Асамбаев А. Ж. Жасанды интеллект негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 18:13, реферат

Описание

Ті(3)с 1) Тіл білімі(лингвистика) – тіл жєне оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімі – тілдің әр түрлі жаќтары мен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді.
Тіл – қоғамдағы адамдардың өз ара пікір алысу, бір-бірімен ќарым-ќатынас жасау құралы. әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы жєне грамматикалыќ ќұрылысы болады. Тілдің осы аталѓан жаќтарын тіл білімінің салалары ќарастырады.

Работа состоит из  1 файл

durysy.docx

— 113.36 Кб (Скачать документ)

 

Тү(2)н 63) Түбір  морфема сөздердің әртүрлі лексика-грамматикалық  топтары үшін бірдей ортақ морфема  ретінде қызмет ете алады.Ал негіздің түбірден айырмашылығы сол, ол сөздердің әртүрлі лексика-грамматикалық топтары үшін емес, олардың белгілі бір лексика-грамматикалық тобының формаларына ортақ болып келеді. Түбір морфема- сөздердің қандай  лексика-грамматикалық топқа жататындығына қарамастан, олардың бәріне бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ, баршасына бірдей негізгі ұйтқы  болатын элемент те, негіз –белгілі бір лексика –грамматикалық топқа қатысты бір сөздің әр түрлі формаларының бәріне бірдей ортақ ұйытқы. Түбір морфема сөздердің ары қарай бөлшектеуге келмейтін жіне негізгі лексикалық мағынаны білдіретін түп бөлшегі болса, негіз, әдетте, түбір мен жұрнақтың қосындысынан жасалады.. Негіз бір ғана морфологиялық элемент-таза түбірден де құралуы мүмкін. Мұндайда, жо,арыда аталып өткеніндей, түбір мен негіз, сөз бен түбір немесе негіз бен сөз тәрізді единицалар бір-бірімен сәйкес келеді.Тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алғанда, өз алдына дербестігі жоқ, тек сөз құрамында қолданылатын жоғарыдағы тәрізді морфемалардың алғашында нақтылы лексикалық мағыналары бар дербес сөздер болғандығын ескерсек, оларды тарихи тұрғыдан алып қарағанда,түбір деп тануға болады.

 

Аф(3)т 64) Аффиксация дегеніміздің өзі сөз түбірі немесе сөз негізінде жалғанушы қосымшалардың морфологиялық көрсеткіші. Аффикстер мағынасы мен қызметі жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Олардың ішінде түбір морфемаға жалғанып, оның мағынасын нақтылай түсетін аффикстер бар. Аффикстердің кейбіреулері   дербестігі жоқ түбір морфемадан сөз тудырады немесе   дербестігі бар түбір сөзден туынды сөз тудырады. Дербестігі жоқ түбірден немесе дербестігін сақтаған түбір сөз жасайтын мұндай аффикстерді сөз тудырушы аффикстер дейміз. Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы деривациялық (Деривациялық - латынның derivatio    (меншіктеп бөлу)  деген    сөзінен жасалған термин) мағына деп аталады.

            Сөз бен сөзді байланыстырып,  олардың бір-біріне қатысын білдіретін аффикстер сөз түрлендіруші аффикстер, ал олардың (сөз түрлендіруші аффикстердің)   грамматикалық мағыналары реляциялық (Реляциялық - латынның геtаtіо   (қарым-қатынас)   деген сөзінен    жассалған термин)  мағына деп аталады.

Аффикстер (префикс немесе приставка, постфикс  инфикс, трансфикс, интерфикс) сөзге лексикалық жаңа мағына да туғызады, грамматикалық мағыналар да үстемелейді. Қосымша морфемалар:

- префикс немесе приставка түбірдің алдынан қолданылатын аффикс (орыс, араб, грузин)- на+ходить;

- постфикс -  сөз  түбірінен кейін жалғанатын аффикс: жұрнақ және жалғау, лингвистикада жалғауды флексия деп атайды.

- инфикс -  сөз  түбірін немесе сөз негізін бөліп-жарып кірігіп, түбір немесе негіз ортасына қосылатын аффикс (роман, герман: ағылшын, неміс) - ағылшынша stand- stood (стэнд - студ) тұру-тұрды дегенде, өткен шақ етістік түбірін оо инфиксі жарып, кірігіп тұр.

- интерфикс - екі  түбір немесе екі негіздің басын қосып, жалғастырушы аффикс, неміс тілінде - Geburstag (туған күн),  Tagebuch (күнделік) сөздеріндегі екі түбірді (geburt- tag, tag - buch) жалғастырушы интерфикс  - s,  e.

- трансфикс - сөз  ішінде дауысты дыбыстың кірігуі (семит-хамит тілдеріне тән), аб-әке, аба-әкемді т.б.

-конфикс  - екі аффикстен префикс пен постфикстен құралады, неміс тілінде ge-fund-en (табылған) сөзіндегі конфикс ge және en аффикстерінен құралған.

 

Гр(0)м 65)

Грамматикалық мағына дегеніміз - сөздің лексикалық мағынасына қосылған үстеме мағына, сөздердің  түрлі-түрлі қарым-қатынасын білдіретін қосалқы мағыналар. Сөздің грамматикалық мағынасы сөз формалары арқылы  беріледі. Тіл-тілде сөздің грамматикалық мағынасы әр түрлі амал-тәсілдер арқылы білдіріледі.

Грамматикалық мағына білдірудің негізгі және үлкен-үлкен екі тәсілі болады. Бірі - синтетикалық  тәсілдер; екіншісі - аналитикалық тәсілдер. Синтетикалық тәсілдер дегеніміз - сөздің грамматикалық мағынасының сөздің өз ішінде қолданылған амалдар арқылы білдірілуі. Синтетикалық тәсілдер түрлері мыналар: аффикстік тәсіл (аффиксация), дыбыс алмасуы, екпін тәсілі, супплетивизм, редупликация.

Аналитикалық  тәсілдер дегеніміз - сөздің грамматикалық  мағынасының сөздің өз ішінде емес, сол сөздсн тыс қолданылған амалдар арқылы білдірілуі. Аналитикалық тәсілдер түрлері мыналар: сөздердің орын тәртібі тәсілі, көмекші сөздер тәсілі, интонация тәсілі.

Грамматикалық мағыналар  тіл-тілде әр түрлі грамматикалық құралдар, амал тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Тіл-тілде грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрі бар. Олар мыналар: аффиксация тәсілі, ішкі флексия тәсілі, қосарлану тәсілі, біріктіру тәсілі, көмекші сөздер тәсілі, сөздердің орын тәртібі тәсілі, екпін мен интонация тәсілдері.

Сонымен,грамматикалық  мағыналарды білдірудің тәсілдері  алуан түрлы болады.Грамматикалық тәсілдерді негізгі екі топқа бөліп қарастыруға болады:оның бірі синтетикалық тәсіл деп аталады, екіншісі аналитикалық тәсіл деп аталады.Бұл екеуінің бір-бірінен айырмашылығы мынада: синтетикалық тәсіл сөз ішінде болады да, аналитикалық тәсіл сөздің сыртында болады.Қандай да бір грамматикалық мағына болсын,ол,әдетте,белгілі бір грамматикалық форма арқылы беріледі. Мысалы,етістіктің шақ, рай түрлерінде немесе сын есімнің шырай түрінде белгілі бір грамматикалық мағыналар бар, ол мағыналар тиісті грамматикалық формалар арөылы көрінеді.Форма,әдетте,мазмұнды білдіреді,мазмұнсыз форма жоқ.Мазмұнды грамматикаға қатысты сөз еткенде,грамматикалық мағына ескеріледі де,форманы грамматикаға қатысты сөз еткенде,грамматикалық мағына ескеріледі.

 

 

Ті(2)қ 66) Қосарлану  тәсілі түрікі тілдерінде кең тараған  және жиі қолданылады.Зерттеушілер қос сөздерді қайталама қос сөз жане қосарлама қос сөз деп үлкен екі топқа бөледі. Қайталама қос сөздер белгілі бір сөздің екі рет қайталануы немесе сол сөздің бір \не бірнеше\ дыбысының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады.Қайталама қос сөздер бір сөздің қайталана қосарлануынан жасалса, қосарлама қос сөз әр басқа екі сөздің қосарлануынан жасалады.Қосарлама қос сөздер мағына жағынан ыңғайлас,морфологиялық жағынан теңдес\пара-пар\ сөздерден \компоненттерден\ құралады. Компоненттеріморфологиялық жағынан біртектес, синтаксистік жағынан өзара тең \пара-пар \ болатындықтан қосарлама қос сөздің мағынасы құрамындағы екі компоненттің де мағынасын бірдей қамтиды да, топшылау,жалпылау, жинақтау, болжалдау,мөлшерлеу тәрізді ұғымдарды білдіреді. Қосарлама қос сөздер синонимдес, антонимдес сыңарларданда құралуы мүмкін. қосарлама қос сөздер синонимдес \мәндес\ сыңарлардың қосарлануынан жасалса,қосарлама қос сөздер антонимдес\өарсы мәндес\ сыңарлардың қосарлануынан жасалған. Қосарланудың білдіретін мағыналары алуан түрлі, солардың кейбіреулері мыналар;1.жинақтылық я жалпылық мағына 2.жіктеу, даралау мағынасы 3.болжалдыСан есім сөздердің тобында қосарлану болжалды сан есім тудырудың бір тасілі ретінде қолданылады;  4.амалдың, іс-әрекеттің бірнеше рет қайталану мағынасы Қосарлану тәсілі шығу тегі жағынан етістік сөздерден сын-қимыл үстеулерін тудырып, оны қалыптастырудың бір тәсілі ретінде қолданалады; 5.сын есіммен мағынаны күшейтіп айту мағынасы  

 

Ті(2)б  67) Бірігу тәсілі бойынша өз ара түбір морфемалар немесе түбір мен негіз қосылып соз жасалынады. Демек, бірігу тәсіл сөз тудыру қызметін атқарады . Біріккен сөздердің қатарына  семантикалық тұтастығымен де, морфологиялық тұтастығымен де сипатталатын сөздер енеді. Күрделі сөздердің қатарына жатқызылып жүрген сөздердің ішінде құрамындағы сыңарлары әр түрлі өзгеістерге ұшырап этимологиясының күңгірттеніп кеткендері бар. Құрастырушы сыңарларының әрі фонетикалық өзгерістерге ұшырауынан, әрі ықшамдалуынан жасалған сөздерді тарихи тұрғыдан алғанда ғана, күрделі сөздердің қатарына жатқызуға болады. Қазіргі тілдің тұрғысынан алғанда, бұл сөздер өзін құрастырушы сыңарларға ажыратылмайтын сөздер ретінде ұғынылады. Алғашында екі түбірдің бірігуінен жасалып, тілдің даму барысында сыңарлары дыбыстық жане мағыналық өзгерістерге ұшырап, соның нәтижесінде ол сыңарлардың бір-біріне әбден кірігіп сіңісуінен жасалған сөздер бір екпінге бағынады да, құрамындағы дауысты дыбыстар сингармонизм заңы бойынша не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке болып, барлық жағынан жалаң сөздерге тән қасиеттерге ие болады.

 

Үн(0)т 68) Үндіеуропа тілдерінің  құрамына туыстас тілдердің  төмендегі топтары мен жеке тілдер енеді. 1.Индия тобы. Бұл топқа  мына тілдер енеді: бенгали(Индия мен Пакистанда),  маратхи тілі (Индияда), пенджаби (Индия мен Пакистанда),лахнда тілі, синдхи тілі (Индия мен Пакистанда), раджастхани тілі (Индияда), гуджарати тілі, сингаль тілі (Цейлонда), непали тілі (Непалда), ория тілі (Индияда), ассам тілі , кашмир тілі (Индияда), цыган тілі. Және де урду, хинди тілі. Индия тобына санскрит, пали, пракрит деп аталатын өлі тілдер де енеді.2.Иран тобы. Бұл топқа мына тілдер енеді: фарсы тілі, пушту тілі (Ауғанстанның мемлекет тілі), балачу тілі, тәжік тілі (Тәжікстанда, Өзбекстанда), курд тілі (Туркияда, Грузияда), тат тілі , талыш тілі, ягноб тілі (Тәжікстанда).Памир тілдері(шугнан,рушан,бартанг,язгулем,вохан тілдері). Өлі тілдері: ежелгі фарсы тілі, авести тілі, миди тілі, скиф тілі, пехлевн тілі, согди тілі, бактри тілі. 3. Славян тобы өз ішінен үш топқа бөлінеді: а) шығыс словян тобы:орыс тілі(Ресейде, бұрынғы КСРО республикаларында), украин тілі (Украинада, Полшада,Руменияда, Югославия және Канада), белорус тілі (Белоруссияда, Польшада); ә)өңтүстік славян тобына енетін тілдер: болгар тілі, македон тілі (Югославияда), сербохарбат тілі, словен тілі, бұл топқа көне славян тілі де (өлі тіл) енеді; б) батыс славян тобына енетін тілдер: чех тілі, словак тілі (Чехословакияда, АҚШ-та), поляк тілі (Польшада, Францияда, КСРО-да), кашуб тілі (Польшада), серболужиц тілі(ГДР-де); бұл топқа енетін өлі тілдер: полаб тілі мен помор диалектілері. 4. Балтық тобы. Бұл топқа енетін тілдер: литва тілі, латыш тілі, прус тілі(өлі тіл).   5. Герман тобы. Тілдердің герман тобы өз ішінде үш топқа бөлінеді: а) солтүстік герман тобына: дат тілі, швед тілі, норвеж  тілі, ислан тілі, феррер тілі; ә) батыс герман тобы: ағылшын тілі,  голланд тілі, неміс тілі, идиш тілі(жаңа еврей); б) шығыс герман тобына енетін өлі тілдер: вестгот тілі, остгот тілі. 69 . Роман тобы. Бұл топқа енетін тілдер: француз тілі, провансаль тілі, итальян тілі, испан тілі, каталан тілі, португаль тілі, румын тілі, молдаван тілі, аромун тілі,  рето-роман тілі, латын тілі (өлі тіл)

 

Се(1)т 69) Семит-хамит  тілдері  өз ішінде екі топқа бөлінеді. 1. Семит тобы. Бұл топқа енетін тілдер: араб тілі( жазуы араб алфавитіне негізделген; Аравия, Сирия, Ливан, Иордания , Палеятина, Иран, Туркия, Мудан, Тунис, Алжирде және т.б), амхор тілі(Эфиопияның әдеби тілі), тигре, тигран, гураге тілдері, айсор тілі(Иран, Ирак, Сирия және КСРО-да), иврит тілі (Израиль еврейлерінің әдеби тілі). Өлі тілдері: аккад тілі(ассиро-вавилон), угарит тілі, аремей тілі, финикий тілі. 2. Египет тобына көне египет тілі және копт тілі деп аталатын өлі тілдер енеді. Семит-хамит тілдерінің қатарына тілдердің кашит тобы, бербер тобы және чадо-хамит тобы енеді.

 

Ка(0)т 70)  Кавказ тілдерінің бірнеше тобы бар: а) оңтүстік немесе картвель тобына енетін тілдер: грузин тілі(Грузияда, Турция мен Иранда), мегрель тілі, чан тілі (Туркияда), сван тілі; ә) батыс тобына енетін тілдер: абхаз тілі, адыгей және кабардин тілдері (Кабарда мен Балкария), б) бацбий-кистин тобына енетін тілдер: бацбий тілі, чечен тілі және ингуш тілі (Шешен республикасы мен Ингушетия); в) дағыстан тобына енетін тілдер: авар тілі, даргин  тілі, лезгин тілі, лакс тілі, табасаран тілі және Дағыстандағы жазусыз бірнеше тілдер.

 

Фи(1)т  71) Фин-угор (немесе угро-фин )тілдері екі үлкен топқа бөлінеді: а) угор тобына енетін тілдер, венгер (мадьяр, угор) тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Венгрия, Руменмя, Югославия, Чехословакия, АҚШ, КСРО), манси тілі, ханты тілі (КСРО); ә) фин тобына енетін тілдер: фин тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Финляндия, Швеция, Норвегия, АҚШ), карель тілі (КСРО), вепс  және  ижор тілдері (КСРО), коми-зырян тілі (Коми АССР-і, Екатеринбург облысы), удмурт тілі (Удмуртия, Татарстан, Башқұртстан және Киров , Горький облыстарында), марий тілі (Марияда және т.б.)  тілдер.

 

Тү(0)т 72) Тюркологияда түркі тілдерінің әр түрлі классификациясы бар. Н.А.Баскаков қазіргі түркі тілдерін батыс хун бұтағы және шығыс хун бұтағы деп бөлінеді де, әрбір бұтақтағы бірнеше топқа таратып, былайша топтастырады.

  А) Түркі  тілдерінің батыс хун бұтағына  енетін тілдер топтары: 1) Булгар  тобына чуваш тілі (Чувашия, Башқұртстан,  Татарстан және Ресей) енеді; 2) Оғуз тобына енетін тілдер: түрікмен тілі (Түрікменияда, Өзбекстанда, КСРО Одағының басқа республикаларында; Иран, Ауғанстан, Түркия), гагауз тілі (Украина мен Молдавада), балқан түркілерінің тілі, әзірбайжан тілі (Әзірбайжанда, Арменияда, Дағыстанда,Иранда), түркі тілі (Түркияда, Кипрда, Грецияда жәнеСирияда, Руменияда , КСРО, Аргентинада); 3) Қыпшақ тобына енетін тілдер: караим тілі (Литва мен Украинада), құмық тілі (Дағыстанда, Шешен республикасы мен Ингушетияда), қарачай-балкар  тілі (қарачайлар Қарачай-Черкем автономиялы облысында, балқарлар Кабардин-Балқар АССР-інде,қарачайлар мен балқарлардың аз бөлігі Қырғызстан ), қырым татарларының тілі, татар тілі(Татар, Тамбов,Пенза, Куйбышев, Саратов, Киров облыстарында, Қазақстан және Кеңес Одағының басқа республикаларында), ноғай тілі,  қарақалпақ тілі (Қарақалпақстанда, Өзбекстанда, Астрахань облысының кейбір аудандарында),  қазақ тілі (Қазақстанда, Орта Азия мен Ресей, Қытай мен Монғолияда); 4) Қарлұқ тобына енетін тілдер: өзбек тілі, ұйғыр тілі.

Б) Түркі тілдерінің шығыс хун бұтағына енетін тілдер: 1) Ұйғыр-оғыз тобына енетін тілдер: тува тілі, тофа (қарағас) тілі, якут тілі, хақас тілі (Хакас облысында), шор тілі, чулым тілі; 2) Қырғыз-қыпшақ тобына енетін тілдер: қырғыз тілі, алтай тілі.Түркі тілдерінде жазба ескерткіштерде сақталған мынадай өлі тілдер енеді: орхон, қыпшақ, көне ұйғыр, чағатай және т.б. тілдер

Информация о работе Асамбаев А. Ж. Жасанды интеллект негіздері