Су негізінде емес бұрғылау ерітінділері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 18:22, реферат

Описание

Бұл ерітінділерге үш фазалы жүйелер жатады.Оның дисперстері ортасы мұнай өнімдерімен(ішкі мұнай,дизельді жанар май),ал дисперсті фазасф битум,органофильді саз6 толтырғыштардан (ауырлатқыш, бор, азбест және қатты дисперсті материалдар), сонымен қатар әр түрлі минералды эмульгирленген судан тұрады.Мұнай негізіндегі ерітінділерге: құрамында суы 5-10%ке келетін мұнай ерітінділері және судың концентрациясы 95%ке дейін болатын эмульсия жатады.

Работа состоит из  1 файл

металдар.doc

— 99.00 Кб (Скачать документ)

3.Арнайы бөлім

 

       3.1Су негізінде емес бұрғылау ерітінділері

 

       Бұл ерітінділерге үш фазалы жүйелер жатады.Оның дисперстері ортасы мұнай өнімдерімен(ішкі мұнай,дизельді жанар май),ал дисперсті фазасф битум,органофильді саз6 толтырғыштардан (ауырлатқыш, бор, азбест және қатты дисперсті материалдар), сонымен  қатар әр түрлі минералды эмульгирленген судан тұрады.Мұнай негізіндегі ерітінділерге: құрамында суы 5-10%ке келетін мұнай ерітінділері  және судың концентрациясы 95%ке дейін болатын эмульсия жатады. Мұнай негізіндегі ерітінділер  қабаттардың  өнімділігін  төмендетпейді,сулы  ортада  тұрақсыз  ісінетін  немесе  кеңитін  тау жыныстарын  бұрғылауға  мүмкіндік  туғызады, сальниктің  пайда  болуын  және  аспаптың  қысылып  қалуын  болдырмайды,  түсіріп  көтеру  операцияларын  жеңілдететін  және  апат қауіпсңздігін  төмендететін майлау  қасиеті  бар.Бұл  жүйелер  электр  тогын  өткізбейді,  аспапты  коррозиядан  сақтайды.

       Мұнай  негізіндегі   ерітінділердің  кемшілігі  стандартты  электрокаротажды  өткізу  мүмкіншілігі, құрылымды -реалогиялық  қасиетін  реттеу қиындығы тұтқырлық және   тиксотроптық  қасиетінн температурамен   қысымға тәуелділігінен  скважина  түбінде құрылым түзілуін   қажетті деңгейін   сақтау  қиындығы; су  және  басқа ластаушы   қосындылар  түскенде  қасиетін  сақтаудың  қиындауы; ерітіндімен  қатнасқа  түсетін  резеңке  бөлшектерге  теріс  әсері; дайындау  күрделілігі.

         Эмульсиялық  ерітіндңлер.

         Эмульсия – екі  фазалы жүйе  суда  орналасқан «майдың»  ұсақ  тамшыларынан  және «майда»  таралған  ұсақ  су  тамшыларынан  тұрады.

          Май   ретінде  кез – келген  органикалық  зат,  соның  ішінде  мұнай  және  соның  өнімдері  алынады.

         Егер  сумен «майды» араластырсақ , онда  араластырған   тамшылар  қосылады да,бөлек  қабаттар түзіледі.Егер «май»  мен су  қоспасына  аз     молшерде  эмульгатор  деп аталатын   қатты зат қоссақ  бұндай  болмайды,  эмульгаторлар  тамшылардың  бетіне  орналасып  беттік  керіледі,  төмендетеді де,  олардың  бір бірімен   тебісуін  туғызады.  Қарапайым  балшықты  ерітінділерден  эиульсия  балшықты  ерітінділердің  айырмашылығы: жүйеде  ұсақ  тамшы  түрінде  мұнай  немесе  оны  өңдеу  өнімдері  қосымша  компанент  болуы.

         Эмульсиялық   балшық  ерітінділерді  әр  түрлі бастапқы  балшық  ерітінділерден  дайындауға болады.Эмульгатор  ретінде крахмал,натрийлік  карбоксиметилцеллоза  (КМЦ),  бентонит, жоғарғы май қышқылдарының  натрий, калий , алюминий  тұздары және басқа заттарды қолданады.

         Көпшілік  балшық ерітінділерде  балшық  заттың  өзі эмулгатор болып табылады, сондықтан арнайы эмульгатор қоспай ақ эмульси  түзіле алады.

          Бірақ  бұл  жағдайда эмульгаторды  қосу тұрақты эмульция  алу үшін қажет.

           Мұнай  мен эмульгаторды  бұрғылау сорабының қабылдағышына «май» өткізетін арнайы  жүйе  бойымен балшық ерітіндіге  жіберіледі.

            Мұнай  эмульгаторды  ерітіндіге  эмульгирлену  процесінде үзіліс  болмау  үшін  жаңа  қашауда   скважина  түбіне түсіргеннен  соң  және  тізбекті  ұзарттырған соң қосады. Эмульсиялық ерітіндіні  дайындау  және  бұрғылау  процесінде  химиялық  өңдеу қарапайым тәсілмен жүргізіледі.

            Эмульсиялық  ерітіндіде  мұнай   компаненттерінің  мөлшері  берілген  параметрлерге (тығыздық, сүзілу  көрсеткіші, құрылымдық  механикалық  қасиет) байланысты  біршама  аралығында  тербеледі (8- ден-50% ке дейін).

            Балшық  ерітіндіге  енгізілетін  мұнай  компаненттерінің  қарқынды эмульгирлену үшін ултрадыбыстық  дисперегатор  қолданылады. Ултродыбысты дисперегатор  гидродинамикалық  өзгерткіш  болып  табылады. Ол  сығындырмадан  және  дірілдемелі  пластинкадан, тұлғадан  тұрады.

            Дірілдемеліпластинка  қысқыш  гайкалардың   және  сақинаның   көмегімен  есептелген  қашықтыққа  қондырылады. Дірілдемелі  пластинканың  сына  тәрізді  ұғындамасы  бар.

          Сұйық   ағыны  ақпайтын  кедергіге   түседі  де  үзіледі де  бірінен   соң  бірі  құйын  түзеді. Құйын  ацмағындағы  мезгіл-мезгіл  өзгеретін  қысым  ультродыбыстық  тербелістің  пайда  болуын  туғызады.

       Э.Г. Кистер ,И  .З .Фейнштейн  және  басқалары   эмульталды  ұсынған. Эмультал  – реагент – эмульгатор,құрамында суы көп эмульсиялық бұрғылау  ерітінділерін алу  үшін  қолданылады.

       Эмультал  көмегімен   алынған  инвертті  эмульсиялық   бұрғылау  ерітінділері  тұрақсыз  және  тұзды  жыныстарынан  скважина  жүргізу  , өрімді қабаттарды  ашу  және  игеру  қаныққандылығы мен  өткізгіштігі  сақталған  керінді  үлгі  тасты  сұрыптау  үшін  қолданылады.»Майдағы су»  жүйесі  бола  тұрып,  бұл ерітінділер  төмен  немесе  нольдік  фильтрациялы  (көмірсутекті  фаза  фильтр  болып  табылады) жақсы  айдалмалы  ,бұрғыланған   тау  жынысында  тұраұты,соның ішінде  тұзды және  минералды қабатты   суларды,  сонымен қатар олардың ауырлығын қамтамасыз  ететін  тикросопты құрылысты  болып  келкді. Айтылған  эмульсия  ұзақ  сақтауға  тұрақты  және  өрт  жағынан  қауіпсіз.

         Эмультал  көмегімен  алынатын  инвертті  эмульсиялық   бұрғылау   ерітінділерін  бұрғылау  басында  дайындауы  қарапайым.  Дайындауы: кез- келген  сыйымдылықарқылы  ,  соның ішінде  бұрғылаусорабының қабылдау  сыйымдылығы немесе  поршенді  сорап көмегімен шеңберлік шыр айналу  жолымен көмрсутекті  және  сулы  фазаларды  араластырып  (1:2-1:3  қатынасындағы)  жасайды. Араластыру  ұзақтығы  ерітіндіні  көлемі  мен  сораптың  берілмеуімен  анықталады. Мысалы,  екі  бұрғылау  сораптары көмегімен 1,5-2 сағаттан   150м³  эмульсия  дайындалуы  мүмкін.Эмультал  эмульсия  дайындар  алдында  көмірсутекті  фазада  жеңіл  ериді (дизельді  жанармай  немесе  мұнай) 1м³инвертті  эмульсиялық  ерітінді  үшін  эмультал  шығыны  5-10кг.

       Ерітіндінің   тұтқырлығы  фазалар  қатынасы  өзгеруімен  жеңіл  реттеледі:  тұтқырлығы  жоғарлату  үшін  су  қосады,  төмендету  үшін  дизельді  жанармай  қосады. Эмульсияның меншікті  салмағы тұз және  ауырлатқыш  қосумен , ал  құрылымдық  механикалық қасиеті аз  мөлшерде  ботаникті  саз  және  СМАД-1  қосумен реттеледі.

        Қиын жағдайда  бұрғылау  үшін  , құнарлы  қабаттарды  алу  үшін  су  негізіндегі  емес  бұрғылау  ерітінділері, яғни  дисперстік  ортасы су  емес  мұнай  өнімдері  болатын  ерітінділер  қолданылады.  Бұрғылауда  мұнай  ерітінділерінің  екі  түрі  қолданылады:

        1)Дисперстік  орта  ретіндегі дизельді  жанармайлы  ерітінді. Тотыққан  парафиннің  натрийлік  сабынымен тұрақтандырылған.  Ерітіндінің  құрамы: битум(10-20%) , тотыққан парафиннің  натрийлік сабыны  (1,5-3%) ,екі натрий(0,7-1,5%),  су (1-5%) , қалғаны мұнай негіз дизелді дистилят  немесе  дизельді  жанармай  (<100%).

       2)Дистилятты  мұнай өнімдері  негіздегі  ерітінді  ,тотыққан  петролотумның  натрийлік  сабынымен  (2-5%) тұрақталған; тотыққан  битум (15-25%); қалған  компаненттері бірінші типті ерітіндідегідей және  сол мөлшерде.

        Мұнай  негізіндегі ерітінділердің  тығыздығымен диапазонды  өзгеруі мүмкін.

        Ауырланбаған  ерітінділер  тығыздығы 900кг/м³  , ауырдағанда 2200-ге дейін  және оданда  жоғары  2500кг/м³  жетеді.

         Мұнай  негізіндегі  ерітінділерді   дайындау  процесі-дисперстік  ортада(дизельді  жанармай, дистелятты  мұнай  өнімдері)  битулмен тотыққан  мұнай  өнімдерін ( петролатум) немесе  парафин  ерітеді.

         Мұнай  негізіндегі  ерітінділердің  тұтқырлығы мен ығысудың  статистикалық   кернеуі  химиялық реагенттердің  концентрациясының өзгеруімен реттеледі,  көбінесе  сабын ,  қатты  фаза  концентрациясы-битум  бөлікшесі  алынады. Жүйеге  органикалық  қышқылдарды  қосу  ерітіндіні  жібітеді. Сілтіні  қосса  кері  әсер  етеді: ерітіндінің  тұтқырлығы  жоғарылайды.

         Мұнай  негізіндегі  ерітінділердің  негізгі  ерекшеліктерінің  бірі-кеуекті  тау  жыныстары  аздаған  филтрация  көрсеткіші,  кейде  филтрация  мүлдем  болмайды.

         Мұнай  негізіндегі  ерітінділер  бұрғылау  кезінде  мұнайға   төзімді  резеңкеден дайындалған  детальдар  қолданылады. Негіз  ретінде  ерітінді  дайындауға  қолданылатын  мұнай өнімдері  электр  тоғын өткізбейді,  электрометрлік  жұмыс жүргізгенде киындық пайда болады. Мұнай негізіндегі ерітінділер қымбат. Бұрғылау  кезінде  бұрғылау  сораптары  ерітіндінің  жайылуын  алдын  алу  үшін  қосымша  жабдықталуы  тиіс ( жабық  шыр айналу  жүйесі, саңылау  арқылы  төгілгенде  ерітіндіні  жинап алатын  скважинаның  саңылауына  сәйкес  келетін құрылғы және  тағы  басқа) .  Бұл ерітінділермен  жұмыс  жасағанда  өртке  қарсы  қауіпсіздік  ережелерін  қатаң  сақтау  және  қажетті  алдын-алу  шараларын  жүргізу  керек.

                4.Эканомикалық бөлім

4..1 Ұңғы  құрылысы  кезіндегі  жұмысты  ұйымдастыру

 

   Жетібай кен орындарының  бұрғылауды  «Бұрғышы»  ЖКИС-і жүргізеді. Серіктестіктің  негізгі  жұмысы  барлау  ұңғыларының  құрылысы  және  оларды  күрделі  жөндеу  болып  табылады.

    ЖШС  «Бұрғышы»  пайда  болғаннан бері  талай  рет  қайта құрылды.

    1970жылы  Жетібай  бұрғылау  жұмыстарының  Манғышлақ  басқармасы  /БЖМБ/  ашылды.  Ол  1978  ж бұрғылау  жұмыстарының  Жетібай  басқармасы  /БЖЖБ/  және  барлау  бұрғысының  Манғышлақ  басқармасы  болып  екіге  бөлінеді.  1996  ж БЖЖБ  заңдылық    статусын  өзгертіп  «Бұрғышы» Жауапкершілігі шектеулі  серіктестік  /ЖШС/  болып  табылады.

    1996  ж  1-  қарашасынан бастап  ЖШС «Бұрғышы»,  «Маңғыстаубарлау» ЖШС-ның  қосылу жолымен  қайта  құрылды.

      «Бұрғышы»  ЖШС-ның  құрамына  кіретіндер:

     -  Басқару аппараты;

     -  №1,2,3,  аудандық  инженерлік  технологиялық қызметкер /АИТК/;

     - өндірістік  қызмет  етудің  базасы,  сонымен  қатар,  бұрғылау  жабдықтарының  жолдамалы  жөндеу  цехы,  электрлік  жабдықтардың  жолдамалы  жөндеу  цехы,  өндірісті қамтамасыз  ететін  учаскесі;

     -Технологиялық  транспорттың  және  арнайы  техниканың  цехы  / ТТ АТЦ /

     -1997ж.серіктестіктің  ұйымдастырушылық  структурасына  көп  өзгерістер  енгізілді.

     Инжинерлік-технологиялық  қызметтердің  жұмысына  параллелизмді жоюдың  мақсатында  орталық инжинерлік-технологиялық  қызмет  қысқартылған.Бөлек  сұрақтарға  келісім  жасағанда  информацияны  бергенде  немесе  қабылдағанда  тізбектерді  қысқартуда  көпбаспалдылықты  жеңілдету.

      №2  аудандық  инженерлік   технологиялық  қызметте  Жетібай  кен  орнына  негізделетін  үш  бұрғылау  бригадаларын  меңгеруде  және  ұңғыны  күрделі  жөндеуге  /ҰКЖ/  бұрғылау  бойынша  және  ұңғыларды  жөндеуге  жеті  бригада  арналған.

      №3  аудандық  инженерлік- технологиялық қызметте  барлау  алаңдарында  ұңғылардың  құрылысымен  айналысатын  төрт  бұрғылау  бригадасының ішінен,  бір  бұрғылау  бригадасы  қалды  және  бұрғылау  бойынша  ұңғыларды   күрделі  жөндеуге  үш  бригада  арналған.

     №4 аудандық  инженерлік-технологиялық  қызметтен РИТС-4 қысқартылды.

     Өндірісті   қамтамасыз  ететін  БПО  құрамында   орналасатын  цех  өндірісті   қамтамасыз  ететін  учаскеге  өзгерген.

       ДДУ -56 тұратын өндірістік  емес  сфера жатақхана «Арма» мәдениет  үйі,  «Мұнайшы» демелыс базасы  толығымен  жойылған.

       Тізімдік  жұмысшылар  саны 1073  адамды  құрады.сонымен қатар:   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 ЖШС «Бұрғышы»

 

Бас директор


 


Технология бойынша 1-ші   орынбасары





Маркетинг бойынша орынбасары





Транспорт жабдықтау бойынша1-ші орынбасары





Бас бухгалтер





Бас геолог





Қаржылық таңдау бөлімі





Бас технология бөлімі





Өндірістік-техникалық бөлім





Бухгалтер





Геологиялық бөлім

Информация о работе Су негізінде емес бұрғылау ерітінділері