Есептеуіш техникадан есеп беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 13:46, курсовая работа

Описание

Жаңа информациялық технологиялар (Электронды машиналар) - көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа информациялық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы - әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы – дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.
Информациялық процестер – адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғалар да және қоғамдық өмірлерде информацияны жеткізу жинақтау және түрлендіру процестері.

Содержание

Кіріспе 2
1.1 Информатика 5
1.2 Ақпараттық жабдықтар 6
1.3 Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы 6
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы 8
2.1 Дербес компьютердің негізгі блоктары 8
2.2 Микропроцессор. 9
2.3 ЭЕМ-нің жедел жады. 10
2.4 Графиктік адаптерлер 13
3.1 Дискідегі информацияны жинақтауыш 15
3.2 Принтерлер мен плоттерлер 18
3.3 Компьютерге информация енгізу құрылғылары 20
3.4 Қосымша құрылғылар 21
Қорытынды 22

Работа состоит из  1 файл

esep_1.DOC

— 197.00 Кб (Скачать документ)

    Қазіргі кезде компакт-дискілерге өте сапалы фотосуреттер, фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады. Әртүрлі дыбыстық эффектлермен, музыкамен безендірілген ойындар, компьютерлік энциклопедия, үйренуге арналған әртүрлі бағдарламалар – барлығы CD-ROM дискілерінде болады.

3.2 Принтерлер мен плоттерлер

 

Принтер (баспа құрылғысы) мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадыннан қағазға басып шығаруға арналған. Ол рулон қағаз түрінде де, парақ та бола береді.

Принтерлердің негізгі артықшылығы – олар көптеген қаріп түрлерін пайдаланып, Күрделі мәліметтерді басып бере алады. Шрифт түрлеріндегі әріптердің биіктігі, ені, олардың ара қашықтығы, интервалдары әртүрлі болады. Әрбір адам мәтінді қағазға шығарар алдында өзіне керекті қаріп түрінде және басқа баспа параметрлерін таңдап, қағаздың мөлшері мен жолдың енін сәйкес күйге келтіріп алуы тиіс. Осыған байланысты матрицалық принтерлердің тар (стандартты бір бет қағаз үшін) және кең күймелі (қатар тұрған екі бет қағаз үшін) түрлері бар.

Жұмыс кезінде компьютердегі мәліметтің (мәтін теруге арналған компьютер жадындағы кеңістік) өте көлемді болатынын білген дұрыс, ол экран мөлшерінен әлдеқайда үлкен болып, мыңдаған жолдан тұра алады, оның көлемі тек компьютер жадындағы бос орынмен және тбағдарлама ерекшеліктері мен анықталады. Сол себепті мәлімет қағазға басыларда, әр жолдың ені анықталып, қаріп ерекшелікгері мен интервалдарға, шеттегі бос орындарға байланысты мәтін беттерге бөлінеді.

Принтерлер графиктік сызбаларды, суреттерді түрлі түсті етіп басып бере алады. Соған байланысты олардың көптеген модельі бар.

Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүктіргіш және термографиктік түрлері бар.

Соңғы кезде ең көп тараған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы лазерлік принтерлер болып саналады, оларда қағазға таңба салу лазерлік сәуле арқылы жүзеге асырылады.

Матрицалық принтерлерде баспа тиегі қағаз жолдармен жылжи отырып, керек кезінде бояйтын (көбінесе қара бояу) лента арқылы қағазды символ суретіне сәйкес нұқып отырады. Арзан принтердің баспа тиегінде 9 ине бар, бұлардың сапасы орташа болады: сапасын арттыру үшін инелер бір жолда жағалап бірнеше рет жүріп өтуі тиіс. Бұларға қарағанда 24 не 48 инелі принтерлер басылымының сапасы жоғары болады. Матрицалық принтерлердің жұмыс өнімділігі 10-60секундта бір бет аралығында (секундында 20-400символ)болады, бірақ олардың қағазқағаздағы сапасын арттырғымыз келсе, жылдамдықтан ұтыламыз. Принтерлерді таңдау кезінде олардың латын әріпінен өзге ұлттық әріптерді (қазақ, орыс, ұйғыр) баса алатын мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Мұндайда екі түрлі жағдай болуы ықтимал:

    а) орыс, қазақ әріптерінің бейнелері принтер жадына алдын ала қондырылған, сондықтанр принтер тоқ көзіне қосылысымен бірден ұлттық әріптерді баса береді. Егер принтердегі әріптердің кодтары компютердегімен бірдей болса, операциялық жүйелер командаларымен (РRІNT, COPY) мәтіндерді қағазға баса беруге мүмкіндік бар. Егер кодтар әртүрлі болса, онда оларды сәйкестендіретін драйвер программалар қажет;

     ә) ұлттық әріптер принтер жадында жоқ болғанда, алдын ала компютерге ұлттық әріптерді принтерге шығара алатын драйверді (бақару программасын) жүктеу керек. Принтерді немесе компютерді тоқ көзінен ағытатын болсақ, ол мүмкіндік жоғалады.

    Сия бүріккіш принтерлерде қағаздағы бейне арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден жақсы, сапалы әрі дыбыссыз жұмыс істейді, көптеген қаріп түрлерін қамтиды, дегенмен жоғары апалы қағаз түрлерін және сияны жиі керек етеді.

    Лазерлік принтерлер-ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады, бұларда әріп бейнелері электірлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 2400 нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті таңбалар сапасы жоғары болады. Сонымен, лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары-орташа есппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 3-15 секундта) басып бере алады. Бірақ лазерлік принтердің бағасы кішігірім ДЭЕМ-нің бағасымен бірдей.

    Плоттер де (график сызғыш) мәліметтерді, негізінен графиктік информацияны қағазға шығарады.

    График сызғыштар жобалау жұмыстарын автоматтандыруда әртүрлі сызба (чертеж) түріндегі бейнелерді басып алу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі түсті болып және де сызу сапасына қарай бірнеше топтарға жіктеледі.

3.3 Компьютерге информация енгізу құрылғылары

 

Пернелік тақта. ЭЕМ-ге мәлімет енгізетін ең негізгі құрылғы пернелік тақта болып саналады, ол арқылы мәтіндік информацияны теріп, әртүрлі командалар енгізіп орындауға болады.

"Тышқан тәрізді қол тетік" пернелік пен бірге ЭЕМ-ді басқаруға арналған. Бұл – тегіс стол бетімен жылдам жылжи алатын, қажет болғанда оның екі-үш батырмасының бірін баса отырып, белгілі бір әрекетті орындауға болатын қолмен басқарылатын кішкене тетік.

Сканер (ізкескіш) - қағазға жазылған мәліметтің кез келген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы. Бірақ енгізілген информация график түрге айналып, оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суреттерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе алады. Мәлімет енгізу оңай әрі жылдам орындалады.

3.4 Қосымша құрылғылар

 

Модемдер (модулятор-демодулятор) компьютерлер арасында мәлімет алмасу үшін керек, олар негізіннен мәліметті жеткізу жылдамдығына қарай топтарға бөлінеді Қазіргі кезде олрдың жылдамдығы 2400 бит/сек – 5400 бит/сек аралығында. Олар мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандартты (протоколы) бойынша жұмыс атқарады. Компьютер желісіне (Іnternet, Relcom, FіdoNet, т.б.)немесе электрондық почтаға байланысты ең керекті құрылғы телефон арналарына қосылған осы модем болып саналады.

Бұлардан басқа факс-модемдер бар, олар модеммен факсимильдік байланыс аппаратының  функцияларын бірге атқарады. Факс-модемді пайдаланып, мәтіндік мәліметті өз абоненттеріңіздің компьютеріне емес жәй қарапайым факс аппаратына да жіберуге және қабылдауға болды. Факс-модемдер жәй модемдерден қымбатырақ, бірақ олардың атқаратын қызыметі әлдеқайда мол.

Қазіргі кезде ЭЕМ-нің мультимедия мүмкіндігі жайында көп айтылып жүр. Мультимедия – информацияны бейнелеудің ең жаңа түрі. Ол экранға мәліметтерді түрлі түсті мәтіндік, графикалық, дыбыстық мүмкіндіктерді біріктіре отырып шығарып, ЭЕМ-нің барлық жылжыту, сөйлету, музыка беру жақтарын толық пайдаланады. Мұндай мүмкіндікті компьютердің қосымша дыбыстық құрылғысы мен CD-ROM дискісі бар және онда бейне фильмдерді, фонограммаларды, түрлі түсті гаммаларды көрсету жарықтары толық қамтылған Мультимедиялы компьютерлер фотоаппараттарды, бейне магнитафондарын, бейне камераларды қосуға арналған арнаулы бейнелік тақшамен жабдықталады, олкөптеген бейнелік суреттерді өңдегенде қажет болады.          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

    Бұл күнде ЭЕМ информацияны өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-жылдарда электрониканың компютердің жаңа түрін - жеке пайдаланатын дербес компютерлерді  көптеп шығаруға жол ашты.  Ол қазірде мектептерде институттарда, баспаханаларда, т.б. орындарда кеңіненқолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда, жұмыста, ойнау үшін, тағы да басқа көптеген мақсаттарда пайдалануға болады. Осы компьютерді өндіріспен жобалау ісінде, ғылыми-зерттеу істері мен білім беруде миллиондаған адамдардың жұмыстарының мазмұны мен орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады.

Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірістің автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндіктер ашып береді. Оның үстіне, сол технология көмегімен ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынады. Осылардың негізінде XXІ ғасырдың басында есептеу машиналары "адамсыз" жұмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы сияқты "болашақтың" фабрикаларында қолмен істелетін жұмыстардың бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті жоспарлау, роботтар жұмысын басқару және ЭЕМ көмегі мен жаңа бұйымдар жасау істерін жобалау ғана болып қалады.

Бүгіннің өзінде-ақ көптеген қызымет салаларында ЭЕМ-дерді пайдалану адамдарға информацияны жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. ЭЕМ-дер мектептерге келе бастады, олар физика мен математика, химия мен биология сияқты басқа да пәндерді оқып үйрену ісіне көмек береді.

ЭЕМ-нен қарым-өқатынас жасау және оларды өз жұмысында пайдалана білу бұдан бұрынғы аталарымыздың қаламсаппен сауат ашқаны сияқты, алдыңғы 10-15 жылда біздер үшін ең керекті зат болып, компьютерлік сауаттылыққа негізін қалайды.

Компьютерлік сауаттылық деп компьютерлерді пайдалана отырып, оқу, жазу, есептеу сурет салу және информация іздеу жолдарын меңгеруді айтады.

ЭЕМ-ді жұмыста тиімді пайдалану белгілі бір мәдинет иесі болуды талап етеді, яғни ол мәдинеттіліктің белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: (есептерді) айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және ЭЕМ-ге түсінікті түрде жазу; есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білу мен алынған нәтижелерді талдау тәслдерді әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады. Мұндай мәдинеттілікті игері логика мен информатика заңдарын білуге барып тіреледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Есептеуіш техникадан есеп беру