Акуызды алуды микробиологиялык адысынын артыкшылыгы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 11:29, реферат

Описание

Ауыл шаруашылық жануарларының рационында нормаға сәйкес әрбір азықтық бірлікке кемінде 110 г жарамды ақуыз қажет. Әр түрлі ақуыз қосылысынның барлық уақытта синтезіне қажет организмнің тіршілік ету функциясын ұстау үшін жасуша мен ұлпаны тұрғызу керек. Егер көмір қышқылынан, судан, аммиактан және минералды тұздан алынған көптеген микроорганизмдер барлық ақуыз аминқышқылдарын және өсімдікті синтездеуге қабілетті, бірақта адам және жануарлар кейбір аминқышқылын (валин, изолейцин, лейцин, треонин, метионин, лизин, фенилаланин, триптофан) синтездей алмайды, ал кейбіреулерін алмастырмайтын амин қышқылы деп атайды. Бұл амин қышқылы адам ағзасына тамақпен түсуі қажет, ол ауыл шаруашылық жануарлар өнімінің төмендеуін тудырады.

Работа состоит из  1 файл

Акуызды алуды микробиологиялык адысынын артыкшылыгы.doc

— 57.50 Кб (Скачать документ)


Акуызды алуды микробиологиялык адысынын артыкшылыгы

 

Ауыл шаруашылық жануарларының рационында нормаға сәйкес әрбір азықтық бірлікке кемінде 110 г жарамды ақуыз қажет. Әр түрлі ақуыз қосылысынның барлық уақытта синтезіне қажет организмнің тіршілік ету функциясын ұстау үшін жасуша мен ұлпаны тұрғызу керек. Егер көмір қышқылынан, судан, аммиактан және минералды тұздан алынған көптеген микроорганизмдер барлық ақуыз аминқышқылдарын және өсімдікті синтездеуге қабілетті, бірақта адам және жануарлар кейбір аминқышқылын (валин, изолейцин, лейцин, треонин, метионин, лизин, фенилаланин, триптофан) синтездей алмайды, ал кейбіреулерін алмастырмайтын амин қышқылы деп атайды. Бұл амин қышқылы адам ағзасына тамақпен түсуі қажет,  ол ауыл шаруашылық жануарлар өнімінің төмендеуін тудырады.

Адам баласына ең қажетті тамаққа қосылатын ауыстырылмайтын амин қышқылы – жануарлар мен өсімдік тектес ақуыз, ал жануарлар үшін - өсімдік тектес ақуыздар жатады. Барлық ауыстырылмайтын амин қышқылдары белгілі қатынаста сол микроорганизмнің қажеттілігін өтейтін тамақ ақуызында құралады. Егерде ақуыз құрамы өсімдік азығында нормадан төмен болса, азықтың шығынынан және жануарлар өнімінің ақуыз санының өзіндік құны ауыстырылмайтын амин қышқылының препарат түрінде ақуыз қоспасын қосумен алмастырылады, демек орнын басады немесе жоғарғы құрамда ақуыз массаны бірқатар амин қышқылымен салыстырғанда қосылады. Сондай-ақ жоғарғы биологиялық құндылығы бидайдың, күріштің ақуызы және бұршақтың да құндылығы болады. Бидай дәнінің және арпаның ақуызында лизин, метионин және изолейцин өте төмен, жүгері ақуызында триптофан төмен. Ақуыз және ауыстырылмайтын амин қышқылы бойынша азықтықты баланстауда концентрленген ақуыз қоспасы комбикорм қолданылады. Оларды дайындау үшін ет сүйек және балықтың ұнын ет және сүт өндірісінің қалдықтарын, ұнның кебегі, бұршақ тұқымдас культураның шроты қолданады.

Мкроорганизмдерді ақуыз және витамин көзі ретінде тамақ өнімі өндірісінде қолдануда үлкен көңіл бөлініп отыр. Тамақ өнімі өндірісінің технологиясында микроорганизмді қолдану экономика жағынан тиімді және перспективті бірқатар факторлар көрсетеді:

     әртүрлі химиялық қосылысты қолдану мүмкіншілігі, соның ішінде микроорганизмді культивирлеу үшін өндіріс қалдықтарын қолдану мүмкіндігі;

     ақуыз синтезінің жоғарғы қарқындылығы;

     микрооорганизмді культивирлеуде күрделі емес технология мен тәулік бойы және жылдың барлық мерзімінде;

     микроб негізінде препаратта және липидте сондай-ақ көмірсуда витаминнің және ақуыздың жоғарғы құрамы;

     өсімдік ақузымен салыстырғанда ауыстырылмайтын амин қышқылының жоғарғы құрамы;

     ақуыз және витаминді өнімнің бағалылығы жаңарту үшін микроорганизмнің химиялық құрамына генетикалық әсерінің мүмкіндігі.

Тамақ өнімін дайындау үшін микроб тектес ақуызды қолдану, өсімдіктің және жануардың ақуызының жоғары бағалылығын үнемдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ дайын өнімдегі биологиялық бағалылығын жоғарылатады.

 

3 кесте - Кейбір микроорганизмнің ақуызында ауыстырылмайтын амин қышқылының құрамы (100г ақуызда граммда)

 

Амин қышқылы

Микроорганизмдер

Ашыт қы

Балдыр лар

Бактерия

Саңырау құлақ

Актиномицет

Валин

5-7

5-7

4-6

5-7

5,5

Лейцин

6-9

6-10

5-11

6-9

7,7

Изолейцин

4-6

4-7

5-7

3-6

5,3

Треонин

4-6

3-6

4-5

3-6

4

Метионин

1-3

1,5-2,5

2-3

2,5

1,3

Лизин

6-8

5-10

6-7

3-7

6,4

Фенилаланин

3-5

3-5

3-4

3-6

5

Триптофан

1-1,5

до 2

1,5

1,5-2

1,4

 

Тамақ өнімінің тамақ өнеркәсібінің өндірісіне арналған және оларды микроорганизм негізінде қолдану мұқият медико – биологиялық зерттеулер жасалды.

Азықтық ақуыз көзі ретінде көбінесе әр түрлі ашытқылар және бактериялар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, бір клеткалы балдырлар қолданылады.

Микробиологиялық өндірістің негізгі мақсатының бірі ауылшаруашылығын жарамды азықтық ақуызбен қамтамасыз ету болып саналады. Мал шаруашылығы  өнімінің өндірісінің ұлғаюынан сенімді азықтық ақуыз базасын құру қажет. Мал шаруашылығын азықтық ақуызбен қамтамасыз ету пішен шөп негізінде орындалады. Мұндай бағалы азыққа өсімдікке, дәнді культураға, картопқа, азықтық пішен шөпке ақуыз витаминді және микроэлементті қосып қолданған тиімді. Өсімдіктен алынған азықтықтың құрамының сапасын жақсарту үшін, оны балықтың немесе ет-сүйектің ұнымен және майсыз сүтпен және тағы басқалармен байытады. Бірақ, мұндай ақуыз  өндірісінің көлемі мал шаруашылығына тұтынуын қанағаттандырмайды. Азықтық ақуыз тапшы екені елімізге белгілі. Ақуызды малға беретін ақуыз өніміне қосуға, микробиологиялық синтездеу жолымен алады. Азықтық ақуыз өнімін алуға арналған шикізаттың тауарлы аты: өсімдік шикізатының гидролизатында, және  сульфидті сілтіде  азықтық ақуызды  немесе гаприн алады; мұнай парафинінде – азықтық ақуыз және  ақуыз – витаминді концентрат алады, метил спиртінде – меприн, этил спиртінде – эприн алады.

Азықтық ақуыз  өндірісі

Микробиологиялық синтез өндірісінің алдына тамақ өндірісінде қажетті өнім ассортименті мен шығарылуы жөнінде маңызды талаптар қойылған.

Биомассадан алынған ақуыз.Азықтық  ашытқылары өзінің ақуыз-витамин қоспасымен мал азығына қосылып, мал шаруашылығында кеңінен қолданылады. Бірақ жануар организмінің қоректік затының үлкен бөлігі ( 65-90 % ) өмір сүру барысында қайтымсыз жоғалады. Егер мына сызба нұсқада  “микробтық ақуыз  үй жануары- адам”, бір тізбекке қысқартсақ, келесі сызба нұсқаны аламыз “микробтық ақуыз-адам”, онда бір клеткалы  ақуызды қолданылу 5 есеге өседі.

Көптеген елдерде азықтық ақуыз өнімін алудың микробиологиялық  әдіспен  өндіру үшін  қарқынды зерттеулер жүргізілуде. Продуцент ретінде көбіне әртүрлі  ашытқы штамдары, бактериялар, актиномициндер ұсынылады. Көміртегі көзі ретінде спирттер (метил, этил) газ түзуші көмірсулар (метан, этан, пропан) органикалық қышқылдар (сірке)   және т.б. қолданылады.

Азықтық ақуыз өнімдері үшін микроорганизм биомассасын алу технологиясы азықтық ашытқыны алу технологиясынан ерекшелігі жоқ, бірақ бастапқы компоненттің, қоректік ортаның жоғарғы дәрежеде таза болуын талап етеді. Азықтық ақуызды алуда технологиялық  қиындықтар,  микроорганизмді биомассадан бөлу  алу сатысында азықтық сапасы немесе дәмі төмендейді. Биомассаға механикалық және химиялық әсер етеді, липидтің құрамы, нуклеин қышқылының азаюы, клетка қабығының бұзылуы үшін әртүрлі экстрагенттермен өңделеді. Биомассаны тереңірек өңдеуде, жақсы қасиетке ие ерігіштік гель түзу қабілетіне ие және т.б. ақуыз құрайтынды алуға мүмкіндік береді.

Азықтық ақуызды микробиологиялық синтездеу арқылы алу экономика жағынан жоғарғы мәнге ие. Мысалы 25 мың тонна ақуыз изолятының 37 мың тоннасы жоғарғы сортты ет.

Ақуыз изоляты-бұл табиғи полимерлер, сондықтан оларды азық өндірісінде қолдану әртүрлі сатыда. Таза күйінде олардың дәмі, иісі болмайды сондықтан  оларды дәстүрлі азық өнімдеріне байытатын   қоспа ретінде қолданады (колбаса, ірімшік және т.б ). Қоректік күшті өнім ақуыз изоляты негізінде алу үшін оларға сырқы түріне, иісіне және дәміне қарай, физика механикалық қасиет береді.

Полимерлік сипатының арқасында  және күшті өзара малекулярлық әрекетінің арқасында ақуыз гель түзе алады. Полимерлік заттарды өңдеу әдісін қолданып ақуызды қажетті азықтық формасында алуға болады.

Азық өнімдерінде табиғи қоспа  және қоспалар әсіресе, тамақ даярлауда, қайнатуда пісіруде иіс пен дәм береді.

Кез келген дәм төрт ингридиенттен тұрады: тәтті, ащы, қышқыл, тұзды – және оны араластырудың арқасында алуға болады, қант ерітіндісі, тұздар, қышқылдар және кофеин.

Табиғи өнімнің иісі күрделі ондаған қоспаның композициясы арқылы беріледі, олардың массалық үлесі бірнеше милионның бір бөлігін құрайды. Жасанды өнімнің иісін аминқышқылын және олардың қантпен қоспасын қолдану арқылы өзгертуге болады.

Қазіргі кезде тамақтың жаңа формасын изобояулар, ароматтайтын дәмді заттар ақуыздың  изоляты негіздеген.

Азық ақуыз өндірісі  бір клеткалы микроорганизм  биомассасынан алу көптеген елдерде негізделген. Францияда “протибел” атты ашытқы биомассасын құрайды, лактоза өсіріп азықтық өнімін шығарады. Протибел 50% ақуыздан тұратын, оны сорпаға, кондитерлік өнімдерге, сусындарға, балалардың қоректік өнімдеріне қосады.

Микробиологиялық ақуызды этил спирті негізінде өндіру тәжірибелік-өндірістік  көлемде Чехославакияда жүзеге асырылды.

АҚШ-та этил спиртінде азықтық ашытқыларды өндіретін  қондырғылар жұмыс істейді. Осы ашытқы негізінде 30-ға жуық әртүрлі азықтық өнімдер шығарылады.

Англияда метил спиртінде бактерия өсіру арқылы “прутин” өнімін шығарады. ФРГ-да метил спиртінде жем ретінде және азықтық мақсатта микроорганизмнің биомассасын алады.

Кеңес өкіметі кезінде кең көлемді қолданбалы зерттеулер бір клеткалы организм биомассасынан изолирленген ақуыз  алу аумағында жүргізілді.

Азықтық ақуыз өнімі

Микробиологиялық өндірістің алдындағы негізгі мақсатының бірі ауылшаруашылығын  жарамды азықтық ақуызбен қамтамасыз ету. Мал шаруашылық өнімі өндірістің кеңейуіне байланысты сенімді азықтық базасын  құруды талап етеді.

Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы тұтынатын азықтық ақуызда негізінде өсімдік шаруашылығының есебінен қанағаттандырады. Бірақ мұндай дән культурасы, картоп, азықтық шөптер сияқты бағалы өсімдік азығына  микроэлементті және витаминді, жарамды ақуызды тек қоспа ретінде қосқан кезде  эффективті  қолдануы мүмкін. Өсімдік азығының сапасын жақсарту үшін оларға балық және ет – сүйек ұнын, майсыз сүтті қосып байытады. Бірақ мұндай ақуыз қоспа өндірісінің көлемі  мал шаруашылығында тұтынатындарды қанағаттандырмайды.  Әлемнің барлық елдерінде азықтық ақуыздың деффетцит тапшы екені белгілі. Азықтық ақуыз өнімін алу үшін қолданылатын шикізатына байланысты тауарлардың аттары келесідей болады: өсімдік затының гидролизатында және сульфитті сілтіде немесе гипринде –  азықтық ақуыз; метил спиртінде – меприн; мұнай парафинінде – азықтық ашытқы, ақуыз азықтық концентраты немесе паприн; этил спиртінде – эприн.

 



Информация о работе Акуызды алуды микробиологиялык адысынын артыкшылыгы