызы зор. Үдемелі мерзімде бөртпе өте көп және ұсақ, күнде жаңа бөртпе шығып отырады, қабыну дәрісі болады. Сонымен бірге бұл мерзімде Кебнер реакциясы оң нәтижелі болады. Тағы бір ерекшілігі үлкейген табақшалардың шетінде қабыршақтар болмайды, жіңішке қызғылт белдеу қалады. Ауруды қышыну мазалайды. Тұрақты кезеңде жаңадан бөрпе шықпайды, Кебнер реакциясы болмайды. Қабыну, қышыну азаяды. Аяқталу мерзімде бөрпелер ортасынан бастап жұқара бастайды да, біртіндеп жоғалады, орнында пигменттік  дақ қалады.

  Шынтақта және тізеде  псироаз табақшалары ұзақ уақыт  сақталады. Бөртпе көбінесе  аяқ  – қолдың сыртқы жағында орналасады, сиректеу  денеде, шықпайтын жерде  болуы мүмкін. Бұндай жағдайда  стрептококтық баздануға ұқсайды.  Өте жиі тырнақ зақымданады.  Тырнақтың бетінде ұсақ шұңқыршалар  пайда болады. Ал кейбір кезде  тырнақ қалыңдап, сарғыштанып, беті  кедірлі – бұдырлы болып өзгереді.

   Егер псориаз әдеттегідей түрінде дамыса аурудың жалпы халі ауырламайды.

  Псориаз созылмалы,  қайталанбалы ауру. Көбінесе ол  күзде, қыста қайталанады да, бірнеше  айға созылады, егер емдемесе, бір  қалыпта бірнеше жылға дейін  кетпей тұруы мүмкін. Қайталуыдың  арасы бірнеше айдан бірнеше  жылға дейін созылуы мүмкін.

  Псориаздың бірнеше түрлері бар.

Жалқықтық псориаз. Кейбір ауруларда псориаз үдемелі мерзімінде жалқықтық түрде кездеседі, табақшалардың бетіндегі қабыршақтарға ұйыма сұйықтық сіңіп, олар бір–біріне жабысып, қатпарлы сарғыштау қабықтарға айналады, оларды алып тастамаса асты ылғалданып тұрады және қанағыш келеді.

Артропатиялық псориаз. Кейбір жағдайда адамның буындары зақымдануы мүмкін. Әдетте аяқ – қолдың ұсақ буындарынан басталып бара− бара ірі буындарға ауысады. Басында буындар тек ауырады. Кейінірек олар ісінеді, жан – жағындағы ұлпалардың сіңбесіне байланысты қимылы қиындайды, келе−келе буын  тіпті қозғалуға келмей қақайып қалуы мүмкін. Рентгенмен қарағанда басында, сүйектерде көрініп тұрған өзгеріс болмайды. Кейінірек екі буынның арасындағы саңылау тартылып, остеопороз дами бастайды. Аурудың әр қайталануында буындардың зақымдануы арта түседі; терідегі белгілері азая бергенде буындары да аздап жақсарады, бірақ бара –бара буындардың ақауы үдейе түсіп, сырқат адам мүлдеп қозғала алмай қалуы мүмкін.

Екінші  дәрежелі эритродермия. Бүкіл денені жауып кететін бұл түрі жедел басталады. Тері қызарып бөрпелер бір –біріне қосылып кетеді. Эритеманың бетінде кішкентай жұқа қабыршақтар қаптап кетеді, тез түлеп түседі. Шаш түсіп қалуы мүмкін. Тырнақтар қалыңдап, көпсіп, ұясынан шығып, түсіп қалады. Осы белгілердің бәрі дене ыстығының көтерілуімен қосалқы жүріп отырады. Терінің бұл өзгерісі бірнеше апта, айға созылып, сонан кейін жазылып, теріде тек псориаздың өзіндік белгісі ғана қалады. Эритродермияның дамуына көбінесе, псориаздың жедел мерзімінде өте күшті ем қолдану себеп болады.

  Дианозы. Бөрпелердің бетінде аппақ күмістей қабыршақтар басқа ауруларда да кездесуі мүмкін. Кейде псориаздың түіншектері терінің бүкпелерінде орналасса, олардың бетінде қабыршақтар болмауына байланысты диагноз өою қиындайды. Дегенмен терінің қалыңдауы, ошақтардың шетінде сыдырылыпкеткен мүйізді қабаттың болмауы, тырнап тексергенде псориазды инфекциялық базданудан ажыратуға мүмкіндік береді. Тырнақтардың өзгеруі саңырауқұлақты ауруларға ұқсас, бірақ псориазда тек тырнақтың ғана зақымдануы сирек кездеседі. Көбінесе теріде бөрпелер болады және бір ғана саусақтың тырнағы емес, барлық тырнақ бірден зақымданады.

Емі.

Этиологиялық себептері  белгісіз болғандықтан симтоматикалық ем қолданады. Аурудың үдемелі кезеңінде  бөрпелердің бетіндегі қабыршақтардың түлеп түсуіне көмектесетін майлар жағу қажет, мысалы 1−2% салицил қышқыл майын, 2% салицил қышқылымен сынап  қосылған майды. Осы кезде фолий және аскорбин қышқылын күніне 3 рет ішу керек  А витаминін, никотин қышқылын. Сонымен бірге тыныштандыратын препараттар қолдану керек(бром, валериана,пустырник), гистаминге қарсы препараттар, аутогемотерапия. Ал жергілікті емге тұрақты кезеңде майларға нафталан, күкірт қарамай қосқан жөн. Эритродермияны емдеуге кортикостероидтарды қолдану қажет, тәулігіне 15−20 мг.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Тері және венерология ауруларындағы мейіркеш ісі

(Омарова М.А., Нұрбеков  А.Н., Исина Н.С.  ), (Асем− систем  2007 жыл).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Тері және венерология ауруларындағы мейіркеш ісі

(Омарова М.А., Нұрбеков  А.Н., Исина Н.С.  ), (Асем− систем  2007 жыл).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Тері және венерологилық аурулар