Мект Оқытушының аты-жөні: Садыканова Гүлназ Есімбекқызы
Лекция, 01 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Курстың мақсаты – Тірі ағзада өтетін тіршілік процестерінің заңдылықтары мен оны басқару принциптерін ашу, ағзаның жеке дамуының барысында біртұтас ағзаның, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерінің даму ерекшеліктерін қарастыру.
Курстың міндеттері:
болашақ педагогтар мен тәрбиешілерге әртүрлі жас кезеңдеріндегі балалардың негізгі даму заңдылықтарын көрсету;
студенттерді мектептіің оқу-тәрбие үрдісін, еңбек және демалыс режимін ұйымдастырудың негізгі физиологиялық-гигиеналық негіздерімен таныстыру;
оқушыларға медициналық-жыныстық тәрбие берудің қажеттілігін көрсету;
өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығына залал келтіретін негізгі факторларды ашу;
халықаралық ғылыми терминдерді меңгеру
Работа состоит из 1 файл
жас ерек лек.docx
— 103.17 Кб (Скачать документ)Сонымен қатар, оқу бағдарламасының өзгеруі, сабақ жүргізудің жаңа құралдары мен әдістерін қолдану, салауаттындыру шараларын күшейту т.с.с. жағдайлар бөлмелерді көбейтуді қажет етеді. Мектептердің сиымдылығын жоғарылатуда экономикалық жағдай-дың да маңызы бар, яғни, бір орынның құны мен оны пайдалану шығындары біршама арзандайды. Мысалы, 640 орынға есептелген мектептің, бір оқушы орнына арналған құны 320 орынға арналған мектепке қарағанда 30%-ға дейін арзанырақ түседі. Бұл айтылғандар, мектеп ғимараттарының құрылысын үлкен сиымдылықпен салудың артықшылығын көрсетеді. Бірақ бір мекемеге өте үлкен балалар мен жасөспірімдер ұжымын біріктіру:
- аурушаңдықтың көбеюінің алдын-алу; шуыл деңгейінің жоғарлауымен күрес жүргізу;
- әр түрлі мақсатқа арналған бөлмелердің коммуникациялық байланысын қамтамасыз ету;
- мектеп ғимаратының архитектуралық-жоспарлану композициясын ыңғайластыру т.с.с. гигиеналық талаптарды жоғарылатуды қажет етеді.
Мектеп ғимараттарының көлемдік-жоспарлану шешімі оқушыларды жекелеген жас топтарына бөлуге бағытталған. Мектеп жобасы төмендегідей секциялар мен топтарды қарастыруы керек:
- Бірінші сынып оқушыларына арналған оқу секциясы (сынып бөлмелері, ұйықтау-ойнау бөлмесі, рекреация, санитарлық бөлмелер);
- Екінші-төртінші сынып оқушыларына арналған оқу секциясы (сынып бөлмелері, еңбекке оқытуға арналған шеберханалар, ұзартылған күн тәртібіне арналған бөлмелер, рекреация, санитарлық бөлме);
- Бесінші-он бірінші сынып оқушыларына арналған оқу секциясы (оқу кабинеттері, лабораториялар еңбекке және мамандыққа бағыттауға арналған бөлмелер, рекреация, санитарлық бөлмелер);
- Оқу-спорттық залдар және алғашқы әскери дайындыққа арналған бөлмелер;
- Мәжіліс залы, кітапхана және үйірме жұмыстарына арналған бөлмелер; 6.Қызмет көрсететін бөлмелер (тамақ ішетін зал, асхана, әкімшілік, шаруашылық, медициналық бөлмелер, шешінетін жері бар вестибюль).
Балалардың топтануын және әр түрлі жастағы балалардың бір-бірімен араласуын азайту үшін төмендегі талаптар сақталу керек:
- Бірінші сыныптарға арналған секцияларда сынып бөлмелерін 3-тен артық, екінші-төртінші сыныптарға арналған секцияларда 6-дан артық сыныпп бөлмелерін орналастырмау керек;
- Бірінші-екінші-төртінші сыныптарға арналған оқу секцияларын басқа жас топтарындағы секцияларға өтетін жол қалдырмай оңашаландыру керек;
- Рекреациялық бөлмелерге бірыңғай жастағы балаларды (бір параллель) 3-4 сыныптан артық біріктіруге болмайды;
- Параллель сыныптар саны 4 және одан көп болғанда ғимаратты әрбіреуі бірнеше оқу секцияларын біріктіретін автономды оқу блоктары түрінде жобалау қажет;
Гигиенистер жүргізген бақылаулар нәтижесі осы талаптар дұрыс сақталатын болса, жұқпалы аурулардың азаюымен қатар, мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетінің өнімділігінің жоғарылайтындығын көрсетті. Кейінгі жылдары блокты-секциялық немесе павильонды құрылымды мектеп ғимараттарын салу жолға қойылып келеді.