Ядролық жарылыстың қоршаған ортаға , тірі организмдерге әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:57, реферат

Описание

Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық қару өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын жермен жексен қылды. Адамдардың басым көпшілігі ядролық (атом) бомбаларының барын біледі, олардың жарылыс салдары туралы да естіген болатын. Алайда, ракеталық-ядролық соғысынан көтерілетін экологиялық проблемаларды, шығындардың мөлшерін, жалпы қирау көрінісін нақтылы мәнінде көз алдына елестете алатын тұлғалардың саны шамалы болса керек. Айтарлық, жалпы қырып жоятын қарудың қолданылуы аса шығындарды халық қалың орналасқан аймақтарда келтіреді, ядролық жарылыстардың адамдарға психологиялық жағынан ететін әсерін де есептен шығаруға болмайды

Содержание

I. Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1 Қазақстанның ең апатты полигоны
2.2 Ядролық жарылыс және түрлері
2.3 Ядролық қарудың зақымдаушы факторлары
2.4 Ядролық жарылыстың қоршаған ортаға , тірі организмдерге әсері
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Ядролық жарылыс түрлері.docx

— 89.33 Кб (Скачать документ)

                                                           Жоспар

I. Кіріспе

II Негізгі бөлім

     2.1 Қазақстанның ең апатты полигоны

     2.2 Ядролық жарылыс және түрлері

     2.3 Ядролық  қарудың зақымдаушы факторлары

     2.4 Ядролық жарылыстың қоршаған ортаға , тірі организмдерге әсері

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                I.Кіріспе

 

Дүниеге   келгеннен   бастап-ақ   ядролық қару өзіне   ие   болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару     адамзат     қолында     болғандықтан     оның     бір     кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп  Хиросима  мен  Нагасаки  жапон  қалаларын  жермен жексен қылды. Адамдардың басым көпшілігі ядролық (атом) бомбаларының барын   біледі,   олардың   жарылыс   салдары   туралы   да   естіген болатын.   Алайда,    ракеталық-ядролық   соғысынан    көтерілетін экологиялық   проблемаларды,   шығындардың   мөлшерін,   жалпы қирау көрінісін  нақтылы  мәнінде көз  алдына  елестете  алатын тұлғалардың саны шамалы болса керек. Айтарлық, жалпы қырып жоятын  қарудың  қолданылуы   аса   шығындарды  халық  қалың орналасқан    аймақтарда    келтіреді,    ядролық    жарылыстардың адамдарға   психологиялық   жағынан   ететін   әсерін   де   есептен шығаруға болмайды. Оның үстіне, қаза тапқандардың, жарақат алғандардың   жалпы   зардап   шеккендердің   саны   сау   қалған адамдардың санынан, мысалы жеке бір қаланы алсақ, молырақ болуы мүмкін.   Жарылыс салдарының біраз уақытқа созылатын әсері де жоқ емес.

      Өткен ғасырдың екінші жартысының бет-әлпетін айқындаушы елеулі факторлардың бірі болған ядролық жарылыстар, апаттар мен бүліністер миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан жер бетіндегі биологиялық тепе-теңдікті бұзды.Сөйтіп, өткен ғасыр тіршілік ортасының бүкіл ғалам бойынша аса қиын кезеңі болды, көптеген биологиялық түрлер оған бейімделіп үлгере алмай жойылып кетті.Сыртқы жағдайдың өзгерісіне қабілетті екеніне қарамастан адам да биологиялық түр ретінде жердің басқа мекендеушілерімен қатар табиғатқа өзі жасаған тәжірибесімен өзі азап шегуде.     Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.  Адамзаттың ғаламдық экологиялық проблемаларының ішіндегі адамның және қоғамның өміріне тікелей байланысты және өзінің күйрету көлемі жағынан ең қорқыныштысы – ол ядролық проблема.Адамның өмір ортасы радиоактивтік қалдықтарды, пайдаланылған ядролық отындарды көмуге де байланысты және бағынышты.

Қазақстанда ядролық қарусыз  әлем үшін күрес «Невада-Семей» халықаралық  ядролық қаруға қарсы қозғалыстың  қызметімен байланысты.2013 жылы бұл  қозғалыстың құрылғанына 24 жыл толады, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ  полигонын  жабу туралы» жарлығына 22 жыл толады.Қазақстан Республикасы КСРО кезіндегі ең үлкен ядролық  сынақ алаңына айналған болатын.Қазақстан бойынша ядролық сынақ өткізілген жерлер: Капустин Яр – Атырау және Батыс Қазақстан аумағында, Сарышаған полигоны – Қарағанды және Жамбыл облыстары аумағында, Семей полигоны – Ертіс өзенінің сол жағалауында Семей, Павлодар, Қарағанды қалаларының түйіскен жерінде орналасқан, Ембі полигоны – Ақтөбе облысында.

      Қазіргі заманның өзінде де өткен ғасырда болған ядролық жарылыстың зардаптары айқын көрінуде.Бүлінген табиғат, кең дала, халық денсаулығы, ұлт денсаулығы деген сұрақтар әлі де кетпек емес. Көп адамды өлтіріп, адамның еңбегімен жасалған заттар мен қоршаған ортаға көп шығын келтіретін қарулар «жаппай қырып-жоятын қару» деп аталады. Қарулардың бұл түрі қазіргі ұрпақпен қоса, адамның болашақ ұрпағына да қауіп-қатер тудырады. Өйткені бұл зиянды салдар көп уақытқа дейін сақталып қалады.

      Соғыс адамзат тарихының айтарлықтай бөлімін құрайды. Расында адамзат Жер бетіне келгеннен бастап пайда табу үшін басқаларға үстемдік ету жайлы ойланып келеді. Бірде-бір адам басқа біреудің оған үстемдік етуін қабылдамайтын болғандықтан, адамдар арасында соғыс пен қақтығыс басталды. Бастапқыда садақ, балта мен найза сынды алғашқы қарулар пайдаланылатын. Бірақ уақыт өте келе адамның өміріндегі дамулардың (жетістіктерінің) арқасында бұл суық қарулар танк пен зеңбірекке айналды. Сөйтіп соғыс әдісі өзгерді. Адам қарапайым түрде еңбек етіп, дұшпанына көп шығын келтіре алатын болды. Дамыған, жаңа технологиялардың пайда болуының арқасында қару шығару да кеңейіп, жаппай қырып-жоятын қару сынды қару-жарақтар ортаға келді. Ядролық бомбалар, химиялық және микробиологиялық қарулар осы топқа жатады.

 

 

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Қазақстанның ең апатты полигоны

 

      Қазақстан полигондары. Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау объектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен - Семей, Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары.

Шығыс Қазақстанның 19 млн  гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде 1949-1989 жылдары aралығында атмосферада - 27, жер бетінде - 183, қалғандары жер астында  ядролық сынақтар болды.

Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникалары  да сынақтан өтіп отырды. Батыс Қазақстан  аумағында 1966-1979 жылдары  24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 жылдары Үстіртте де жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңындағы Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың (кадмий, стронций, қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткен.

Полигондардың ішінде Семей  өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық  апатты аймаққа айналды.

Полигондарға пайдаланылған  жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті  өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны  белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары.Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.

Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары  қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әртүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

ССП «радиациялық» тарихы

      Семей сынақ полигонын құру туралы шешім КСРО МК және СОКП ОК Қаулысының шешімімен қабылданды. 1947ж. 21 тамызда Таулы сейсмикалық станса құрылды (905 нысан), ол 1948 жылы КСРО Қарулы күштер министрлігінің Оқу полигоны, кейіннен №2 (ГОС-ЦНИИП 2) Мемлекеттік орталық ғылыми-зерттеу сынақ полигоны болып ауыстырылды. 1948ж. 1 маусымда полигонның алғашқы бөлімшелері (52605 әскери бөлімі) шоғырлану аумағына қайта орналасуын бастады. Полигондағы сынақтарға дайындалу бойынша жұмыстар 1949 жылдың шілдесінде аяқталды.

      1949 жылы 29 тамызда сағат таңғы 7.00-де ойдағыдай сыналған кеңестік алғашқы ядролық бомба, 12.08.53ж. алғашқы термоядролық құрылғы, 29.11.55ж. сутекті бомба әлемдік ауқымдағы саяси және ғылыми-техникалық жаңалық болды. Бірқатар маңызды деген сынақтарды да айта кеткен жөн, олар: 1951 жылғы 18 қазандағы ұшақтан тасталған атом бомбасының сынағы; 1965 жылғы 15 қаңтардағы Шаған және Ащысу өзендерінің тоғысқан жерлерінде жасанды су қоймасын жасау мақсатындағы ұңғымада жасалған алғашқы өндірістік жарылыс. Барлығы 1949 жылдар мен 1989 жылдар арасындағы кезеңде полигонда 456 ядролық сынақ жасалды (616 ядролық жарылыс). Сынақтардың көбі 60-шы жылдардың басында жасалды, себебі атмосфералық жарылыстан жерасты жарылыстарына ауысу кезеңі болатын. Семей сынақ полигонындағы ядролық қаруды сынау кезеңін 2-ге бөлуге болады: 1-ші кезең – 1949-1962жж. аралығындағы атмосферада өткізілген ядролық жарылыстар; 2 кезең – 1961-1989жж. аралығында өткізілген жерасты (штольнялар мен ұңғымаларда) ядролық жарылыстары. Ядролық жарылыстан басқа полигонда жарылғыш химиялық заттектерді қолдана отырып 175 жарылыс жасалды.

      Полигонда келесі сынақ түрлері жасалды:

- атмосфераның жербеткі  қабатында ядролық зарядтар мен  оқ-дәрі қорларына сынақтар жасау;

- ядролық жарылыстың  әсер етуші факторларын зерттеу  үшін өткізілген, жерасты және  ауадағы ядролық жарылыстар, әскери  техника мен қаруландыру үлгілерін  сынау, ядролық жарылыстың әсер  етуші факторларының бионысандар  мен әскери мүліктерге, ғимараттарға, құрылыстарға, жеке құрамға әсерін  сынау;

- ядролық зарядтар мен  оқ-дәрі қорларына, іріауқымды  сынақтарды әрлеушілер мен жерасты  құрылғыларының тіреуіштерінің  әртүрлі конструктивті шешімдері  мен олардың технологиялық жабдықтарына  штольняларда және басқа да  нысандарда сынау үшін жерасты  жарылыстарын жүргізу; 

- ядролық зарядтар мен  оқ-дәрі қорларына, стратегиялық  бағыттағы (шахталық іске қосу  қондырғылары, сонымен қатар бірығайланған  командалық бекеттегі зымырандармен)  зымырандық әскерлердің нысандарына  іріауқымды сынақтар жүргізу,  ядролық қару-жарақтарды және  олардың технологиялық жабдықтарын  сақтаудың, мемлекеттік басқару  бекеттерінің фрагменттерін сынау  үшін ұңғымаларда жерасты жарылыстарын  жүргізу;

- бейбіт мақсаттағы жерасты  ядролық жарылыстары. Жерасты  ядролық жарылыстарын жасанды  су қоймаларын, каналдарын құруға, пайдалы жер қабаттарын іздеу  барысында жер қыртысын сейсмикалық  барлау жүргізу, жанып жатқан  газдар мен мұнай бұрқақтары  мен т.б. факелдарын сөндіру,  жерасты резервуарларын құруды  пайдалану технологиялары әзірленді.  ССП қызметінің барысында өндірістік  мақсатта 7 жерасты ядролық жарылыс  іске асты. Жасанды су қоймасын («Атом көлі») жасау үшін арнайы  өткізілген, 1004 ұңғымадағы жарылыс,  оның зияны экономикалық тұрғыдан  пайдасынан гөрі жерасты ядролық  сынақтардың негізінде, өндірістік  ядролық технологиялар келтіретін  шығын басымдырақ болатынын көрсетті.

       Жерасты және ауадағы (атмосфералық) ядролық жарылыстар «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында өткізілді. Штольнядағы сынақтар «Дегелең» таулы массивінің алаңында, ұңғымалардағы сынақтар «Балапан» «Сары-Өзен» алаңдарында өткізілді. «Ақтан-Берлі» алаңында толық емес тізбекті реакциямен сынақтар жасалса, «Телкем» алаңында өндірістік жарылыстар технологиясы жасалды. Полигон қызметінің аяқ кезінде «Новая» алаңы- ұңғымаларда жарылыстар өткізуге қосымша сынақ алаңына құру бойынша жұмыстар жасалды, бірақ ол жерде ядроылқ сынақтар жаслаған жоқ.

       Қоршаған ортаға радиоактивті ластану тұрғысынан негізгі әсер еткен, жерүсті және ауадағы ядролық жарылыстар, ал экскавациялық (топырақ лақтырумен ұңғымалардағы таяз тереңдіктегі жарылыстар) жарылыстар аз дәрежеде әсер етті. Ұңғымалар мен штольняларда апаттық жағдайларды есептемегенде, қоршаған ортанының ластануы орын алған жоқ.

 

 

                                                                 

Курчатов В. (1903-1960)     Харитон Ю.Б.(1904-1996)       Сахаров А. Д. (1921-1989)

 

Реакторлық сынақтар. 1958 жылдан бастап КСРО Министрлер Кеңесі ядролық зымырандық қозғалтқыш (ЯЗҚ) және ядролық энергоқозғалтқыштық  қондырғылар (ЯЭҚҚ) құру бойынша ғылыми-зерттеу  жұмыстарын жүргізу туралы бірқатар қаулылар қабылдады. ЯЗҚ мен ЯЭҚҚ және олардың полигондағы жеке желілерін  сынау үшін 1961 жылы жылу нейтрондарындағы импульсты графитті реактор (ИГР) іске қосылды. Басқа сынақтарды өткізу үшін 1962-1970 жылдары «Байкал-1» реакторлық кешені құрылды. 1975-1988 жылдары «Байкал-1»  стенділік кешенінде ИРГИТ реакторлары (ЯЗҚ реакторының жетбетіндегі прототипі) мен ИВГ.1 реакторында ядролық  энерго-қозғалтқыш қондырғылары (ЭҚҚ) мен ядролық зымырандық қозғалтқыштардың (ЯЗҚ) жылубөлуші құрастырғыштарын (ЖБҚ) сынау. ССП демилитаризациялау. 1994-98 жылдардың аралығында ССП демилитаризациялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді, оның инфрақұрылымын жою бойынша  жұмыстар жүргізілді. 1995 жылдың 31 мамырында  «Дегелең» сынақ алаңында 108-К  штольнясында соңғы ядролық құрылғыны  жою бойынша жұмыстар жүргізілді, ол ядролық энергобөлініссіз арнайы химиялық жарылыс заттегін пайдалану  арқылы жойылды. Құрылғының жойылу фактісі  арақашықтықты бақылау әдісімен тіркелді. Ядролық қондырғыны жойғаннан  соң, бес тәулік бойы жүргізілген  радиациялық бақылау нәтижелері бойынша, штольня ішіндегі және порталындағы радиациялық ахуал табиғи фон  деңгейінен асқан жоқ. 

Информация о работе Ядролық жарылыстың қоршаған ортаға , тірі организмдерге әсері