Ұлпалар мен клеткалардың реттеу механизмдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:31, лекция

Описание

Ағзадағы барлық жасушалар, ұлпалар мен мүшелер бір – бірімен байланысып , олардың қызметі және сыртқы ортамен қарым – қатынасы жүйке және гуморальді жолмен реттеулі арқылы іске асады. Нейрогуморальді реттеу жүйесі біртұтас, тығыз байланысқан механизм. Нерв және гуморальді жүйе бір- бірімен тығыз байланысын келесі мысалдар дәлелдейді:
- Биоэлектрлік процестердің табиғаты физико – химиялық, иондардың трансмембраналық жылжуы;
- Нерв жасушадан келесі нерв жасушаға , немесе атқарушы мүшеге қозу медиаторлар арқылы іске асады;

Работа состоит из  1 файл

Ұлпалар мен клеткалардың реттеу механизмдері дәрістер қысқаша мазмұны.doc

— 163.50 Кб (Скачать документ)


«Ұлпалар мен клеткалардың реттеу механизмдері»

пәні бойынша дәрістердің мазмұны

 

Ағзадағы барлық жасушалар, ұлпалар мен мүшелер бір – бірімен байланысып , олардың қызметі және сыртқы ортамен қарым – қатынасы жүйке және гуморальді жолмен реттеулі арқылы іске асады. Нейрогуморальді реттеу жүйесі біртұтас, тығыз байланысқан механизм. Нерв және гуморальді жүйе бір- бірімен тығыз байланысын келесі мысалдар дәлелдейді:
- Биоэлектрлік процестердің табиғаты физико – химиялық, иондардың трансмембраналық жылжуы;
- Нерв жасушадан келесі нерв жасушаға , немесе атқарушы мүшеге қозу медиаторлар арқылы іске асады;
- Нерв және гуморальді жүйенің тығыз байланысы гипоталамо-гипофизарлық деңгейінде айқын байқалады.
Орталық нерв жүйесінің ішкі секреция бездерінің қызметін реттеу гипоталамус арқылы жүзеге асады. Гипоталамус афференттік жолдары арқылы орталық нерв жүйесінің басқа бөлімдерімен байланысқан, атап айтсақ , жұлын , сопақша ми, ортаңғы ми, таламус, базальдік түйіндер, ми қыртысының белгілі аймақтарымен . Сондықтан гипоталамусқа бүкіл ағзадан ақпарат келеді, содан барлық ішкі секреция бездеріне жіберіледі.
Гипоталамустың нейроскреторлық жасушалары афферентті нерв импульстерін гуморальді факторға – релизинг- гормондарға, ал олар гипофиздің клеткаларының қызметіне әсер етіп , түзелетін гормондардың түзілуіне , бөлінуіне әсер етеді. Бұл гормондар мүшелер мен ұлпаларға әсер етеді.
Ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуде симпатикалық және парасимпатикалық нерв талшықтарының медиаторлары зор роль атқарады, сондықтан ішкі секреция бездерінің әрекеті екі жақты бақыланады. Бірақ, кейбір ішкі секреция бездерінің реттелуі гипофиздің қатысуымен жүреді. Мысалы, қалқанша маңындағы без, ұйқы безі т.б. Бұл бездердің қызметі антогонист – гормондардың, метаболиттердің концентрациясының өзгеруімен реттеледі.
Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі, мұнда жүйелік реттеу эндокриндік реттеуге ауысады. Гипоталамус ядроларының нейрондары бөліп шығаратын нейтропепидтер либерин және статин деп аталған. Қазіргі кезде келесі релизинг – гормондар, либериндер анықталған – тиролиберин (ТРГ), молиберин (ЛГ – РГ), кортиколиберин (КРГ), соматолиберин (ГР — РГ), пролактолиберин (ПРЛ – РГ), меланолиберин (МСТ — РГ). Бұл либериндер гипофизден түзілу жылдамдығына әсер етеді.
Статиндер тобына – соматостатин, пролактостатин, меланостатин жатады.
Ішкі секреция бездері бөлетін затын гормондар деп атаған. Гормондар- биологиялық белсенді заттар, ішкі секреция бездерінде түзіліп, қанға түсіп жүйелер мен мүшелердің қызметіне әсер етеді.
Гормон деген терминді 1902 жылы В. Бейлис және Э. Старлинг ұйқы безі сөлінің бөлуін реттейтін секретин деген затқа байланысты ұсынған.
Эндокриндік жүйе мүшелерінің жұмысын, алмасу процестерін, ағзадағы теп-теңдікті, тұрақтылықты қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады.
Бездің қызметінің бұзылуы ағзада түрлі ауруларды туындатады.
Қорыта айтсақ, ағзаның қалыпты жұмыс атқаруын, сыртқы орта әсерлеріне бейімделуі нерв жүйесімен қатар ішкі секреция бездері зор роль атқарды.
Менің бұл ғылыми жұмысымдағы алға қойған мақсатым-ішкі секреция бездерінің оның ішінде ұйқы безінің қызметінің бұзылуы салдарынан болатын аурулардың таралу деңгейін анықтау қант диабетіне профилактиканы міндетті түрде қолға алатын болса, онда біздің мақсатымыздың орындалғаны.
Эндокринологияның, физиологияның және морфологияның жетістіктері ағзаның функцияларын реттеудегі механизмімен байланысты.

1.1 Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары
Адам және жануарлар организмі дамудың «онтогенез» деп аталатын циклін бастан өткізеді. Онтогенез дегеніміз жұмыртқа клеткасы ұрықтанғаннан бастап ағза өлгенге организм дейінгі аралықтағы даму кезеңі. Онтогенездік дамудың біраз уақыты жатырда өтеді, оны антенатальдық немесе пренатальдық онтогенездік даму деп атайды. Дамудың келесі сатысы организм туылғаннан бастап өлгенге дейінгі аралықты қамтиды. Мұны постнатальді онтегенездік даму деп атайды. Онтегенездік дамудың барысында дененің массасы мен көлемі ұлғайып, жеке мүшелері өседі. Мұнымен қатар көптеген сапалық өзгерістер – организмінің жекелеген физиологиялық жүйелері қалыптасып дамиды. Тұқым қуалаушылықтың ақпараттық механизмдері ағза дамуының бастапқы кезеңінде –ақ іске қосылып, ағзаның одан әрі дамуы мен қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Зат алмасу процесінің тұрақты жүруі мен жасушалардың қалыпты қызмет атқаруы – ішкі сұйықтың (қан, лимфа, ұлпалық, сұйық,т.б.) химиялық құрамы мен физикалық және химиялық қасиеттердің тұрақтылығына тікелей байланысты. Денедегі ішкі сұйық заттардың жиынтығын К.Бернар ағзаның «ішкі ортасы» деп атаған.
Американ физиологы У.Кеннон бұл концепцияны ұлғайтып, одан әрі дамытты. Ол ішкі ортаның тұрақтылығын реттейтін механизмдер мен жүйелерді зерттей отырып, организмнің ішкі ортасының химиялық құрамы мен оның физикалық және химиялық қасиетін тұрақты сақтауға бағытталған қасиетін «гомеостаз» (грек сөзінен homoios- тәрізді, stalls- тұрып қалу, қозғалмайтын) деп атады.
Биология мен медицина ғылымдарының табыстары гомеостаз туралы көзқарасты одан әрі кеңейте түсті. Гомеостазды тұрақты сақтауға организмнің барлық жүйелері қатысатын болса, өз кезегінде, гомеостаз жүйелердің қалыпты қызмет атқаруына ықпал етеді. Егер ағзаның ішкі ортасының химиялық құрамы мен физикалық және химиялық қасиеттері өзгеретін болса, оларды тұрақтандыруға бағытталған көптеген физиологиялық жүйелер де біртіндеп активтеніп, іске қосылады. Мысалы, жасушадан тыс ортада судың мөлшері азайып кетсе, қандағы вазопрессин гормонының концентрациясы көбейеді. Вазопрессин- бүйрек арқылы сыртқа шығарылатын суды қайтадан денеге сіңіреді. Сонымен, денеде жүріп жатқан кез келген физиологиялық процестер эндокриндік механизмдердің қатысуымен жүреді.
Оганизмнің жатырлық дамуының бастапқы кезеңдерінде олардың физиологиялық функцияларын реттеуді дамып келе жатқан жасушалардың өз ішінде түзілетін химиялық заттар атқарады. Функцияларды реттеудің осы сияқты жолдары ағза дамуының кейінгі кезеңдерінде де сақталып, белгілі бір шектелген аумақты ғана қамтитын болады. Жоғары сатыдағы жануарлар ағзадағы ұлпалық реттелу процестері, көбіне осы жолмен жүзеге асады. Қарапайым ағзалар тіршілігінде кең тараған функцияларындағы реттеу ролін зат алмасу барысында түзілетін жасушаішілік химиялық активаторлар деп аталатын химиялық заттар атқарады. Пайда болған химиялық акиваторлар өзара жақын орналасқан бір жасушадан екіншісіне еркін таралып отырады. Эволюциялық дамудың барысында нерв жүйесі қалыптасты және көп жасушалы ағзалардың жекелеген мүшелерінің өзара үйлесімді қызмет атқаруында жетекшілік рольне ие болды. Дамудың ондай кейінгі барысында нервтік элементтердің кейбіреулер биологиялық активті заттар түзіп, оларды сыртқа шығара алатын қасиетке ие болды. Нерв жасушаларының мұндай жүйелерін нейро секреторлық жасушалар деп атайды. Кейінен эндокриндік мүшелер немесе ішкі секреция бездері пайда болып, қалыптасады. Ішкі секрециялық бездерде түзілетін секреттер бірден қанға өтіп, өздері түзілген жерден алшақ орналасқан мүшелермен жүйелерге әсер етеді.
Сонымен функцияларды реттеу жүйесі эволюциясы мына бағытты дамыған: жасушаішілік химиялық заттар, нерв жасушалары, нейросекроторлық жасушалар, эндокриндік мүшелер. Омыртқалы жануарлар ағзасында жоғары да келтірілген реттеу механизмдері барлық түрі сақталған. Бірақ, ағзаның бір тұтастық қасиетін сақтап, оны қоршаған орта жағдайымен сәйкестендіруде жүйке жүйесі ерекше роль атқарады.
Эндокриндік мүшелерге секреторлық қасиет тән, олардың мөлшері үлкен болмайды, бірақ қанмен мейлінше мол жабдықталған. Безде қан тамырлары капиллярлар торын құрайды, сондықтан безде түзілген өнімдер бірден қанға өтіп отырады. Эндокриндік бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айрықша без, бүйрек үсті, ұйқы және жыныс бездері жатады.
Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: 1) Біріңғай эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқансерік бездері, гипофиз, эпифиз, бүйрек сүті бездері, плацента мен айырша без жатады. 2) Аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безімен жыныс бездері жатады.
Эндокриндік бездердің орналасу схемасы.
Ішкі секрециялық қызметке кең мағыналы ұғым беріледі. Ішкі секрециямен гормон деген ұғымды мүшелердің, ұлпалармен жасушалардағы жүретін алмасу өнімдерімен шатастыруға болмайды. Мысалы, нағыз гормондарды алсақ, олар алыстан әсер етеді, яғни өздері түзілген жерден алшақ жатқан мүшелермен жүйелерге әсер ете алады. әсер етудің мұндай формасын телекриндік реттеу механизмі деп атайды. Жекелеген жасушаларда түзіліп, сол жасушалардың өзіне ғана әсер ететін активті заттар болады, оларды «жасушалық» гормон тобына жатқызады және олардың реттеушілік әсерін аутокриндік реттеу деп атайды.
Ал, гормондарға ұқсас біраз заттар жасушаларда түзіліп, көршілес жатқан жасушаларға қанға түспей ақ диффузия жолымен ұлпаларға жайылып, олардың қызметіне әсер ететін биоактивті заттар кездеседі, оларды ұлпалық гормондар немесе гистогормондар дейді. Осы сияқты биологиялық активті заттар түзілетін жасушаларды паракринді жасушалар деп, олардың көршілес жасушаларға тигізетін әсерін паракриндік реттеу деп атайды. Бұған ұлпалардың қабыну процестері кезінде түзілетін простагландиндердің қатысуымен жүретін реакцияларды жатқызуға болады.
Паракриндік жасушаларда түзілетін секреттер мен нейрондарда түзлетін нейронмедиаторлар арасында айтарлықтай айырмашылықтар болмайды. Сондықтан оларды нейроэндокриндік жасушалар деп те атайды. Бұл эндокриндік және паракриндік жасушалар арасындағы аса тығыз морфологиялық және физиологиялық байланыстарға негізделген.
Гормондық және гуморальдік реттеу механизмдері туралы түсініктерді өзара ажыратуға болады. Бірақ екеуінің арасында көптеген ұқсастықтар да бар. Гуморальдық реттеу механизмі организмде ертерек қалыптасқан. Ал, гормондар болса, тек жоғары сатыда дамыған жануарларда ғана кездеседі.
Эндокринді бездер функцияларының нейроэндокриндік (гипоталамустық) жолмен реттелуі. Көптеген анатомиялық-физиологиялық зерттеулер гипофиздің қызметі гипоталамусқа тәуелді екендігін көрсетеді. Гипофизбен байланысты эндокриндік реакциялардың көпшілігі рефлекторлық процестер қатарына жатады, өйткені, олардың орталығы гипоталамуста орналасады, эффекторлық бөлімі- гормондық табиғаты басым заттар- гормондар болып есептеледі. Көптеген морфологиялық зерттеулер гипоталамус нейрондарының аксондары гипоталамус пен гипофиз аралығындағы аралық дөңесте үзілетінін немесе гипофиздің артқы бөлімінің ішіне барып аяқталатынын көрсетеді. Бұл аксондар гормон көп түзілетін алдыңғы және аралық бөлімдерге жетпейді. Аденогипофизді нервтендіретін симпатикалық нерв талшығы ондағы қан тамырларының қабырғасына барып аяқталады да вазомоторлық қызмет атқарады. Гипоталамуста түзілетін нейрогуморальдық факторлар қан арқылы аденогипофиздің троптық функциясын реттейді. Осы тәріздес нейросекреторлық процестер алдындағы гипоталамустың ірі жасушалы ядроларында да байқалып, бұлардан нейрогипофиздің пептиді секреттері бөлінетіні анықталды. Гипоталамустық гуморальдық реттеу механизмдері медиаторлық принцип жүйесімен жүзеге асырылады.
Эндокриндік реттеу. Эндокриндік реттеу деп бір бездің гормондарының екінші бір бездердегі гормондардың түзілуі мен шығарылуына тигізетін әсерін айтады. Ішкі секреция бездерінің функциясын реттеуде гипофиздің алдынғы бөлімі ерекше роль атқарады. Егер гипофизді хирургиялық жолмен алып тастаса, денедегі көпшілік бездер гормондар түзуін тоқтатып, солып қалады. Гипоталамустың зақымдануы да осындай өзгерістерге әкеп соғады. Бұдан гипофиздің троптық функциясының гипоталамуста түзілетін пептидті гормондарға тәуелді екендігін көруге болады. Егер гипофизі алынып тасталған жануарға гипофиздік троптық гормондарын енгізсе, бездер қызметі бастапқы қалпына келеді.
Ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуге гипофизден басқа да біраз жүйелер жиынтығы қатысады: гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездері (КТ РФ АКТГ глюкокортикоидтар); гипоталамус-гипофиз-жыныс бездері (ГТ-РФ, ЛГ және ФСГ); гипоталамус-гипофиз-қалқанша безі (ТТ-РФ – ТТГ — Т3 және Т4), жүйелері. Аталған жүйелердің әрқайсысы өз алдына біртұтас функциональдық қызмет атқарады және екі жақты байланыс арқылы өздігінен реттеліп отырады . Бір жүйе гипоталамустан гипофизге қарай төмен бағытталса (тура), екінші жүйе мүшелер мен бездерден басталып, гипоталамусқа қарай (кері), жоғары көтеріледі. Гипоталамустың клеткалары сыртқы сигналдарды мидың афферентті жолдары арқылы қабылдап, оларды жеке -дара талдайды. Одан әрі олардың қасиетін өзгертіп, пептидті секреттер түрінде гипофизге жібереді. Бұл гормондар гипофиздің алдынғы бөлігінің функциясын не жылдамдатады (либериндер),не тежейді (статиндер).
Гипоталамустық пептидті гормондардың әсерінен гипофиздің алдыңғы бөлігін пайда болатын биохимиялық өзгерістер тропты гормондар түрінде шетте орналасқан бездерге әсер етеді. Кері байланыстар гипофиз (қысқа жол) бен бездерден (ұзын жол) басталып гипоталамусқа барып аяқталуы мүмкін. Мысалы: жыныс және тиреоидты гормондар мен картикостероидтар кері байланыс заңдылығы арқылы гипофизбен гипоталамус функцияларына әсер ете алады.
Сонымен, гипоталамус біріншіден, сыртқы сигналдарды қабылдап, оларды жіктеп, қайта өңдеу арқылы өзгертіп сол түрінде байланыс жолымен ішкі секреция бездеріне бағыттаса, екіншіден, бездерден шыққан сигналдарды кері байланыс жолымен қабылдап оған тиісті жауаптар қайтарады.
Эндокриндік немесе гуморальдық реттеу. Гормондар қатарына жатпайтын кейбір метаболиттер эндокриндік бездер қызметін гуморальдық жолмен реттеу механизіміне қатысады. Реттеудің бұл түрі көпшілік жағдайларды, эндокриндік функциялардың өзін — өзі реттеу жүйесіне жатады, өйткені, метаболиттер гормондар бақылауында болатын алмасу поцестерінің деңгейі қарқыны туралы ақпарттарды гормон түзетін бездерге жеткізіп оларды үнемі ол жөнінде хабардар етіп отырады. Мысалы, глюкоза эндокриндік жасушалармен глюкорецепторлар арқылы әрекеттесіп, Лангерганс аралшықтарында инсулиннің, глюкагонның, хромофин ұлпаларында адреналиннің, аденогипофизде сомато және адренокортикотропты гормондардың түзілуіне секреция қарқындылығына әсер етеді. Өз кезегінде, инсулин, глюкагон, адреналин, СТГ және АКТГ – көмірсу алмасуының немесе гликемия деңгейін реттеудің аса маңызды реттеуші факторлары ретінде жұмсалады. Ішкі секреция бездерінде бос күйіндегі май қышқылдары да осы тәрізді жолдармен әсер етеді. Белок алмасуын тежейді. СТГ мен инсулин гормонының секрециясы қандағы амин қышқылдары концентрациясына байланысты. Кальций алмасуын бақылайтын паратгормон мен кальцитониннің секрециялық деңгейі — қандағы Са2+ концентрациясымен реттелсе, су алмасуын қатысатын АДГ түзілуі – қанның осмостық қысымының деңгейімен анықталады.

Эндокриндік жүйелердегі тура және кері байланыстар механизмінің жалпы схемасы.
Эндокриндік бездер функциясын жасушааралық бақылауда басқа типтегі гормондық факторлар да көрнекті роль атқарады. Мұндай агенттерге көпшілік жағдайларда гормондық әсерлердің іске асырылуында функция атқаратын простагландиндер (ПГ) мен Са2+ жатқызуға болады. Простагландиндер гормондық қасиеті бар заттар тобына кіреді және олардың қазіргі кезде 15 түрі белгілі. Простагландиндер эндокриндік бездердің кейбіреулеріне гормондар түзілуі мен олардың секреторлық активтіліктеріне тікелей немесе жанама жолмен әсер етеді (гипофиз, бүйрекүсті, жыныс және қалқанша бездер). Нерв ұштарынан медиаторлар бөлінуін өзгерте отырып, синапстардан эфекторлы құрылымдарға нейрогуморальдық әсерлердің берілуін реттеуге қатысады деген болжамдар бар. Простагландиндердің жануарлар мен адамдардың репродуктивтік мүшелеріне тигізетін әсер күшті көрінеді. Егер буаз малдардың әр 100кг массасына 0,05мг ПГ енгізге бірнеше сағаттан кейін оларға туу актісі басталады.
Кальций да кейбір эндокриндік бездер функциясын реттейтін гуморальдық факторлар қатарына жатады. Кальций көптеген белокпепидті және стероидты гормондар мен катехоламиндердің секрециясын стимулдайды. Қорыта келгенде, эндокриндік процестердің өздігінен реттелу механизмдері метаболизмдік гомеостазды тұрақты деңгейге ұстауға бағытталған.

1.2 Гормондар мен биологиялы активті заттардың химиялық құрылымы бойынша жіктелуі және олардың әсер ету жолдары мен механизмдері.
Адам ағзасында жасушалар, ұлпалар байланысын бір ағзаға жинақтайтын, оны қоршаған ортаға бейімдейтін нерв және гуморальды жүйелер. Нейрогуморальдік реттеу жүйесі бір – бірімен тығыз байланысқан. Нерв және гуморальды жүйе бір – бірімен тығыз байланысын келесі мысалдар дәлелдейді:
- биоэлектрлік процестердің табиғаты физико – химиялық иондардың трансмембраналық жылжуы;
- нерв жасушадан келесі нерв жасушаға немесе атқарушы мүшеге қозу медиаторлар арқылы асуы;
- нерв және гуморальды жүйенің тығыз байланысы гипоталамало – гипофизарлық деңгейінде айқын байқалады.
Орталық нерв жүйесінің ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуі гипоталамус арқылы жүзеге асады. Гипоталамус афферентік жолдары арқылы орталық нерв жүйесінің басқа бөлімдерімен байланысқан, атап айтсақ: жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми, таламус, базальдық түйіндер, ми қыртысының белгілі аймақтары. Сондықтан гипоталамусқа бүкіл ағзадан ақпарат келеді, содан барлық ішкі секреция бездеріне жіберіледі.
Нерв импульстеер берілуге секундтық бір бөліктері ғана келеді. Сондықтанда нерв жүйесі арқылы ағзаны ағзаны ұзақ адаптивтік реакциялар арқылы қамтамасыз етіледі. Гуморальды реттеу факторларында гормондар, электролиттер, медиаторлар, кининдер, прогландиндер және одан да басқа метаболиттер жатады.
Ішкі секреция бездерінің қызметін симпатикалық және парасиматикалық нерв талшықтарының медиаторлары зор роль атқарады, сондықтан ішкі секреция бездерінің әрекеті екі жақты бақыланады. Бірақ, кейбір ішкі секреция бездерінің реттелуі гипофиздің қатыспауымен жүреді. Мысалы, қалқанша маңы безі, ұйқы безі, тағы басқалар. Бұл бездердің қылзметі антогонист – гормондардың, метаболиттердің концентрациясының өзгеруімен реттеледі.
Гуморальды реттелудің басты формасы гормондар арқылы реттеу. «Гормон» деген атауды алғаш рет 1902 жала Старлинг пен Бейлис он екі елі ішек шығаратын зат – секретинді ашып қолданған. «Гормон» деген термин (грекше «hormon» — қоздырамын, қозғалтамын) мағына береді.
Гормондар жоғары активті заттар. Оны ішкі секреция бездері ағзаның ішкі ортасына бөліп шығарады. Эндокрин бездерінің секрет бөліп шығаратын түтіктері болмайды.
Эндокриндік бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша безі, қалқанша маңы безі, бүйрек үсті бездері, тимус жатады.
Сыртқы секреция бездерінің ерекшелгі оларда секреция бөліп шығаратын арнаулы түтіктері болады. Аралас секреция бездеріне жататындарға ұйқы безі, жыныс бездері.
Биологиялық активті заттарды бездерден басқа да органдар шығару мүмкін. Олардан атап айтсақ бүйрек, ас қорыту тракты жүрек. Барлық бірдей арнайы жасушалар бөліп шығаратын заттар «гормондар» деген классикалық кретиндерге сай келмейді. Сондықтан да кейінгі кездері «гормон» атауымен қосымша биологиялық активті заттар (БАЗ) да қолданылып келеді. Ол заттар сол шығарылған жерде ғана әсер етеді. Мысалы: олардың БАЗ бірейлері шыққан жерінде ғана әсер етіп қан айналымына қатыспайды. Ондай секрет бөлетін жасушаларды паракрин жасушалары деп атайды. Ондай секрет бөлетін жасушаларды паракрин жасушалар деп атайды. «Гормон» деген атаудың анық анықтамасын катехоламиндер – адреналин мен нормадреналиндерге қатысты. Оны бүйрек үсті бездерінің ми қабаты шығарғанда гормон деуге болады. Ал оларды симпатикалық нерв ұштары шығарғанда оны медиаторлар деп атайды. Гипоталамус реттеуші гормондар – нейропептидтер. Оған қоса жақында ашылған энкефалиндер мен эндорфиндер тек ғана гормондық емес медиаторлақта қызмет атқарады. Реттеуші гипоталамус пепидтері ми нервтерінен басқа ішектін ерекше жасушаларынан табылған. Ол нейрогензин, соматостатин, және тағы басқалар. Қазіргі біздің білуімізше олар неше түрлі мүшелер мен ұлпалар жасушаларында араласып диффуздық нейроэндокриндік жүйесіне жатады.
Гормондар мен биологиялық активті заттардың табиғаты әртүрлі. Гормондар құрылымының күрделілігіне байланысты олардың әсері де әртүрлі болады. Мысалы медиаторлар әсері секундтық бір бөлігіндей болса, петидтерде бірнеше сағатқа, ал стероидты гормондар мен иодтирониндер тәулікке дейін әсер етеді. Гормондардың химиялық құрылымдарын, физикалық- химиялық қасиеттерін талдау олардың әсер ету механизмін түсінуге әртүрлі сұйық ішінен бар – жоғын анықтауға көмектеседі.
Гормондар мен БАЗ – дың құрылымы бойынша жіктелуі:
1. Амин қышқылы тектес:
Тирозин тектес: тироксин, триодтиронин, дофомин, адреналин, норадреналин;
Триптофан тектес: мелатонин, серотонин;
Гистидин тектес: гистамин.
2. Белок – пептид гормондар:
полипиптидтер: гликоген, кортикотропин, меланотропин, вазопрессин, окситоцин, қарын – ішек пептид гормондары:
жай белок – протеиндер: инсулин, соматотропин, пролактин, паратгормон, кальцитонин:
күрделі белоктар: гликопротеиндер, тиреотропин, фоллитропин, лютропин.
3. Стероидгормондар:
кортикостероидтар: альдостерон, картизол, кортикостерон;
жыныс гормондары: андрогендер (тестостерон), эстрогендер мен прогестерон.
4. Май қышқылдар тектес:
Арахидон қышқылы мен ол тектес: простогландиндер, простациклиндер, тромбоксондар, лейкотриндер.
1. Гормон қашықтан (алыстан) әсер етеді, яғни олар өзінің жасалған жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер алады.
2. Гормондар ағза қызметің гуморальды реттеуге аралық роль атқарады. Бұл реттеуде басты бағыттаушы рольді орталық жүйке жүйесі атқарады, ал ішкі сөлініс бездері көбінесе оның әсерін күшейте не әлсірете отырып, эфференттік (шекті) фегетативті және сомалық жүйелермен қатар қызмет жасайды.
3. Гормондар арнайы әсер бар. Соған байланысты белгілі бар гормонның жетіспеушілін, екінші гормонмен немесе басқа биологиялық белсенді затпен алмастыруға болмайды.
4. Барлық гормондар биологиялық белсенділігі жоғары болады. Мысалы, тироксинның 1:100 млн, адреналиннің 1: 100 млн сұйтылғанда да әсер етеді, ал 1 грамм инсулин 12500 қоянның қандағы қант деңгейін төмен түсіре алады.
5. Гармондар өте тез, бірақ қысқа мерзімде әсер етеді. Олардың өте тез әсер етуі жасуша мембранасы арқылы тез өсуі біршама төмен молекулярлық салмағына байланысты. Ал әсердің қысқа мерзімді болуы олардың ұлпалық ферменттердің ықпалымен ыдырауына және денеден сұйрық арқылы жеңіл шығарылуына байланысты.
6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың құрылымдарына да әсер етеді, яғни оларда морфологиялық өзгерістер туғызуы мүмкін, кейде ағзалар ұлпаның өсуін күшейтіп, кейде тежейді. Гормондар зат алмасу қарқынында әрі РНК – сіне басқа нуклейн қышқылдарынң жасалуына әсер етеді. Эндокринді бездердің патологиясы кезінде адамның бет — әлпеті соншалық өзеруі мүмкін, бұл өзгерістер негізінде тез диагноз қоюға болады – акромегалия, гигантизм т.б.
7. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, яғни олар жасуша жоқ ортада жүретін химиялық процестерге арнайы әсер етпейді. Бірақ әртүрлі ферменттер арқылы химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ете алады.

Гормондардың әсер ету жолдары мен механизмі
Гормондардың әсер ету механизмі өте күрделі және биохимиялық тұрғыдан жан – жақты қарастырылған. Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық ұлпаларға ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:
- метаболиттік – зат алмасу процестерінінің барлық жағдайларына жиілігіне әсер етеді.
- Морфогенетикалық – конформациялық құрылымдық процестерде ажырату (дифференциялық, ұлпаның өсуіне, өзгеріске, метафорфозға әсері).
- Кинетикалық – қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері.
- Коррекциялық-корегиялық ұлпалар мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату, бәсеңдету қозғалыстары).
Гормондардың әсер етуінің негізгі екі механизмі болады: біріншісі жасуша сырттан әсер етсе, екінші жағдайда ішінен әсер етеді.
Бірінші жағдайда рецепторлар жасуша мембранасына орналасады. Гормонның рецепторлармен әсеріне байланысты мембрана ферменті аденилатциклаза пайда болады. Осы фермент АТФ түзілуіне әсер етеді. Бұл АТФ гормон эффектінің жасушалық іске асырушысы болып табылады.
Екінші жағдайда жасуша рецепторлары цитоплазмада болады. Цитоплазмаға өтетін гормондар липофильді, сондықтан мембрана арқылы оңай өтеді. Гормон – рецепторлар комплекс жасуша ядросына еніп кетеді. Жасуша ядросына комплекс ыдырап кетеді де гормон ядро ДНК – сының белгілі бір бөліктерімен әсерлесу нәтижесінде ерекше матрица РНК – сы пайда болады. Матрица РНК ядродан шығып рибосомалардағы ақуыздың, не ақуыз ферментінің синтезіне жағдай жасайды. Стероидты гормондар мен тирозин тектес қалқанша без гормондары осылай қызмет жасайды.
Қазіргі кезде гормондардың әсер етунің бірнеше жолдары бар:
1. Гормондардың ұлпалар мен ағзаларға тікелей әсері. Мұндай әсердің себебі гормондар мембрана арқылы жасушаға жеңіл өтеді, оған қоса жасуша мембраналарымен байланысқа түседі.
Мұнда:
а) ферменттік жүйелерді белсендіру немесе бәсеңдету жолы, оның ішінде цитоплазма ферменті. Бұны адреналин мен гликогеннің фосфорилазды жүйеге адинозинмонофосфат арқылы циклді әсері дәлелдейді.
б) ядродағы генетикалық процестерді күшейту, мысалы: итбалықтың тез өзгерістеріне әсер ететін тироксин РНК алмасуының және арнайы белоктарды жасауды күшейтеді.
2. Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей ғана әсер етіп қоймай олардың қантамырлары мен ұлпалардың әртүрлі хеморецепторларын тітіркендіре отырып, рефлекстік жолмен де әсер етеді.
3. Гормондардың әсер етуінің үшінші жолы орталық жүйке жүйесі арқылы орындалуы. Гормондар бұл жүйке орталығын құрайтын нейрондардың кернеуін жоғарлату не төмендету арқылы олардың қозғыштығын өзгертеді.
4. Кейбір жағдайларда гормондардың шартты рефлекс әсерін байқауға болады.
Гормондар ағзада мынадай қызмет атқарыды:
1. Ұлпалар мен органдардың өсуін, дамуын және жіктелуін реттейді.
2. Қоршаған ортаның өзгеруіне ағзалардың бейімделуін қамтамасыз етеді.
3. Гомеостаздың қалыпты сақталуын қамтамасыз етеді.
Гормондардың қызметіне қарай жіктелуі:
1. Тікелей органдарға әсер ететін эффектор гормондар.
2. Гормондар синтез бен бөлінуін қамтамасыз ететін үшжақты гормондар. Оны аденогипофиз бөліп шығарады.
3. Аденогипофиз гормондары, негізінен үшжақты гормондар синтез бен бөлінуін қамтамасыз ететін рилизинг – гормондар. .
Гормондар инактивациясы немесе әсерлерінің тежелуі негізінен бауырда жүреді. Гормондардың бірқатары өзгеріссіз зәр арқылы шығып отырады. Бірқатар гормон әсерлері кейбір шыққан гормондардың антогонист эфефектісіне байланысты болады.
Антагонизм әруақытта салыстырмалы. Мысалы, инсулин мен адреаналин қандағы глюкоза деңгейіне қарама – қарсы әсер етеді. Инсулин гипогликемия жасаса,адреналин гипергликемия жасайды. Ол эффектілерінің мақсаты бір – ұлпалардың көмірсулық қорегін жақсарту.
2.1 Ұйқы безінің морфологиясы мен физиологиясы және оның гормондары.

Ұйқы безі (pancreas) қарынның астыңғы жағында ұйқы безінің салмағы 70 – 80г, ұзындығы – 20см, ол бас (caput) дене (corpus) және құйрық (cauda) бөліктерінен тұрады. Ұйқыбезінің бас бөлігі ұлтабардың иініне кіргізіп, кең де жуан болып орналасады. Оның денесі І бел омыртқаға көлденең келіп, асқазанның арты қабырғасына жанасып жатады, ал құйрық бөлігі сол жақтағы бүйрек пен толаққа жетеді.
Ұйқы безінің жас ерекшелігі.
Нәрестенің ұйқыбезі өте кішкентай ұзындығы 4 – 5см, салмағы 2 – 3г, ал 4 – 5 айда екі есе, 3 жаста – 20г, ал 10 жаста – 30грамға жетеді де ұйқы безі аралас сөлініс безге жатады.

2.2 Ұйқы безінің қызметі мен патологиясы
Ол әрі ішкі (эндокриндік) әрі сыртқы (экзокриндік) сөлініс қызметін атқарады. Сыртқы секрецияық қызметіне ас қорыту ферментін өндіру жатады. Бұл процесті ациноздық клеткалар тобы атқарады.Ациноздық клеткалар басталатын сөл жинайтын ұсақ түтікшелер жинақталса келіп, біздің ұзына бойына орналасқан орталық сол жолына ашылады. Орталық сөл жолы он екі ішектің қабырғасына өт жолымен қатар ашылады.
Ұйқы безінен пайда болған сөлдің (сілтілі реакция) асқорытуда маңызы зор. Сөлдің құрамындағы трипсиноген ферменті ішекте белсенді түрі, трипсинге айналады. Трипсиннің әсерінен белок қанға оңай сіңімді амин қышқылдарына айналды. Ұйқы безінің сөліндегі липаза ферменті майды глицерин мен май қышқылдарына, ал амилаза ферменті крахмалды дисахаридтерге, мальтаза ферменті дисахаридтерді моносахахридке, яғни глюкозаға айналдырады. Осы сөлдің құрамындағы лактаза ферменті сүттің қанты лактозаны моносахарид галактозаға ыдыратады.
Оның он екі ішектегі сөлдің рН 7,5 – 8,5 тең. Бірақ қарыннан келген ас қоймалжыңы оның белсенді сілті реакциясын рН 4- 6 ға дейін төмендетеді. Адам ұйқы безі тәулігіне 2 литрге жуық сөл шығарады.
Ішкі секреция қызметін Ленгерганс аралшықтары атқарады. Ең алғаш аралшық клеткаларды дербес 1869 жылы Лангерганс ашқан, сондықтан оның құрметіне осы клеткалар тобын Лангерганс аралшықтары деп атаған. Ұйқы безінің эндокриндік ролін алғаш рет 1881жылы Улезько – Строгонова көрсетті. 1889 жылы Меринг – пен Миниковский жануарлардың ұйқы безін алып тастағанда оларға диабет ауруының белгілері пайда болып, қан мен зәрдің құрамында қант мөлшері көбейген (гиперглихимия, глюкозурия). Ал 1901 жылы А. В Соболев диабет ауруын аралшық клеткаларды алып тастаса ғана дамытатынын анықтады. Бездің сөл бөлетін өзегін байлап тастағанда оның секреті жиналып, қысымы күшейеді де экскреторлық тканьдер бұзылады, ал аралшық тканьдер өзгеріссіз қала береді. Мұндайда диабет ауруы пайда болмаған. Сабаеев алғаш рет без сығындысын алып, оның диабет ауруын емдеуге қолдануға болатынын дәлелдеген. Бірақ, бұл жаңалық сол кездегі ғылым деңгейіне байланысты дәріптелмегендіктен ұзақ уақыт бойы қолданылмай келді.
1920 жылы Канадалық дәрігерлер Бантинг пен Бест ұйқы безінің аралшық клеткаларының таза тұнбасын алып оны алғаш рет диабет ауруымен ауырған адамды емдеуге қолданған. Сол үшін екеуіне Нобель сыйлығы берілді. Тұнбаның белсенді негізгі ұйқы безінің гормонын инсулин деп атаған. Лангерганс көпіршелері инсулоцит деп аталатын клеткалардан тұрады, инсулин сол клеткаларда өндіріледі. Лангерганс аралшқтарында түзілген секретті сыртқа шығаратын арнаулы өзектері болмайды, олар қанмен жабдықталған.
Лангерганс аралшықтары бозафилді немесе -клеткалар, ацидофильді немесе -клеткалар тобынан тұрады. -клеткалар инсулин, -глюкагон. Жас организмде — клеткалар, қартайғанда -клеткалары басым болады. Бұл жас организмде инсулин көп бөлінетін, ал, организмнің қартаюымен байланысты инсулин бөлінуі азайып, керісінше глюкагон түзілуі артатынын көрсетеді. Без аралшықтары қанмен жақсы жабдықталып, симпатикалық және парасимпатикалық нервтермен нервтенеді. Ұйқы безінің дамуы балаларда 1 жастан 5-6 жасқа дейін жақсы дамиды.Мұның физикалық көрсеткіштері 11-13 жаста, ал қызметі 15-16 жаста ересектермен теңеседі.
Ұйқы безінің гормондары – инсулин, глюкагон, липокаин.
Инсулин организмнен тыс жасанды жолмен алынған алғашқы белоктардың бірі.
Инсулиннің түзілуі. Инсулиннің – клеткаларда түзіледі. Инсулин молекуласы аминқышқылдарынан түзіледі. Гормон түзілу процесі рибосомаларда басталып проинсулин молекуласына айналады.
Проинсулин молекуласы одан әрі тасымалдау жүйесінің көмегімен Гольджи комплексіне жеткізіледі. Онда гормон молекулалары секреторлық гранулаларға оранып, гранулалар ішіндегі ішіндегі протеолиттік ферменттердің тікелей қатысуымен күрделі өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде А тізбегінің карбоксил тобын В тізбегінің амин тобымен жалғастырушы пепид олардан ажыратып, тек дисульфидті көпіршелермен ғана жалғасқан екі тізбектен және 51 аминқышқылымен тұратын инсулин молекуласы пайда болады.
Гранулаларда инсулин цинкпен қосылысқа түсіп диаметрлер, тетрамерлер және гексомерлер түрінде полимеризацизацияланады. Полимеризация цинк атомының айналасында жүреді. Әрбір екі цинк атомының айналасына инсулиннің үш молекуласы жабысады да гексамер түзейді. Цинк инсулин гексамерлері — клеткаларда жинақталып, қажет кезінде шығарылуға дайын тұрады. Гранулалар – инсулин сақталатын арнаулы орын сонымен, цинк атомдары инсулин молекулаларын активтендіріп, олардың тасымалданулары мен гранулалардан босап шығарушы процестерінде арнаулы роль атқарады.
– клеткаларды клетка мембранасы бағытына қарай тасымалдайтын жүйе жақсы дамыған. Клетка мембранасы өзара жанасқанда ерекше саңылаулар пайда болып, ол арқылы инсулин қанға өтеді. Мұны экзоцитоз деп атайды. Бұл процеске ц.АМФ мен Со 2+ қатысады. — клеткалардан қанға өткен инсулин екі формада -бос және белокпен байланысқан түрде кездеседі. Бос күйіндегі инсулин инсулинге сезімтал тканьдердің (ет, май тканьдері, бауыр, ми т.б) бәрімен ал, байланысқа түскендері инсулинді белокты қосылыстан босата алатын қабілеті бар май тканьдерімен ғана әрекеттесе алады. Бос күйіндегі және байланысқан инсулиндер арасында динамикалық тепе-теңдік болады инсулинге қажеттілік туса оның бос күйіндегі фракциясы артып, байланыстағы формасы азаяды, оның қорында белокпен байланысқа түскен формасы басымырақ болады.
Инсулиннің белоктармен қайтымды байланысқа түсуінің физиологиялық маңызы зор. Біріншіден, бос күйіндегі инсулинді жол жөнекей кез келген ткань (ет тканьдері) ұстап қалуы мүмкін. Екіншіден, белокпен байланысқан инсулин организмде гормон қорын жасайды. Егер организмге көмірсу көп түссе немесе жинақталса қордағы инсулин жұмсалады. Үшіншіден, байланысқа түскен инсулин капиллярлар қабырғасынан тканьдерге өте алмайды.
Инсулин секрециясының реттелуі инсулин секрециясының негізгі физиологиялық түрткісі — глюкоза. Егер қан арқылы безге глюкоза көп жеткізілсе, онда клеткаларда инсулин түзілуі артады, ал, аз жеткізілсе – төмендейді. Сондықтан, — клеткалар қандағы глюкозаның деңгейіне аса сезімтал болып келеді. Асқазан жолында түзілетін секретин ішек глюкагоны, понкреозимин сияқты полипептидтермен қатар аденогипофиздік АКТГ мен СТГ және қалқанша бездің тиреоидты гормондары инсулиннің синтезделу процестерін реттеуге тікелей қатысып, оның түзілуі мен секрециясын жылдамдатады.
Инсулин гормонының физиологиялық маңызы. Инсулин организмде көптеген функциялар атқарады. Олардың ішіндегі аса маңыздысы — инсулиннің метаболизм процесіне әсері. Ол көмірсу алмасуына әсер етіп, олардың тотығуын күшейтеді, бауыр мен ет тканьдерінде гликоген жасалуын тездетеді. Қанға инсулин жіберсе ондағы қант мөлшері азайып, бауырда гликоген көбейеді. Инсулин аминқышқылдарынан белок түзілуін стимулдап, тканьдердегі глюконеогенезді бәсеңдетеді.
Бауыр мен май тканьдерінің бос күйіндегі май қышқылдарын сіңіру қабілетін арттырып, оларда май қышқылдарының глицерин түрінде жинақталуын қамтамасыз етеді (май қоры) Кетонды денелер түзілуі азайып, қышқыл өнімдер көптеп жиналады. Гликонеогенезді, яғни май мен белоктан көмірсулардың пайда болуын тежейді. Инсулин диабет пен ауырған адамның зат алмасуын жөнге келтіреді.
Без бөлетін екінші гормон- глюкагон көпіршенің -клеткаларында түзіледі. Бұл гормонда полипептидке жатады, оның құрамындағы 29 аминқышқыл қалдығы бар Глюкагонның түзілу механизмі әлі толық зерттелмеген. Бірақ, глюкагон молекуласының синтезделуі инсулинге ұқсас деген болжамдар бар. Глюкагонның жартылай ыдырау мерзімі 5-10мин
Глюкагонның секрециясы қандағы глюкоза деңгейіне байланысты және сол арқылы реттеледі. Глюкоза мөлшері төмендесе глюкагонның концентрациясы артады, көбейсе азаяды. Бұдан басқа глюкагон секрециясына аминқышқылына жататын аргинин, ұйқы безінің Д-клеткаларында түзілетін соматостатин және асқазан гормоны халецистокинин сияқты биоактивті заттар да әсер етеді.
Глюкагон функциясы жөнінен инсулиннің антогонисі. Ол глюкогеннің глюкозаға айналу процесін тездететін фосфорилаза ферментінің қарқындылығын арттырып, қандағы қанттың концентрациясын көбейтеді. Бауырда гликоген ыдырауын күшейтеді. Оның гипергликемиялық әрекеті адреналинге ұқсас.
Глюкагон тканьдердегі майдың май қышқылдарын бөле отырып ыдырауын жылдамдатады. Глюкагон негізгі бүйректе бұзылады. Бұл гормонның клеткаға әсер ету механизмі белокты -пептидті гормондар әрекетіне ұқсас
Глюкагонның бөліну қарқыны да қандағы түзілетін глюкоза мөлшерімен реттеледі. Глюкоза деңгейі төменделсе, глюкагонның бөлінуі күшейеді. Ұйқы безінің дельта клеткаларында түзілетін соматостатин гормоны тек түзілген жерінде ғана әрекет етеді, сондықтан бұл гормонға паракриндік эффект тән. Демек, ол клеткааралық кеңістік арқылы қатар жатқан клеткаларға ғана әсер етеді. Соматостатин гипоталамустың нейросекреторлық клеткаларында да түзіледі. Гипоталамустан түсетін соматастатин гормоны гипофизден СТГ – ның ұйқы безінің глюкагонмен судың бөлінуін баяулатады.
Липокаин ұйқы безінің майда өзектерінің эпителиальдік клеткаларында түзіледі. Ол май қышқылының тотығуын тездеті, май қорының шығынын күшейтеді, көмірсуларың майға айналуын тежеп бауыр клеткаларын майланудан сақтайды.
Ұйқы безінің сығындысын калликреин, ваготонин деген заттарда бөлініп алынады. Калликреин артиреалдар мен капиллярларды кеңейтіп қан қысымын төмендетеді.
Ваготонин – парасимпатикалық нервтер тонусын жоғарлатады, эритроциттер түзілуін стимулдайды.
Паталогиясы. Қандағы глюкоза мөлшерінің қалыпты деңгейін ауытқуы паталогиялық көрсеткішке жатады және оны гипо немесе гипергликемия деп атайды. Егер қандағы глюкозаның концентрациясы 0,5 г/л дейінгі деңгейге төмендесе терлегішітік, тахикардия, ашқарақтық және қозғыштық пайда болады. Егер глюкоза мөлшері одан әрі төмендесе – гипогликемиялық комаға ұласады. Гипогликемиялық кома негізінде адам есінен танады, ақыры өлімге әкеліп соғы мүмкін. Мұндай жағдайда организмге глюкозамен глюкагон гармонын енгізу арқылы ғана адамды гипогликемиялық шоктан шығарып алуға болады.
Қандағы глюкоза көлемінің қалыптан тыс көбеюін гипергликемия деп атайды. Гипергликемия инсулиннің жетіспеушілігінен туындайды. Ондай науқасты қан диабеті деп атайды. Инсулиннің қандағы азаюының бірнеше себебі бар:
1) -клеткаларының секреторлық қарқыны төмендейді;
2) Қандағы инсулин белоктармен жаппай байланысқа түседі
3) Нысана- клеткалардың инсулинге сезімталдығы төмендейді;
4) Қанда контринсулярлық гормондар пайда болады (СТТ,АКТГ, глюкокортикоидтар). Контринсулярлық гормондар клетка мембранасының өткізгіштігін төмендетіп, глюкозаның өтуін бөгейді.
Диабет деген атау гректің ″diabaino″- бірденеден өту, сезілу деген сөзінен шыққан. Қант диабетіне шалдыққан кезде қанда қант деңгейінің көтерілетіні 1935жылы анықталды.
Диабет ауруында ең алдымен көмірсу алмасуы бұзылады.Организм клеткалары көмірсуларды пайдаланбай, бауырмен еттерде гликогеннің жасалу мөлшері төмендеп, керісінше оның ыдырауы күшейеді. Нәтижесінде қандағы қанттың мөлшері артады, гипергликемия пайда болады. Қант қалыпты 4,4-6,6ммольден 8-12 ммоль\л, кейде оданда жоғары болуы мүмкін және ол зәр арқылы сыртқа шығарылады, глюкозурия байқалады. Қан қысымының артуына байланысты тәуліктік зәрдің мөлшері көбейеді (8-10л дейін) Полиурия пайда болады. Организмнен судың көп шығарылуы шөлдегіштікті яғни полидипсияны тудырады. Диабет ауруында май алмасуда бұзылады. Бауырдағы гликогеннің азаюы деподағы майдың бауырға тасмалдауына әсерін тигізеді, қанда гиперлипемия пайда болады. Бұл бауырдың майлануына әкеп соғады. Осыған байланысты майдың кетонды – ацетонды заттарға деген тотығуы күшейеді. Қандағы кетонды заттардың концентратциясы артады. Кетонемия дамып кейін ол- кетонурияға айналады.Қанда ацидоз байқалады, қанның рН өзгереді сөйтіп, улану белгісі –диабеттік кома дамиды.
Диабетте белок алмасуы да бұзылады. Тканьдегегі көмірсудың азаюына байланысты белоктік заттарды көмірсу қоры ретінде пайдалану басталады, яғни глюконеогенез пайда болады. Денеде белоктың ыдырау өнімдері жиналып, азотемия – белок ыдырау өнімдері көбейеді.
Зат алмасуға әсері. Денені діріл басады жүрек қағып, терге шомылады. Қан тамырлары зақымданады. Көру қабілеті төмендейді. Жүйке жүйесінің, тамырларының зақымдануы әр түрлі полиневриттерге себеп болды. Қант диабеті атеросклероздың тездеп дамуына әсер етеді.
Қант диабеті – бұл өте ауыр сырқат. Көптеген ғылыми, тәжірибелік және клиникалық зерттеулер қант диабетінің даму механизмінің себебін анықтауға ғана емес, сонымен қатар оның пайда болу мүмкіндігін білуге бағытталған. Өкінішке орай қант диабетінің алдын – алу мүмкін емес, бірақ оның ерте анықтау мүмкіндігі бар. Бұл – иммуннодиагностика глюкозаға толеранттылық тестігі. Қант диабетінің патогенезі туралы білім деңгейі бір шама ұсыныстар беруге көмектеседі. Бұл ұсыныстарымыз қант диабетінің І немесе ІІ түрімен ауыратын науқастары бар жанұяларға әр түрлі беріледі. (ИТД) инсулинге тәуелді диабет ауыратын ана – аталардың балалары арнайы тексеруден өтіп, қант диабетінің дамуына қауіп – қатер факторы анықталса, олар ерекше көңіл аудару тобына бөліну қажет.
Эпидемиялық паротит, туа пайда болған қызылша, көксаки вирусы және т.б жұқпалы аурулар өте үлкен қауіп төндіреді. Жұқпалы аурумен ауырған қауіп – қатер тобындағы адамдарға глюкозамен жүктеме сынамасын жасау және ұйқы безі аралшықтарыныдағы антидене бар екендігін анықтау қажет.
ИТЕД (инсулинге тәуелді емес диабет) ІІ түрлі барлық нұсқаулардың 75 – 80 пайызын құрайды . оның өзіндік ерекшеліктері болады. Қант диабетінің бірінші түріне қарағанда, бұл түрінде тұқым қуалау мүмкіншілігі жоғары дәрежеде болуына қарамастан, диабетінің дамуына әкелетін сыртқы фактор томақты мөлшерден тыс қолдану болып табылады.
Сондықтан қант диабеті ІІ түрімен ауыратын науқасы бар жанұялардыда тамақты мөлшерден тыс жеуге қарсы күрес жұмыстары жүргізілуі қажет. Семіру физиологиялық қалыппен әрқашан сәйкес болуы керек, жүйелі дене шынықтырумен айналысу өте пайдалы.
Қант диабетінің екі түрі де қатаң диета сақтауды талап етеді. Сонда ғана қандағы қанттың деңгейін қалпына түсіру немесе қанттылықты кеміту үшін қолданылатын дәрі – дәрмектер пайдалануды едәуір азайтуға болады.
Тыйым салынған тағамдар: Қант, бал тосаптар, кәмпиттер, кондитерлік және ұнды дәмдер, тәтті жеміс — жидектер. Сол сияқты семіз сиыр, қой, шошқа, балық, үйрек, қаз етін, шошқа майын, ұйытылған сүт, балмұздақ, шарап ішуге қатаң тиым салынады.
Сонымен қатар диабетімен емделу кезінде бұдан басқа да талаптарды да дұрыс орныдаудың маңызы зор. Мәселен: кешке қарай 30 минут таза ауада серуендеу қажет. Ауасы тазартылған бөлмеде ұйықтау ыңғайлы, үйреншікті жағдайды орнықтырып, тұла бойды еркін ұстау, күні бойы «жабысқан» жағымсыз ойлар мен әсерлерден арылу – міне осының бәрі кеселден жазылып, денсаулығыңызды қалпына келтіруге мүмкіндік жасайтынын жадыңыздан шығармаңыз.

Информация о работе Ұлпалар мен клеткалардың реттеу механизмдері