Қазақстан флорасы мен фаунасының түрлік әртүрлілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 00:44, реферат

Описание

Қоғамның әлеуметтік гүлденуіне ықпал ететін ғылыми-техникалық прогресс, өндіргіш күштердің бұрын-соңды болмаған ауқымда дамуы адамның табиғатқа араласуын күшейте түседі. Соңғы онжылдықтарда өндіріс пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына, қалалардың жедел бой көтеруіне байланысты табиғи кешендердің өзгеруі өсімдіктер мен жануарлар әлемінің азаюына, олардың өспей кеміп кетуіне әкеліп соқтыруда.

Работа состоит из  1 файл

Экология Гох.docx

— 41.16 Кб (Скачать документ)

   Эпидемиялық  түрлер – бұлар республика  аумағында ғана кездесетін немесе  шектелген жерде ғана шығатын  өсімдік түрлері. Қазақстанда  олардың саны 600 астам. Жоғалып  кетуіне нағыз қатер төнген  түрлерге эндемдер мен қолайсыз жағдайда қалған (жер жыртылуына, мал жайылымына айналған өсімдіктер өсетін жер орындары) кең тараған түрлердің аралдық популяциялары.

   Қазақстандағы  мал шыруашылығын өркендетудің  ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлеріне  сәйкес мал азығындық (жайылым  мен шабындық) өсімдіктер жалпы  жасыл шалғынның негізгі көзі  болып саналады. Республикадағы  жерлердің ауданы 188 млн. га жер  құрайды. Табиғи мал азығындық  жерлер 178 млн. га жер ауданында  сақталған. Табиғи жайылымдар  алатын жер ауданы 172 млн. га  жер құрайды. Шабындықтар Республикада 5,8 млн. га, ол жалпы жер ауданының  2 % болады. Таулық азықтық жерлер 7599,1 мың гектарды алады, олардың ішінде 7212,3 га – жайылымдар, ал 279,9 мың га шабындықтар болады. Қазақстан аумағында өсетін 6000 өсімдіктер түрінен, олардың пайдалылығы туралы мәліметтер 1200 түріне ғана бар, ол 20 % құрайды.

   Қазақстанның  бай өсімдік дүниесі бірқатар  құнды азықтық шөптердің көзі  болады, оларға дәнді дақылдар  тұқымдасынан шыққандар: селеу,  бидайық сияқтылар жатады. Азықтық жағынан құрғақ шөл климатты және топырақ тұздылығына төзетін әжірек, ақ қамық, бидайық, еркек шөп, қарашағыл, бозшағыл сияқты өсімдіктер өте құнды. Жабайы өсетін қосжарнақтылар ішінде азықтық құны аса жоғары бірқатар өсімдіктер бар: сары, көк жоңышқа, сиыр жоңышқа, чина, түйе бұршақ. Әртүрлі шөптер тобында құнды азықтық шөптердің: жусанның, изеннің, бұйырғынның, кобрезияның, айланшөп таранның көптеген түрлері ең үлкен үлесін құрайды.

   Негізгі  азықтан басқа, көп өсімдіктер  малдарға өзін-өзі емдеу аздаған  мөлшердегі қоспалар түрінде  керек. Мал шаруашылығының өнімдерін  жақсартатын түрлердің 50-ден астамы  белгілі. Зире, богород шөбі, жұпаргүл, жалбыз, түймешетен, цикорий, жусан,  ақбас жусан аздап қосқанда (азыққа 5 % дейін) малдың шөп жеуін жақсартады. Әртүрлі шөптің кейбір түрлері болмауы қойлардың тұқымдылығын төмендетеді. Ащы жегенде мал глисттерден тазарады. Ауаның, судың, топырақтың ластануымен байланысты өсімдіктердің биологиялық фильтр ретіндегі ролі артады. Фитонцидтер бөліп шығаратын өсімдіктер белгілі.

   Қазір,  әзірше Қазақстанда қандай дәрілік  шөптеріндің қанша өсетіндігін  айту қиын, өйткені жыл сайын  олардың тізімі арта түсуде. Олардың саны 500 ден кем емес, бірақ солардың 50 түрі ғана шикізат есебінде қолданылады. Жүрек-тамыр ауруларын емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың 80 % өсімдік тегінен шыққан заттар.

   Қазақстанда  Шымкенттік ірі химия – фармацевтік  зауыт бар. Зауыт өсімдіктік  шикізатпен ғана жұмыс істейді.  Қазақстанның оңтүстігінде өсетін  цивтарлық жусаннан (ламиндер) сантонин  алынады, зауыт одан басқа ондаған  дәрілік препараттар шығарады.

   Қазақстанда  бір қатар аса құнды дәрілік  шөптер өседі, соның ішінде  эфедра (жыл сайын 1000 тоннаға дейін  шикізат дайындалады), Рихтер тұздығы  және сферофиза, тянь-шаньдық  көктемгі жалынгүл, үлкен және  биік андыз, торжеміс тегеурінгүл,  шәйқурай, сабынды түбір, итмұрын, қалақай, ит ошаған, жалбыз, долана, алтын түбір, марал түбірі және т.б.

   Медицинада  және халық шаруашылығында жан  жақты қолданылуы және өнімділігі  бойынша алаптарда өсетін жабайы  өсімдіктер ішінде бірінші орындардың  бірін қызыл мия алады. Қызыл  мия Қазақстанның Сырдария, Жайық,  Іле, Шу, Қаратал өзендерінің алаптарында  өседі. Қызыл мия түбірінде  көп пайдалы заттар, соынң ішінде  глицирризин және глициррет қышқылдары  бар. Қызыл мия түбірі және  одан алынған экстракт металлургияда,  темекі, химия, тамақ және кондитер  өндірістерінде қолданылады және  экспорт өнімі болады. Қызыл мия  көптен экспорт затына айналған, шетелге шығару қажеттілігі 70-75 мың тонна құрады. Қызыл мияның  өсіп тұрған табиғи қоры 130 тонна,  бірақ бұл қор дұрыс қолданбағандықтан  тез азаюда.

   Қазіргі  уақытта ең жақсы зерттелген  пайдалы өсімдіктер тері илеуге  қажет өсімдіктер. Тері қатайтатын  өсімдіктер қоры Қазақстанда  терінің иін келтіретін экстракттар  алыну үшін ірі шикізаттық  база болады. Мысалы, тамырлық иіндіктердің (татар рауғашы, бұқар тараны  және Максимович рауғашы) ірі шикізаттық қоры Арал мен Балқаш маңайларында бар.

   Қазақстанда  алкалоидты (172 түрі), глюкозидті (132 түр), сапонинді (500 түр) емдік едәуір  мөлшері табылған. Жабайы өсетін  дәрілік өсімдіктер ішінде медицина  мен халық шаруашылығы үшін  эфирмайлы өсімдіктердің ерекше  мағынасы бар. Қазіргі уақытта  ТМД елдері өнеркәсібі 40 шақты  атаулар бойынша эфирлік ай  өндіреді. Осының үлкен бөлігін  парфюмер-косметологиялық өнеркәсіп  қолданады. Осы топтың құрамдық  бөлімдері (цитарль, еыгенол, ионон)  хош иісті заттар синтездеу  үшін шикізат болады. Анис майы  қақырық тастау үшін, жалбыз майы  тыныс жаңарту және антисептика  үшін қолданылады. Эвкалипт майы  анық антисептиктік қасиеттерімен  сипатталады және тыныс жолдары  ауруларында қолданады. Жалбыз  майының ең басты құрамдық  бөлігі болатын ментол ауырғанды  басады және антисептика құралы ретінде қолданылады және валидол құрамына енеді. Евгенол мен тимолдық дезинфекциялық қасиеті бар және тіс дәрігерлік тәжірибеде кеңінен қолданылады.

   Баршаға  мәлім, эфир майлары тамыр ауруларын,  қауіпті ісіктерді, зәр жолдарының  тас ауруларын емдеу үшін қолданылады.  Оның үстіне, олар тамақ өнеркәсібінің  әртүрлі салаларында кең қолданылады, сондықтан оған сұраныс көп. Мысалы, кориандр жемісі балық, ет, консерві, тамақ концентраттық және нан пісіру өнеркәсіптерінде қолданылады. Зире жемісін өндіруде, эфир майлық шикізатта болатын ұшатын заттар және эфир майлары ликер-арақтық өнеркәсіпте қолданылады. Аздаған мөлшерде кейбір эфир майлары бояу-сыр және оптика өндірістерінде пайдаланылады.

   Эфир  майлары өздерінің физикалық  қасиеттерімен өсімдіктерге пайдалы:  олар жылу шығаруды азайтады; олардың буы өсімдік бөліктерін  қоршап, олардың қызуы мен тоңазуын  реттейді. Эфир буларымен қаныққан  ауа қабаты өсімдікті қоршағанда, ол ылғал шығаруды азайтады. Осылай, егер 50 суға эфир майының 1 тамшысын тамызғанда, булану 6,6 % азаяды. Гүлдердің эфир майы бунақтыларды тартады, олар гүлдердің тозаңдануына себеп болады.

   Іле Алатауы  жоталарының солтүстік беткейлерінде  және тау баурайы жазықтарында, Шу-Іле тауларында 200 тарта эфирмайлы  өсімдіктер түрлері табылған. Олардың  24-і жоғары және орташа майлы.  Оларға жататындар: тянь-шань шыршасы  – Picea tianshanica Rupr; қара арша – Juniperus Sabinal; жаужұмыр – Ferula dschaudschamur Eng; Kor.

   Көшпенділер  жаужұмыр тамырын ұнтақталған  түрінде тамаққа қолданған. Жаужұмырда  клетчатка – 13,4%, крахмал – 57,4 %, сахароза – 10 %, моносахаридтер – 2,9 %, май – 5-6,7 % барлығымен сипатталады.

   Дәріханалар  үшін дайындалатын дәрілік өсімдіктер  ішінде Қазақстанда қомақты мөлшерде  кездесетіндері; қырықбуынды қылша,  өрістерде бұталар арасында, орман  алаң қайларында, шатқалдарда, өзен  арналарында – шәйқурай, өзен  жағаларында шатқалдарда – шырғанақ, өгейшөп. Олардың кең жайылып  етек алған жерлері Жамбыл, Іле,  Қаскелең аудандары. Кәдімгі және  ащы жусан арамшөп ретінде  мекенжайлар жанында, жол бойында,  өзен алаптарында, тау жоталарында  барлық өсімдіктер арасында кездеседі.  Бөрі қарақат шатқалдарда, тау  өзендері жиектерінде, тоғайларда, Іле өзені жағаларының бүйрат  құмдарында кең тараған.

   Қазақстанның  оңтүстігінде (Шымкент, Жамбыл, Алматы  облыстары) әдетте арамшөп ретіндегі  жабайы сәбіз, тыңайған жерлерде, тау баурайындағы жазықтықтардан  далалық белдеуге дейін кең  тараған. Сәбізде эфирмайлар мөлшері  әртүрлі экологиялық жағдайларға  тәуелді кең шектікте өзгереді. Мысалы, эфир майының қомақты мөлшері сортаңды топырақта өскен жабайы сәбізде байқалған.

   Жабайы  сәбіз майы ертеден бері дәрі  ретінде қуыратын және тұздық  экстракттар дайындауда қолданылады;  парфюмер, тамақ өнеркәсіптерінде  қолданылады.

   Жемістері  ұнтақталған түрде халық медицинасында  асқазан ауруларында қолданылады,  бүйрек-тас ауруын емдеуде қоспалар құрамына кіреді.

   Жемдік, эфир-майлық және дәрілік, өсімдіктер  ретінде жусан тегінің барлық  түрлерінің мағынасы зор. Қазақстанда  кездесетін 81 жусан түрінен іле  алатауы мен Шу Іле тауларында 29-ы тараған. 

   Шикізат  ретінде кешенді қолдану үшін  парфюмерлік, медициналық және  тамақ өнеркәсібі үшін эфир  майын алуда жусан кең қолданылады.  Қалған жусан массасы сүрлем  түрінде малға жем болады немесе  жемдік ашытқылар үшін бастапқы  шикізат бола алады.

   Көптеген өсімдіктерден алынатын емдік дәру заттар мен препараттар арасында флавоноидтар, кумориндер үлкен мағынаға ие болуда, ол олардың терапевтік әрекетінің өте кең спектрімен түсіндіріледі. Флавоноидтер алу үшін Қазақстанда өсетін өсімдіктерден ең зор болашағы бары альпі термопсисі, сүттіген, Кароли ырғайында; кумариннен шығатындардың (іш өткізетін, ыстық төмендететін, гормонольдық, ісікке қарсы әрекеттері бар) ең көп мөлшері кейбір жусандарда, қара андызда, мыңжапырақта байқалған.

Қоршаған  орта факторлары және олардың өсімдіктер мен жануарлар  дүниесіне әсері

   Соңғы  жылдары қоршаған ортаның әр  түрлі факторларының өсімдіктердің  өсуіне, жетілуіне және химиляқ  құрамына әсерін зерттеуге көп  көңіл бөлінуде. Қоршаған ортаның  алуан факторларының ішінде геохимиялық  фактор ерекше қызығу тудырады, өйткені топырақтағы химиялық  заттар мөлшері мен өсімдіктердің  кейбір биологиялық белчсенді  заттарды өндіріп шығаруы арасындағы  байланыс айқындалған. Топырақтың  химиялық құрамы өсімдіктердің  әрекетті заттарының биогенезінде  қатысушы ферменттердің белсенділігіне  әсер етеді. Сондықтан ферменттердің оптимальдық синтеза топырақтағы химиялық заттардың белгілі мөлшерде шоғырлануына байланысты. Осылай, топырақтың артық тұздануы болғанда және онда улы тұздар болағнда аз тұзды топырақпен салыстырғанда қызыл мияда глицрризин қышқылының мөлшері төмендейді.

   Жүрек  гликозидтерін өндіретін дәрілік  өсімдіктер марганец, молибден, хромды қалаулы сіңіретіні, алколоидтар өндіретіндері – мысты, марганецты, кобальтты, кумариндерді, флавоноидтарды және антроценнен шығарылатындарды өндіретіндер – мысты, витамин өндіретіндер – марганецты, мысты және полисахоридтерді өндіретіндер – маргонецты, хромды, сапонин өндіретіндер – молбден мен ванадийды таңдап сіңіреді.

   Трансаминдеу  үрдістерінде металдар ролі туралы  мәселе жабулы түрінде қалуда. Осылай, мысалы триптофан трансаминазасына  қатысты, тамат өсімдіктерінің  иондары , және әсіресе Zn және Co ферментті ингибиция жасайды. Ni мен Cr молшылығы және В жеткіліксіздіге күнбағысқа ингибациялық та, мутагендік те әрекеті болады.

   Күнбағыстың  полифенол оксидазасының белсенділігін  никельдің, хромның, бордың жоғары  дозалары күшейтеді. Күнбағыс  ферментті белсенділігінің күшеюі  қышқылданған фенолдар жинақталуы  қостайды. Фенолдар көпетегн физиолгиялық  және молекулярлық-биохимиялық үрдістердің күшті бұзылуларына әкеледі, солардың ішінде нуклеин қышқылдарының, ДНК синтезделуі, хромосомдардың құрылымдық біртұтастығынан болады.

   Мыспен  байытылған биогеохимиялық провинция  жағдайларында және жемдерде  мыстың жоғары мөлшері болғанда  қойларды бауыр циррозы кең  тараған, ксантооксидоза белсенділігі  мен құрамы бұзылады. Магний, никель, стронций және барий молшылығы фонында кобальт пен марганец жеткіліксіз биогеохимиялық провинцияларда өсімдіктердің химиялық құрамында ауытқулар байқалады. Жануарларда фосфор-кальцийлік алмасу бұзылады, белоктар синтезі, көмірсулар мен А витамині азаяды, бауыр мен бүйрек зақымдалады.

   Никель молшылығы тамырлар кеңуіне, бұлшықет тонусының төмендеуіне асқазан-ішек жолдарының кілегей қабығының және тері эпителиінің ыдырауына әсер етеді.

   Батыс  Қазақстанның бор (элемент) провинциясында, Арал-Каспий ойпатында өсімдіктердің  физиологиялық және морфологиялық  өзгергіштіктері байқалады, қойлардың  эндемиялық ауруы борлық энтерит  болады.

   Ақтөбе  облысы аумағында фтор провинциясы  өсімдіктер мен су көздерінде  фтордың көптеп жинақталуына, жануарлар  мен адамдар да флюороз көбеюіне  әкеледі. Осылай, Алға қаласында  оқушылар арасында флюороз 61,8 % екендігі байқалған. Ақтөбе облысы аумағында топырақта және жайылымдық шөптерде хромның жоғары мөлшері (фоннан 2 есе жоғары) байқалған. Хром терінің, кілегей қабықтың зақымдалуына әкеледі және жалпы токсикалық әрекет жасайтын қасиеті бар.

   Шалфей  популяцияларында мырыштың жоғары  дозаларын зертеулерде мырыштың  шектік концентрациясында (20 мг/л), оның түбірдегі мөлшері 60-80 есе  өсетіндігі көрсетілген. Сонымен  бірге темір, мыс, марганец  деңгейлері төмендейді. Сонымен, шалфей жапырақтарында мырыштың  молшылығы басқа минералдық элементтер балансының өзгеруіне соқтырады. Шалфей жапырақтарында қорғасынның жоғары мөлшері ондағы мыс, мырыш және әсіресе темір мөлшерін төмендетеді.

Информация о работе Қазақстан флорасы мен фаунасының түрлік әртүрлілігі