Жергілікті желідегі байланыс тізбегінің түрдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 20:41, реферат

Описание

Бұл дәрісте жергілікті желіде қолданылатын байланыс тізбегінің түрлері, ерекшеліктері, жұмыс істеу принциптері, артықшылықтары мен кемшіліктері, қолдану ережелері жайында айтылады.
Негізгі тіркестер: тарату ортасы, таралу кідірісі, сигналдың бәсеңдеуі, өткізу жолағы, коаксиалды кабель, өрілген жұп сымдар, оптоталшықты кабель, радиоарна.

Содержание

Жергілікті желідегі байланыс тізбегінің түрдері 3

Өрілген жұп сымдар негізіндегі кабельдер 5

Коаксиалды кабель 11

Оптоталшықты кабель 13

Кабельсіз байланыс арналары 15

Работа состоит из  1 файл

Апайдың аудармасы.docx

— 110.47 Кб (Скачать документ)

     2.6 – сурет. Бірмодалы кабельде жарықтың таралуы

     Бірмодалы кабельде жарық сәулелерінің траекториясы байқаларлықтай шашырауға ұшырайды, сондықтан кабельдің соңындағы  сигналдың формасы бұрмаланады  (2.6 - сурет). Орталық талшықтың диаметрі 62,5 мкм, ал сыртқы қабаттың диаметрі 125 мкм (кейде 62,5/125 деп белгіленеді). Сигналды тарату үшін әдеттегі жарықтық диод (лазерлі емес) қолданылады. Сол себепті бірмодалы кабельмен салыстырғанда оның бағасын азайтады және қабылдап-таратқыш аппараттарының өміршеңдігін  ұзартады. Көп модалы кабельде жарық толқынының ұзындығы 0,85 мкм және 30 – 50 нм шамасында шашырайды. Кабельдің шекті ұзындығы 2 – 5 км. Көпмодалы кабель – бұл, қазіргі таңдағы оптоталшықты кабельдің негізгі түрі, себебі ол арзандау және қолжетерлік. Бәсеңдеу көпмодалы кабельде бірмодалы кабельге қарағанда көп,  5 – 20 дБ/км-ге тең. 

  1. Кабельсіз байланыс арналары
     Кейде компьютерлік желілерде кабельді каналдардан  басқа кабельсіз каналдар да қолданылады. Олардың басты артықшылығы ешқандай сымдарды қажет етпейтіндігі және де компьютерлердің бөлменің немесе ғимараттың ішінде орнын ауыстыруы өте оңай.

     Радиоарна ақпаратты радиотолқын арқылы таратуды қолданады, сондықтан ол теориялық тұрғыдан ондаған, жүздеген және де мыңдаған шақырымды қамтамасыз ете алады. Тарату жылдамдығы секундына ондаған мегабит болуы мүмкін (мұнда көп нәрсе таңдалған толқын ұзындығына және кодтау әдісіне байланысты).

     Радиоарнаның ерекшелігі сигналдың эфирде еркін таралуы, ол кабельмен шектелмеген, сондықтан да басқа радиотолқын таратқыштармен сәйкес келу мәселесі туындайды. 

     Радиоарнаның  басты кемшілігі тың тыңдаудан нашар қорғалғандығы.

     Сымсыз  локальді желілер үшін  (WLAN – Wireless LAN) аз қашықтыққа радиоканал арқылы қосылу қолданылады (әдетте 100 метр). Көбінесе екі жиілікті диапазон колданылады  – 2,4 ГГц және 5 ГГц. Тарату жылдамдығы 54 Мбит/с дейін. 11 Мбит/с жылдамдықпен тарату кең таралған.

     WLAN желілері шектелген территорияда  сымсыз байланыс орнатуға мүмкіндік  береді  (әдетте офис ішінде  немесе университет ғимаратында).

Атақты Wi-Fi (Wireless Fidelity) технологиясы концентратор арқылы  2-ден 15 аралығындағы компьютерлерді байланыстыруға ммүмкіндік береді. Компьютерлер саны 10 мен 50 аралығында болса бірнеше концентратор арқылы іске асады және де бұл технология қуатты сымсыз көпірлер арқылы 25 км қашықтықта орналасқан екі локальді желіні қосу мүмкіндігін береді.

     
    2.7 – сурет. Wi-Fi технология арқылы компьютерлердің қосылуы

     Радиоарна жердегі және спутниктік глобальді желілерде кең қолданылады. Бұл кезде оған бәсекелес жоқ, себебі радиотолқындар жердің кез келген нүктесіне бара алады.

     Инфрақызыл  арна жалғау сымдарын қажет етпейді, себебі байланысу үшін инфрақызылды шағылысу қолданылады. Оның радиоарнадан басты артықшылығы – электромагнитті  бөгеуілдерді сезбеуі. Сондықтан да оны бөгеуілдер көп жерлерде қодануға болады. Инфрақызыл байланыс шаң ауада  нашар жұмыс істейді.

     Инфрақызыл  арна бойынша таралу жылдамдығы әдетте  5—10 Мбит/с-тан аспайды, бірақ инфрақызыл лазерлерді қолданғанда 100 Мбит/с-қа жетуі  мүмкін.  Инфрақызыл арналар  локальді желілерде сирек қолданылады.

     Инфрақызыл  арналар екі топқа бөлінеді:

  • бөгетсіз, тікелей байланысу арналары;
  • шағылысу арналары, бөгеттер кедергі емес.
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Информация о работе Жергілікті желідегі байланыс тізбегінің түрдері