Пенициллдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 23:54, творческая работа

Описание

Работа содержит презентацию по дисциплине "Биология"

Содержание

1.Пеницилл шығу тегі.
2.Шығу тарихы.
3.Қатері және сақтық шаралары.
4.Пенициллум санырауқұлағы.

Работа состоит из  1 файл

Бота Айганым.pptx

— 895.65 Кб (Скачать документ)

Пенициллдер!

Жоспар:  
1.Пеницилл шығу тегі. 
2.Шығу тарихы. 
3.Қатері және сақтық шаралары. 
4.Пенициллум санырауқұлағы.

  
Пенициллин, толық атауы бензилпенициллин— түрлі микробтарға қарсы, іріңді жараны, өкпе қабынуын, баспа, соз және басқа ауруларды емдеуге қолданылатын антибиотик. Ол ең әсерлі антибиотиктердің бірі. Пенициллин көптеген іріңді бактерияларды қоса алғанда, бактериялардың көптеген түрін жояды. 
Бірақ: ол іш өткенге, зәр шығаратын мүшелерге түскен инфекцияға, сегізкөз ауруына, көгеріп іскенге, әдеттегі салқын тигенге, қызылшаға немесе басқа дә вирустық инфекцияларда көмектеспейді. Пенициллин миллиграммен (мг) немесе бірлікпен (бр) — бірлік өлшемімен өлшенеді. Пенициллин үшін 250мг=400000бр. 
Қазір пенициллиннің түрі көп (экмоновоциллин, новоциллин). Ал феноксиметил пенициллинді ішуге болады. Пенициллиннің құрғақ түрін жараға себеді, ал ерітіндісімен жараны жуып емдейді. 

Бензилпенициллин химиялық қосынды сұлбасының 3D көрінісі

 

    • 1928 жылы өзінің «салақтығынан», Флеминг пенициллин преператының негізін қалады. Ол Петри кеселерінің көгеріп кеткен біреуінің ішіне үңіліп, бактерия колонналарының мөлдір күйге енгенін байқайды. Соның арқасында ғылымға үлкен жаңалық әкеліп, бактериялық денелерді бұзатын пенициллин белсенді затын ойлап табады. Бастапқыда ол өзі ашқан жаңалықтың көмегімен дәрі жасауға болатынына аса сене қоймайды. Бірақ оның ісін Говард Флори мен Эрнст Борис Чейн деген мамандар 1940 - 1941 жылдар аралығында жалғастырып, пенициллинді тазалау әдісін тәжірибеге енгізді. Олар алғаш болып бактериялық инфекцияларға қарсы емдеу үшін қолданған.
    • Ал пенициллинді жаппай өндіру ісі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жолға қойылды. 1945 жылы Александр Флеминг пен жоғарыда аттары аталған екі ғалымға физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығы табыс етілді.

 

 

    • Көптеген адамдар үшін пенициллин аса пайдалы да сенімді дәрілердің бірі болып табылады. Пенициллинді шектен тыс қолдану оларға зиян келтірмейді, тек қаржысын ғана шығын етеді. Пенициллинді аз мөлшерде қолданған жағдайда ол инфекцияны толық жоя алмайды және бактериялар пенициллинге үйреніп, оған берілмейтін болып алады (оларды жою қиындайды).
    • Кейбір адамдарда пенициллин аллергиялық реакция туғызады. Қызыл таңдақтар немесе қызыл бөрітпелер шығып, қышуы аллергиялық реакциялардың жеңіл түріне жатады. Бұл көбіне пенициллин шанышқаннан кейін бірнеше сағаттан немесе бірнеше күннен кейін пайда болып, бірнеше күндерге созылуы мүмкін. Антигистаминдер қышығанды басуға көмектеседі. Сиректеу жағдайда қауіпті реакциялар туғызады, бұл аллергиялық естен тану деп аталады. Пенициллинді шанышқаннан немесе ішкеннен кейін адамның беті кенеттен бозарып, дем алысы қиындзйды да ол естен танады. Бұл жағдайда жедел эпинефрин (адреналин) қолдану керек. Пенициллинді қабылдай алмайтын адамдар таблетка түріндегі тетрациклинмен немесе эритромицинмен емделуіне болады. Пенициллиннен жазылатын көптеген инфекциялардан оның таблеткасын ішіп те ойдағыдай жазылуға болады. Пенициллинді егу оны таблетка түрінде қабылдаудан көрі қауіптірек. Пенициллинді ушыққан және аса қауіпті жұқпалы аурулар кезінде ғана шанышу керек.

 

    • ГГени.циллум (к ә к-ж а с ы л з е ң). Конидиеносцалары қол-дың саусағындай тарамдалып келген. Ол көптеген тағамдық заттарды бүлдіреді. Үйлердің ылғал тартқан қабырғаларынан да бұларды көп кездестіруге болады. 
      Пенициллумнің кейбір түрлері пенициллин деп аталатын дәріні алу ушін қолданылады. Басқа бір түрі сүттен ірімшіктің (сыр) рокфор деп аталатын түрін даярлағанда пайдаланылады. 

Пайданылған әдебиеттер:

 

    • А.А.Сүлейменов, М.Исамбаев. «Медициналық анықтама». «Қазақстан» баспасы. Алматы, 1968. −295 б.
    • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

Информация о работе Пенициллдер