Адам организмнің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 07:40, контрольная работа

Описание

1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу ережесі (бұдан әрі –Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін анықтайды.

Работа состоит из  1 файл

УБТ.doc

— 594.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі

 

 

11. Жалпы  орта білім беру ұйымдарының  білім алушыларын қорытынды аттестаттау:

- ұлттық  бірыңғай тестілеу (бұдан әрі–ҰБТ);

- жалпы  білім беретін пәндер бойынша  қорытынды емтихандар нысанында  өткізіледі.

12. Орта білімнен кейінгі немесе  жоғары оқу орындарына қабылдау  Орта білімнен кейінгі немесе  жоғары білім беру ұйымдарына  оқуға түсуге тілек білдірген  білім алушылар, жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер, үстіміздегі жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері үшін қорытынды аттестаттау міндетті түрде ҰБТ нысанында өтеді.

 ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген  бітірушілер орта мектеп курсы  үшін қорытынды аттестаттауды  қорытынды емтихан нысанында  өткізеді.

 Өзбек, ұйғыр және тәжік  тілдерінде оқытатын жалпы білім  беретін мектептердің бітірушілері өз қалауы бойынша ҰБТ-ны мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсыруы мүмкін.

13. Жалпы білім беретін пәндер  бойынша ағымдағы жылғы халықаралық  ғылыми жобалар жарысы мен  олимпиадалардың қатысушылары, жалпы  орта білім беретін ұйымдардың халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған оқушылары, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың және жалпы білім беретін мектептерде ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілері, денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспаған білім алушылар қорытынды аттестаттаудан білім беру ұйымдарында пәндер бойынша қорытынды емтихан нысанында өтеді. Мұндай бітірушілер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі – Министр) 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне (бұдан әрі- Қабылдаудың үлгі ережесі) сәйкес оқуға қабылдана алады.

14. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды құрамы білім беру ұйымдарының басшыларымен бекітілетін қорытынды емтихандарды өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі–Комиссия) өткізеді.

 Білім беру ұйымдарының басшысы  қалыптастыратын және басқаратын Комиссия құрамына білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, пән мұғалімдері, әдістемелік бірлестік жетекшілері кіреді.

 Комиссия мүшелерінің саны  бес адамнан кем болмауы керек.

 Комиссия емтихандардың басталуынан  бір ай бұрын құрылады.

 15. Ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін ұйымдардың жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткер және ҰБТ-ға қатыспаған білім алушылары пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттері ұйымдастырған тәуелсіз комиссияға тапсырады.

 Білім беруді басқару органдарының  басшысы қалыптастыратын және  басқаратын тәуелсіз комиссия  пән мұғалімдері, жоғары оқу  орындарының оқытушылары, құқық қорғау органдары мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдерінен тұрады.

16. 9 (10), 11 (12)-сыныптарының білім  алушылары қорытынды аттестаттаудан  өткізілетін оқу пәндерінің тізбесін  және қорытынды емтихандарды  өткізу мерзімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) белгілейді.

17. Қорытынды аттестаттауға Қазақстан  Республикасы жалпы орта білім  берудің мемлекеттік жалпыға  міндетті стандарттарының талаптарына  сәйкес жалпы білім беретін  оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушылары жіберіледі.

18. Жалпы білім беретін мектептердегі  5-11(12)-сыныптар білім алушыларының  пәндер бойынша қорытынды бағасы  тоқсандық, жылдық және емтихан  бағаларының негізінде қойылады.

5-11(12)-сыныптардағы тоқсандық, жарты жылдық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.

19. 1-2 пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз  баға алған 9(10)-сыныптардың білім  алушыларына педагогикалық кеңестің  шешімі бойынша қорытынды аттестаттау  өткенге дейін қосымша бақылау жұмыстарын (жазбаша және тест тапсырмалары нысанында) орындауға рұқсат етіледі.

20. Білім алушылардың денсаулық  жағдайларына байланысты еңбек  және дене тәрбиесі сабақтарынан  босату оларды келесі сыныпқа  көшіру мен қорытынды аттестаттауға  жіберілуіне әсер етпейді.

21. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі  бойынша:

- бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз  баға алған 9 (10) және 

11 (12)-сыныптарының білім алушыларына  білім беру ұйымдарында тиісті  оқу пәндері бойынша емтихан  нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат етіледі;

- үш немесе одан да көп  пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары  бар 

9 (10)-сыныптың білім алушылары  қайта оқу жылына қалдырылады;

- үш немесе одан да көп  пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары  бар 

11 (12)-сыныптың білім алушыларына олардың жалпы орта білімнің жоғарғы деңгейінің толық курсын өткендігі туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

22. 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім  алушыларын қайта қорытынды аттестаттаудан  өткізу үшін білім беру ұйымдарында  тиісті пәндер бойынша емтихан комиссиясы құрылады.

23. Жазғы тапсырмалар мен қайта  тапсырылатын емтихандардың материалдары (жазбаша, ауызша, тестілеу нысанында)  білім беру ұйымында әзірленеді.

 Жазғы тапсырмаларды қанағаттанарлық  орындаған және емтихандарды  қайта тапсырған білім алушылар білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде білім беру ұйымының бұйрығымен келесі сыныпқа көшіріледі.

24. Барлық пәндерден үлгеретін  білім алушылар мемлекеттік аттестаттаудан  облыстық, Астана және Алматы  қалаларының білім басқармаларының бұйрықтарымен, республикалық білім беру ұйымдарының білім алушылары Министрліктің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:

1) денсаулық жағдайына байланысты;

2) I және II топтағы мүгедектер, бала  кезінен мүгедек, мүгедек-балалар;

3) Қазақстан Республикасының командасы  атынан халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысатын кандидаттардың  жазғы жиынына қатысушылар. 

25. Білім алушыларды қорытынды  аттестаттаудан босату туралы  бұйрық мынадай құжаттар негізінде  шығарылады:

1) мектеп дәрігерінің (ауылдық жерде-аудандық педиатрдың) ұсынысы бойынша жасалған білім алушының тұрғылықты жеріндегі емхананың медициналық-әлеуметтік сараптамасының (бұдан әрі – МӘС) қорытындысы;

2) педагогикалық кеңес шешімінің  көшірмесі және мектептің қолдау хаты;

3) үлгерім табелдері.

2) және 3) тармақшаларда көрсетілген  құжаттар білім беру ұйымы  басшысының қолымен және білім  беру ұйымының мөрімен расталады.

26. Қорытынды аттестаттау кезеңінде  ауырып қалған 9 (10)-сыныптың білім  алушылары өтіп кеткен емтихандарын тапсыруға мүмкіндік беріледі.

27. Міндетті емтихан жұмыстарының  тақырыптары мен мәтіндерін облыстық, Астана және Алматы қалаларының  білім басқармалары дайындайды.

28. Оқу курсын аяқтаған және  Қазақстан Республикасының Қарулы  Күштері қатарына шақырылуына байланысты қорытынды емтихандарын тапсырмаған кешкі (кезекті) оқу орындарының білім алушылары әскери қызметін аяқтағаннан кейін бір кезең ішінде жалпы орта білім курсы бойынша емтихандар тапсырады.

29. Комиссия мүшелерінің көпшілік  дауыстарының шешімімен оның төрағасы келіспеген жағдайда мәселені аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері шешеді.

30. Білім алушы жазбаша жұмысына  қойылған бағалармен келіспеген  жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан  кейін келесі күнгі 13 сағат  ішінде республикалық білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған Министрліктің, аудандық (қалалық) бөлімдері, облыстық (қалалық) білім басқармалары жанынан құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануына құқығы бар.

31. 9 (10), 11 (12)-сыныптарының білім  алушыларын мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға оқушылар шетелге оқуға кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және пәндер бойынша оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды емтихан нысанында өткізіледі.

32. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзеу мекемелерінде қорытынды емтихандарын өткізу қажеттілігі туралы мәселені мединициналық диагнозына сәйкес жергілікті білім беру органдары шешеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта мектепті тамамдап, үлкен өмірге жолдама алуға асыққан түлектердің алдында Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру міндеті тұр. Түлектердің, ата-аналардың өрекпіген жүрегін басу үшін үстіміздегі жылы ҰБТ-ның өткізілу формасында өзгерістер бар ма, қандай дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын хабарлауды жөн көрдік.

 

 ҰБТ-ға ерікті негізде тілек  білдірген барлық мектеп бітірушілер  қатыстырылатынын, ал білімдерін  республикамыздың жоғары оқу  орындарында жалғастырғысы келетіндер  бұл сынақты міндетті түрде  тапсырулары тиіс екендігі бәріне  белгілі талап. Осы тұста жыл  сайын туындайтын мәселенің біріне тоқтала кетейік. Егер алда-жалда мектеп әкімшілігі бітірушінің ҰБТ тапсыруына кедергі болса, бала немесе оның ата-анасы жергілікті білім саласындағы бақылау департаменттеріне немесе мектебі бекітілген ҰБТ өткізу пунктіне тікелей өтініш беруіне болады. ҰБТ-ға қатысу туралы өтініштер 10 наурыздан 25 сәуірге дейін қабылданады. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу кезінде өңірімізде 8 пункт қызмет ететін болады. Олар: Айыртау, Ақжар, Есіл, Жамбыл, Тайынша, М. Жұмабаев, Ғ. Мүсірепов атындағы аудандар мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде орналасқан.

 

 

 

Жалпы биылғы мектеп бітірушілердің саны – 4301 түлекті құрайды. Ережеге  сәйкес олар қорытынды мемлекеттік аттестаттауды ҰБТ-ны немесе дәстүрлі форматты таңдауға құқылы. Жаңа оқу жылынан бастап тестік формаға бейімдеу мақсатында сынама тестілеу өткізілуде. Өте маңызды көңіл бөлетін жағдай – оқушылармен психологиялық тренингтер өткізу.

 

– Жалпы білім беретін мектептердің басшылары оқушылармен және олардың ата-аналарымен жүйелі түрде ақпараттық-түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырған. Пункттерде ҰБТ-ны ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілетін БҒМ өкілдері өткізеді. Білім басқармасы 2013 жылға ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. 2013 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес біздің облыста ақпан айында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында семинар-кеңес өткізуді көздеп отыр. Семинар-кеңеске білім бөлімдерінің басшылары, жауапты мамандар, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар төрағалары, ата-аналар комитетінің төрағалары мен ҰБТ-ға қатысты басқа да тұлғалар қатысады, – деді облыстық білім басқармасының бас маманы Шекер Жандосова.

 

Ұлттық бірыңғай тест тапсыру ережелері  мен нормаларына сәйкес өткізілетін  сынақтың ашық, объективті болуы үшін ҰБТ-ны өткізу пункттері ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыру құралдарымен, рамалы металіздегіштермен және бейнежазу камераларымен қамтамасыз етіледі. Металіздегіштер және ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыру құралдарымен облыстық ішкі істер департаменті қамтамасыз ететін болады.

 

Жалпы білім беруді дамытудың мемлекеттік  бағдарламасын орындау мақсатында 2015 жылдан бастап ҰБТ екі кезеңге  бөлінеді. Бірінші кезең – ұлттық тестілеу нысанындағы қорытынды  емтихан болса, екіншісі – жоғары оқу орындарына түсу үшін кешенді тестілеу. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі 2013 және 2014 жылдарда тиісті эксперимент өткізеді.

 

Ұлттық Біріңғай тестілеу

 

ҰБТ жалпы орта білім беру ұйымдарының  бітірушілерін қорытынды аттестаттау  және жоғары оқу орнына түсу емтихандарын біріктіреді.

 

ҰБТ-ға міндетті түрде қатысушылар:

 

- жоғары оқу орындарына түсуге  тілек білдірген мектеп бітірушілер; 

 

- жалпы орта білім туралы  «Алтын белгі» аттестатын, жалпы  орта білім туралы үздік аттестатын  алуға үміткерлер;

 

- үстіміздегі жылғы жалпы білім  беретін пәндерден республикалық  олимпиадалар мен оқушылардың  ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері.

 

ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыру мектеп бітіруші өзі білім алатын жалпы орта білім беру ұйымында жүргізіледі.

 

Ұлттық тестілеу орталығында ҰБТ-ны өткізу технологиясы, нұсқамалықтар  және бағдарламалар өңделеді. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін әрбір  ҰБТ өткізу пункттерінде мемлекеттік  комиссия құрылады. ҰБТ өткізу технологиясының сақталуын Министрлік өкілдері бақылайды.

 

ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі және қазақ  тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты таңдау бойынша пәндердің біреуі Қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес өткізіледі. ҰБТ-ға 3,5 (үш жарым) астрономиялық сағат (210 минут) бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

 

Тестілеу 1-10 маусым аралығында 154 ҰБТ өткізу пункттерінің базасында өткізіледі: оның ішінде 49 - ЖОО базасында, 105 - мектептер базасында орналасқан.

 

ҰБТ жалпы  білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірлеген тест тапсырмаларының  көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шықпауы керек.

Информация о работе Адам организмнің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары