Халықтың өмір сүру деңгейі және Қазіргі кедейшілік жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 15:24, курсовая работа

Описание

Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
1) түсімдерден: кірістерден; алынған ресми трансферттерден (гранттардан); бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борыш-ты өтеуден;
2) шығыстардан және кредит беруден: шығыстардан кредит беруден;
3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);
4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан

Содержание

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------------3
І. МЕМЛЕКЕТТІҢ КІРІСТЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ-----------------------------------------------------------------------------------------------------6-11
1.1 Мемлекет кірістерінің мәні--------------------------------------------------------6
1.2 Мемлекеттің кірістерінің негізгі әдістері-------------------------------------9
1.3 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы-------------------------------------------11
ІІ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ-------------------------------------------------------------------------------13-19
2.1 Мемлекеттік бюджет түсімдері және олардың көздері--------------------13
2.2 Мемлекеттік бюджет түсімдерінің атқарылуын талдау-------------------19
ҚОРЫТЫНДЫ--------------------------------------------------------------------------20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР-------------------------------------------------22

Работа состоит из  1 файл

Мемлекет кириси.doc

— 183.00 Кб (Скачать документ)

    Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады:

    1) мемлекеттік кәсіпорындар мен  ұйымдардың жалпы табысы (пайдасы), қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден табыстары түріндегі табысы;

    2) мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жерден, ормандардан, жер-судан, басқа табиғи ресурстардан, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін қаражаттар);

    3) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтерден алынатын табыстар (тіркеу алымдары, мемлекеттік сараптау үшін төлем) мен шаруашылық емес қызметтер үшін төлем (мемлекеттік баж, жол полициясының алымы, тауар белгілері үшін өтінім алымы);

    4) бюджеттік мекемелердің үй-жай үшін жалгерлік төлемді, қосалқы шаруашылық табыстарын және басқаларды қамтитын арнаулы қаражаттары.

    "Мемлекеттің  кірістері" мен "Мемлекеттің қаржы ресурстары" ұғымдарын ажырата білген жөн. Қаржы ресурстары — уақыттың бір мезетіндегі мемлекеттің, кәсіпорындар немесе шаруашылық ұйымдардың меншігіндегі ақша қорларының жиынтығы.

    "Қаржы  ресурстары" ұғымы мазмұны жағынан "мемлекеттің кірістері" ұғымынан кең. Мемлекеттің кірістерінен басқа қаржы ресурстарының құрамына кірістерге жатпайтын, бірақ қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланылуы мүмкін қаражаттар кіреді. Мысалы, негізгі құрал-жабдықтарды (капиталдарды) қалпына келтірудің амортизациялық аударымдары, айналымдағы қаражаттардың артығы, мерзімі өткен кредиттік және депоненттік берешектің сомалары, істен шыққан, иесіз мүлікті, тәркіленген, мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке өткен, талап етілмеген (көліктегі талап етілмеген жүк, талап етілмеген депозит сомалары, таратылмаған пошталық жөнелтім) мүлікті өткізуден түскен түсімдер. Бұл ақша қаражаттары (сондай-ақ мүлікті өткізуден түскен түсімдер де) тура мағынада табыс, яғни қаражаттарды жұмсаумен байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі болып табылмайды. Осындай себептерге байланысты әр түрлі айыппұлдар, бересілер, өсім (өсімпұл) кіріс болып есептелмейді. Мемлекеттік қарыздардан түсетін түсімдер де мемлекеттің қаржы ресурстары (қарыздарды өтегенге дейін) болғанымен мемлекеттің кірістері болып са-налынбайды, өйткені бұлар — қарыз қаражаттары. Қаржы ресурстарына сондай-ақ мемлекеттік сақтық органдардың қарамағындағы қаражаттардың барлық сомалары жатады. Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрақты пассивтері өсімінің сомалары ретіндегі ішкі шаруашылық ресурстар да мемлекеттің кірістері болып саналмайды. Сөйтіп, мемлекеттің қаржы ресурстары негізінен мемлекеттің кірістері мен басқа көздер есебінен құралады.     

    Мемлекет  кірістерінің көзі ұлттық табыс болып табылады, ал қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлу және қайта бөлу кезінде жұмылдырылады. Мемлекеттің шығыстарын жабу бүкіл қаржы ресурстарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.2  Мемлекеттің кірістерінің  негізгі әдістері 

    "Мемлекеттің  кірістері" және "мемлекеттік бюджеттің кірістері" ұғымдары да бір-біріне тең әрі ұқсас ұғымдар емес. Бірінші жағдайда қатынастардың неғұрлым кең топтары туралы әңгіме болып отыр, өйткені мемлекеттің кірістері құрамына, жоғарыда атап өтілгендей, мемлекеттік бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік мүліктен алынған табыс, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, салық түсімдері және т.т. қамтылады, ал мемлекеттік бюджеттің кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.

    Мемлекет  кірістерінің сипаты айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің өзіне қажет ақшаны жұмылдыратын әдістеріне байланысты болып келеді. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар (оның түрлі нысандары), қарыздар және эмиссия болып табылады. Түрлі тарихи кезендегі бұл әдістердің арасалмағы әр түрлі болады жөне қаржы саясатының мазмұнымен, шаруашылық жағдаятпен, нақты экономикалық және әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісу дәрежесімен және тағы басқа көптеген факторлармен айқындалады.

    Мемлекет  кірістерінің жүйесінде орталық  орынды салықтар алады. Олар нарықтық түрпаттағы дамыған экономикалық жүйеде әрекет ететін қаржының негізгі қасиеттерін білдіретін әмбебаптық және сонымен қатар басты категория болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында салық нысаны қаржылық өзара байланыстардың бүкіл жүйесінде басымырақ болады.

    Салықтар  барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан мемлекет кірістерінің негізгі көзі — ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекет кірістерін, тиісінше, бюджеттік қордың кірістерін де қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

    Фискалдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекеттік қарыздар болып табылады. Олар тек бюджет тапшылығын жабуға емес, сонымен бірге әр түрлі күрделі шығындарды, әсіресе экономиканың мемлекеттік секторындағы қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайдаланылады. Қаржы жүйесінің әр түрлі буындарының шиеленісуі күшейе түсіп отырған экономикалық дағдарыс кезінде қарыздардың маңызы айтарлықтай артады. Қарыздар мемлекет қаржыларының түрлі буындарында, республикалық және жергілікті бюджеттерде, мемлекеттің тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отыр. Соңғы жылдары әсіресе бюджет түсімдерінің көздеріндегі қарыздардың үлесі артып отыр. Олар түрлі деңгейдегі бюджет тапшылығын жабуда кеңінен қолдануда. Сонымен қатар қаржы рыногының жұмыс істеуі қарыздарды мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін де пайдалануға мүмкіңдік береді. Кәсіпорындарды модернизациялауға, олардың материалдық-техникалық базасын жаңартып, ұлғайтуға бағытталатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру енді қарыздардың облигацияларын өткізу арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

    Мемлекет  кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісі эмиссия, оның үстіне тек қағаз-ақша эмиссиясы ғана емес, сонымен қатар кредит эмиссиясы болып табылады. Эмиссияға мемлекет салық және қарыз түсімдері мемлекеттің өсіп отырған шығындарын жабуды қамтамасыз ете алмағанда, оның үстіне қаржы рыногында жаңа қарыздарды шығаруға қолайсыз жағдайда ғана иек артады.

    Қағаз-ақша эмиссиясы да, кредит эмиссиясы да егер олар шаруашылық айналымның қажеттілігіне байланысты болмай бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен байланысты болса, экономикада инфляциялық процестердің күшеюіне өкеп соқтырады. Сондықтан дамыған нарықтық шаруашылық елдері әдетте кредит эмиссиясына жүгірмей, оны қарызбен алмастырады.

    Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың жоғарыда сипатталған әдістері мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейіндегі бюджеттік қорларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде эмиссия қолданылмайды. Орталықтандырылмаған ақша қорларын жасау барысында аударымдар, түрлі жарналар, ерікті түсімдер және т. б. әдістер кеңінен пайдаланылады. Бұл өдістер өте-мөте мемлекеттік кәсіпорындарда қолдалынады.                                                                                                                                                                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.3 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы 

    Мемлекеттің кірістерін сыныптау олардың экономикалық мағынасын, құрамы мен мақсатты бағыттылығын, қалыптасу қағидаттарын, яғни мемлекет кірістерінің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

    Меншік  нысандарын ұйымдық-құқықтық ресімдеуге қарай мемлекеттің кірістері мыналардан тұрады:

    1)  мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан;

    2) жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен;

    3) халықтың салық төлемдерінен;

    4)  кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен;

    5) қоғамдық ұжымдардың салық түсімдерінен. Жасалу сфераларына байланысты мемлекеттің кірістері: материалдық өндіріс сферасында қалыптасатын кірістер; өндірістік емес сферада жасалатын кірістер болып жіктеледі. Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттің кірістері: салықтық; салықтық емес болып бөлінеді (мемлекет иелігінен алудан және жекешелендіруден түсетін қаражаттар, ақшалай-заттай лотереялардан түсетін табыстар және т.б.).

    Салықтық  кірістерді жұмылдыру жағдайында меншік нысандарының ауысымы болуы мүмкін.

    Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып жіктеледі.

    Жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс құнының жеке құрамды бөліктері үкіметтің де, сондай-ақ мемлекетке қарасты шаруашылық құрылымдардың да мемлекеттің кірістері мен қаржы ресурстарының жүйесін қалыптастырады. Олардың арасында негізгі орынды мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар, әлеуметгік қажеттерге (зейнетақы қорларына) аударылатын аударымдар түріндегі қорының таза табысы алады. Бұған сонымен қатар өнімнің бағасындағы айырмашылықтарды реттеу жөніндегі шаруашылық ұйымдардың өзара қарым-қатынастарының сальдосы да жатады. Табыстардың бұл түрлері бөлгіштік процестерге түрліше қатыса отырып, меншіктің түрлі нысандарының кәсіпорындарыңца жасалынады. Егер қосылған құнға салынатын салықтан, кеден баждарынан түсетін түсімдер түгелдей мемлекет қарамағына берілсе, мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдар тек ішінара беріледі.

    Қоғамның  таза табысы ақша нысанында қосымша әнімнің құнын білдіреді, яғни өткізу (өтім) кезінде қосымша өнім таза табыстың нысанын алады.

    Қосымша өнімнің және тиісінше таза табыстың аса маңызды бөлігі шаруашьшық жүргізуші  субъектілердің таза табысы больш табылады. Онда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жақтары неғұрлым толық бейнеленеді. Сондықтан таза табыс ендіріс тиімділігшің маңызды құндық көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

    Таза  табыс өсуінің басты факторлары мыналар болып табылады:

    еңбек өнімділігін арттыру (енім өндірудің  көлемін арттыруды қамтамасыз ететін және өнім өлшеміне жұмсалатын еңбек шығындарын төмендететін);

    өнім  өндіруге жұмсалатын материал және ақша ресурстарын үнемдеу;

    өнім  сапасын жақсарту;

    негізгі және айналым өндірістік капиталдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;

    табиғи өндіріс жағдайлары.

    Практикада  кейбір шаруашылық жүргізуші субъектілер табысты бағаны жөнсіз көтеру есебінен көбейтуге тырысады, бұл кәсіпорын-тұтынушылардың табыстылығын азайтуға ұрындырады, қоғам мүдделеріне қайшы келеді, өйткені жеке шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделеріне ұлттық табысты үйлесімді бөлуді өзгертеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

2.1 Мемлекеттік бюджет түсімдері және олардың көздері 

    Бюджет  кірістері - ол мемлекеттік функцияларды орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Олар ақша құралдар қоры қалыптасу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастарды әлпеттейді. Бюджет кірістері түсінігі мемлекет кірістері түсінігінен біршама қысаң, бірақ олардың республиканың мемлекеттік кірістер құрылымында шешімді мәні бар.

    Бюджет  кірістерінің басты материалды көзі—ол ұлттық табыс. Ұлттық табыстың өсуі мемлекет кірістері мен мемлекеттік бюджет кірістері көлемінің тұрақты ұлғаюын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік кірістердің айтарлықтай бөлігі - ол өндіріс пен айналым салалары мен әр түрлі меншік формаларының қәсіпорындарында жасалынған қоғамның таза табысы. Сонымен бірге, мемлекет жалпымемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін әр түрлі кәсіптік іс-әрекетпен және өндірістік пен өндірістік емес салаларда шұғылданатын азаматтардың табысының бөлігін өз кірістеріне алады.

    Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі мөлшерде және тағайындаған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер түсініледі.

    Бюджет  түсімдерінің негізін салықтар мен алымдар түрлерінде жұмылдыратын төлемдер құрайды. Республика аумағында орналасқан меншік және шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті төлемдер төлеуге тартылады. Салықтар, алымдар мен телем телеушілер, яғни заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды уақытымен және толығымен төлеуге жауапкершіліктері тағайындалған.

    Мемлекеттік бюджет кірістері салықтық түсімдерге, салықтық емес түсімдерге, негізгі капитал сатудың кірістеріне, ресми трансферттерге, мемлекетке ақысыз негізде берілген ақшаларға бөлінеді. Республикада бюджет кірістерінің құрылымында ең үлкен үлес салмақты салықтық түсімдер құрайды.

    Салықтар, алымдар, баж салықтары арқылы экономиканың басымдылық салалары мен бөлек экономикалық аумақтарды жетілдіруге немесе олардың дамуын баяулауға, тұрғындардың бөлек топтарының табыстарын реттеуге, белгілі бір экономикалық іс-әрекетті ынталандыруға нз болмаса одан бас тартуға мүмкіндік жасауға болады.

Информация о работе Халықтың өмір сүру деңгейі және Қазіргі кедейшілік жағдай